G1-фаза
Көрініс
G1-фаза (ағылш. Gap 1 phase) — интерфазадағы үш кезеңнің бірі, жасушаның тіршілік цикліндегі фаза.
Бұл жасушадағы ДНҚ синтезіне дайындық кезеңі. Бұл кезеңде жасушадан РНҚ мен Нәруыздардың синтезі жедел түрде жүріп, ДНҚ биосинтезіне қатысушы ферменттердің белсенділігі жоғарылайды. G1 аяқталған соң, жасушада ДНҚ синтезі жүреді.
Омыртқалылар жасушаларында G1-фаза үш сағатқа дейін созылуы мүмкін, кейін рестрикция нүктесі қойылып, жасуша не S-фазаға өтеді, не екіге бөлінуін тоқтатады.[1]
Дереккөздер
[өңдеу | қайнарын өңдеу]
|