Мазмұнға өту

Уикипедия:Талқылау легі/Flow бетіндегі тақырып

Arystanbek (талқылауүлесі)
Аспазшы сөзінің қате екенін мысалмен келтірген карикатура

Мына суреттегідей дәл әкімші сөзі де қате. Қаншама аударманы қайта қарау керек, қаншама бетке сілтенген, қаншама талқылауда қолданған. Солай болса да бұл қатені жойған дұрыс деп ойлаймын. Басқаша аудара алмасақ түпнұсқасындағы администратор қысқаша админ сөзін қолдану керек. Бұған не дейсіздер? Солай қала берсін бе әлде дұрыстау керек пе? Пікірлеріңізді ұсыныстарыңызды жазуларыңызды сұраймын.

А.С.Кизиров (талқылауүлесі)

"Әкімші" сөзін "администратор" сөзіне ауыстырсақ, онда "әкімшілік" сөзін "администрация" сөзіне де ауыстыру керек қой. Ал бұл дегеніміз - мемлекеттік органдардың атауларын өзгерту (яғни үлкен шығын). "Әкімші" деген сөздің қатесін түсініп отырмын, алайда оны өзгерту өте кеш. Адамдардың пікірлері әртүрлі болады: біреуі "қалсың" дейді, басқасы "өзгерсің" дейді. Оданша қате болса да қалсың бұл сөз.

Arystanbek (талқылауүлесі)

@А.С.Кизиров: Дін мемлекеттен бөлінген деген сияқты Уикипедия мемлекеттен бөлінген . Әкімшілік және әкім деген сөз қате деп отырғам жоқ әкімші деген сөз қате. Онда әкім дегенге өзгертейік.

А.С.Кизиров (талқылауүлесі)

Жоқ, мен біздің адамдарды шатастыратынымызды айтып отырмын. "Әкім" десек, одан бетер шатастырамыз. "Қазақша Уикипедияның әкімі" деген сөз қалай естіледі екен? Бір ауылдың басшысы секілді естілетін секілді)))) Кешірерсіз, бірақ "әкімші" деп қалдыра берейік деген кеңесім бұл.

Салиха (талқылауүлесі)

Администратор - это менеджер, руководитель, управляющий (офисный). Админ - человек, управляющий компьютерной сетью, интернет-сервером, сайтом, то же, что системный администратор. Яғни, желіде - админ (аударылмайды), ал офисте - әкімші (администратордың аудармасы), екеуінің атқару міндеттері де әр түрлі. Сондықтан біздікі желі болғандықтан "админ" деген дұрыс сияқты.

Нұрлан Рахымжанов (талқылауүлесі)

Ол түгілі бюрократ пен бітікші екі мағынада. Бюрократ - айтқанын істететін, өзімбілемін дейтін шынжыр балақ, шұбартөс. Ал, бітікші - ханның айтқанын хатқа түсіретін стенографист. Администратор барлық дерлік жерде (қазақ тіліндегі сайттар мен құжаттарда) әкімші болып аударылып, бекітіліп кеткен. Оны өзгертудің қажеті шамалы.

Arystanbek (талқылауүлесі)

@Нұрлан Рахымжанов: бітікшінің де қате екенін білмеппін, қай жерде қандай сайттарда әкімші болып аударылып бекітіліп кеткен айтып беріңізші. Қазақ сайттарында ілікке аларлары да аз екені шындық қой. Сол тұрғыдан қазақша Уикипедия олардан үлгі аларлықтай емес керісінше үлгі берерліктей болу керек.

Нұрлан Рахымжанов (талқылауүлесі)

https://support.office.com/kk-kz/article/About-Office-365-admin-roles-da585eea-f576-4f55-a1e0-87090b6aaa9d, https://msdn.microsoft.com/kk-kz/library/cc188664(v=exchsrvcs.149).aspx, http://infolib.lotus.com/resources/portal/8.0.0/doc/kk_kz/PT800ADD001/admin/advppln_roles_mastr_adm.html, http://pvl.kgd.gov.kz/ru/node/7289, http://www.inform.kz:8080/admin?langsel=kaz, http://aikarakoz.kz/2012/10/10/1573.html#, т.б. Мен оны іздеп отыруға аса уақытым болмады. Ары қарай өздеріңіз бағамдай берерсіздер.

