Қурай сыбызғы
Көрініс
Қурай сыбызғы (башқ. ҡурай, тат. Курай, quray) - үрмелі музыка аспабы. Қазақтар құрай сыбзғы, татарлар мен башқұрттар "Құрай" деп атайды. Биік өсетін, ортасы қуыс қурайдан жасалады. Қурай түтіктің жарық жерінен жел шықпауы үшін сырты қойдың аш ішегімен қапталады. Ел ішінде үш ойықты, төрт ойықты түрлері кездеседі. Диапазоны 2,5 октава, диотоник. дыбыс қатарынан тұрады. Оның дыбыс қатары си-бемоль, негізгі дыбыс ырғағы таза әрі күшті шығады. Оны ойнау күрделі болғандықтан, қурай сыбызғыны меңгерген сыбызғышылар сирек кездеседі. Бұл аспапта белгілі музыкант Б. Уалиев, өнертанушы Б. Сарыбаев ойнаған.
Дереккөздер
[өңдеу | қайнарын өңдеу]- ↑ "Қазақ энциклопедиясы" - (Қазақстан, Ұлттық Энциклопедия)