Мазмұнға өту

2022 жылғы Қазақстандағы наразылық шаралары

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет

2022 жылғы Қазақстандағы наразылық шаралары
Ақтөбенің орталық алаңына шыққан шерушілер, 2022 жылдың 4 қаңтары.
Ақтөбенің орталық алаңына шыққан шерушілер, 2022 жылдың 4 қаңтары.

Дата 2022 жылдың 2—11 қаңтары
Орны Қазақстан
Себебі
Мақсат
Нәтижесі
  • Үкімет пен премьер-министр Асқар Маминнің отставкасы
  • Саяси реформалар
  • Сұйытылған газ бағасының төмендеуі
  • Нұрсұлтан Назарбаевтың Қазақстан Қауіпсіздік Кеңесінің басшысы қызметінен кетуі[3]
Шығын
Өлім
  • 238 адам[4][5]
  • 19 полиция қызметкері мен әскерилер[6]
Жарақат алғандар 4353 адам (оның ішінде 3393 құқық қорғау органдарының қызметкері)[6]
Мүліктік шығын 100 млрд теңгеден астам[6]
Тергеу 3702 қылмыстық іс[7]
Тұтқындалғандар 9900 адам[8]
Күдіктілер 547 адам[7]
Айыпталушылар 269 адам қамауда[7]
Сотталғандар 152 адам[7]

2022 жылғы Қазақстандағы наразылық шаралары (немесе Қанды қаңтар, Қаңтар оқиғасы, Қаңтар трагедиясы) — сұйытылған газдың кенеттен қымбаттауына байланысты Қазақстанда басталған наразылық шаралары. 2 қаңтарда бастау алған бұл оқиғалар тәуелсіз Қазақстанның 30-жылдық тарихындағы ең қарқынды әрі қатал қақтығысқа айналды[9].

Алғашында Жаңаөзен қаласында басталған шеру артынан Қазақстанның басқа қалаларына да таралды. Халық Алматы, Ақтөбе, Ақтау, Атырау, Қарағанды, Астана, Шымкент, Көкшетау, Орал және т. б. қалалардың көшелеріне шығып, экономикалық талаптармен қоса саяси өзгерістерді талап ете бастады. Бастапқыда бейбіт басталған наразылық шаралары артынан қарулы қақтығыстар мен тонаушылыққа ұласты (негізінен Алматы қаласында). 5 қаңтарда басталған тәртіпсіздіктер ресми деңгейде мемлекеттік төңкеріс деп аталды[10].

2022 жылдың 2 қаңтарында Жаңаөзен қаласының наразы тұрғындары сұйытылған табиғи газдың бағасын төмендетуді талап етіп, автокөлік жолын бөгеп тастады[11]. Халық қала және облыс әкімдерінен бағаны тұрақтатуды және көгілдір отынның тапшылығын жоюды талап етті. Бұл талаптар орындалмағасын наразылық шаралары келесі күні де жалғасын тапты. 4 қаңтар күні Қазақстан үкіметі Маңғыстау облысындағы сұйытылған газдың бағасы литріне 50 теңгеге дейін төмендетілгенін мәлімдеді[12], президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына үндеу жариялап, заңсыздықты болдырмауды сұрады.

Жаңаөзенде бастау алған наразылық шараларын Қазақстанның басқа ірі қалаларының тұрғындары қолдап, көшеге шеруге шықты. Алматы қаласында шерушілер полиция көліктерін қиратып, олар өртке оранды. Жүздеген адам қамауға алынып[13][14], 4 қаңтар күні түнде ел аймағында Интернет байланысы өшірілді. Маңғыстау облысы мен Алматы қаласының аумағында төтенше жағдай енгізілді. 5 қаңтар күні таңертең Қазақстан үкіметінің отставкаға кеткені белгілі болды[15].

Елдегі жағдайдың шиеленісуіне байланысты, 5 қаңтарда төтенше жағдай Қазақстанның барлық аумағында енгізілді. Шерушілер маңызды нысандарға шабуыл жасап, Алматы, Талдықорған қалаларындағы әкімдік ғимараттары, Алматы әуежайы наразы халықтың қолына өтті. Артынша Қасым-Жомарт Тоқаев Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымы (ҰҚШҰ) басшыларынан көмек сұрағанын мәлімдеді. 10 қаңтарда ҰҚК тәртіпсіздіктер кезінде басып алынған барлық әкімшілік нысандардың қайтарылғанын, елдегі жағдайдың тұрақталғанын мәлімдеді. 11 қаңтарға дейін тәртіпсіздікке қатысып, қамауға алынған адамдардың саны 10 мыңға жуықтады. Тонаушылық пен бұзақылықтың салдарынан кәсіпкерлерге келтірілген шығынның мөлшері 100 миллиард теңгеден асты[6]. Оқиға бойынша жалпыұлттық аза тұту күні жарияланды.

Алғышарттары

Тағы қараңыз: Жаңаөзен оқиғасы (1989 жыл) және Жаңаөзен оқиғасы (2011 жыл)
Ақтөбенің орталық алаңында киіз үй тіккен шерушілер.

Мұнай мен газға бай Маңғыстау облысындағы Жаңаөзен қаласы бұрынғы кездері де наразы халық пен билік өкілдері арасындағы қақтығыстың алаңына айналған еді. 1989 жылы жергілікті халық пен Кавказдан қоныс аударғандар арасындағы кикілжіңнің арты қақтығысқа ұласты. Қақтығыс құқық қорғау органдарының араласуымен басылды. 2011 жылдың желтоқсанында ереуілге шыққан жаңаөзендік жұмысшылар мен құқық қорғау органдары қызметкерлері арасында қақтығыс орын алды. Еңбек дауына байланысты жеті ай бойы ереуілдеген «Өзенмұнайгаз» мекемесінің бұрынғы қызметкерлеріне қарсы полиция қызметкерлері қару қолданылып, оқ атты. Бұның салдарынан ереуілшілердің тарапынан 15 адам қаза тапқан болатын (ресми дерекке сәйкес).

2022 жылдың 2 қаңтарында басталған наразылық шараларына қатысқан адамдардың басты талабы сұйытылған газдың бағасын төмендету болды. 1 қаңтардан бастап газдың сауда-саттығы толығымен тауар биржалары арқылы іске асырылатын жүйеге ауыстырылған болатын[16], және соның артынан отынның бұл түрі екі есе қымбаттады. Бұрын 60 теңге шамасында саудаланған сұйытылған газ, 2022 жылдан бастап тұтынушыларға 120 теңгеден сатыла бастады.

ҚР Энергетика министрлігінің пайымдауынша, облыста газ өндірумен айналысатын тек қана бір кәсіпорын — «Қазақ газ өңдеу зауыты» айналысады. Айына 14,5 мың тонна сұйытылған газ өндіретін бұл зауыттың тұтынушыларды газбен толық қамтамасыз етуге қауқары жетпейді, сондықтан сырттан қосымша газ көлемін сатып алу қажеттілігі туындаған. Оған қоса 1973 жылдан бері жұмыс істеп келе жатқан бұл кәсіпорын жабдықтарының тозу деңгейі 90 % жеткен. Электронды сауда-саттыққа көшіп, газды нарықтық бағамен сата бастағаннан кейін бұл мәселені жаңа зауыт ашу арқылы шешу жоспарланған болатын[16].

Бұл оқиғалардан 2 жыл бұрын, 2020 жылдың қаңтарында жаңаөзендіктер сұйытылған газдың 55 теңгеден 65 теңгеге дейін қымбаттағанына наразылық танытып, жергілікті әкімдікке жиналған еді. Ол кезде газ бағасының өсуі Қазақстанның Кедендік одаққа кіруі және «Қазақ газ өңдеу зауытындағы» жөндеу жұмыстарымен байланыстырылды. Халық наразылық танытқаннан кейін қала басшылығы газдың бұрынғы бағамен сатылатынын мәлімдеген болатын[17].

2022 жылғы наразылық шаралары басталғаннан кейін сұйытылған газдың бағасы тек қана Жаңаөзенде емес, елдің барлық аймағында төмендетілетін болып шешілді. Бірақ бұл мәлімдемеден кейін шерушілер үйлеріне тарқауға асыққан жоқ, халықтың наразылығын тудырған тек қана бағаның қымбаттауы емес екені анық болды. Көшеге шыққан халық Қасым-Жомарт Тоқаев пен Нұрсұлтан Назарбаевқа көңілдері толмайтынын білдірді[18]. Наразы халықты шеруге шығуға итермелеген себептердің қатарында үкіметтегі жемқорлық[2], әлеуметтік және экономикалық теңсіздік (әсіресе ол COVID-19 пандемиясының кесірінен ушығып кеткен болатын), елдегі демократия деңгейінің төмендігі аталды. Шерушілер саяси ырықтандыруды (либерализация), әкімдерді сайлауды енгізуді (қазір оларды президент тағайындайды), мемлекетті 1991 жылдан бері басқарып келе жатқан адамдардың биліктен шеттетілуін талап етті[1].

Наразылық шаралары өткен елді мекендер

Ірі қалалар

Басқа елді мекендер

5 қаңтарда басталған тәртіпсіздіктер

5 қаңтар күні Алматы қаласында жағдай шиеленісіп, тәртіпсіздіктер күшейді. Белгісіз адамдар әкім ғимараты мен Алматы әуежайын басып алды. Қала әкімдігі өртке оранды. Алматыдағы ондаған сауда орындары, дүкендер, банктер тоналғаны хабарланды. Келесі күні Қасым-Жомарт Тоқаев Қауіпсіздік кеңесінің жиынында бұл шабуылды «террористік топтар» ұйымдастырғанын айтты. Оның мәлімдемесіне сәйкес, елге саны 20 мыңға жететін «қаруланған әрі дайындықтан өткен жергілікті және шетелдік содырлар» шабуыл жасаған екен. Президент бұл адамдарға қарсы ескертусіз оқ атуға бұйрық бергенін жариялады[30].

Аты аталмаған бұзақы топтармен болған қақтығыстың салдарынан Алматы, Тараз, Шымкент, Қызылорда қалаларында әскерилер мен бейбіт тұрғындар қаза тапты. 7 қаңтарда Алматыдағы әкімдік ғимараты, президент резиденциясы және Республика алаңы бақылауға алынғаны белгілі болды. Сол күні жалпы Қазақстанның барлық аймағында конституциялық тәртіп қалпына келтірілгені белгілі болды, бірақ Тоқаев терроризме қарсы шаралар содырлар толық жойылғанша жүргізілетінін мәлімдеді[30].

Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаевтың сөзіне сәйкес, 4 қаңтарда Қазақстанның көптеген қалаларында 500–4000 адам шамасында шерушілер тобы жиналған. Атырау, Қызылорда, Алматы, Ақтөбе, Тараз қалаларындағы облыс әкімдіктерінің ғимараттарын және Семейдегі қала әкімдігін наразы адамдар басып алған. Басқа облыстарда әкімдік ғимараттарына шабуыл жасалған. Алматыда 7 қару-жарақ дүкені тоналып, наразылар қару-жарақ пен оқ-дәріні иемденген. Тұрғымбаевтың айтуынша, бұзақылар автокөліктер мен коммуналдық техниканы тартып алып, тәртіп сақшыларының көліктерін соққан, қызметкерлерге «Молотов коктейлдерін» лақтырған, оқ атқан. Полиция автокөліктері өртке оранып, өрт сөндіру көліктеріне шабуыл ұйымдастырылған. Жарақаттандарға көмек көрсетуге келген жедел жәрдем көліктеріне өтуге кедергі жасалған[31].

Кәрім Мәсімов

Қазақстан билігі 5 қаңтарға дейін болған наразылық шараларын «бейбіт митинг», одан кейін орын алған оқиғаларды «мемлекеттік төңкеріс» және «террорлық шабуыл» ретінде қарастыра бастады. Тоқаев «содырлар» елдің 11 аймағына шабуылдағанын, негізгі соққы Алматы қаласына жасалғанын мәлімдеді. Оның айтуынша, Ақорданы басып алуды жоспарлаған адамдар бұл мақсатынан Астанаға әскери ұшақтар келіп қонғаннан кейін айныған. Ресей президенті Владимир Путин де бұл көзқарасты қолдап, Қазақстанда «майдан технологиясы» қолданылғанын айтты[10].

«Мемлекеттік төңкерісті» нақты кім ұйымдастырғаны, билікті басып алғысы келгендер кімдер екені ресми түрде айтылған жоқ[10]. Алматы мен бірқатар басқа өңірлердегі тәртіпсіздік басталған сәтте ҰҚК төрағасы қызметінен босатылған Кәрім Мәсімовтың «мемлекетке опасыздық жасады» деген айыппен қамауға алынғаны туралы 8 қаңтарда белгілі болды[32]. Кейінірек Мәсімовқа «билікті басып алу» бабы бойынша да қылмыстық іс қозғалғаны мәлім болды. Онымен қоса ҰҚК төрағасының бұрынғы орынбасары, «А» арнайы мақсаттағы қызметінің бастығы А.Садықұлов пен ҰҚК төрағасының бұрынғы орынбасары Д.Ерғожин да ұсталды. Бұдан кейін ҰҚК төрағасының бірінші орынбасары Самат Әбіш пен Қайрат Сатыбалдының (екеуі де Нұрсұлтан Назарбаевтың немере інілері) ұсталғаны туралы ресми түрде расталмаған ақпарат тарады[33] (кейін Самат Әбіш лауазымынан босатылды).

Жаңаөзен қаласында басталған бейбіт шерудің мыңдаған километр қашықтықта жатқан Алматыда орын алған қанды оқиғаларға қалай алып келгені жұмбақ болып қалды. Қазақстанның ең ірі қаласындағы қақтығыстар тек президентті ғана емес, бұрыннан мемлекетті сынап жүрген адамдарды да таң қалдырды. Бұл дағдарыс ел ішіндегі билік үшін талас-тартыспен тұспа-тұс келгендіктен, көше қақтығыстарына саяси элитаның өкілетті адамдары қатысқаны туралы қауесет тарады. Осы жағдайға Кремльдің қатысы болуы мүмкін деген пікірлер де айтылды. Елдегі дағдарыс жай ғана наразылық білдірген халық пен авторитарлық режимнің озбыр қауіпсіздік органдары арасындағы қақтығыс емес екені анық болды. Ресейлік сарапшы, «Ферғана» ақпараттық агенттігінің басшысы Даниил Кисловтың пікірінше, Қазақстанда Тоқаев пен Назарбаев жақтастарының арасында билік үшін кескілескен талас-тартыс орын алған. Кисловтың айтуынша, Алматыдағы тәртіпсіздіктерді Назарбаевтың мүдделестері өз орындарын сақтап қалу үшін әдейі ұйымдастырған[34].

Тәртіпсіздіктердің салдары

ҚР Бас прокуратурасы мен Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметіне сәйкес[6] (2021 жылдың 15 қаңтары), елде тәртіпсіздіктер кезінде:

  • 225 адам қаза тапқан, оның ішінде 19 полиция қызметкері мен әскери бар;
  • Қаза тапқандардың 175-і медициналық ұйымдарға жеткізілгеннен кейін қайтыс болған;
  • 265 адам ауруханаға жатқызылған, оның 67-і ауыр халде;
  • 4553 адам жарақаттанған, оның ішінде 3393 құқық қорғау органдарының қызметкері.

ІІМ Тергеу басқармасының бастығы Санжар Әділовтың ақпараты бойынша (2022 жылдың 25 қаңтары)[35]:

  • ғимараттарға шабуыл Алматы, Талдықорған, Тараз, Шымкент, Қызылорда, Өскемен, Ақтөбе, Атырау және Семей қалаларында орын алған;
  • 1466 түрлі ғимараттар мен құрылыстарға шабуыл ұйымдастырылған, оның ішінде 71 мемлекеттік мекеме, 12 әкімдік ғимарат және 27 полиция нысаны бар;
  • 1395 бизнес нысаны тонаушылыққа ұшыраған;
  • 700 астам автокөлік қиратылған немесе бүлінген, оның көп бөлігі мемлекеттік органдарға тиесілі қызметтік көліктер, 116-сы бейбіт тұрғындарға тиесілі.

Прокуратура мәліметіне сәйкес (2022 жылдың 25 қаңтары)[36]:

  • сотта 9257 әкімшілік іс қаралған;
  • 4584 адамға сот ескерту жасаған;
  • прокурорлардың ұсынысы бойынша 1149 адам қамаудан босатылған;
  • 577 айыппұл ескертуге ауыстырылған;
  • 393 әкімшілік іс құрамының болмауына байланысты қысқартылған;
  • сот шешімімен әкімшілік қамауға 3314 адам алынған, оның 63-і қамауда отыр;
  • тергеу-жедел топтардың өндірісінде 2044 қылмыстық іс бар, олар бойынша 898 күдікті қамауға алынған;
  • қамауға алынғандардың 802-сі соттың рұқсатымен қамалған, 50-і үйқамаққа алынған, 21-і кепілге, 12-сі ешқайда кетпеу туралы қолхатпен, 13-і әлі де қаралып жатыр.

Алматыдағы тәртіпсіздіктер салдары

Алматы Полиция департаменті таратқан ақпаратқа сәйкес, тәртіпсіздіктер кезінде қалада құқық қорғау органдарының 11 қызметкері және 149 тұрғын қаза тапқан[37]. 249 адам қамауға алынып, 405 қылмыстық іс бойынша тергеу басталған[38]. Ресми дерекке сәйкес, Алматыдағы мәйітханаларға 7 шабуыл жасалып, олардан 41 мәйіт ұрланған[39].

Алматыда бір мезетте 7 қару-жарақ дүкені тоналған. Жалпы саны 1347 қару ұрланған (оның ішінде 501 ойық, 807 тегіс ұңғылы, 39 газтравматикалық қару)[40]. Кейін таратылған ақпаратқа сәйкес, ұрланған қарудың саны 1564-ке жетті. 25 қаңтарға дейін терроризм қарсы операцияның барысында ұрланған қару-жарақтың 515 данасы қайтарылған (75 автомат, 133 тапанша, 2 пулемет, 47 винтовка, 103 тегіс ұңғылы қару, 100-ден астам граната және 9 мың патрон). Қару ұрлаған 98 адам және оларды заңсыз сақтаған 61 адам ұсталып, қамауға алынған[41].

Жалпы тоналған сауда нысандарының саны 1600-ден асады. 356 автокөлік бүлінген немесе жойылған, оның ішінде 163-і полицияға тиесілі автокөлік[40]. Алматы қаласына келтірілген шығынның сомасы 112 миллиард теңгеге жетті. Орта және шағын бизнес өкілдері 42 миллиард теңгеге, ірі бизнес 25 миллиард теңгеге шығындалған[42].

Қаза тапқандардың тізімі

Билік өкілдері ресми түрде қаңтар оқиғалары кезінде 225 адам қаза тапты деген ақпарат таратқанымен, олардың есімдері жарияланған жоқ. Қазақстандық белсенділер мемлекеттен бұл тізімді жариялауды талап етіп, петиция астында қол жинай бастады. Оған қоса qantar2022.org сайты ашылып, онда қаңтар оқиғалары кезінде зардап шеккен, ұсталған, жараланған және қаза тапқан адамдар туралы ақпарат жинала басталды[43]. Қаңтардың соңында жарияланған Азаттық радиосының тізімінде қаза тапқан 184 адамның аты-жөні жазылған. Бұл ақпаратты жинаумен Бақытжан Төреғожина басқаратын «Ар. Рух. Хақ» қоры мен азаматтық белсенділер айналысқан[44].

Наразылық басталғаннан кейін мемлекет қолға алған шаралар

Наразылық шаралары басталған алғашқы күндері шерушілермен Жаңаөзен әкімінің міндетін уақытша атқарушы Ғалым Байжанов келіссөздер жүргізді (әкім Мақсат Ибағаров кезекті еңбек демалысына шығып кеткен болатын)[11]. 3 қаңтарда Асқар Маминның бастауымен өңірдегі әлеуметтік-экономикалық жағдайды қарастыратын комиссия құрылғаны белгілі болды[45]. Сол күні шерушілермен келіссөз жүргізуге облыс әкімі Нұрлан Ноғаев келді[46]. Наразылық шаралары Қазақстанның басқа өңірлерінде де басталғаннан кейін, 4 қаңтарда Қасым-Жомарт Тоқаев «ел тұтастығы мен бірлігіне сызат түсіруді көздейтін деструктивті топтардың үндеуіне құлақ аспауға» шақырды[47].

5 қаңтар күні таңертең Қазақстан Республикасының Үкіметі отставкаға кетті[15], Қасым-Жомарт Тоқаев Қауіпсіздік кеңесінің басшылығын өз қолына алды[48]. Маңғыстау облысы мен Алматы қаласында 19 қаңтарға дейін төтенше жағдай енгізілді[49]. Сол күні төтенше жағдай режимі бірінші Алматы облысында[50], содан кейін Астана қаласында[51], ақыр соңында елдің барлық аймағында енгізілгені белгілі болды[52]. Қазақстан бойынша Интернет байланысы өшірілді, телефон байланысы нашарлады[53].

ҰҚШҰ әскерлерінің Қазақстан аумағына енгізілуі

Тәжікстандық сарбаздар Алматы ЖЭО маңында.

6 қаңтарда Қасым-Жомарт Тоқаев ҚР Қауіпсіздік кеңесінің жиынын өткізіп, Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымы (ҰҚШҰ) басшыларынан көмек сұрағанын мәлімдеді[54]. Сол күні ҰҚШҰ төрағасы Армения премьер-министрі Никол Пашинян Қазақстанға әскер жіберетінін ресми түрде растады[55].

ҰҚШҰ бітімгерлік күштерінің негізгі миссиясы — Қазақстандағы стратегиялық нысандарды күзету деп жарияланды[56]. 9 қаңтардан бастап Ресей, Армения, Беларусь, Қырғыстан және Тәжікстан әскерлері (2030 сарбаз, 250 техника[57]) маңызды нысандарды күзету жұмысына кірісті. Байқоңыр ғарыш айлағы, Сарышаған полигоны, ғарышты бақылау станциялары мен басқа да маңызды әскери нысандарды ҰҚШҰ әскерлері бақылауға алды[58]. 13 қаңтардан бастап бітімгерлік күштер күзетке алған нысандарын қазақстандық құқық қорғаушыларға тапсыра бастады, ҰҚШҰ әскерлерін елдеріне қайтаруға дайындық басталып кетті[59]. 19 қаңтарда ҚР Қорғаныс министрлігі ел аумағында шет мемлекеттердің әскерилері қалмағанын мәлімдеді[60].

Қазақстандағы ҰҚШҰ әскерінің құрамы (2022 жылдың 10 қаңтары)[61]:

  • Ресей, 1480 сарбаз:
    • 45-ші арнайы мақсаттағы дербес гвардиялық бригада;
    • 98-ші гвардиялық әуе-десант дивизиясы;
    • 31-ші десант-шабуылдаушы дербес гвардиялық бригада;
  • Тәжікстан, 200 сарбаз:
    • Қарулы күштердің бітімгерлік бөлімшесі;
  • Қырғызстан, 150 сарбаз:
    • 25-ші арнайы мақсаттағы «Скорпион» бригадасы
  • Беларусь, 100 сарбаз:
    • 103-ші гвардиялық әуе-десант дербес гвардиялық бригада;
  • Армения, 100 сарбаз:
    • Қарулы күштердің бітімгерлік бөлімшесі.

