Әлемдік мұра

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Навигацияға өту Іздеуге өту
Әлемдік мұра нышаны
№1103 нысан:Қожа Ахмет Ясауи кесенесі, Қазақстан
№86 нысан: Мемфистегі Гиза пирамидасы, Мысыр
№114 нысан Персеполис, Иран
№447 нысан: Улуру, Австралия
№174 нысан: Римнің тарихы орталығы, Италия
№603 нысан: Регистан алаңы, Өзбекстан

Әлемдік мұра (ағылш. World Heritage, фр. Patrimoine Mondial, ис. Patrimonio Mundial) — ЮНЕСКО тарапынан бекітілетін, адамзат үшін ерекше мәдени, тарихи немесе экологиялық маңызы бар деп танылатын табиғи немесе адам қолымен жасалған нысандар.

2012 жылғы жағдайына сәйкес Әлемдік мұра тізімінде — 962 нысан [1][2]. Соның ішінде 745 мәдени, 188  — табиғи және 29 — аралас нысан бар[1].

Ұйымдастырылуы

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

1972 жылы БҰҰ Білім, Ғылым және Мәдениет Ұйымы (ЮНЕСКО) дүниежүзіндегі мәдени және табиғи мұраларын қорғау туралы қарар қабылдады ( 1975 ж. Күшіне енген). КСРО бұл Қарарды 1988 жылы наурыздың 9 ратификациалады. 2010 жылы сәуірде қарарды 187  БҰҰ-ға мүше елдер ратификациалаған, соның ішінде Қазақстанда бар.

Жыл сайын дерлік Әлемдік мұра комитеті сессиясы өтіп, онда «Әлемдік мұра мәртебесін беру» сұрақтары талқыланады (мысалы 2008 жылы Квебекте өткен 32-ші сессиясында 19 мәдени және 8 табиғи нысандар тізімге қосылды. Сол сәтке сәйкес тізімде 145 елдің 878 нысандары болған: 679 — мәдени ескерткіштер, 174 — табиғи және 25 — аралас типті.)

«Әлемдік мұра мәртебесінің» келесі артықшылықтары бар (табиғи ескерткіштер үшін):

  • Ерекше табиғи кешенге қосымша оның бірегей кешен болып сақталып тұруына кепілдік береді.
  • Ескерткіш орналасқан аймақ пен оның иелерінің абыройын арттырады.
  • Сол тізімге енген нысандарды дәріптеу және соның салдарынан баламалы табиғатты пайдалану үрдістерін қалыптастыруға (әсіресе, экологиялық туризмді) септігін тигізеді.
  • Ескерткіштерді қаржыландыру маңыздылығын орнатып, Әлемдік мұра қорынан қаражат бөлуді қамтамасыз ету.
  • Табиғи ескерткіштерді бірыңғай бақылап, тексеріп отыруды ұйымдастыруға ықпал етеді.

Ескерткіш орналасқан мемлекеттер сол ескерткіштерді сақтау міндеттемесін алады.

Негізгі тізім аясында Әлемдік мұра жоғалу қаупіндегі ескерткіштер ішкі тізімі бар. Бұл тізімге әр түрлі табиғи немесе адамдардың себебінен қауіп төніп тұрған ескерткіштер уақытша кіреді: қарулы қақтығыстар мен соғыстар, жер сілкініс пен табиғи апаттар, ластану, браконьерлік пен тәртіпсіз құрылыс салдары сияқты. Тізімге кірді деген сөз оларға ерекше назар аударып, шұғыл шаралар істеу керектігін айтады.

2007 жылы Омандағы Аравия ориксы қорығы (ақ орикске үзіліссіз аңшылық пен қорық аймағының тарылуынан) және 2009 жылы Германия Дрездендегі Елбі алабы (мәдени ландшафттағы аймақтағы толассыз салынып жатқан жол құрылысынан) ЮНЕСКО тізімінне алынып тасталды.

