Үйбидайық
Үйбидайық | ||||||||||||||||
---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|
Ғылыми топтастыруы | ||||||||||||||||
| ||||||||||||||||
түрлері | ||||||||||||||||
13 түрі белгілі |
Үйбидайық (лат. Lolium) – астық тұқымдасына жататын бір және көп жылдық шөптесін өсімдіктер.
Қазақстанның оңтүстік аймақтарында тау беткейлерінде, жазық жерлерде, егістік арасында, жол жиегінде, елді мекендер маңында өсетін 5 түрі бар. Бұлардың биіктігі 20 — 80 см, сабақтары тік, кейде иіле өседі. Жапырақтары жіңішке таспа тәрізді, тықыр не бұдырлы. Гүлшоғыры қос қатар масақ. Көпгүлді масағы бүйірінен қысыңқы, масақ қылтаны қатты, ұзынша келген, жүйкелі болады. Төменгі гүлқылтаны жарғақ, оның үш жағы үлпек тәрізді. Мамыр — шілде айларында гүлдеп, жемістенеді. Көбірек маңызы бар түрлері:
- малазықтық көпгүлді үйбидайық (latin multіflorum);
- бағалы мал азығы және көгалдық шөп — көпжылдық үйбидайық (latin perenne);
- арамшөп — иран үйбидайығы (latin persіcum).
Үйбидайықтың кейбір түрлері қолдан өсіріледі. Үйбидайықтың дәнінде улы алкалоид-темулин шығаратын Stromantіnіa temulenta саңырауқұлағы дамиды. Сондықтан үйбидайықтан алынған астық пен мал азығын жеген адам мен үй жануарлары уланады. Үйбидайықтің арамшөптік түрлерінен арылу үшін егістікке себілетін тұқымды тазартып, сүдігерді ерте жырту керек. [1]
Дереккөздер
[өңдеу | қайнарын өңдеу]- ↑ «Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9