Әлеуметтік-экономикалық жағдайды жақсарту шаралары

5 қаңтар күні өткен жиында Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстандағы әлеуметтік-экономикалық ахуалды тұрақтандыру үшін бірқатар тапсырма берді[62]:

  • Мұнай өнімдерінің (бензин, дизель, сұйытылған газ) бағасына мемлекеттік реттеуді 180 күнге енгізу;
  • Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасы бойынша мемлекеттік реттеуді енгізу;
  • «Жеке тұлғалардың банкроттығы туралы» Заңды әзірлеуге кірісу;
  • Халық үшін 180 күнге коммуналдық тарифтерді көтеруге мораторий енгізу қажеттігін қарастыру;
  • Халықтың әлеуметтік жағдайы нашар топтары үшін нарықтағы баспананы жалға алу құнын субсидиялау мәселесін қарастыру;
  • Денсаулық сақтау және балалар мәселелерін шешу үшін «Қазақстан халқына» деп аталатын қоғамдық қор құру, оны мемлекеттік және жеке көздер арқылы қаржыландыру.

«Қазақстан халқына» қорының міндеттері[63]:

  • денсаулық сақтау, білім беру және әлеуметтік қолдау, мәдениет және спорт салаларында мемлекеттік қолдау шараларынан тыс қосымша қамтамасыз ету мәселелері бойынша Қазақстан халқына қайырымдылық көмек көрсету;
  • төтенше жағдайлар кезінде және төтенше жағдай режимі енгізілгенде зардап шеккен халыққа көмек көрсету;
  • халықтың әлеуметтік осал топтарынан мұқтаж балалар мен балалар үшін спорттық инфрақұрылымның дамуына және оның қолжетімділігін арттыруға жәрдемдесу;
  • Қазақстанның аумақтық тұтастығы мен қауіпсіздігін қорғау кезінде қаза тапқан құқық қорғау органдары, арнайы органдар қызметкерлерінің, әскери қызметшілердің отбасыларын қолдау;
  • қор қызметінің өзге басым бағыттары бойынша қайырымдылық көмек көрсету.

Қордың басшысы болып Болат Жәмішев тағайындалды. Оны қаржыландыру үшін жеке тұлғалардан, халықаралық қайырымдылық ұйымдардан, монополистердің міндетті аударымдарынан, ірі бизнес тарапынан түскен қаражат пайдаланылатын болды[63]. 16—27 қаңтар аралығында қордың шотына 52 миллиард теңгеден астам түскен: Kaspi Bank-тің негізін қалаушылар Вячеслав Ким мен Михаил Ломтадзе 10 миллиард теңге, «Халық» қайырымдылық қоры 2 миллиард теңге, «Степногорск тау-кен химия комбинаты» 350 миллион теңге[64], KAZ Minerals Aktogay 6,2 миллиард теңге, KAZ Minerals Bolzshakol 6,2 миллиард теңге, Kazakhmys Smelting 5 миллиард теңге, «Востокцветмет» 3,1 миллиард теңге, «Сәби» жеке қайырымдылық қоры 1 миллиард теңге, «Астана-Моторс» компаниясы 550 миллион теңге, BI-Development 300 миллион теңге, «Сарыарқаавтопром» 250 миллион теңге, NAK Development 100 миллион теңге аударған[65].

Кадрлық ауысымдар

5 қаңтарда ҚР Үкіметі отставкаға кеткеннен кейін бірқатар министрлікке жаңа басшылар тағайындалды.

  • Әлихан Асханұлы Смайылов премьер-министр қызметіне тағайындалды. 2019 жылдан бері ол премьер-министрдің бірінші орынбасары қызметін атқарып келген болатын[66].
  • Бұрынғы ҚР Президенті Іс басқармасының Медицина орталығы басшысының орынбасары Ажар Ғиният денсаулық сақтау министрі болып тағайындалды[67].
  • Бұрынғы Президент әкімшілігі басшысының бірінші орынбасары Дәурен Абаев Қазақстан Республикасының мәдениет және спорт министрі болып тағайындалды[68].
  • Бұрынғы «ҚазАқпарат» басқармасының төрағасы Асқар Қуанышұлы Омаров ҚР ақпарат және қоғамдық даму министрі болып тағайындалды[69].
  • Бұрын ҚР Тұңғыш Президенті кеңсесінің Ақпараттық-сараптамалық қамтамасыз ету бөлімінің меңгерушісінің орынбасары Әлібек Қуантыров Ұлттық экономика министрі болып тағайындалды[70].
  • Қайырбек Өскенбаев индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі болып тағайындалды[71].
  • Бұрынғы «KAZENERGY» заңды тұлғалар бірлестігінің бас директоры Болат Ақшолақов энергетика министрі қызметіне тағайындалды[72].
  • Аида Балаева (бұрынғы ақпарат және қоғамдық даму министрі) мен Ержан Қазыхан (Президенттің халықаралық ынтымақтастық жөніндегі арнайы өкіл) Президент Әкімшілігі басшысының орынбасарлары болып тағайындалды[73].
  • Мемлекеттік қызмет істері агенттігі төрағасының орынбасары қызметінен босатылған Дархан Медеғалиұлы Жазықбаев Мемлекеттік қызмет істері агенттігі төрағасы лауазымына тағайындалды[74].
  • Бұрынғы Мәжіліс депутаты Қанат Мусин әділет министрі қызметіне тағайындалды[75].
  • Айбек Дәдебаев ҚР Президенті Іс басқарушысы лауазымына тағайындалды[76].
  • Қарлығаш Әбдіжаббарова Алматының жаңа бас санитария дәрігері болып тағайындалды[77].
  • Бұған дейін Алматы қаласы бойынша ҰҚК бастығының бірінші орынбасары қызметін атқарған полковник Марат Ирменов ҰҚК-ның Алматы қаласы бойынша департаментінің басшысы болып тағайындалды[78].
  • Президенттің бұрынғы кеңесшісі Тимур Сүлейменов Президент Әкімшілігі басшысының бірінші орынбасары болып тағайындалды[79].
  • Бұрынғы энергетика министрі Мағзұм Мырзағалиев Президент кеңесшісі лауазымына тағайындалды[80].
  • ҚР Президентінің Парламенттегі Өкілдігінің басшысы лауазымынан босатылған Бейбіт Исабаев Сенат депутаты болып тағайындалды[81].
  • Сенат депутаты Сәуле Айтпаеваның өкілеттігі тоқтатылды[82].
  • Бұрынғы ҚР Президентінің іс басқарушысы Ерлан Баттақов сауда және интеграция бірінші вице-министрі болып тағайындалды[83].
  • Stopfake.kz жобасының жетекшісі болған Александр Данилов ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі қызметіне тағайындалды[84].
  • Бұрынғы Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің Астана қаласы бойынша департаментінің басшысы Абзал Әбдікәрімов ұлттық экономика вице-министрі болып тағайындалды[85].
  • Бұрынғы ҚР стратегиялық жоспарлау және реформалар жөніндегі агенттігі төрағасының орынбасары Жаслан Мәдиев цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі бірінші вице-министрі қызметіне тағайындалды[86].
  • Бұрынғы әділет министрі Марат Бекетаев премьер-министр Әлихан Смайыловтың кеңесшісі болып тағайындалды[87].
  • Бұрынғы ішкі істер министрінің орынбасары, ҚР Ұлттық ұланының бас қолбасшысы Руслан Жақсылықов қорғаныс министрі қызметіне тағайындалды[88].

Премьер-министрдің орынбасары Ералы Тоғжанов, премьер-министрдің бірінші орынбасары Роман Скляр, премьер-министр кеңсесінің басшысы Ғалымжан Қойшыбаев, ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев (кейін ол қызметінен кетіп, президент кеңесшісі болып тағайындалды[89]), сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді, төтенше жағдай министрі Юрий Ильин, еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Серік Шәпкенов, цифрлық даму және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин, ауыл шаруашылығы министрі Ербол Қарашөкеев, білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов, экология, геология және табиғи ресурстар министрі Серікқали Брекешев, қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев, сауда және интеграция министрі Бақыт Сұлтанов өз лауазымдарын сақтап қалды[90].

Қаңтар оқиғалары үшін жауапкершілікке тарту

  • ҰҚК төрағасы Кәрім Мәсімов 5 қаңтарда қызметінен босатылып, кейін «мемлекетке опасыздық жасады» деген айыппен қамауға алынды[32]. Кейінірек оған «билікті басып алу» бабы бойынша да қылмыстық іс қозғалғаны мәлім болды. Онымен қоса ҰҚК төрағасының бұрынғы орынбасарлары А. Садықұлов пен Д. Ерғожин да ұсталды[33].
  • 15 қаңтарда энергетика вице-министрі Жұмабай Қарағаевтың қызметінен босатылып, қамауға алынғаны белгілі болды. Онымен қоса электрондық сауда алаңдарының басшылары мен Маңғыстау облысындағы сұйытылған газдың бағасын негізсіз көтеруге қатысы бар тұлғалар ұсталған[91].
  • 19 қаңтарда қызметінен босатылған бұрынғы қорғаныс министрі Мұрат Бектановтың 20 ақпанда уақытша ұстау изоляторына қамалғаны туралы белгілі болды[92]. «Командирлік қабілетін көрсете алмады» деп Тоқаев сынға алған Бектановқа ҚР Қылмыстық кодексінің 452-бабы бойынша («Биліктің әрекетсіздігі») айып тағылған[93].

Төтенше жағдайды кезең-кезеңімен жою

Қазақстанның Ұлттық қауіпсіздік комитеті 13 қаңтарда Астана, Шымкент қалаларының, Ақмола, Ақтөбе, Атырау, Шығыс Қазақстан, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Қызылорда, Қостанай, Маңғыстау, Павлодар, Солтүстік Қазақстан және Түркістан облыстарының аумақтарында терроризмге қарсы операцияның аяқталғаны және террористік қауіптіліктің шекті «қызыл» деңгейінің жойылғаны туралы жариялады. Террористік қауіптіліктің «қызыл» деңгейі және терроризмге қарсы операция режимі Алматы қаласында, Алматы және Жамбыл облыстарында сақталады[94].

Төтенше жағдайдың күшін жою уақыты:

  • 2022 жылғы 13 қаңтарда сағат 7:00-ден бастап Батыс Қазақстан[95], Солтүстік Қазақстан[96] және Павлодар[97] облыстарында;
  • 14 қаңтар сағат 18:00-ден бастап Шымкент қаласында[98], Шығыс Қазақстан[99], Қарағанды[100], Түркістан[101] облыстарында;
  • 15 қаңтар сағат 7:00-ден бастап Ақмола[102] және Қостанай[103] облыстарында;
  • 16 қаңтар сағат 7:00-ден бастап Ақтөбе облысында[104].
  • 19 қаңтар сағат 00:00-ден бастап Астана және Алматы қалаларында және Алматы, Атырау, Жамбыл, Қызылорда, Маңғыстау облыстарында төтенше жағдайдың күші жойылды, яғни Қазақстанның барлық өңірі қалыпты өмірге оралып, шектеу шаралары тоқтатылды[105].

