Қосмекенділер

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Навигацияға өту Іздеуге өту
Қосмекенділер
Қазбалық ауқымы: Late DevonianHolocene, 370–0 Ma

Ғылыми топтастыруы
Дүниесі: Жануарлар
Жамағаты: Хордалылар
Табы: Amphibia
Джон Эдуард Грей 1825
Subgroups
Temnospondyli?
Lepospondyli
Lissamphibia

Қосмекенділер немесе Амфибиялар (лат. Amphіbіa) – хордалылар типі, омыртқалылар тип тармағының бір класы.

Қосмекенділердің 2 класс тармағы: доғаомыртқалылар (Apsіdospondylі) жұқаомыртқалылар (Lepospondylі), 3 отряды (құйрықсыз қосмекенділер, құйрықты қосмекенділер және аяқсыз қосмекенділер), 25 – 30 тұқымдасына бірігетін 4 мыңнан астам түрі белгілі. Тропиктік, субтропиктік және қоңыржай аймақтарда таралған. Көпшілік түрлері сырттай ұрықтанады, ал дернәсілдері суда тіршілік етеді, тек түрленіп дамығаннан кейін оларда ересектеріне тән морфология-физиологиялық ерекшеліктер қалыптасады. Дернәсілдерінің анатомиялық құрылыстары (жүрегінің екі камералы болуы, желбезектерімен тыныс алуы, т.б.) балықтарға ұқсас. Ересектері өкпе және терісі арқылы тыныс алады. Қосмекенділер жоғары девонда саусаққанатты балықтардан пайда болған, балықтар мен “нағыз” құрлықтағы омыртқалылардың (амниоттар) арасынан орын алады. Бұларға жерде жүруге бейімделген буыны шар тәрізді, бірнеше бөлімдерден тұратын, бес саусақты жұп аяқтар тән. Бас қаңқасы аутостилиялық (үстіңгі жақсүйегі бассүйекке бітісіп кеткен). Қосмекенділерде үлкен қан айналу шеңберінен басқа кіші (өкпелік) қан айналу шеңбері пайда болған. Жүрегі екі жүрекше мен бір қарыншадан тұрады. Сол жақ жүрекшеде таза артерия қаны, ал оң жақ жүрекшеде вена қаны мен теріден келетін артерия қаны болады. Қарыншада артерия және вена қандары араласады.

Алдыңғы мидың 2 жарты шар күмбезінде жүйке клеткаларының жиынтығы болады. Зәр бөлу жүйесі мезонефростық (дене бүйрегі) типке жатады. Денесінің ұзындығы 2 – 3 см-ден 180 см дейін жетеді. Терісі жұмсақ, жалаңаш денесі шырыш бездері бөлетін шырыштан дымқылданып тұрады. Тіршілігіне қажетті оттектің едәуір бөлігін терісі арқылы сіңіреді. Көпшілік қосмекенділердің сероз бездері бар, ол кейбір тропиктік түрлерінде өте улы келеді. Балықтардан айырмашылығы тері бездері ірі, көп клеткалы болады. Ересек қосмекенділер негізінен жәндіктермен, ал дернәсілдері су өсімдіктерімен де қоректенеді. Қазақстанда қосмекенділердің 12 түрі кездеседі, оның 3 түрі жетісу аяқтыбалығы, даната құрбақасы, қызылаяқ бақа, Қазақстанның “Қызыл кітабына” тіркелген.[1]

Кейбір түрлерінін тіршілігі сумен байланысты. Олар ерте девонда балықтардан бөлініп шығып, құрлық жануарларымен балықтардың ортасындағы жануарлар тобына айналған. Казіргі қосмекенділердің дене ұзындығы 2-3 см-ден 1,8 м дейін. Терісі жұмсақ, тықыр, көптеген кілегей бездерінің сөлімен әрдайым ылғалданады және тері арқылы әртүрлі ауа газдарымен су алмасу процестерін жүргізеді. Олардың арасында кейбір түрлері артқы аяқтарын жоғалтқан,ал кейбіреулері аяқсыз калған. Кеуделері жоқ, өкпеге ауа ауыз қуысының түбіндегі бұлшық еттердің жиырылуымен жеткізіледі. Кейбір түрлері өкпесіз, (саламандрлар). Мишық жетілмеген. Құйрықсыз К. ортаңғы кұлағы мен дауылпаз жарғағы бар. Жүрегі үш камералы, ал өкпесі жоқтарда, екі камералы. Бүйректері балықтар бүйрегіне ұқсас, клоакаға ашылады. Қ., пойкилотермді жануарлар.

