Қарашай-Шеркесия
Координаттар: 43°55′ с. е. 41°47′ ш. б. / 43.917° с. е. 41.783° ш. б. (G) (O) (Я)
Ресей Федерациясының субъектісі | |||||
Қарашай-Шеркесия Республикасы | |||||
| |||||
Елордасы |
Шеркесск | ||||
77-ші | |||||
Барлығы |
14 277 км² | ||||
Барлығы |
▼471 847 (2013) 33.05 адам/км² | ||||
Барлығы, ағым. баға |
43,3 млрд руб. (2010) 82,5 мың руб. | ||||
Солтүстік Кавказ | |||||
Солтүстік Кавказ | |||||
кабарда.-черкес, қарашай, орыс | |||||
Республика басшысы |
Рашид Темрезов | ||||
Үкімет төрағасы |
Мұрат Карданов[1] | ||||
Халық кеңесінің (парламенттің) төрағасы |
Александр Иванов | ||||
09 | |||||
RU-KC | |||||
MSK (UTC+4) |
Қарашай-Шеркесия (Қарашай-Шеркес республикасы, қараш.-малқ. Къарачай-Черкес Республика; кабард.-шерк. Къэрэшей-Шэрджэс Республикэ; абаз. -{Къарча-Черкес Республика}-; ноғ. Карашай-Шеркеш Республика) — Ресей Федерациясының құрамындағы ұлттық құрылым. Солтүстік Кавказда орналасқан. Ставрополь және Краснодар өлкелерімен, Қабарда-Балқария Республикасымен, сондай-ақ Грузиямен шекаралас.
Географиясы
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Жер аумағы 14,3 мың км², халқы 436,1 мың адам.
Орталығы – Шеркесск қаланың ұлттық құрамы: орыстар – 175,9 мың (42,4%), қарашайлар – 129,4 мың (31,1%), шеркестер – 40,2 мың (9,7%), абазиндер – 27,5 мың (6,6%) және ноғайлар – 13 мың адам (3,1%). Сондай-ақ татар, армян, грек, белорус, қабарда ұлтының өкілдері бар.
Байырғы тұрғындарының түгелге жуығы (қарашайлардың 99,2%-ы, черкестердің 98%-ы) республикадан тысқары жерлерде тұрады.
Ресми тілі – қарашай, черкес, абазин, ноғай, орыс тілдері.
Негізгі заңы – 1996 ж. 5 наурызда қабылданған Конституция. Жоғары лауазымды басшысы – Республика әкімі. Ол 5 жыл мерзімге сайланады, бүкіл атқарушы билікке жетекшілік жасайды.
Заң шығарушы органы – халық жиналысы, 73 депутаттан тұрады. Әкімшілік-аумақтық жағынан 8 ауданға бөлінеді.
Табиғаты
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Үлкен Кавказдың солтүстік беткейін, Эльбрустың батысы мен солтүстігін ала, оңтүстігінде Бас немесе Суайрық жотадан бастап, солтүстігінде Кавказдың етегіне дейінгі аралықта орналасқан. Солтүстігін Бүйір жота (ең биік жері – Эльбурс шыңы, 5642 м) алып жатыр.
Бас жотада Пшиш (3790 м), Домбайөлген (4046 м), Гвандра (3984 м) шыңдары бар. Басты асулары – Клухор және Марух. Климаты биіктік белдеулерге байланысты өзгеріп отырады. Тау етегінде қаңтар, ақпан айларының орташа температурасы 5°С, биік белдеуінде 10°С.
Ал шілде мен тамыздың орташа температурасы тау етегінде 21°С, тауда 8°С. Жауын-шашынның жылдық мөлшері 550 – 2500 мм. Эльбрус пен Бас жотаның шыңдарын мұз жауып жатыр. Басты өзендері – Қобан және оның салалары (Теберда, Үлкен Зеленчук және Кіші Зеленчук, Уруп, Үлкен Лаба). Солтүстігінде қара топырақты өңірлер оңтүстікке қарай тау орманының қоңыр топырағына және таудың шалғын топырағына ұласады.