Arystanbek (талқылауүлесі)

Уәжіңіз орынды менде сол айтқан сәтіңізде іздеп көргем. Басқалардың пікірін күтейік. Көпшілік қолдаса ғана өзгертуге негіз бар. Негізі басқа қателер де жетеді соларды реттеу керек.

Салиха (талқылауүлесі)

Нұрлан, администратор мен админ дегендердің екеуі екі түрлі мағына береді. Әкімші деген "әкімсымақ" деген сөз, ол кабинеттік қызметке арналған, ал "админ" желілердің пайда болуына байланысты шыққан термин, қазіргі заман талабына сай. Сіз "әкімші" сөзі өзіңізге жақын болғаннан кейін өзгертуге қарсы балып отырған шығарсыз, қазір жаңа технологиялар заманы, артқа емес алға жылжыған дұрыс. Әкімші сөзінің түбірі "администрация" ғой, ал админнің түбірі "желіні жүйелеу", біздің міндетміз әкімші болу емес желіні жүйелеу болу керек.

Batyrbek.kz (талқылауүлесі)

Өз басым админ дегенді қолдайм. Сол шынайырақ сияқты.

GanS NIS (талқылауүлесі)

маған да админ деген дұрыс сияқты

Bek50000 (талқылауүлесі)
Бұл 178.90.116.227 жасырған пікір (тарихы)
178.90.116.227 (талқылауүлесі)

we cant talk about admin. Will be better, if everybody responsibly yourself. But everybody has own ideas

178.90.116.227 (талқылауүлесі)

I think admin is better. But we have own ideas and I think everybody responsibly yourself.

2.134.186.25 (талқылауүлесі)

дурыстау керек негызы

Arystanbek (талқылауүлесі)

@Kasymov: сенің ойың қалай? Сенің пікірің маңызды.

Arystanbek (талқылауүлесі)

Осы жынға тиген көзге де, құлаққа да, ауызға да түрпідей тиген сөзді құрту керек. Көп адамды осы сөзбен ақ шошытып ҚазУикиден қашырып жіберуге болады.

Batyrbek.kz (талқылауүлесі)

Мен админ қалсын деймін

Kasymov (талқылауүлесі)

Админ болған дұрыс шығар

Arystanbek (талқылауүлесі)

@Нұрлан Рахымжанов: мырза сізге мүлдем қарсы келгім келген жоқ. Мен жоқта және көп админдер, қатысушылар тасап кеткен кезде ҚазУикиді тіреп тұрған төрт тіректің бірі сіз шығарсыз. Бірақ дұрыс емес болғасын осылай өзгерткен дұрыс деп ойлаймын. Уикипедияда талай қателерді түзеттім, мен ғана емес сіздер де түзетіп жатырсыздар, бірақ бұл қатені ерте өзгетуге біраз ерік жігер жетіспеді, өйткені өте көп бетте қолданған, өте көп интерфейсте қолданылған, бұл оңай емес еді. Айдын да сіздің көңіліңізді қимай, сізді сыйлағандықтан бейтарап болған шығар. Бұйырса әлі қазуикиді жандандырармыз.

Нұрлан Рахымжанов (талқылауүлесі)

Админ термині көптеген сайттар мен әлеуметтік желілерде қолданылатыны рас. Мен көрермен, аялдама, балмұздақ т.б. сөздерді қазақ тіліне енгізген Ісләм ағамыз секілді тіл мамандары көп болсашы деп тілеймін. Әкімшіге жабысып тұрған түгім де жоқ, атау қазақы болса деген тілек қана мазалайды.

Arystanbek (талқылауүлесі)

Барлық беттерде (үлгілерде де) администратор толық нұсқасын қолданып, тек талқылауларда жеңіл болу үшін админ қысқа нұсқасын қолдану керек сияқты. Ағылшынша Уикипедияда солай екен.