Қатысушы:Almagul Ibragimova
Жақсы бастама – істің жартысы. (с) Халық мақалы
ҚОШ КЕЛДІҢІЗ!
|
Бұл қатысушының уақыт белдеуі: UTC+5. |
Бұл қатысушы Уикипедияда шет тілдерінен енген ғылыми терминдердің шектен тыс шамада аударылуына қарсы. |
Бұл қатысушы
темір жолмен
саяхаттанғанды ұнатады.
28 | Бұл қатысушы қазақша Уикипедияда 28 мақала жазды. |
kk | Қазақ тілі бұл қатысушының ана тілі болып саналады |
ru-4 | Этот участник владеет русским языком почти как родным |
Бұл қатысушы Семейден |
Бұл қатысушы Google Chrome браузерін пайдаланады. |
almagul_ispp@mail.ru | ' |
Мақалаларым
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Мектептегі «Wikipedia» және «TEDx NIS» клубы» жобалары
2013 жылы 12-13 сәуірде Семей қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінде «Wikipedia» және «TEDx NIS» клубы» жобаларын ұйымдастыру мақсатымен семинар болып өтті. Семинар оқушылардың ақпараттық технологияларды қолданып жұмыс істеу дағдыларын жетілдіру, интернеттегі қазақ тіліндегі ресурстарды көбейтуге өз үлестерін қосуға шақыру, жаңа жобаларды, ойларды, мәселелердің шешімдерін дамыту, оны түсінікті, ықшам, қызықты формада аудиторияға жеткізу, көпшілік алдында сөйлеу дағдыларын қалыптастырумен қатар, ғаламтордағы қазақ мақалаларының аясын кеңейтуді мақсат етті. Педагогика ғылымдарының кандидаты, филолог, Қазақстандық «Wikibilim» қоғамдық қорының Уикипедия және ТЕД клубын ұйымдастырушы Салыхова Бақытгүл Орынбасарқызының ұйымдастыруымен өткізілген семинардың алғашқы күні Уикипедия ашық энциклопедиясының мазмұны мен құрылымын, мақаланы өңдеу жұмыстарымен таныстыру бағытында басталды. Оқушылар Уикипедияны дұрыс пайдалану, энциклопедиялық мақаланы өңдеу, мақалаларын дайындау, дереккөздер қою, сілтемелер орналастыру, сурет жүктеу, сөздікпен жұмыс істеу, аударма қосу, сөздің түсіндірмесін жазу, уикипедияда бар мақалалардан кітап жасау жолдары мен медиафайлдармен жұмыс істеуді үйренді. Топқа бөлініп «Назарбаев Зиякерлік мектебі», «Семейдегі аспалы көпір», «Менің атым Қожа» романы туралы т.б. тақырыптар бойынша мақалалар жазып, электронды кітапшалар жасады. Шағын зерттеу жұмысын ұйымдастырды. «TEDx»- «қызықты идеяларды тарату немесе жақсартуға арналған ойлар» мағынасын береді. Сөйлеу шеберлігін дамытуға арналған клубта оқушылар шешендік өнерді дәріптейтін бейнефильм арқылы халықты назар аударту, жаңа ақпаратты дұрыс қолдануды үйренді. «Сиқырлы дүкен» ойынында оқушылар сөз сөйлеу дағдыларын дамытып, тапқыр жауаптар айтуға тырысты. Ал «Жазушы шеберханасы» тренингінде жазушылық өнердің бір қырымен танысып, аудиоматериал жасады, әңгіме құрады. Курсқа қатысқан мұғалімдер Асанбаева С.М, Ибрагимова А.М, Оразбаева А.Қ, Құрманғалиев Б.А қазақ тілі сабағында ғаламторды қолданудың жаңа технологиясымен танысты. Болашақта бұл жоба жалғасын табу үшін, клуб құру жоспарланды. Семинарға қатысқан қатысқан Уики және ТЕД клубының мүшелері ақпараттық технологияны қолданып ғаламтордағы қазақ тіліндегі энциклопедиялық қорды дамыта түсері анық. Ибрагимова Алмагүл Мерғазықызы Педагог- ұйымдастырушы- куратор Семей қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі