Mitsubishi A6M Zero

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Навигацияға өту Іздеуге өту
Mitsubishi A6M Zero
Mitsubishi A6M3 Zero Model 22 (NX712Z), 1991 жылы Жаңа Гвинеядан табылды және Перл Харбор фильмінің түсіріліміне қолданылды
Mitsubishi A6M3 Zero Model 22 (NX712Z), 1991 жылы Жаңа Гвинеядан табылды және Перл Харбор фильмінің түсіріліміне қолданылды
Түрі

Жойғыш ұшақ

Өндірушісі

Mitsubishi

Мемлекеті

Жапония

Алғашқы ұшуы

1939 жылы 1 сәуір

Қолданысқа енгізілуі

1940 жылы шілде

Негізгі эксплуатанттары

Империялық жапондық әскери-теңіз күштерінің авиациясы
Қытай ұлттық әуе күштері

Өндіріс жылдары

1940-1945

Өндірілген бірліктері

10 939

Нұсқалары

Nakajima A6M2-N

Mitsubishi A6M Zero Ортаққорда


Mitsubishi A6M Zero («A» — Жойғыш; «6» — Модель; «M» — Mitsubishi) — Екінші Дүниежүзілік Соғысындағы жапондық жеңіл жойғыш үшақ. 1940-1945 жылдар аралығында барлығы 10938 ұшақ құрастырылған. 1943 жылға дейін бұл жойқын ұшақтар тынық мұхитында жылдамдық, маневр және жойқын күш сияқты параметрлерінен өзіне тең қарсылас кездестірмеді. Тек американдық Grumman F6F Hellcat , Chance Vought F4U Corsair тәрізді жаңа ұшақтардың тынық мұхит ұрыс майданына келуі A6M-дың аспандағы үстемдігін тоқтатты. 1944 жылы A6M әбден тозуына қарамастан өндірісі тоқтатылмады. Соғыстың соңғы күндерінде камикадзе шабуылдарында қолданған.

Тип 0 палубалы теңіз жойғышы (零式艦上戦闘機 rei-shiki-kanjō-sentōki?) атауын A6M жапон күнтізбесінің 2600 жылының (1940 ж.) соңғы санынан алынған. Жапониядағы бейресми атауы «Рэй-сэн» немесе «Зеро-сэн» («рэй» — «нөл», «сэн» «сэнтоки» сөзінен — «жойғыш»); АҚШ әскері мен оның жақтастары қойған аты — «Зик» (Zeke), ұшқыштар болса жай ғана «Зеро» (Zero) деп атаған.

Ұшу қабілеті

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Ұшақтың максимал жылдамдығы 525 км/с, ал ұшу қашықтығы 3050 км-ға дейін жеткен. Жинамалы кең табанды шасси, жеңіл әрі төмен орналасқан қанаттары, конструкциясында дюралюминиді кең колдану, кабинаның аэродинамикалы әйнек-шамы және т.б. қасиеттері арқасында сол кездегі ең техникалық озық ұшақ болды. Осындай керемет қасиеттеріне қарамастан, қорғаныс көрсеткіштерінің төмен болуы және соғыс аяқталуында тәжірибесі аз ұшқыштар көбеюі мен Жапонияның экономикадық күш-қуатының төмендеуі оның әуедегі толық басымдылығына жол бермеді. Ұшақтын жеңілдігін алға қойған инженерлер, оның корғанысына қажетті көңіл бөле алған жоқ.

A6M Zero-ға 2×7,7 мм немесе 2×13-мм пулеметтер мен 2×20 мм автоматты зеңбірек тәріздес қару орнатылды. Сонымен қатар, 60 кг, камикадзе - 250 кг бомбылар алу мүмкін болды.

Қозғалтқышы

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Жойқын ұшақтың жылдамдығын арттыру үшін, оны Жапониядағы ең үздік қозғатлтқыш - Nakajima Sakae 12-мен жабдықтады. Оның қуаты 709 кВт (950 а.к.) тең болды.

Соғыс барысында ұшақ бірнеше рет жаңарту мен өзгертулерден өтті. Олардың кең тарағандары:

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

50 лучших истребителей Второй мировой войны (Г.В. Корнюхин) 268 бет.