Әлемдік мұраның негізгі мақсаты — өз санатындағы ерекше болы табылатын ескерткіштерді дәріптеу және қорғау. Осы мақсатта объективті болу үшін бағалау критерийлері енгізілді. Басында (1978 жылдан бері) Мәдени мұра секерткіштері  үшін критерий болған — бұл тізімде алты шарт болған. Содан әр құрлық арасында баланс орнату үшін табиғи объектілерді де қосып, оларға төрт шарт енгізілді. Ақыры, 2005 жылы барлық критерийлер біріктірілді, енді Әлемдік мұраның әр объектісі кем дегенде бір шартты қанағаттандырады [3].

Мәдени өлшемшарттар

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  • І. Нысан адамзаттық данышпанның біртума шығармашылығы болып табылады.
  • ІІ. Нысан адамзат құндылықтарының сол замандағы немесе белгілі бір мәдени кеңістікте, сәулетте немесе технологияда, терең монументтік өнерде, қала жобалары немесе ландшафт үлгілеріндегі өзара зор әсерінің куәгері болып табылады.
  • ІІІ. Нысан әлі өмір сүретін немесе жойылып кеткен мәдени дәстүр немесе өркениет үшін ерекше маңызға ие.
  • ІV. Нысан адамзат тарихының маңызды дәуірінің айрықша құрылымдық, сәулеттік немесе технологиялық ансамблінің немесе ландшафттық үлгісі болып табылады.
  • V. Нысан адамзаттың дәстүрлі құрылысының, жерді немесе теңізді дәстүрлі пайдалану үрдісінің айрықша керемет үлгісі, оның үстіне мәдениеттік үлгі немесе адамзаттың қоршаған ортамен қатынасының үлгісі (әсіресе бұл қоршаған орта кері қайтпайтын процестер себебінен өте әлсіреп тұрса) болып табылады.
  • VІ. Нысан тікелей немесе жанама түрде оқиғамен немесе бар дәстүрлермен, идеялармен, сенімдермен, көркем немесе әдеби шығармалар байланысты, әрі айрықша әлемдік маңызға ие. (ЮНЕСКО комитеті ойынша бұл шарттың тағы бір немесе бірнеше шарттармен бірге орындалғаны жөн).

Табиғи өлшемшарттар

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  • VІІ. Нысан табиғи феномен немесе ерекше табиғи әдемілік пен эстетикалық маңызға ие кеңістік болып табылады.
  • VІІІ. Нысан жер тарихының негізгі кезеңдерінің айрықша үлгісі, сонымен қатар өткен шақтың ескерткіші, болып жатқан жер бедері дамуындағы геологиялық процестердің немесе геоморфтық немесе физиографиялық ерекшеліктердің нышаны болып табылады.
  • ІX. Нысан құрлықтық, тұщы су, жағалық және теңіздік экожүйелер мен жануарлар қоғамдастықтары эволюциясы мен дамуындағы болып жатқан экологиялық немесе биологиялық процестердің айрықша үлгісі болып табылады.
  • X. Нысан биологиялық әр-алуандылық, соның ішінде ғылым мен табиғатты қорғау жағынан алғанда әлемдік маңызы зор, жоғалып бара жатқан түрлердің ең маңызды немесе ең негізгі табиғи өмір сүру ортасын қамтиды.

Қазақстандағы Юнеско әлемдік мұра нысандары тізімі

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Әлемдік мұра нысандар саны бойынша көшбасшы елдер

Юнеско Әлемдік мұра тізімінде Қазақстанның 3 нысаны бар (2012 жылғы жағдайы бойынша). Екі нысан тізімге мәдени критерий бойынша еңгізілсе, біреуі табиғи критерий бойынша іліккен. Бұдан басқа, 2012 жылғы жағдайына сәйкес Қазақстан территироиясындағы 12 нысан Әлемдік мұра тізіміне үміткер ретінде тіркелген.[4].

Сілтемелер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  1. a b World Heritage List, UNESCO World Heritage Sites official sites. Дереккөз қатесі: Invalid <ref> tag; name "list" defined multiple times with different content
  2. Twenty-seven new sites inscribed, UNESCO World Heritage Sites official sites.
  3. Ресми торбетіндегі критерийлер тізімі  (ағыл.)
  4. Tentative  (ағыл.). UNESCO World Heritage Centre. — Қазақстандағы Эннеско Әлемдің мұра нысандарына үміткердер тізімі.. Басты дереккөзінен мұрағатталған 24 ақпан 2012. Тексерілді, 10 қазан 2011.