Қазіргі уақытта Қ. 25-30 тұқымдастарының 4000 дейін түрі белгілі. ТМД-да 13 тұқымдастың 34 түрі таралған. Олардың көпшілігі суда көбейеді. Көпшлігі жұмыртқа салады, бірақ кейбір түрлері тірі туады немесе жұмыртқада тірі туады. Дамуы өзгеріспен өтеді. Бақашабақтары ересектеріне ұқсамайды. Ересектері омыртқасыздармен, бақашабақтары несекомдармен және өсімдіктермен қоректенеді. Қосмекенділер табиғатта өте маңызды экожүйе мүшесі, өйткені олар көптеген жәндіктердің санын реттеумен қатар өздеріде басқа жануарлардың азықтық қоры болып есептеледі. Көптеген түрлер саны күрт төмендеуде. Оның басты себебі су қоймаларының ластануында. ХТҚО-ның Қызыл кітабына 41 түр, КСРО Қызыл кітабына 9 түрі енгізілген.[2]

Қосмекенділер Антарктида мен Гренландиядан өзге жерлердің бәрін мекен етеді. Олар құрлықта да, суда да кездеседі. Құрлықта тіршілік ететін қосмекенділердің үш тобының ең көп тарағаны – бақалар. Олар барлық жерде – шөл далаларынан бастап, тропикалық ормандарда, шалшықтар мен биік тау шалғындарында тіршілік етеді. Құрлықта олар ылғалды жапырақ жабындысы мен тау жыныстарының астын паналайды. Аяқсыз қосмекенділер өзен жағалауларында, тау жыныстарының жарықшақтарының астында, су деңгейінен 3000 метр төмен жерлерде кездеседі.

Қоректенуі

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Кейбір қосмекенділер балықпен, ірі қосмекенділер кесірткемен, тышқандармен қоректенеді. Кейбір түрлері кішкене балықтарды қорек қылады. Тропиктік аймақтардағы ірі бақалар жыландар мен кішкене сүтқоректілерді азық етеді. Саламандралар құрттарды, жәндіктерді, шырышты ұлуды, қырықаяқты, өрмекшілерді, сүліктерді және қосмекенділердің жұмыртқаларын жейді. Аяқсыз қосмекенділер термиттер, құрттар және жәндіктердің дернәсілін өз қорегі ретінде пайдаланады. Су балдырлары мен басқа өсімдіктер – дернәсіл күйіндегі қосмекенділер азығының бір бөлігі.

Ұйқыға кетуі

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Ылғалды тропиктік климатты аймақтарда ауа райы барлық мезгілде – жылы. Қосмекенділер бұл жерде өздерін дүниежүзінің өзге аймағымен салыстырғанда мейлінше жайлы сезінеді. Шөлдер мен саванналарда айлап жауын жаумауы мүмкін. Мұндай кезеңдерде қосмекенділер үшін тіршілік ету жағдайы қиындайды. Бұл өңірлерді мекен ететін қосмекенділер денесінде ылғалды сақтап қалу үшін топырақ не балшықтың астына, апандар мен ағаш тамырларының астына жасырынады. Солтүстік аймақтарда қосмекенділер суық пен аштықтан сақтану үшін маусымдық ұйқыға кетеді

Орын ауыстыруы

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Қосмекенділер әр көктем мен күз мезгілдерінде көшіп-қонып отырады. Күзде олар өздерінің жаздық мекенінен көлемдірек, тереңірек көлшіктерге қоныс аударады. Ал қысты көлшіктердің түбіндегі сазы батпақта өткізеді. Көктемде бұл көлшіктерден кішірек көлдерге көшіп, көбеюіне жағдай жасайды. Көп уақытын құрлықтағы мекенінде өткізгендіктен, саламандрлар мен құрбақалар орманды даладағы суларда, яғни орманда табылған кішкене шалшықтарда жұмыртқа салады. Көктемнің бас кезінде қосмекенділер жүздеп, тіпті мыңдап суға бағыт алады.

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  1. "Қазақ энциклопедиясы", VI-том
  2. Орысша-қазақша түсіндірме сөздік: Биология / Жалпы редакциясын басқарған профессор Е. Арын – Павлодар: 2007 - 1028 б. ISBN 9965-08-286-3