Мазмұнға өту

Pepsi

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет


Pepsi
Current Pepsi logo (2023-).
Түрі Cola
Мануфактура PepsiCo.
Мемлекеті Солтүстік Каролина, АҚШ
Көрсетілім 1898 (Брэд сусыны болды)
16 маусым, 1903 (Pepsi-Cola болды)
1961 (Pepsi болды)
Қосалқы тауарлар Coca-Cola
7 Up
Irn Bru
Cola Turka
Big Cola
Веб-сайт pepsi.com
A.
"Пепси-кола эмблемасы"

Пепси (ағылш. Pepsi) - дүние жүзіне кең тараған сусындардың бірі (бұрынғы атауы Пепси-Кола). "Пепси-кола" экстрактына қола антиль жаңғағы, лимон шырыны, Мадагаскар ванилі, оңтүстік және шығыс елдерінде өсетін экзотикалық өсімдіктердің хош иісті майлары кіреді.

Пепси сусынын 1898 жылы американдық фармацевт Калеб Брэдхэм ойлап тапты. “Брэд сусыны” деп аталған бұл сусынның құрамына жаңғақ сусыны кіреді.Ол бұл сусынға емдік қасиеттерін қосып, пепси асқорыту жүйесіне қатысатынына сенімді болды.Қазіргі біз білетін есімі “пепси сусыны”1903 жылы берілді. 1923 жылы қант бағасының жоғарылауы және 1-ші дүние жүзі соғысы кесірінен Pepsico компаниясы құрдымға ұшырады.Бұл компанияның активы бейтаныс миллионерге сатылып кетті.Бұл сусындар бір адамға тиесілі деген ұғым бар.1923 жылы Крах компаниясы сусынның құпия формуласынан айырылды.Калеб Дэвис Брэдман бұл мәселені шешу үшін, соттың алдында сусынның құрамын таныстыру ғана емес, бұл мәліметтің шыңдығына көздерін жеткізуге міндетті болды. 8 жылдан кейін компания тағы да тақырға отырды, бірақ 30-шы, яғни деппрессия кезінде АҚШ-та Pepsico компаниясы «Кока- кола» компаниясына қарсы керемет жоба ұйымдастырды.»Пепси кола»көлемі 12унций 5 центқа бөтелке сатты ал «кока- кола» сусыны көлемі 6 унций 5 центке сатылды. «Кока-кола» компаниясы өз сусының басқа бөтелкеде шығара алмады, өйткені бұл компанияда 1 миллиард 6 унцийлік артық бөтелке болды.1939 жылы «пепси-сусыны» жас өспірімдер арасында танымал болып кетті. 2-ші Дүниежүзілік соғыс кезінде бұл компания Royal Crown және dr.Pepper компанияларын жолда қалдырып «Кока-коладан» кейін 2 орынды иеленді.50-ші жылдың басында «кока- кола» компаниясы «пепси-кола» компаниясын 5 рет шаңына жуытпады.[1]

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  1. Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі: К54 Қоғамдық тамақтандыру.— Алматы: "Мектеп" баспасы, 2007. — 232 бет.ISBN 9965-36-414-1

Сілтемелер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
Ортаққорда бұған қатысты медиа санаты бар: Pepsi