Әс-Саффах
Әбдуллаһ әс-Саффах араб.: أبو العباس عبد الله السفاح | ||
Баламидің "Тарихнама" атты еңбегіндегі әс-Саффахтың суреті | ||
Лауазымы | ||
---|---|---|
| ||
750 — 10 маусым 754 | ||
(Лақап аты Әс-Саффах) | ||
Ізашары | II Маруан | |
Ізбасары | Әл-Мансұр | |
Өмірбаяны | ||
Діні | Ислам | |
Дүниеге келуі | 722 Хүмейма, Ислам халифаты (қазіргі Иордания) | |
Қайтыс болуы | 10 маусым 754 Анбар, Ислам халифаты (қазіргі Ирак) | |
Династия | Аббас әулеті | |
Әкесі | Мұхаммед ибн Әли Аббас | |
Анасы | Үмм Салама | |
өңдеу |
Әбдуллаһ әс-Саффах (араб.: عبد الله السفاح; 722, Хүмайма — 10 маусым 754, Анбар) — Ислам халифатының 20-шы халифасы, мүміндер әмірі. Аббас әулетінен болған алғашқы халифа. Мұхаммед пайғамбардың көкесі болған Аббас ибн Әбділмүттәліптің шөпшегі және халифа Әл-Мансұрдың ағасы.
Өмірбаяны
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Умәйяларға қарсы хорасандық көтеріліс болған кезде әс-Саффах көтерілісбасы Әбу Мүсліммен жақсы қарым-қатынастар орнатты. Әс-Саффах Куфада өзін жаңа халифа деп жариялады. Шииттер халифат ретінде Әли ибн Әбу Талибтің ұрпағың көргісі келді, алайда әс-Саффах олай қаламады.
Өз әскерін мұсылман емес жауынгерлермен күшейтіп, өзіне қарсы шығатын және халиф деп мойындамайтындарға қарсы, яғни Умәйяларға, шииттерге, тіпті кейбір хорасандық көсемдерге соғыс ашты. Сондықтан оған "әс-Саффах" ("қанды қасапшы") деп лақап ат қойылды. Өзінің елордасы болған Анбар қаласында (қазіргі Ирак аймағында) шешек ауруынан қайтыс болды. Оның орнына халифатты келесі сегіз ғасыр бойы інісі Әл-Мансұр мен оның ұрпақтары биледі.