Тау етегінде далалық өсімдіктер, таулы бөлігінде жалпақ жапырақты (шамшат, емен, қайың, т.б.), өзен аңғарларының жоғарғы ағысында қылқан жапырақты (қарағай, шырша, май қарағай) ағаштар және субальпілік, альпілік шалғын өседі. Орман 344 мың га алқапты алып жатыр. Теберда қорығында қоңыр аю, сілеусін, орман мысығы, елік, тур, сондай-ақ ұлар, құр, т.б. кездеседі. Жез, вольфрам, тас көмір, алтын, т.б. кен орындары бар, құрылыс индустриясына қажетті шикізат қоры мол.
Тарихы
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Қарашайлар мен шеркестердің арғы ата-бабалары ежелден осы өлкені мекен еткен. Оны тас дәуірінің археологиялық ескерткіштерінен (Кардоник, Овечка, Явора қоныстарынан) көруге болады.
IX – X ғ-ларда Қарашай-Черкесия жері аландардың алғашқы мемлекеттік бірлестігіне қараған. Алан мемлекеті Византиямен, хазарлармен, грузиндермен саяси және экон. байланыс жасады.
X ғ-дың қарсаңында адыгей-черкес ұлысы қалыптасты.
XIII – XIV ғ-ларда қарашай халқының қалыптасу процесі аяқталды. XIV – XVI ғ-ларда Абхазиядан қоныс аударған абазалар, XVII ғ-да Азау жағасынан, Еділ бойынан ноғайлар келді.
XV – XVIII ғ-ларда қарашай-черкестер Осман сұлтандығы мен Ресей арасындағы соғыстарға белсене араласты. Ұзаққа созылған соғыстардан шаршаған халық XVIII ғ-дың аяқ кезінен бастап Ресейге бағына бастады. XIX ғ-дың 1-жартысында толық бағынды. Елде отарлық езгі күшейді. Жергілікті әкімшілік аппараттарында тек орыс шенеуніктері ғана отырды, елді парақорлық жайлады. Қарашай-черкестердің шұрайлы жерлеріне казак-орыстардың станицалары орныға бастады. 1868 ж. мұнда шаруаларды басыбайлы құлдану құқы жойылды.
Реформадан кейін шахта, кен орындары ашылды, жеңіл өнеркәсіптің ұсақ кәсіпорындары пайда болды. 1917 ж. Ресейде болған революциялар елдің әлеуметтік-саяси құрылысына елеулі өзгерістер алып келді. БОАК-тің 1922 ж. 12 қаңтардағы қаулысы бойынша РФ-ның Ставрополь өлкесінің құрамында Қарашай-Черкес автономиялық облысы құрылды. Ол 37 жыл ішінде әкімшілік-аумақтық тұрғыдан 7 рет өзгеріске ұшырады. БОАК-тың 1926 ж. 26 сәуірдегі қаулысымен Қарашай автономия облысына және Черкес ұлттық округіне бөлінді.
Қарашай автономия облысының Батал паша және Зеленчук округтері дербес аудан ретінде Солтүстік Кавказ өлкесі мен Армавир округіне қарады. Черкес ұлттық округі Солтүстік Кавказ өлкесінің атқару комитетіне тікелей бағынды. 1928 ж. ұлттық округ Черкес автономиялық облысына айналды. 1943 ж. Қарашай автономиялық облысы жойылып, тұрғын халқы Орталық Азия және Қазақстан аудандарына жер аударылды. 1957 ж. 9 қаңтарда КСРО Жоғары Кеңесінің жарлығымен қарашайлардың ұлттық автономиясы қалпына келтіріліп, ұлт өкілдері түгелдей тарихи отандарына оралды. Қайтадан Ставрополь өлкесінің Қарашай-Черкес автономия облысы құрылып, 1990 жылдың 30 қарашасына дейін өмір сүрді. 1992 ж. 25 желтоқсанда Ставрополь өлкесінен бөлініп шыққан автономия облыстың орнына РФ субъектісі саналатын Қарашай-Черкес республикасы құрылды.
Әкімшілік бөлінісі
[өңдеу | қайнарын өңдеу]ҚШР әкімшілік-аумақтық құрылымы шеңберінде республиканың құрамына келесі әкімшілік-аумақтық бірліктер: республикалық маңызы бар 2 қала (Шеркес, Қарашай) және 10 аудан кіреді. Олар 149 елді мекеннен, оның ішінде 4 қала (Шеркес, Қарашай, Жегетай және Теберді) тұрады.
Республиканың муниципалды құрылымы шеңберінде оның әкімшілік-аумақтық бірліктері шегінде 100 муниципалитет құрылымы: 2 қалалық аймақ, 10 муниципалды аймақ, оның ішінде: 83 ауылдық және 5 қалалық елді мекен.