ӨКМ Операторы қызметінің тоқтатылуы

2015 жылы құрылған «Өндірушілердің кеңейтілген міндеттемелері Операторы» (орыс. Оператор РОП) жинаған утилизациялық алымға елдегі автокөлік иелері жылдар бойы наразылық білдіріп, 2021 жылы әлеуметтік желілерде #НетУтильСбору қозғалысы пайда болды. Әлия Назарбаеваға қатысы болуы мүмкін бұл компания соңғы бес жылдың ішінде қазақстандықтардан 691,9 миллиард теңге қаражат жинаған. 2022 жылдың қаңтарындағы наразылық шараларынан кейін Қасым-Жомарт Тоқаев уитилизациялық алымды жинаумен жеке компания айналыспауы керек деген мәлімдеме жасады[106].

Президенттің тапсырмасымен ҚР Үкіметі 2022 жылдың 18 қаңтарында «ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің ведомстволық бағынысты ұйымдарының кейбір мәселелері туралы» қаулы қабылдады. Оған сәйкес, «ӨКМ Операторы» ЖШС-нің утилизациялық алымды жинау қызметі тоқтатылып, оның есебінен құрылған активтер мемлекетке берілетін болды. Өндірушілердің кеңейтілген міндеттемелерін (ӨКМ) әкімшілендіру функциялары «Жасыл даму» АҚ мемлекеттік ұйымына тапсырылды[107].

26 қаңтарда бұрынғы экология, геология және табиғи ресурстар вице-министрі Ахметжан Пірімқұлов пен «ӨКМ Операторы» ЖШС бұрынғы төрағасы Медет Құмарғалиев 2 ай мерзімге қамауға алынғаны белгілі болды[108]. Сол күні Астана қаласында өз-өзіне қол жұмсаған «ӨКМ Операторы» ЖШС басқарушы директоры Руслан Шәмшиевтің мүрдесі табылды[109].

Назарбаев пен оның отбасының тағдыры

Тағы қараңыз: Назарбаевтың жеке басына табыну
Нұрсұлтан Назарбаев

Ондаған жылдар бойы билікті өз қолында ұстаған Нұрсұлтан Назарбаев 2019 жылы оған жақын деп саналатын Қасым-Жомарт Тоқаевқа билік тізгінін тапсырған болатын, бірақ бұрынғы президент елдің саяси өміріне өз ықпалын сақтап қалды. 2022 жылдың қаңтарындағы оқиғалар кезінде Назарбаевтың жұрттың алдына шықпауы нағыз жұмбаққа айналды[110]. Түрлі қауесеттерге сәйкес, ол Женева көлінің жағалауында, Қытайда немесе Дубайда бас сауғалауы мүмкін. «Назарбаев қайтыс болды» деген де күдік туды. Бірақ көбісінің болжамы бойынша, бұрынғы президент өз атымен аталған Қазақстанның астанасында қалған[111].

Назарбаевтың баспасөз хатшысы 28 желтоқсаннан бері көзден таса болған бұрынғы президенттің Астана қаласында екенін мәлімдеді[112]. Кейін белгілі болғандай, Назарбаев ҚР Қауіпсіздік кеңесі төрағасы лауазымын Тоқаевқа тапсырған. Халық арасында түрлі қауесет тарағаннан кейін Елбасының хатшысы бұны ол өз еркімен істеді деп сендірді[3]. Оған қоса бұрынғы президенттің маңызды одақтастары өз лауазымдарынан айырыла бастады, Үкімет отставкаға жіберілді. Назарбаевтың тұсында Үкіметті басқарған ҰҚК төрағасы Кәрім Мәсімов «мемлекетке опасыздық жасады» деп қамауға алынып, Тоқаев тағайындаған адаммен ауыстырылды. Бұның барлығы Қазақстанда билік үшін астыртын күрес жүріп жатыр ма деген сұрақтың туындауына әкеп соқтырды. Кейбір бақылаушылардың пікірінше, Тоқаев халық арасында жаман атақты болған Назарбаевтан (шерушілер «Шал, кет!» деп ұрандаған болатын) өзін әрі ұстау үшін осы қадамдарға барған[110].

Наразылық шаралары басталғаннан кейін сөйлеген сөздерінде Қасым-Жомарт Тоқаев Назарбаевтың атын атап, тікелей сынамағанымен, Қазақстанда бұрынғы президенттің жеке басына табыну аяқталғанының белгілері байқалды. Талдықорғандағы тәртіпсіздіктер кезінде құлатылған Назарбаевтың ескерткіші орнына қойылған жоқ, шерушілер алып тастаған Алматыдағы Назарбаев даңғылындағы көше белгілері қайта ілінген жоқ. Осы жағдайда елдің бетке ұстар азаматтары өздерінің Тоқаевқа адал екенін білдіруге асықты. «Назарбаевтың дәуірі аяқталғаны анық», — деп мәлімдеді көп жылдар бойы бұрынғы президенттің кеңесшісі болған Ермұхамет Ертісбаев өзінің The Guardian-ға берген сұхбатында[111].

18 қаңтарда Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан халқына үндеуін жариялады. Өз сөзінде ол елде орын алған тәртіпсіздер үшін «экстремистік топтар» мен «террористерді» кінәлады, бұл оқиғалар кезінде қаза тапқандарға көңіл айтты. Тоқаевты қолдауға шақырып, оның «шұғыл шешімдерінің арқасында ел іргесі сөгілген жоқ» деді. Бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланған түрлі ақпаратқа жауап ретінде Назарбаев 2019 жылы Қасым-Жомарт Тоқаевқа билік тізгінін тапсырғанын еске салды, сол кезден бері зейнеткер екенін, қазір Қазақстан астанасында демалып жатқанын айтты[113].

19 қаңтарда белгілі болғандай, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары «Қазақстан халықтары ассамблеясы», «Тұңғыш президент — Елбасы», «ҚР Қауіпсіздік кеңесі» туралы заңдарға арнайы түзету енгізуді қолдап, Нұрсұлтан Назарбаевтың Қазақстан халқы ассамблеясы мен Қауіпсіздік кеңесіне өмір бойы төраға болу құқығынан айыратын заң жобасын Сенатқа жолдаған. Енді бұл органдарға Қазақстан президенті төрағалық ететін болып шешілді[114].

2021 жылдың қарашасында «Нұр Отан»-ның төрағасы Назарбаев партияны ел президенті басқаруы тиіс деген мәлімдеме жасаған болатын[115]. 2022 жылдың 28 қаңтарында өткен «Нұр Отан» партиясының кезектен тыс XXI Съезінде Қасым-Жомарт Тоқаев бірауыздан партия төрағасы болып сайланды[116]. Съезде сөйлеген сөзінде мемлекет басшысы: «Тұңғыш Президенттің тарихи еңбегіне құрмет көрсетейік, оның жетістіктері мен қадір-қасиеттерін бірінші орынға қояйық, ал есептерді еліміздің болашақ басшыларына қалдырайық», — деді[117].

Лауазымдарынан айырылған Назарбаев отбасының мүшелері

Оқиғалар хроникасы

2 қаңтар

  • Жаңаөзенде наразы тұрғындар сұйытылған табиғи газдың бағасын төмендетуді талап етіп, автокөлік жолын бөгеп тастады[11].
  • Маңғыстау өңіріндегі шерушілерге газ бағасы бұрынғы деңгейге түспейтіні айтылды[126].

3 қаңтар

  • Астана қаласында полиция Жаңаөзендегі шерушілерге қолдау көрсетіп, көшеге шыққан бір топ адамды ұстады. Алматыдағы Республика және Астана алаңы жабылды[127].
  • Премьер-министр Асқар Маминның бастауымен Маңғыстаудағы әлеуметтік-экономикалық жағдайды қарастыратын комиссия құрылды[45].
  • Шымкенттегі орталық алаңдардың күзеті күшейтілді[128].
  • Жаңаөзенде наразылық шарасына жиналған адамдардың саны 3 мыңға жетті. Келіссөз жүргізуге келген облыс әкімі Ноғаевты шерушілер қуып жіберді[46].
  • Ақтөбенің орталық алаңында жүзге жуық адам жиналды[129].
  • Энергетика министрі Мағзұм Мырзағалиев сұйытылған газ бағасының өсу себебінің халыққа дұрыс түсіндірілмегенін айтты. Бағаның бұрынғы қалпына қайтып келмейтіні тағы да қайталанды. Сұйытылған газдың бағасы 85—90 теңгеге дейін төмендетілетін болды[130].

4 қаңтар

  • Жаңаөзен мен Ақтау қалаларының алаңдарында сұйытылған газ бағасын төмендетуді талап еткен жұрт тарқамай, шеруін жалғастырды[131].
  • Жаңаөзенде бастау алған шерулерді қолдамақ болған алматылық белсенділер жауапқа тартылып, қамауға алынды[132].
  • Теңіз мұнай кен орнының жүздеген жұмысшылары маңғыстаулықтарды қолдап, митингіге шықты[133].
  • Алматы, Астана, Шымкент және Ақтөбе қалаларында ондаған адам қамауға алынды[134].
  • Үкімет комиссиясы Маңғыстау облысындағы наразы халықпен келіссөз жүргізе бастағаны белгілі болды[135].
  • Ақтөбелік шерушілер полиция шебін бұзып, облыстық әкімдікке қарай бет алды[136].
  • Таразда көшеге шыққан наразы адамдар журналистермен қоса қамауға алынды[137]. Сол күні облыс әкімдігінің ғимараты мен қала орталығындағы бір банктың ғимараты бүлінді, 10-нан аса полиция көлігінің қиратылғаны мәлім болды[138].
  • Ақтауда премьер-министрдің орынбасары Ералы Тоғжанов сұйытылған газдың бір литрі 50 теңге болатынын мәлімдеді, бірақ наразы халық одан кейін тарқамады[12].
  • Алматыда 150 жуық адам қамауға алынды[14].
  • «Нұр Отан» депутаты Берік Әбдіғалиұлы үкіметтің отставкасын талап етті[139].
  • Қасым-Жомарт Тоқаев Twitter-де «ел тұтастығы мен бірлігіне сызат түсіруді көздейтін деструктивті топтардың үндеуіне құлақ аспауға» шақырды[47].
  • Атырауда 5 мыңнан астам тұрғын Исатай мен Махамбет орталық алаңына жиналып, олар жаңаөзендіктерге қолдау білдірді[140].
  • Шымкентте бірнеше мың адам жиналып, жаңаөзендіктерге қолдау көрсетті[141].
  • 4 қаңтардан 5-іне ауған түні полицияның арнайы жасақтары Астана қаласындағы шерушілердің кейбірін ұстап, қамауға алды[13].

