Ұзынқанаттылар
Ұзынқанаттылар | ||||||||||||||
---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|
Ғылыми топтастыруы | ||||||||||||||
| ||||||||||||||
Тұқымдастары | ||||||||||||||
Apodidae | ||||||||||||||
Синонимдері | ||||||||||||||
Apodimorphae |
Ұзынқанаттылар (лат. Apodiformes) — құстардың бір отряды.
Ұзынқанаттылардың Жер шарының тропиктік және қоңыржай белдеулерін мекендейтін 2 отряд тармағы бар: ұзынқанат қарлығаш және колибри. Қазақстанда ұзынқанат қарлығаштың (Apodes) 1 тұқымдас, 2 туысқа жататын 4 түрі бар. Орман алқабынан шөлге дейінгі тау, қия-жартас, өзен-көлдерді, т.б. өзінің ұшып-қонуына қолайлы құр-ғақ, ашық жерлерді мекендейді. Қанаты ұзын әрі жіңішке, тұмсығы мен аяғы қысқа, сәл жалпақтау, көпшілік түрінің саусақтары ағаштың бұтақтарын ұстай алмайды; тырнақтарымен жартасқа жармасады. Сырт пішіні қарлығашқа ұқсайды, тегіс жерден тез көтеріле алмайды, жемін көбіне ұшып жүріп аулайды. Бұл құстарға тән қасиет — сілекей бездерінің (одан бөлінетін секретті ұя жасауға қолданады) молдығы. Жыл құстары. Моногамды. Биік құрылыстардың басына, қия-жартастың арасына, ағаштардың қуысына, үңгірге ұя салады, 1 — 6 жұмыртқа басады. Мекиені мен қоразы жұмыртқаларды кезектесіп басып, одан шыққан балапандарын да бірге қоректендіреді. Қорегі — әр түрлі жәндіктер. Ұзынқанат қарлығаштар зиянды жәндіктерді жеп, а. ш-на пайда келтіреді.[1]
Ұзынқанаттылар - жазықтанаулы жарқанаттар туысы. Қанаттары ұзын және үшкір, өте жоғары жылдамдыққа бейімделген. 10 шақты түрі Африкада, Мадагаскарда, Оңтүстік Еуропада, Оңтүстік және Оңтүстік-Шығыс Азияда, Австралияда, Жаңа Гвинеяда және Жаңа Гебридте таралған. Үңгірлерде, көптеген топтармен тіршілік етеді. ТМД-да 1 түрі, кәдімгі Д., (М. schreibersi), Закарпатье, Қырымда, (қазір жоқ), Кавказда, Копетдагта және Оңтүстік Приморьяда. КСРО-ның «Қызыл кітабына» енгізілген.[2]
Дереккөздер
[өңдеу | қайнарын өңдеу]- ↑ «Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9, VIII том
- ↑ Орысша-қазақша түсіндірме сөздік: Биология / Жалпы редакциясын басқарған профессор Е. Арын – Павлодар: 2007 - 1028 б. ISBN 9965-08-286-3
Бұл мақаланы Уикипедия сапа талаптарына лайықты болуы үшін уикилендіру қажет. |
Бұл — биология бойынша мақаланың бастамасы. Бұл мақаланы толықтырып, дамыту арқылы, Уикипедияға көмектесе аласыз. |