- Республикалық маңызы бар қалалар (қалалық аймақтар) мен аудандар (муниципалды аудандар)
Атауы | Тұрғындары | Орталығы |
---|---|---|
Республикалық маңызы бар қалалар (қалалық аймақтар) | ||
Шеркес (Шеркес қалалық аймағы) | ↗123 168 | Шеркес |
Қарашай (Қарашай қалалық аймағы) | ↘38 299 | Қарашай |
Аудандар (муниципалды аудандар) | ||
Абазин ауданы | ↗17 730 | Кіші Інжік ауылы |
Адыге-Хабыл ауданы | ↗15 683 | Адыге-Хабыл ауылы |
Зеленчук ауданы | ↗48 339 | Зеленчукская станицасы |
Қарашай ауданы | ↘31 601 | Қарашай қаласы |
Кіші Қарашай ауданы | ↘43 308 | Үшкекен ауылы |
Ноғай ауданы | ↘15 449 | Еркін Шаһар ауылы |
Қобан ауданы | ↗28 945 | Кавказ ауылы |
Ұрып ауданы | ↘22 215 | Преградная станицасы |
Жегетай ауданы | ↗50 027 | Жегетай қаласы |
Хабез ауданы | ↘30 764 | Хабез ауылы |
Экономикасы
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Қарашай-Шеркес индустриялды-аграрлы ел. Ауыл шаруашылық өнімдерін өңдеу мен сақтау, химия (резина-техникасы), мұнай химиясы, машина жасау, құрылыс материалдары, түсті металлургия, жеңіл және тамақ өнеркәсібі жақсы дамыған.
Туризмді дамытуға қолайлы жағдайлары бар: Теберда, Домбай, Архыз, т.б. демалыс орталықтары шет елдерге мәлім.
Өндірістік салалардағы негізгі қордың үлес салмағы: өнеркәсіпте – шамамен 30%, ауыл шаруашылығында – 33 – 34%, транспортта – 12%, құрылыста шамамен 4% болады.
Әр түрлі меншік пішіміндегі 506 кәсіпорын жұмыс істейді. Солардың арасында ең ірі өндіріс ошақтары: “Резина-техник” АҚ, “Черкес химиялық өндірістік бірлестігі” фирмасы, “Холодмаш” АҚ, “Кавказцемент” “Каскад” және “Полет” радиозауыты, Адыг-Хабл ауданың Эркин Шахар қант зауыты, т.б. Өсімдік және мал шаруашылығы жақсы дамыған.
Еуропадағы ең ірі жылыжай – “Южный” комбинаты (“айнаның” көлемі 144 га-дан асады) жабық жүлгеде көкөніс түрлерін өсіріп, ТМД елдеріне жеткізеді. Мал шаруашылығы ет-сүт өндіру бағытында дамыған. Сондай-ақ жылқы, құс, тебіндеп жайылатын қой тұқымдарын өсірумен айналысатын жеке фермерлер саны көбейіп келеді. Соңғы кезде қой терісін өңдеп жүн, былғары, күдері өндіруге мән беріле бастады. [2]
Сілтемелер
[өңдеу | қайнарын өңдеу]- http://www.egemen.kz/306057.html(қолжетпейтін сілтеме)
- http://www.bitcapark.ru/mwiki/index.php?title=%D0%9A%D0%B0%D1%80%D0%B0%D1%87%D0%B0%D0%B5%D0%B2%D0%BE-%D0%B1%D0%B0%D0%BB%D0%BA%D0%B0%D1%80%D1%81%D0%BA%D0%B8%D0%B9_%D1%8F%D0%B7%D1%8B%D0%BA(қолжетпейтін сілтеме)
Дереккөздер
[өңдеу | қайнарын өңдеу]- ↑ Управление пресс-службы Главы и Правительства Карачаево-Черкесской Республики
- ↑ Энциклопедия. Народы России, М., 1994; Тюркоязычный мир, А., 1997; Тюркские народы, А., 2004.
Бұл мақаланы Уикипедия сапа талаптарына лайықты болуы үшін уикилендіру қажет. |
Бұл — мақаланың бастамасы. Бұл мақаланы толықтырып, дамыту арқылы, Уикипедияға көмектесе аласыз. Бұл ескертуді дәлдеп ауыстыру қажет. |