Құр

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Навигацияға өту Іздеуге өту
Құр
Қораз
Қораз
Амандық күйі

Least Concern (IUCN3.1)
Ғылыми топтастыруы
Дүниесі: Жануарлар
Жамағаты: Хордалылар
Табы: Құстар
Сабы: Тауықтәрізділер
Тұқымдасы: Tetraonidae
Тегі: Меңіреу құрлар
Түрі: L. tetrix
Екі-есімді атауы
Lyrurus tetrix
(Linnaeus, 1758)
Синонимдері

Lyrurus tetrix L.

Құр (лат. Lyrurus tetrix ) — тауықтәрізділер отрядына жататын орман құсы.

Қазақстанда Жайық өзенінен Ертіс өзеніне дейінгі орманды аймақтарда мекендейді. Алтай, Тянь-Шань, Жетісу (Жоңғар) Алатауларында да кездеседі. Қалба Алтайында, көбінесе Марқакөлде итмұрын, бұта арасында тіршілік етеді. Дене тұрқы 53 — 57 см, салмағы 1,2 — 1,8 кг. Қоразы ірі, түсі қара, қанатынан қиғаш орналасқан ақ жолақ айқын байқалады. Құйрығының қауырсыны сыртына қарай қайырылып орналасады. Мекиені қара шұбар келеді. Құр — отырықшы құс. Құр полигамды, бұтаның, ағаштың түбінен шұңқыр қазып, ұясын жерге салады, оған ағаш бұтағын, жапырақ, кейде мүк және қауырсын төсейді. Аналығы 4 — 12 жұмыртқа салады. 23 — 25 күнде балапан шығарады. Негізгі қорегі — өсімдіктер. Балапандары алғашқы аптада қоңыздармен, дернәсілдер және жұлдыз құрттармен, құмырсқалармен, қандалалармен, өрмекшілермен, масалармен, шыбындармен қоректенеді.[1]

Tetrao tetrix tetrix

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  1. “Қазақстан”: Ұлттық энциклопедия/Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы “Қазақ энциклопедиясы” Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9