Марат Мұратұлы Ахметжанов

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Навигацияға өту Іздеуге өту

Марат Мұратұлы Ахметжанов
Марат Мұратұлы Ахметжанов
Ахметжанов 2023 жылы
Лауазымы
Ту
Ту
Ақмола облысының 13-әкімі
Ту
Ту
5 қыркүйек 2023 жылдан бері
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев
Ізашары Ермек Маржықпаев
Ту
Ту
Қазақстанның 10-Ішкі істер министрі
Ту
Ту
25 ақпан 2022 — 2 қыркүйек 2023
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев
Премьер-Министр Әлихан Смайылов
Ізашары Ерлан Тұрғымбаев
Ізбасары Ержан Сәденов
Өмірбаяны
Дүниеге келуі 22 желтоқсан 1964 (1964-12-22) (59 жас)
Ақшатау, Шет ауданы, Жезқазған облысы, Қазақ КСР, КСРО[1]
Жұбайы Гүлнар Ахметжанова
Балалары қызы Гүлдана және ұлы Әлкей
Әскери қызметі
Қызмет еткен жылдары 1983–1986[1]
Құрамында болды КСРО Әскери-теңіз күштері
Атағы полицияның генерал-полковнигі (2022)[1]
Марапаттары

Марат Мұратұлы Ахметжанов (22 желтоқсан 1964 жыл, Ақшатау, Шет ауданы, Жезқазған облысы) — қазақстандық заңгер, саясаткер, 3-сыныпты әділет кеңесшісі,[2] 2023 жылдан бері Ақмола облысының 13-әкімі.[3]

Марат Ахметжанов 1964 жылдың 22 желтоқсанында Жезқазған облысының Шет ауданындағы Ақшатау ауылында дүниеге келген.

Әскери қызметі және білімі (1983–1991)

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

1983–1986 жылдар аралығында Ахметжанов КСРО Әскери-теңіз күштерінің құрамында қызмет еткен.[1] 1991 жылы заңгер мамандығына Қарағанды мемлекеттік университетінде білім алды.[4]

Үкіметтегі мансабы (1991–2022)

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

1991–1993 жылдар арылығында стажёр, Қарағанды облысындағы Теміртау қалалық прокуратураның тергеушісі қызметін атқарған. 1993 жылдан 1996 жылға дейін Бас прокуратураның жанындағы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі арнайы прокуратурасының аса маңызды істер жөніндегі аға тергеушісі, кейінірек Бас прокуратураның Аса қауіпті қылмыстарды тергеп-тексеру департаментінің аймақтық тергеушілер басқармасының бастығы болған.[4]

1996 және 1997 жылдар аралығында Мемлекеттік тергеу комитетінің аса қауіпті қылмыстарды тергеу басқармасының бастығы және МТК Әскери тергеу департаментінің тергеу басқармасының бастығы қызметтерінде болды. 1997 жылдан кейін, 1 жыл бойы Ішкі істер министрлігі Әскери тергеу департаментінің тергеу басқармасының бастығы болған.[4]

1998 жылдан 2001 жылға дейін Әділет министрлігі Тергеу департаменті директорының орынбасары және Сот шешімдерін орындау комитеті төрағасының орынбасары қызметтерінде болды. Бұдан кейін, 2003 жылға дейін Ахметжанов Бас прокуратураның Тергеу және анықтау органдарындағы заңдылықты қадағалау департаментінің басшысы ретінде жұмыс істеді.[4]

2003–2006 жылдары Павлодар облысының прокуроры болды. Бұдан кейін, 2009 жылға дейін Түркістан облысының прокуроры қызметінде болған. 2009 жылдан 2014 жылға Ахметжанов Қазақстан Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің төрағасы лауазымының иесі еді.[4]

2014–2016 жылдары аралығында Марат Ахметжанов Атырау облысы бойынша Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаментінің басшысы және сол аймақтағы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросы департаментінің басшысы болды.[4]

2016 жылы Қазақстан Республикасы Бас прокурорының орынбасары болып тағайындалды. 2021 жылы оның бұл лауазымда болғаны аяқталды.[4]

2021 жылғы сәуірдің ортасында президент жарлығымен Марат Ахметжанов сыбайлас жемқорлыққа қарсы агенттіктің төрағасы болып тағайындалды.[5] Бұл қызметін ол 2022 жылдың 25 ақпанына дейін жалғастырды.[6]

Ішкі істер министрі (2022–2023)

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

2022 жылдың 25 ақпанында Марат Ахметжанов президент Тоқаев жарлығымен Қазақстанның Ішкі істер министрі болып тағайындалды.[7] 2023 жылдың 2 қыркүйегінде Ахметжанов министр қызметінен босатылды.[8]

Ақмола облысының әкімі (2023 бері)

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

2023 жылдың 5 қыркүйегінде Ахметжановтың президент жарлығымен Ақмола облысының әкімі болып тағайындалғаны белгілі болды.[3]

Жеке өмірі

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Марат Ахметжанов Арғын тайпасының Сүйіндік руынан шыққан.[дереккөзі?] Марат Гүлнар Ахметжановаға үйленген, бір қызы Гүлдана және бір ұлы Әлкей бар. Марат Ахметжановтың Әнуар есімді інісі бар.[1] Әнуар Мұратұлы «Қазақстан Темір Жолы» төрағасының орынбасары қызметінде жұмыс істейді.[9]

Марат Ахметжанов қазақ, орыс және ағылшын тілдерін меңгерген.[1]

Марапаттары және атақтары

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Марат Ахметжановтың марапаттар тізімі:[1]

Марат Ахметжановтың атақтары:[1]

  • 3-сыныпты Мемлекеттік әділет кеңесшісі (2004);
  • 2-сыныпты Мемлекеттік әділет кеңесшісі (2019);
  • Полиция генерал-полковнигі (2022).

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  1. a b c d e f g h Ахметжанов Марат Муратович  (орыс.). zakonkz. Тексерілді, 5 қыркүйек 2023.
  2. Ахметжанов Марат Мұратұлы  (қаз.). BAQ.kz. Тексерілді, 5 қыркүйек 2023.
  3. a b Марат Ахметжанов Ақмола облысының әкімі болып тағайындалды  (қаз.). el.kz (5 қыркүйек 2023). Тексерілді, 5 қыркүйек 2023.
  4. a b c d e f g Ахметжанов Марат Муратович  (орыс.). Тексерілді, 5 қыркүйек 2023.
  5. Бас прокурордың орынбасары тағайындалды  (қаз.). SPUTNIK (27 сәуір 2021). Тексерілді, 5 қыркүйек 2023.
  6. Экс-глава МВД Марат Ахметжанов назначен акимом Акмолинской области  (орыс.). ВРЕМЯ (5 сентября 2023). Тексерілді, 5 қыркүйек 2023.
  7. Марат Ахметжанов Ішкі істер министрі болып тағайындалды  (қаз.). informburo (25 ақпан 2022). Тексерілді, 5 қыркүйек 2023.
  8. ГУМЫРКИНА, Ирина Марат Ахметжанов освобожден от должности главы МВД  (орыс.). ВЛАСТЬ (25 февраля 2022). Тексерілді, 5 қыркүйек 2023.
  9. Ануар Ахметжанов назначен первым зампредом правления по трансформации и цифровизации ҚТЖ  (орыс.). Қазақстан темір жолының ресми сайты (7 июля 2021). Тексерілді, 5 қыркүйек 2023.