5 қаңтар

  • 5 қаңтар күні таңертең Қазақстан президенті Үкімет отставкасын қабылдағаны туралы белгілі болды[15].
  • Қасым-Жомарт Тоқаев кадрлық өзгерістер жасады. Мұрат Нұртілеу ҰҚК төрағасының бірінші орынбасары етіп тағайындалды. Ерлан Қарин мемлекеттік хатшы атанды (Қырымбек Көшербаевтың орнына). Премьер-министр міндетін уақытша Әлихан Смайылов атқаратын болды[142].
  • Алматыдағы «Алтын Орда» базарының маңында қымбатшылыққа қарсы шеруге шыққан адамдарға арнайы жасақ наразыларға шулы граната қолданып, резеңке оқ атты[143].
  • 5 қаңтардан бастап 19 қаңтарға дейін Маңғыстау облысы мен Алматы қаласында төтенше жағдай енгізілгені белгілі болды[49].
  • Ішкі істер министрлігі Қазақстан бойынша «қоғамдық тәртіпті бұзған» 200-ден астам адамның ұсталғанын хабарлады[144].
  • Төтенше жағдай Алматы облысында да жарияланды[50].
  • Ақтөбеде әкімдік алдында жиналған наразы халық әкімдік ғимаратын басып алуға талпынды. Полиция шерушілерге қарсы көз жасаурататын газ қолданды[145].
  • Алматыдағы «Сайран» автовокзалына жақын орналасқан «Нұр Отан» партиясының ғимараты өртке оранды[146].
  • Сағат 16:00-де Астана қаласында төтенше жағдай жариялады. Коменданттық сағат 23:00—07:00 аралығында болатын болды[51].
  • Қазақстан аумағында Интернет желісі өшіріліп, телефон байланысы нашарлап кетті[53].
  • Бір топ адам Халықаралық Алматы әуежайын басып алғаны белгілі болды[147]. Шерушілер Алматы қаласының әкімдігін басып алуға талаптанғаннан кейін оның ғимараты өртке оранды[148].
  • Қасым-Жомарт Тоқаев осыған дейін Нұрсұлтан Назарбаев басқарып келген Қауіпсіздік кеңесінің басшылығын өз қолына алды[48].
  • Алматыда 120-дан астам автокөлік өртелгені белгілі болды. Қалалық полиция департаментінің хабарлауынша, бұл сәтке дейін 120 дүкен мен сауда нысандары, 180 қоғамдық тамақтану орындары, 100-ге жуық шағын және орта бизнес кеңселері қиратылған[149].
  • Қазақстанның барлық аймағында 5—19 қаңтар аралығында төтенше жағдай енгізілді[52].

6 қаңтар

  • Қасым-Жомарт Тоқаев ҚР Қауіпсіздік кеңесінің жиынын өткізіп, Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымы (ҰҚШҰ) басшыларынан көмек сұрағанын мәлімдеді[54].
  • Ұжымдық қауіпсіздік шарты ұйымының төрағасы Армения премьер-министрі Никол Пашинян Қазақстанға әскер жіберетінін ресми түрде растады[55].
  • Ақтөбедегі шерушілер жергілікті билікпен келіссөз барысында өздерін «террорист» деп атауға қарсы екенін мәлімдеді[150].
  • 6 қаңтарға қараған түні Шымкентте бір топ адам әкімдікті басып алғысы келіп, атыс дауысы естілген. Сауда үйі, банкоматтар тоналған[151].
  • Талдықорғанда әкімдік пен полиция басқармасы наразылық шарасына қатысқандардың қолына өтті, қалада тонаушылық басталды[152].
  • Ақтау көшелеріне шыққан наразы халық тарамай, шетелдік әскерилердің келуіне қарсы екенін жариялады. Жаңаөзендік шерушілер де тарқаған жоқ[153].
  • Алматыдағы Республика алаңында шерушілерге қарсы оқ атылғаны мәлім болды, бір адам қаза тапты[154]. Арнайы операцияның нәтижесінде тәртіп сақшылары Алматы әуежайын қайтарды[155].

7 қаңтар

Ақтөбе қаласының үстінен ұшқан әскери тікұшақтар, 7 қаңтар.
  • 7 қаңтар күні таңертең Қасым-Жомарт Тоқаев лаңкестікке қарсы штабтың жиынын өткізді, оған президент әкімшілігінің, Қауіпсіздік кеңесінің және күш құрылымдарының басшылары қатысқан[156].
  • Ақтөбе қаласындағы шерушілерге қарсы күш қолданылып, облыстық әкімдік маңындағы митинг таратылды. Жезқазғандағы наразы халық өз еркімен тарағаны мәлім болды[157].
  • Тоқаев теледидар арқылы үндеуінде Алматыға шабуыл жасаған содырларға «ескертусіз оқ атуға бұйрық бергенін» айтты[158].
  • Беларусь басшысы Александр Лукашенко Нұрсұлтан Назарбаевпен телефон арқылы Қазақстандағы жағдайды талқылағаны белгілі болды[159].
  • Қазақстан мен Қырғызстан арасындағы шекара жабылып, қазақстандықтарды көрші елге өткізу тоқтатылды[160].

8 қаңтар

Полиция бөгеп қойған Ақтөбе қаласының орталық даңғылы.
  • Human Rights Watch құқық қорғау ұйымы Қазақстан билігін «ескертусіз ату» бұйрығынан бас тартуға шақырды[161].
  • Ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы Кәрім Мәсімовтің 6 қаңтар күні ұсталып, уақытша қамау изоляторына қамалғаны белгілі болды[162].
  • Назарбаевтың баспасөз хатшысы Айдос Үкібай 28 желтоқсаннан бері жұрт алдына шықпаған бұрынғы президенттің Астана қаласында екенін мәлімдеді[112].
  • Ақтауда шеруге шыққандардың басым бөлігінің үйлеріне тарап, Ынтымақ алаңы босағаны белгілі болды[163].
  • АҚШ мемлекеттік хатшысы Энтони Блинкен Қазақстанға ҰҚШҰ әскерлерінің кіргізілгенін байланысты мәлімдеме жасады[164].
  • Жаңаөзеннің орталық алаңына наразылық білдіруге шыққан жұрттың көпшілік тарап кетті. Бес күнге созылған наразылық шарасының барысында тәртіпсіздік орын алмаған, мүлкі тоналмаған[165].
  • Еуропа одағының сыртқы саясат қызметінің басшысы Жозел Боррель Қазақстандағы жағдайға қатысты пікір айтып, ЕО мәселені бейбіт жолмен шешуге көмектесуге дайын екенін мәлімдеді[166].
  • Қасым-Жомарт Тоқаев 10 қаңтарды Жалпыұлттық аза тұту күні болатынын жариялады[167].
  • 8 қаңтарға дейін Қазақстан бойынша тәртіпсіздікке қатысқан 4404 адам ұсталғаны белгілі болды[168].

9 қаңтар

ҰҚШҰ әскери машинасы, Алматы.
  • Ресми дереккөздерде жарияланған 164 адамның қаза тапқаны туралы ақпаратты ҚР Денсаулық сақтау министрлігі жоққа шығарды[169].
  • Мемлекеттік телеарналарда Қырғыстаннан «ақша үшін митингіге қатысуға келген жұмыссыз» деп көрсетілген адам негізінде Алматыға концерт қоюға келген қырғыстандық музыкант Викрам Рузахунов екені белгілі болды[170].
  • 9 қаңтарға дейін ел бойынша тәртіпсіздікке қатысып, қамауға алынған адамдардың саны 5 мыңнан асты[171].
  • Президент Тоқаев тәріпсіздіктер кезінде қаза болған полиция қызметкерлері мен әскерилерді (жалпы 16 адам) мемлекеттік наградалармен марапаттады[172].

10 қаңтар

Алматы көшесіндегі әскерилер.
  • 10 қаңтар — Жалпыұлттық аза тұту күні[173].
  • Қазақстандық тәртіп сақшылары қамауға алған адамдардың саны 7939 жетті[174].
  • Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаев қаланың тыныс-тіршілігін қалыпқа келтіру жұмыстары басталғанын хабарлады[175].
  • Алматы қаласының комендатурасы Сайын — Райымбек — Карьерная — Жандосов көшелерінің аумағы және Абай — Достық — Әл-Фараби — Желтоқсан көшелерінің аумағы қылмыскерлерден тазартылғанын мәлімдеді. Әуезов, Алатау және Медеу аудандарын тазарту жұмыстары жалғасын тапты[176].
  • 10 қаңтарға дейін Қазақстан бойынша тәртіпсіздікке қатысқан 7939 адам ұсталғаны белгілі болды[174].
  • Ұлттық Қауіпсіздік Комитетінің өкілі елдегі ахуалдың тұрақтанғанын және бақылауға алынғанын мәлімдеді. Алматы, Қызылорда, Талдықорған және Тараз қалаларындағы басып алынған барлық әкімшілік нысандар босатылғаны, аса маңызды стратегиялық нысандар мен қару және оқ-дәрілер сақталатын жерлердің қауіпсіздігі қамтамасыз етілгені юелгілі болды[177].
  • Қазақстан, Ресей, Тәжікстан және Беларусь президенттері, Армения премьер-министрі, Қырғызстанның Президент әкімшілігінің басшысы және ҰҚШҰ бас хатшысы қатысқан Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымының онлайн-сессиясы басталды[178].
  • Қасым-Жомарт Тоқаев Еуропа кеңесінің төрағасы Шарль Мишельмен келіссөз жүргізді[179].

11 қаңтар

  • 11 қаңтарға дейін тәртіпсіздікке қатысқан 9900 адам ұсталғаны белгілі болды[8].
  • «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасының мәліметіне сәйкес, тәртіпсіздіктер кезінде бизнеске келтірілген шығынның жалпы сомасы 95,3 миллиард теңгені құраған[180].
  • Алматы комендатурасы Әуезов, Алатау және Медеу аудандарының аумағы, «Өжет» ықшамауданы мен Алматы халықаралық әуежайына шекаралас аумақ қылмыскерлерден тазартылғанын мәлімдеді[181].
  • Мәжіліс отырысында Қасым-Жомарт Тоқаев ҰҚШҰ сарбаздары екі күннен кейін елдеріне қайтарыла бастайтынын мәлімдеді[182].

Шет мемлекеттер мен халықаралық ұйымдардың реакциясы

АҚШ

7 қаңтарда АҚШ мемлекеттік хатшысы Энтони Блинкен Қазақстанда орын алған тәртіпсіздіктерден кейін елге ҰҚШҰ әскерлерінің енгізілуін құптамайтыны туралы мәлімдеме жасады. Оның айтуынша, Қазақстан билігінің сырттан көмек сұрамай және бейбіт шерушілердің құқықтарын бұзбай елдегі тәртіпті сақтап қалуға мүмкіндігі болған[183].

25 қаңтарда АҚШ-ның Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымы (ЕҚЫҰ) жанындағы тұрақты өкілі Майкл Карпентер қаңтар оқиғалары кезінде қаза тапқан қазақстандықтардың отбасыларына көңіл айтты. Ол Қазақстан билігін тергеудің ашықтығын және қажетті заңды рәсімдердің сақталуын қамтамасыз етуге, сондай-ақ бейбіт наразылық білдірген адамдарды зорлық-зомбылық пен тонауға қатысушылардан ажыратуға, ұсталғандардың барлық санаттары үшін тиісті процесті қамтамасыз етуге шақырды[184].

Біз Қазақстан халқының тұрақтылығы мен оның конституциялық құрылымына, сондай-ақ олардың осы дағдарыстан шыға алатынына сенеміз.
Майкл Карпентер

Еуропа одағы

19 қаңтар күні Еуропа парламентінде Қазақстанда орын алған наразылық шаралары талқыға салынды. Сөз сөйлеген еуродепутаттардың көбісі бұл оқиғаларға байланысты тәуелсіз халықаралық тергеу жүргізуді талап етті, Қазақстан билігі жариялаған тұжырымдарға сенбейтінін мәлімдеді. Бірқатар депутаттар адам құқықтарының бұзылуына қатысы бар қазақстандық шенеуніктерге қарсы санкция енгізуге шақырды. Еврокомиссар Стелла Кириакидес Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев саяси реформалар өткізіп, елді демократияландыру керек деп мәлімдеді[185].

20 қаңтарда Еуропа парламенті қаңтар оқиғасына қатысты қарарды қабылдады. Оны 671 депутаттың 589-ы қолдап, 35-і қарсы шығып, 47-сі қалыс қалды. Қарарда 27 тармақтан тұратын мәлімдеме жасалған. Оның ішінде құқық қорғау ұйымдарын саяси себеппен қудаламау, адамдардың бейбіт жиналуына кедергі келтірмеу, жосықсыз ұстау мен азаптауды доғару, адам құқығына қарсы қылмыстарға жауаптыларға жеке санкция салу секілді талаптар бар[186]. Тоқаев бұл қарардың «әділетсіз» екендігін, оған «жайбарақат» қарайтынын айтты, қаңтар оқиғаларына халықаралық тергеу жүргізуді қажет деп санамайтынын мәлімдеді[187].

