Әбдус Салам
Әбдус Салам | |
ағылш. Abdus Salam, урду: عبد السلام | |
Әбдус Салам (1987 жыл) | |
Туған күні | |
---|---|
Туған жері |
Джанг, Пенджаб, Британдық Үндістан |
Қайтыс болған күні | |
Қайтыс болған жері | |
Азаматтығы | |
Ғылыми аясы | |
Жұмыс орны |
Лондонның империялық колледжі, Пәкістанның ғылым және технология министрлігі, Мемлекеттік колледж, Әулие Жоханның колледжі, Теориялық физиканың халықаралық орталығы |
Ғылыми дәрежесі |
профессор |
Альма-матер |
Лахор университетінің мемлекеттік колледжі, Әулие Жоханның колледжі, Мумбай университеті, Пенджаб университеті, Кембридж университеті |
Ғылыми жетекші |
Николас Кеммер |
Атақты шәкірттері |
Қайсар Шафи, Майкл Дафф, Даниэль Афедзи Акьямпонг, Әли Шамседдин, Роберт Дельбурго, Уолтер Гилберг, Джон Моффат, Юваль Нееман, Джон Полкингхорн, Рэй Стритер, Риазуддин, Файязуддин, Масуд Ахмад, Партха Гхосе, Камалуддин Ахмед, Джон Тейлор. Ғұләм Мұртаза, Кристофер Ишам, Мұнир Ахмед Рашид, Питер Уэст, Джонатан Эшмор, Фахим Хусейн, Первез Хұдбай, Әбдул Хамид Найяр, Ғұләм Дастағир Алам |
Несімен белгілі |
|
Марапаттары | |
Қолтаңбасы |
Мұхаммед Әбдус Салам (бат-пәндж. және урду: محمد عبد السلام, ағылш. Mohammad Abdus Salam; 29 қаңтар 1926, Джанг, Британдық Үндістан (қазіргі уақытта Пәкістан) — 21 қараша 1996, Оксфорд, Ұлыбритания) — пәкістандық физик-теоретик, ғылым саласындағы нобель сыйлығының алғашқы мұсылман лауреаты (1979).
Доктор Әбдус Салам ондаған ғылым академияларының, солардың ішінде Лондонның патшалық қоғамының мүшесі (1959)[1], КСРО Ғылым академиясының (1971), АҚШ Ұлттық Ғылым академиясының (1979)[2] және Американдық философиялық қоғамының (1992)[3] шетелдік мүшесі.
Триест қаласындағы (Италия) Теориялық физиканың халықаралық орталығы ғалымның есімімен аталады.
Өмірбаяны
[өңдеу | қайнарын өңдеу]1946 жылы Лахор қаласындағы Пенджаб мемлекеттік колледжін бітіріп, Англиядағы Кембридж университетіне оқуға түсті. 1949 жылы магистр дипломын алды. 1952 жылы кванттық электродинамика бойынша докторлық диссертация қорғады.
1951 жылы Пәкістан мемлекеттік колледжінің математика пәнінің профессоры болды. 1954 жылы ол Кембриджге математика пәнінің оқытушысы болып оралды. 1957 жылы Лондон империялық колледжінің теориялық физика кафедрасының профессоры болды.
1961 жылы Пәкістан Президентінің ғылым жөніндегі кеңесшісі болды. 1964 жылдан 1993 жылға дейін Триестте (Италия) Теориялық физиканың халықаралық орталығының директоры қызметін атқарды, ол оның құрылуына қатысқан болатын.
1964-1975 жылдары БҰҰ ғылым және техника жөніндегі Консультативтік комитетінің мүшесі, ал 1971-1972 жылдары төрағасы болды.
1960 жылдары Пәкістан ядролық реакторының құрылысын басқарды. Реактор 1965 жылы іске қосылып, 1966 жылы толық қуатына жетті. Әбдус Салам 1972-1974 жылдары Пәкістан үкіметінің ғылым жөніндегі кеңесшісі болған тұсында, Пәкістанның ядролық қаруын жасау бағдарламасына қатысқан.
