Әл-Кисаи
Әбул-Хасан Әли ибн Хамза ибн Абдуллаһ ибн Баһман ибн Файруз әл-Кисаи (737 — 805) — тегі парсы Бану Асад ибн Хузайма руының азат етілген құлы. Куфалықтардың араб тілі мен наху ғылымындағы имамы, жеті қаридың (Құран оқу тәсілі) жетіншісі. Нахудағы куфалық мектептің негізін қалаушы саналады.
Әл-Кисаи Куфа мағындағы ауылдардың бірінде дүниеге келген. Джафар әс-Садиқтан, әл-Ағмаштан және Сүлеймен ибн Арқамнан хадистер жеткізген, Халил ибн Ахмад әл-Фараһидиден араб тілі емлесін оқыған. Араб тілін зерттеу үшін Хиджаз бен Нәджд аймақтарына сапар шегіп, куфалықтардың имамына айналады, араб тілі пәндері мен қағидаларында еліктелінетін ғұламаға айналады. Халифа Һарун әр-Рашидтың кезінде үлкен мансапқа ие болып, оның баласы болашақ халиф әл-Аминды тәрбиелеп, оқытады.
Әл-Кисаи 805 жылы Тегеранның оңтүстік-шығысындағы Рей қаласында 70 жасқа толып өмірден озады.
Дереккөздер
[өңдеу | қайнарын өңдеу]
Бұл — тұлға туралы мақаланың бастамасы. Бұл мақаланы толықтырып, дамыту арқылы, Уикипедияға көмектесе аласыз. Бұл ескертуді дәлдеп ауыстыру қажет. |