Ұлыбритания

Ұлыбританияның ЕҚЫҰ жанындағы тұрақты өкілі Нил Буш Қазақстанда орын алған оқиғаларға қатты алаңдайтынын жеткізіп, қаза тапқандардың отбасыларына көңіл айтты. Ол зорлық-зомбылық пен мүлікті жоюды айыптап, Қазақстандағы реформаларды, қауіпсіздік пен өркендеуді қамтамасыз ету шараларын қолдауға Ұлыбритания дайын екенін мәлімдеді[184].

ЕҚЫҰ

5 қаңтар күні тәртіпсіздіктер басталғаннан кейін Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының төрағасы Збигнев Рау Қазақстандағы жағдайға алаңдайтыны туралы мәлімдеме жасап, қақтығысты тоқтатып, келіссөздер өткізуге шақырды[188]. 10 қаңтарда Збигнев Рау ҚР сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеубердімен телефон арқылы сөйлесіп, ЕҚЫҰ міндеттемелерін, оның ішінде адам құқықтарына байланысты міндеттемелерді сақтауды өтінді[189].

Human Rights Watch

7 қаңтарда Human Rights Watch ұйымы Қазақстан билігін ескертусіз оқ атуға берілген бұйрықтан дереу бас тартуға шақырды[190]. 26 қаңтарда жарияланған HRW мақаласына сәкес, 4—6 қаңтар аралығында Қазақстан қауіпсіздік күштері кем дегенде 4 жағдайда адамның өліміне әкелуі мүмкін күш қолданған. Мысалға, Алматыдағы президент резиденциясының маңында түсірілген бейнежазбалардан жарақаттанған 19 адам және қаза тапқан болуы мүмкін 10 адам анықталған. Осыған байланысты HRW Біріккен Ұлттар Ұйымынан, Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымынан және Еуропа одағынан қаңтар оқиғаларына байланысты тәуелсіз және бәйтарап тергеу жүргізу мақсатында Қазақстан үкіметіне қысым жасауды талап етті[191].

