Ұлғаю мен сығылу
Ұлғаю мен сығылу — Материалдар кедергісіде заттың бойлық деыормация түрлері. Барлық заттар атомдардан тұрады, атомдардың арасындағы арақашықтық температура көтерілгенде немесе төмендегенде ұлғаюы немесе кемуі мүмкін. Сондықтан бұл - температура көтерілген кездегі заттың көлемінің ұлғаю процесі. Температура көтерілгенде молекулалар тербелісінің интенсивтілігі және заттың молекулаларының арасындағы арақашықтық артады. Осы кезде көлем ұлғаяды. Ал сығылу - керісінше, температура төмендеген кезде заттың көлемінің кішіреюі.
Ұлғаюға ықпал ететін факторлар
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Заттың ұлғаюы заттың тегіне тәуелді. Қатты денелерде молекулалар өздерінің орындарында тұрып әлсіз тербеледі, себебі олардың молекулалары бір-біріне өте тығыз орналасқан. Сондықтан денелер ұлғаяды. Сұйықтардың молекулалары бір-біріне қатты дене молекулаларындай тығыз орналаспаған, сол себепті сұйықтар көбірек ұлғая алады. Газдардың молекулалары бір-бірінен алыс орналасқан. Температураның көтерілуі газ молекулаларын жылдам қозғалта бастайды және көп есе ұлғаяды.
Ұлғаю коэффиценті
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Температура көтерілгенде кинетикалық энергия артады. Кинетикалық энергияның артуы заттағы молекулалардың қозғалыс жылдамдығын арттырады. Молекулалардың қозғалуы үшін кеңістік қажет, яғни зат ұлғаяды. Температура 1 градусқа көтерілгенде бірлік ұзындықтың кез келген бағытта ұлғаюы заттың сызықтық ұлғаю коэффиценті деп аталады Сұйықтарда сызықтық ұлғаю қарастырылмайды. Оның орнына көлемнің ұлғаюын толығымен қарастыруға болады. Кез келген сұйықтағы температураның 1 градусқа көтерілуі кезінде бірлік көлемнің ұлғаюын коэффиценті деп атайды. Газдардың молекулалары бір-бірінен өте алыс орналасқан. Сондықтан газдар температура көтерілгенде өте көп ұлғаяды. Қалыпты температурада барлық газдардың ұлғаю коэффиценті шамамен бірдей деп айтуға болады. 0 градустан бастап температура 1 градусқа көтерілген кезде барлық кқлемінің 1/273 құрайды. Кельвин шкаласы немесе абсолюттік шкала газдардың осы қасиетінің негізінде ойлап табылған.
Коэффицентті есептеу
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Сызықтық ұлғаю коэффицентін көлемдік ұлғаю коэффицентін үшке бөлу арқылы есептеуге болады. Сызықтық ұлғаю коэффецентті = көлемдік ұлғаю коэффиценті/3 Егер заттың жалпы ұлғаю мөлшері белгілі болса, онда жалпы ұлғаю мөлшерін бірлік ұзындықтың мәні мен өзгерген температураның градустық мөлшерінің көбейтіндісіне бөлу керек.