1974 жылы Әбдус Салам Пәкістаннан көшіп кетті, өйткені Пәкістанда Ахмадия діни ағымы «исламдық емес» деп жарияланып, ахмадилерге «мұсылман» деп аталуға заңмен тыйым салынды[4][5]. Ол сол ағымның мүшесі болған еді.
1992 жылы «Әлем ғалымдарының адамзатқа ескертуі» манифестіне қолын қойды[6].
Әбдус Салам Оксфордта қайтыс болды, Пәкістанда «Баһишти Мақбара» зиратына жерленді. Оның қабір құлпытасында: "Доктор Әбдус Салам, Нобель сыйлығының алғашқы мұсылман лауреаты" - деп жазылған-ды. Вандализм нәтижесінде жазудың бір бөлігі жойылды[7].
Ғылыми жетістіктері
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Фундаменталды әсерлесудің бірыңғай теориясымен жұмыс істей отырып, С. Вайнбергтен бөлек, әлсіз әсерлесу мен электромагниттік өзара әсерлесуді біріктіретін әлсіз электрлі әсерлесу теориясын жасап шығарды. Бұл теорияның аясында әлсіз әсерлесудің тасымалдаушысы массивтік зарядталған W+, W− бөлшектері мен бейтарап Z0 бөлшегі екенін көрсетті. Сол кездері бұл бөлшектер белгісіз болған, олар 1983 жылы ашылды. 1979 жылы Әбдус Салам «Элементар бөлшектер арасындағы бірыңғай әлсіз және электромагниттік әсерлесу теориясына қосқан үлесі үшін, оның ішінде бейтарап әлсіз тоқтарды болжағаны үшін» С. Вайнберг және Ш. Глэшоумен бірге физика саласындағы Нобель сыйлығын алды.
Марапаттары
[өңдеу | қайнарын өңдеу]- «Атом бейбітшілік үшін» премиясы (1968)
- Лондон физикалық қоғамының Максвелл медалі (1961)
- Хьюз медалі (1964)
- Гутри медалі мен сыйлығы (1976)
- Корольдік медаль (1978)
- Маттеуччи медалі (1978)
- Физика саласындағы Нобель сыйлығы (1979)
- Бейкер дәрісі (1980)
- КСРО ғылымдар академиясының М.В. Ломоносов атындағы Үлкен алтын медалі (1983)
- Марсель Гроссман сыйлығы (1985)
- Копли медалі (1990)
Дереккөздер
[өңдеу | қайнарын өңдеу]- ↑ Salam; Muhammad Abdus (1926—1996)(қолжетпейтін сілтеме) (ағыл.)
- ↑ Abdus Salam Мұрағатталған 1 шілденің 2018 жылы. (ағыл.)
- ↑ APS Member History
- ↑ Dombey, Norman Salam’s Part in the Pakistan's atomic bomb projects (ағыл.) (google docs). Brighton BN1 9QH: Physics and Astronomy Department of the University of Sussex (10 December 2011).(қолжетпейтін сілтеме) Тексерілді, 30 қазан 2012.
- ↑ Малала: героиня мира и громоотвод для сограждан?.(қолжетпейтін сілтеме)
- ↑ World Scientists' Warning To Humanity (ағыл.).(қолжетпейтін сілтеме) Тексерілді, 16 мамыр 2019.
- ↑ PAKISTAN: Is Dr. Abdus Salam - a Nobel Laureate or persona non grata? (ағыл.). Asian Human Rights Commission.(қолжетпейтін сілтеме) Тексерілді, 16 мамыр 2019.
Сілтемелер
[өңдеу | қайнарын өңдеу]- Абдус Салам. «Калибровочное объединение фундаментальных сил». Нобелевская лекцияМұрағатталған 13 қыркүйектің 2013 жылы. // Успехи физических наук, том 132, выпуск 2, октябрь 1980
- Физика кітабы, Храмов Ю.А., Салам Әбдус (Salam Abdus) бөлімі, 242 бет.
- Нобель комитетінің сайтынан алынған ақпаратМұрағатталған 22 мамырдың 2020 жылы. (ағыл.)
|