Сондай-ақ қараңыз

Дереккөздер

  1. a b c d e f g h Bilefsky D. Revolt in Kazakhstan: What’s Happening, and Why It Matters. The New York Times, 5 қаңтар 2022 жыл.
  2. a b Regan H. Kazakhstan is in turmoil and regional troops have been sent to quell unrest. Here's what you need to know. CNN, 7 қаңтар 2022 жыл.
  3. a b Назарбаев Қауіпсіздік кеңесі басшысының қызметін Тоқаевқа өзі берді - кеңесші. Tengrinews.kz, 9 қаңтар 2022 жыл.
  4. Қаңтар айындағы оқиғалар кезінде 238 адам қайтыс болды  (қаз.). gov.kz (16 тамыз 2022). Тексерілді, 17 тамыз 2022.
  5. Қаңтар оқиғасында қаза тапқан тұлғалардың тізімі  (қаз.). gov.kz (16 тамыз 2022). Тексерілді, 17 тамыз 2022.
  6. a b c d e Жаппай тәртіпсіздіктер: қаза тапқандар саны белгілі болды. Tengrinews.kz, 15 қаңтар 2022 жыл.
  7. a b c d Қайғылы қаңтар: тергеу органдары 3702 қылмыстық істі тергеуде
  8. a b Қазақстанда 10 мыңға жуық адам ұсталды - ІІМ. Tengrinews.kz, 11 қаңтар 2022 жыл.
  9. Zhandayeva R., Zhanmukanova A.Kazakhstan’s Instability Has Been Building for Years. Foreign Policy, 10 қаңтар 2022 жыл.
  10. a b c Қазақстан билігі "мемлекеттік төңкеріске талпыныс" жайлы айта бастады. Азаттық радиосы, 10 қаңтар 2022 жыл.
  11. a b c Жаңаөзенде газдың қымбаттағанына наразы ел жолды жапты, оларды басқа өңірлерде де жұрт қолдады. Азаттық радиосы, 2 қаңтар 2022 жыл.
  12. a b Үкімет Маңғыстауда сұйытылған газ 50 теңге болатынын хабарлады, бірақ митинг тарқайтын түрі жоқ. Азаттық радиосы, 4 қаңтар 2022 жыл.
  13. a b Астанада полиция наразыларды аяусыздықпен жаппай ұстап әкетті. Азаттық радиосы, 5 қаңтар 2022 жыл.
  14. a b Полиция Алматының екі жерінде шеруге шыққан 150-дей адамды ұстады. Азаттық радиосы, 4 қаңтар 2022 жыл.
  15. a b c Қазақстанда наразылық күшейген тұста үкімет отставкаға кетті. Азаттық радиосы, 5 қаңтар 2022 жыл.
  16. a b Жаңаөзендегі митинг: Энергетика министрлігі мен әкімдік газ неге қымбаттағанын түсіндірді. Tengrinews.kz, 2 қаңтар 2022 жыл.
  17. «Халықтың қалтасына салмақ салады». Жаңаөзендіктер газ бағасының өскеніне наразы. Азаттық радиосы, 7 қаңтар 2020 жыл.
  18. Walker S., Bisenov N. Kazakhstan protests: Moscow-led alliance sends ‘peacekeeping forces’. The Guardian, 5 қаңтар 2022 жыл.
  19. "Қазақстан жасасын!", "Бостандық керек!" Жезқазғандағы наразылық. Азаттық радиосы, 5 қаңтар 2022 жыл.
  20. В Караганде жители вышли в поддержку протестующих в Жанаозене(орыс.) Азаттық радиосы, 4 қаңтар 2022 жыл.
  21. Қостанай облысында қоғамдық тәртіп қалпына келді – Полиция департаментінің басшысы. ҚазАқпарат, 6 қаңтар 2022 жыл.
  22. "Әділетсіз сайлаудан да шаршадық". Азаттықтың Қызылордадағы тілшісінің көргені. Азаттық радиосы, 21 қаңтар 2022 жыл.
  23. Нұр-Сұлтанда митинг кезінде алты адам зардап шекті. Sputnik, 5 қаңтар 2022 жыл.
  24. Оралдағы наразылық кезінде полиция ұстап әкеткен адамдарды туыстары іздеп жүр. Азаттық радиосы, 7 қаңтар 2022 жыл.
  25. a b Өскеменде наразылық пен тәртіпсіздіктің салдарынан кемінде үш адам қаза болған. Азаттық радиосы, 14 қаңтар 2022 жыл.
  26. Павлодар облысының әкімі алаңға жиналғандардың алдына шықты. Sputnik, 5 қаңтар 2022 жыл.
  27. В казахстанском Петропавловске прошли задержания митингующих(орыс.) РИА Новости, 7 қаңтар 2022 жыл.
  28. a b c d e f g h i j k l m n o p "Сексеуілде тоқтаған пойыз, Шудағы шырғалаң". Қаңтарда шалғайдағы халық та билікке талабын жеткізуге талпынды. Азаттық радиосы, 14 ақпан 2022 жыл.
  29. Шымкенттегі наразылық және түнгі ойран. Азаттық тілшісінің көргені. Азаттық радиосы, 13 қаңтар 2022 жыл.
  30. a b Тоқаев ескертусіз оқ атуға бұйрық берді. Елдегі 7 қаңтардағы ахуал. Азаттық радиосы, 7 қаңтар 2022 жыл.
  31. Тұрғымбаев Қазақстанда жаппай тәртіпсіздікке ұласқан оқиғалар хронологиясын баяндады. Tengrinews.kz, 9 қаңтар 2022 жыл.
  32. a b "Билікке талас" па, басқа ма? Қазақстандағы оқиғалардың артында не тұр?. Азаттық радиосы, 10 қаңтар 2022 жыл.
  33. a b Кәрім Мәсімов "Билікті басып алу" бабы бойынша күдікке ілінді. Азаттық радиосы, 13 қаңтар 2022 жыл.
  34. Nechepurenko I., Higgins A. In Kazakhstan’s Street Battles, Signs of Elites Fighting Each Other. The New York Times, 10 қаңтар 2022 жыл.
  35. Қазақстанда тәртіпсіздіктер кезінде 1500-ге жуық ғимарат пен құрылыс бүлінді - ІІМ. Tengrinews.kz, 25 қаңтар 2022 жыл.
  36. Қаңтар оқиғасынан кейін қанша адам қамауда?. Tengrinews.kz, 25 қаңтар 2022 жыл.
  37. Алматыдағы тәртіпсіздіктер кезінде қанша адам қаза болғаны айтылды. Tengrinews.kz, 16 қаңтар 2022 жыл.
  38. Алматыдағы тәртіпсіздіктер: полиция 405 қылмыстық істі тергеп жатыр. Tengrinews.kz, 16 қаңтар 2022 жыл.
  39. 41 мәйіт ұрланған. Алматы полициясының басшысы мәйітханаға жасалған шабуылдар туралы айтты. Tengrinews.kz, 16 қаңтар 2022 жыл.
  40. a b Лаңкестер 1 347 қару-жарақты алып кеткен - Алматы ПД басшысы. Tengrinews.kz, 16 қаңтар 2022 жыл.
  41. Пулеметтер, автоматтар, гранаталар: полиция ұрланған қанша қару тәркілегенін айтты. Tengrinews.kz, 25 қаңтар 2022 жыл.
  42. Алматыдағы тәртіпсіздіктерден кейін келтірілген шығын сомасы белгілі болды. Tengrinews.kz, 17 қаңтар 2022 жыл.
  43. Аманжолқызы А. Қаңтар қырғыны. Қаза тапқандардың есімін жариялау не үшін қажет? Malim.kz, 20 қаңтар 2022 жыл.
  44. Погибшие во время январских событий. Список Азаттыка(орыс.) Азаттық радиосы, 28 қаңтар 2022 жыл.
  45. a b Үкімет Жаңаөзендегі жұрттың талабы бойынша комиссия құрды, халық наразылығына "құқықтық баға беретінін" ескертті. Азаттық радиосы, 3 қаңтар 2022 жыл.
  46. a b Жаңаөзендегі наразы топ облыс әкімі Ноғаевты жиыннан қуып жіберді. Азаттық радиосы, 3 қаңтар 2022 жыл.
  47. a b Тоқаев наразыларды "ел тұтастығына сызат түсіруді көздейтін топтардың үндеуіне құлақ аспауға" шақырды. Азаттық радиосы, 4 қаңтар 2022 жыл.
  48. a b Үкібай "Назарбаев Қауіпсіздік кеңесі төрағалығын Тоқаевқа өз еркімен бергенін" айтады. Азаттық радиосы, 9 қаңтар 2022 жыл.
  49. a b Алматы әкімі: Арандатушылар мен экстремистер ұсталып жатыр. Азаттық радиосы, 5 қаңтар 2022 жыл.
  50. a b Тоқаев Алматы облысында төтенше жағдай жариялады. Азаттық радиосы, 5 қаңтар 2022 жыл.
  51. a b Нұр-Сұлтанда төтенше жағдай жарияланды. Азаттық радиосы, 5 қаңтар 2022 жыл.
  52. a b Қазақстанда төтенше жағдай режимі енгізілді. Tengrinews.kz, 6 қаңтар 2022 жыл.
  53. a b Елде интернет өшіп, байланыс нашарлады. Азаттық сайты ашылмай қалды. Азаттық радиосы, 5 қаңтар 2022 жыл.
  54. a b Тоқаев "террористік банда" туралы айтып, ҰҚШҰ-дан көмек сұрағанын жеткізді. Азаттық радиосы, 6 қаңтар 2022 жыл.
  55. a b ҰҚШҰ Қазақстанға әскер жібереді. Азаттық радиосы, 6 қаңтар 2022 жыл.
  56. Берік Уәли ҰҚШҰ күштерінің Қазақстандағы мақсаты мен міндетін айтты. Tengrinews.kz, 9 қаңтар 2022 жыл.
  57. Алматыда ҰҚШҰ әскері еліне қайта бастады. Tengrinews.kz, 13 қаңтар 2022 жыл.
  58. Творение мира: как живет Казахстан под охраной военных ОДКБ. Известия, 10 қаңтар 2022 жыл.
  59. Миротворцы ОДКБ начали передавать охраняемые объекты правоохранителям Казахстана. Известия, 13 қаңтар 2022 жыл.
  60. Билік ҰҚШҰ әскері ел аумағынан толық шыққанын хабарлады. Азаттық радиосы, 19 қаңтар 2022 жыл
  61. Миротворцы ОДКБ в Казахстане: состав и главная задача миссии. РИА Новости, 10 қаңтар 2022 жыл.
  62. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев еліміздегі әлеуметтік-экономикалық жағдайға қатысты кеңес өткізді. ҚР Президентінің ресми сайты, 5 қаңтар 2022 жыл.
  63. a b "Қазақстан халқына" қорының басшысы тағайындалды. Tengrinews.kz, 15 қаңтар 2022 жыл.
  64. "Қазақстан халқына" қорына қанша ақша түсті. Sputnik.kz, 17 қаңтар 2022 жыл.
  65. "Қазақстан халқына" қорына қанша қаржы түскені жарияланды. Tengrinews.kz, 28 қаңтар 2022 жыл.
  66. Әлихан Смайылов премьер-министр қызметіне тағайындалды. Tengrinews.kz, 11 қаңтар 2022 жыл.
  67. Ажар Ғиният денсаулық сақтау министрі болып тағайындалды. Tengrinews.kz, 11 қаңтар 2022 жыл.
  68. Дәурен Абаев мәдениет және спорт министрі болып тағайындалды. Tengrinews.kz, 11 қаңтар 2022 жыл.
  69. Асқар Омаров ақпарат және қоғамдық даму министрі болып тағайындалды. Tengrinews.kz, 11 қаңтар 2022 жыл.
  70. Ұлттық экономика министрі лауазымына кім тағайындалғаны белгілі болды. Tengrinews.kz, 11 қаңтар 2022 жыл.
  71. Жаңа индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі тағайындалды. Tengrinews.kz, 11 қаңтар 2022 жыл.
  72. Болат Ақшолақов энергетика министрі қызметіне тағайындалды. Tengrinews.kz, 11 қаңтар 2022 жыл.
  73. Президент Әкімшілігі басшысының жаңа орынбасарлары тағайындалды. Tengrinews.kz, 11 қаңтар 2022 жыл.
  74. Жазықбаев Мемлекеттік қызмет істері агенттігі төрағасы болып тағайындалды. Tengrinews.kz, 11 қаңтар 2022 жыл.
  75. Қанат Мусин әділет министрі болып тағайындалды. Tengrinews.kz, 11 қаңтар 2022 жыл.
  76. Президент Іс басқарушысының жаңа басшысы тағайындалды. Tengrinews.kz, 11 қаңтар 2022 жыл.
  77. Алматының жаңа бас санитария дәрігері тағайындалды. Tengrinews.kz, 12 қаңтар 2022 жыл.
  78. Марат Ирменов Алматы ҰҚКД басшысы болып тағайындалды. Tengrinews.kz, 14 қаңтар 2022 жыл.
  79. Тимур Сүлейменов Президент Әкімшілігі басшысының бірінші орынбасары болды. Tengrinews.kz, 13 қаңтар 2022 жыл.
  80. Бұрынғы энергетика министрі Мағзұм Мырзағалиев Президент кеңесшісі болды. Tengrinews.kz, 13 қаңтар 2022 жыл.
  81. Бейбіт Исабаев Сенат депутаты болып тағайындалды. Tengrinews.kz, 13 қаңтар 2022 жыл.
  82. Тоқаев сенатор Айтпаеваның өкілеттігін тоқтатты. Tengrinews.kz, 13 қаңтар 2022 жыл.
  83. Ерлан Баттақов сауда және интеграция бірінші вице-министрі болып тағайындалды. Tengrinews.kz, 13 қаңтар 2022 жыл.
  84. Александр Данилов ақпарат вице-министрі болып тағайындалды. Tengrinews.kz, 13 қаңтар 2022 жыл.
  85. Абзал Әбдіқадыров ұлттық экономика вице-министрі болды. Tengrinews.kz, 13 қаңтар 2022 жыл.
  86. Жаслан Мәдиев цифрлық даму бірінші вице-министрі болды. Tengrinews.kz, 14 қаңтар 2022 жыл.
  87. Марат Бекетаев премьер-министрдің кеңесшісі болды. Tengrinews.kz, 14 қаңтар 2022 жыл.
  88. Қазақстанның жаңа қорғаныс министрі туралы не белгілі?. Tengrinews.kz, 19 қаңтар 2022 жыл.
  89. Ерлан Тұрғымбаев жаңа қызметке тағайындалды. Zakon.kz, 25 ақпан 2022 жыл.
  90. Үкіметте лауазымын кімдер сақтап қалды?. Tengrinews.kz, 11 қаңтар 2022 жыл.
  91. Бұрынғы энергетика вице-министрі Жұмабай Қарағаев ұсталды. Tengrinews.kz, 15 қаңтар 2022 жыл.
  92. БАҚ үшін ақпарат. ҚР Бас прокуратурасы, 21 ақпан 2022 жыл.
  93. Бас прокуратура: Бұрынғы Қорғаныс министрі Мұрат Бектанов қамауға алынды. Азаттық радиосы, 21 ақпан 2022 жыл.
  94. Террористік қауіп деңгейін төмендету туралы. gov.kz, 13 қаңтар 2022 жыл.
  95. Батыс Қазақстан облысындағы төтенше жағдайдың күшін жою туралы - ҚР Президентінің ресми сайты Akorda.kz, 2022 жылғы 12 қаңтар.
  96. Солтүстік Қазақстан облысындағы төтенше жағдайдың күшін жою туралы - ҚР Президентінің ресми сайты Akorda.kz, 2022 жылғы 12 қаңтар.
  97. Павлодар облысындағы төтенше жағдайдың күшін жою туралы - ҚР Президентінің ресми сайты Akorda.kz, 2022 жылғы 12 қаңтар.
  98. Шымкент қаласындағы төтенше жағдайдың күшін жою туралы - ҚР Президентінің ресми сайты Akorda.kz, 2022 жылғы 14 қаңтар.
  99. Шығыс Қазақстан облысындағы төтенше жағдайдың күшін жою туралы - ҚР Президентінің ресми сайты Akorda.kz, 2022 жылғы 14 қаңтар.
  100. Қарағанды облысындағы төтенше жағдайдың күшін жою туралы - ҚР Президентінің ресми сайты Akorda.kz, 2022 жылғы 14 қаңтар.
  101. Түркістан облысындағы төтенше жағдайдың күшін жою туралы - ҚР Президентінің ресми сайты Akorda.kz, 2022 жылғы 14 қаңтар.
  102. Ақмола облысындағы төтенше жағдайдың күшін жою туралы - ҚР Президентінің ресми сайты Akorda.kz, 2022 жылғы 14 қаңтар.
  103. Қостанай облысындағы төтенше жағдайдың күшін жою туралы - ҚР Президентінің ресми сайты Akorda.kz, 2022 жылғы 14 қаңтар.
  104. Ақтөбе облысындағы төтенше жағдайдың күшін жою туралы - ҚР Президентінің ресми сайты Akorda.kz, 2022 жылғы 15 қаңтар.
  105. Қазақстанның барлық өңірінде төтенше жағдайдың күші жойылады. ҚазАқпарат, 18 қаңтар 2022 жыл.
  106. Назарбаевтың кіші қызымен байланысы бар делінген жеке компанияға бес жылда 692 млрд теңге қаражат түскен. Азаттық радиосы, 12 қаңтар 2022 жыл.
  107. «ӨКМ операторы» бұдан былай утиль алымын жинай алмайды - Үкімет қаулысы. ҚазАқпарат, 19 қаңтар 2022 жыл.
  108. Экология вице-министрі мен "ӨКМ Операторы" басшысы 2 айға қамауға алынды. Tengrinews.kz, 26 қаңтар 2022 жыл.
  109. РОП операторының басқарушы директоры Руслан Шәмшиев өз-өзіне қол жұмсады. Информбюро, 26 қаңтар 2022 жыл.
  110. a b Grove T., Marson J. Mystery Surrounds Absence of Kazakhstan’s Longtime Leader as Protesters Challenge State He Built. The Wall Street Journal, 8 қаңтар 2022 жыл.
  111. a b Walker S. Where is Kazakhstan’s former longtime leader Nursultan Nazarbayev?. The Guardian, 16 қаңтар 2022 жыл.
  112. a b Үкібай Назарбаевтың "Нұр-Сұлтан қаласында екенін" жазды. Азаттық радиосы, 8 қаңтар 2022 жыл.
  113. Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Н. Ә. Назарбаевтың Қазақстан халқына үндеуі Мұрағатталған 18 қаңтардың 2022 жылы.. ҚР тұңғыш президенті — Елбасы Н. Назарбаевтың ресми сайты, 18 қаңтар 2022 жыл.
  114. Мәжіліс Назарбаевты Қауіпсіздік кеңесін өмір бойы басқару құқығынан айыратын өзгерісті мақұлдады. Азаттық радиосы, 19 қаңтар 2022 жыл
  115. Назарбаев Nur Otan партиясының төрағасы өкілеттігін береді. Tengrinews.kz, 23 қараша 2021 жыл.
  116. Президент Тоқаев Nur Otan партиясының төрағасы болып сайланды. Tengrinews.kz, 28 қаңтар 2022 жыл.
  117. Президент Елбасы туралы: Жұмыс істемейтін адам ғана қателеспейді. Tengrinews.kz, 28 қаңтар 2022 жыл.
  118. "ҚазТрансОйл" басшысы Димаш Досановтың өкілеті мерзімінен бұрын тоқтатылды. Tengrinews.kz, 15 қаңтар 2022 жыл.
  119. Қайрат Шәріпбаев QazaqGaz ҰК басшысы қызметінен кетті. Tengrinews.kz, 15 қаңтар 2022 жыл.
  120. Қапаш Г. Құлыбаев қызметінен кетті. Егемен Қазақстан, 17 қаңтар 2022 жыл.
  121. Самат Әбіш ҰҚК төрағасының бірінші орынбасары лауазымынан босатылды. ҚазАқпарат, 17 қаңтар 2022 жыл.
  122. Дариға Назарбаева қаңтар айының соңына дейін демалыста болады. Sputnik Kazakhstan, 17 қаңтар 2022 жыл.
  123. Дариға Назарбаева Nur Otan партиясының саяси кеңесінің құрамынан шығарылды. inBusiness.kz, 28 қаңтар 2022 жыл.
  124. Дариға Назарбаева Мәжілістен кетеді. Zakon.kz, 25 ақпан 2022 жыл
  125. Тоқаев Назарбаеваның құдасын қызметтен босатты. Азаттық радиосы, 25 қаңтар 2022 жыл
  126. Жаңаөзендегі наразылыққа билік жауабы: сұраныс өсірген газ бағасы бұрынғы қалпына қайта келмейді. Азаттық радиосы, 2 қаңтар 2022 жыл.
  127. Астанада кемі екі жерде полиция адамдарды ұстап әкетті, Алматыда алаңдар жабылды. Азаттық радиосы, 3 қаңтар 2022 жыл.
  128. Шымкент полициясы белсенділерді үйінен шығармай тастады, көшеде күзет күшейді. Азаттық радиосы, 3 қаңтар 2022 жыл.
  129. Ақтөбеде жүз шақты адам жиналып, Жаңаөзендегі наразылыққа қолдау білдірді. Азаттық радиосы, 3 қаңтар 2022 жыл.
  130. Энергетика министрі "жұмыста олқылықтар болғанын" мойындады. Азаттық радиосы, 5 қаңтар 2022 жыл.
  131. "Үкімет отставкаға кетсін! Шал кет!" Ақтау мен Жаңаөзенде халық алаңнан тарқамады. Азаттық радиосы, 4 қаңтар 2022 жыл.
  132. Алматыда "Жаңаөзендегі наразылықты қолдамақ болған" белсенділер жауапқа тартылды. Азаттық радиосы, 4 қаңтар 2022 жыл.
  133. Теңіз кенішінде жұмысшылар Жаңаөзенді қолдап, жұмысты тоқтатты. Азаттық радиосы, 4 қаңтар 2022 жыл.
  134. Қазақстанның бірнеше қаласында ондаған адам ұсталды. Азаттық радиосы, 4 қаңтар 2022 жыл.
  135. Үкімет Маңғыстау облысында наразылардың бастама тобымен "келіссөз жүргізіп жатқанын" хабарлады. Азаттық радиосы, 4 қаңтар 2022 жыл.
  136. Ақтөбеде наразылар полиция шебін бұзып, әкімдікке қарай өтті. Азаттық радиосы, 4 қаңтар 2022 жыл.
  137. Таразда Жаңаөзендегі наразыларды қолдаған журналистерді полиция алып кетті. Азаттық радиосы, 4 қаңтар 2022 жыл.
  138. Сапарбаев Таразда өртенген көліктер мен бүлінген ғимараттар туралы айтты. Tengrinews.kz, 5 қаңтар 2022 жыл.
  139. "Нұр Отан" партиясынан сайланған депутат Берік Әбдіғалиұлы үкіметтің отставкасын талап етті. Азаттық радиосы, 4 қаңтар 2022 жыл.
  140. Исатай мен Махамбет алаңындағы наразылық. Ақ Жайық, 4 қаңтар 2022 жыл.
  141. Шымкентте "Шал кет!" деп ұрандаған бірнеше мың адам әкімдікке қарай бет алды. Азаттық радиосы, 4 қаңтар 2022 жыл.
  142. Тоқаев президент әкімшілігі және ҰҚК-да бірқатар кадрлық өзгерістер жасады. Азаттық радиосы, 5 қаңтар 2022 жыл.
  143. "Алтын Орда" маңында арнайы жасақ наразыларға шулы граната қолданып, резеңке оқ атты. Азаттық радиосы, 5 қаңтар 2022 жыл.
  144. ІІМ түрлі аймақта 200-ден астам адамның ұсталғанын хабарлады. Азаттық радиосы, 5 қаңтар 2022 жыл.
  145. Ақтөбеде әкімдікті басып алмақ болған наразыларға полиция газ шашты. Азаттық радиосы, 5 қаңтар 2022 жыл.
  146. Алматыда "Нұр Отан" ғимараты өртеніп жатыр. Азаттық радиосы, 5 қаңтар 2022 жыл.
  147. Алматыда белгісіз адамдар тобы әуежайды басып алғаны хабарланды. Азаттық радиосы, 5 қаңтар 2022 жыл.
  148. Шерушілер Алматы әкімдігіне басып кіруге әрекет жасады, ғимарат өртенді. Tengrinews.kz, 5 қаңтар 2022 жыл.
  149. "120-дан аса көлік өртенді". Таймерденов қала тұрғындарына үндеу жасады. Tengrinews.kz, 5 қаңтар 2022 жыл.
  150. Ақтөбеде демонстранттар әкімдікпен келіссөз жүргізіп жатыр, олар өздерін "террорист" деп атауға қарсы. Азаттық радиосы, 6 қаңтар 2022 жыл.
  151. Шымкентте 30 шақты көлік, 5 автобус өртенген. Бүлінген әкімдікті жасақ күзетіп тұр, демонстранттар жоқ. Азаттық радиосы, 6 қаңтар 2022 жыл.
  152. Нұр-Сұлтанда жағдай қалыпты, Семейде байланыс жоқ, Талдықорғанда әлдекімдер әкімдікті басып алған. Азаттық радиосы, 6 қаңтар 2022 жыл.
  153. Ақтау мен Жаңаөзенде демонстранттар алаңда тұр. Жұрт интернетті қосуды талап етеді. Азаттық радиосы, 6 қаңтар 2022 жыл.
  154. Алматыда алаңда тұрған адамдарға пулеметтен оқ ата бастады. Қаза тапқандар мен жараланғандар бар. Азаттық радиосы, 6 қаңтар 2022 жыл.
  155. Алматыдағы арнайы операция: басып алынған әуежай құқық қорғау органдарының иелігіне өтті. Tengrinews.kz, 6 қаңтар 2022 жыл.
  156. Тоқаев "контртеррористік штаб" отырысын өткізіп, "конституциялық тәртіп негізінен қалпына келді" деді. Азаттық радиосы, 6 қаңтар 2022 жыл.
  157. 7 қаңтар түске дейінгі ахуал: Ақтөбе, Жезқазған, Қарағанды. Азаттық радиосы, 7 қаңтар 2022 жыл.
  158. Тоқаев "ескертусіз оқ атуға бұйрық бергенін" айтып, елдегі ахуалға "еркін баспасөзді", "демагогтарды" кінәлады. Азаттық радиосы, 7 қаңтар 2022 жыл.
  159. БелТА Лукашенконың Назарбаевпен сөйлескенін жазды. Бірақ Назарбаевтың қайда екені әлі белгісіз. Азаттық радиосы, 8 қаңтар 2022 жыл.
  160. Қазақ-қырғыз шекарасында Қазақстан азаматтарын Қырғызстанға өткізбей жатыр. Азаттық радиосы, 8 қаңтар 2022 жыл.
  161. HRW Қазақстан билігін "ескертусіз ату" бұйрығынан бас тартуға шақырды. Азаттық радиосы, 8 қаңтар 2022 жыл.
  162. Ұлттық қауіпсіздік комитетінің бұрынғы төрағасы Кәрім Мәсімов ұсталды. Азаттық радиосы, 8 қаңтар 2022 жыл.
  163. Ақтаудағы митингіге жиналғандардың басым бөлігі тарап кетті, алаңда оншақты адам қалды. Азаттық радиосы, 8 қаңтар 2022 жыл.
  164. Блинкен: Орыстар үйлеріңізге кірсе, кейде оларды шығару өте қиын болады. Азаттық радиосы, 8 қаңтар 2022 жыл.
  165. Жаңаөзенде митингіде тұрған жұрттың басым көпшілігі тарады, алаңда ондаған адам қалды. Азаттық радиосы, 8 қаңтар 2022 жыл.
  166. ЕО Қазақстанды адам құқығын сақтауға шақырып, елге көмектесуге дайын екенін білдірді. Азаттық радиосы, 8 қаңтар 2022 жыл.
  167. Президент Тоқаев жалпыұлттық аза тұту күнін жариялады. Tengrinews.kz, 8 қаңтар 2022 жыл.
  168. Қазақстанда 4404 адам ұсталды - ІІМ. Tengrinews.kz, 8 қаңтар 2022 жыл.
  169. Қазақстан билігі 164 адамның қазасы жайлы ақпаратты жоққа шығарып, "техникалық қателік" деді. Азаттық радиосы, 9 қаңтар 2022 жыл.
  170. Қазақстан арналары "митингіге Қырғызстаннан келген жұмыссыз адамды" көрсетті. Бұған Бішкек нота жолдады. Азаттық радиосы, 9 қаңтар 2022 жыл.
  171. ІІМ: Қазақстанда 5 мыңнан аса адам тұтқындалды. Tengrinews.kz, 9 қаңтар 2022 жыл.
  172. Президент Тоқаев қаза болған полицейлер мен әскерилерді наградтады. Tengrinews.kz, 10 қаңтар 2022 жыл.
  173. Бүгін Қазақстанда Жалпыұлттық аза тұту күні. Tengrinews.kz, 10 қаңтар 2022 жыл.
  174. a b Қазақстанда 8 мыңға жуық адам ұсталды - ІІМ. Tengrinews.kz, 10 қаңтар 2022 жыл.
  175. Сағынтаев Алматыдағы жағдай бойынша мәлімдеме жасады. Tengrinews.kz, 10 қаңтар 2022 жыл.
  176. Алматы комендатурасы қай көшелер қылмыскерлерден тазартылғанын айтты. Tengrinews.kz, 10 қаңтар 2022 жыл.
  177. ҰҚК қай қалаларда террористер басып алған нысандар босатылғанын хабарлады. Tengrinews.kz, 10 қаңтар 2022 жыл.
  178. ҰҚШҰ онлайн-сессиясы бір минут үнсіздіктен басталды. Tengrinews.kz, 10 қаңтар 2022 жыл.
  179. Тоқаев Еуропалық кеңес төрағасымен келіссөз жүргізді. Tengrinews.kz, 10 қаңтар 2022 жыл.
  180. Қазақстандағы тәртіпсіздіктер: бизнеске 95 миллиард теңгеден аса шығын келді. Tengrinews.kz, 11 қаңтар 2022 жыл.
  181. Алматыда тағы бірнеше аудан қылмыскерлерден тазартылды. Tengrinews.kz, 11 қаңтар 2022 жыл.
  182. ҰҚШҰ бітімгерлері екі күннен кейін елдеріне қайта бастайды. Tengrinews.kz, 11 қаңтар 2022 жыл.
  183. Дельфинов А., Кропман В. Протесты в Казахстане: госсекретарь США прокомментировал ввод контингента ОДКБ. Deutsche Welle, 7 қаңтар 2022 жыл.
  184. a b Ұлыбритания мен АҚШ өкілдері Қазақстандағы қаңтар оқиғасы туралы пікір білдірді. Tengrinews.kz, 25 қаңтар 2022 жыл.
  185. Шейко Ю. Что в Европарламенте думают о событиях в Казахстане. Deutsche Welle, 20 қаңтар 2022 жыл.
  186. "Жауапты шенділерге санкция". Еуропарламент Қазақстандағы жағдайды талқылап, қарар қабылдады. Азаттық радиосы, 20 қаңтар 2022 жыл.
  187. Қасым-Жомарт Тоқаев Еуропарламенттің Қазақстан туралы қарарына пікір білдірді. ҚазАқпарат, 29 қаңтар 2022 жыл.
  188. Zbigniew Rau. Twitter, 5 қаңтар 2022 жыл.
  189. Zbigniew Rau. Twitter, 10 қаңтар 2022 жыл.
  190. Kazakhstan: Cancel ‘Shoot Without Warning’ Order. Human Rights Watch, 7 қаңтар 2022 жыл.
  191. Kazakhstan: Killings, Excessive Use of Force in Almaty. Human Rights Watch, 26 қаңтар 2022 жыл.

Сілтемелер

Ортаққорда бұған қатысты медиа файлдар бар: 2022 Kazakh protests