Көкшетау
Қала | ||||
Көкшетау | ||||
Сағат тілімен: Абылай хан алаңы, Тәуелсіздік алаңы, Ақмола облысының әкімдігі, Бұқпа төбесінен көрінген Көкше тауы, «Аққу» ведомствалық балабақшасы, Көкшетау орталығындағы тарихи ғимарат. | ||||
| ||||
Әкімшілігі | ||||
---|---|---|---|---|
Ел | ||||
Статусы |
Облыс орталығы | |||
Облысы | ||||
Әкімі | ||||
Тарихы мен географиясы | ||||
Координаттары |
53°17′ с. е. 69°23′ ш. б. / 53.283° с. е. 69.383° ш. б. (G) (O) (Я)Координаттар: 53°17′ с. е. 69°23′ ш. б. / 53.283° с. е. 69.383° ш. б. (G) (O) (Я) | |||
Құрылған уақыты | ||||
Бұрынғы атаулары |
Көкшетау бекінісі (1868 дейін) | |||
Қала статусы | ||||
Жер аумағы |
233,97 км² | |||
Орталығының биiктігі |
234 м | |||
Климаты |
қатаң-континенталды, қуаң | |||
Уақыт белдеуі | ||||
Тұрғындары | ||||
Тұрғыны |
▲ 174 613[1] адам (2023) | |||
Тығыздығы |
746 адам/км² | |||
Ұлттық құрамы |
қазақтар — 59,34 %, | |||
Конфессиялар |
мұсылмандар (негізінен суниттер) | |||
Этнохороним |
көкшетаулық, көкшетаулықтар | |||
Сандық идентификаторлары | ||||
Телефон коды |
+7 7162xх-xx-xx | |||
Пошта индекстері |
020000—020010 | |||
Автомобиль коды |
C (2013 жылға дейін), 03 (2013 жылдан бастап) | |||
Басқалары | ||||
Өзендері | ||||
Көкшетау қаласының әкімдігі | ||||
Көкшетау шекарасы
| ||||
Ортаққордағы санаты: Көкшетау |
Көкшетау (латын — қаз. Kökşetau; айтылуы [køkɕeˈtɑw] тыңдау; 1868 жылға дейін бұрынғы атауы — Көкшетау бекінісі, 1993 жылға дейін орыс транскрипциясында — Кокчета́в; айтылуы [koktɕɪˈtav]) — Ақмола облысының әкімшілік орталығы (1999 жылдан; 1944 – 1997 ж. Көкшетау облысының орталығы болған), Қазақстанның солтүстігінде, Бұқпа тауының етегі мен үлкен Қопа көлінің оңтүстік жағалауындағы (көлге Шағалалы және Қылшақты өзендері құяды) көркем жерде орналасқан қала (1862 жылдан).[3] Қала ауданы — 233,97 км². Ал Көкшетау әкімшілік-аумақтық құрылымының ауданы — 425 км². Қала Батыс Сібір жазығының оңтүстік-батыс бөлігінің шекарасында, Есіл жазығының оңтүстік шетінде, тау бөктері қаланы оңтүстік пен батыстан қоршап тұрған Көкшетау қыратының солтүстік баурайы шегінде орналасқан.
Тұрғындарының саны — 150 649 адам (2022).[4] Көкшетау Қазақстан қалаларының арасында халық саны бойынша он сегізінші орында орналасқан. Көкшетауда көптеген ұлт өкілдері өмір сүреді. Саны жағынан ең көп таралған ұлттарға қазақтар (58,05 %) мен орыстар (29,41 %) жатады. Негізгі діни топтар — мұсылмандар (суниттер) мен христиандар (православтар және католиктер). Әртүрлі діни сенім өкілдерінің ғасырлар бойы қатар өмір сүріп жатқан қаласы ретінде танымал, өзінің дәстүрлі діни түрлілігімен белгілі. Қала әкімшілігіне бағынышты екі ауылдық округте 12 563 адам өмір сүреді.
Көкшетау — Қазақстанның 2021 жылғы мәдени астанасы.[5] Көкшетау қаласы – Қазақстанның көрікті қалаларының бірі, іргетасы 1824 жылда қаланған. Ақмола облысының экономикалық және мәдени бай шаһарларының бірі, сондай ақ Солтүстік Қазақстанның ең ірі қалаларының бірі болып табылады. Қазақстанның аса ірі жол торабы (шоссе және темір жол). Ол Бурабай мен Зеренді сияқты табиғаты мен туристік орындарымен танымал. Көкшетау Петропавлдан шамамен 185 шақырым қашықтықта, Астанадан солтүстік-батысқа қарай A-1 бойымен 276 шақырым қашықтықта, Ресейдегі Омбыдан A-13 (Көкшетау—Омбы) бойымен 318 шақырым қашықтықта және Қостанайдан 384 шақырым қашықтықта орналасқан. Қалаға Көкшетау Халықаралық Әуежайы мен Көкшетау-1 стансасы қызмет көрсетеді.
Этимологиясы
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Атауы
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Көкшетау деген атау қазақтың "көкше" (латын — қаз. kökşe) және "тау" (латын — қаз. tau) деген сөздерінен шықты. Көкшетау, бұл – тау.
Көкшетау – қазіргі қала орналасқан аумаққа жергілікті халық ежелгі замандарда-ақ қоныс салып, қорғандар тұрғызған. Көкшетау өңіріне халық ежелгі заманда-ақ қоныстана бастаған. Қаладан 60 миль қашықтықта орналасқан Ақмола облысындағы ең биік тауды қазақтар ежелден «Көкше тауы» деп атаған. Көкше тауы – баурайында әйгілі Бурабай ұлттық паркі орналасқан және осы Бурабай ауданы жеріндегі тау. Орталық бөлігінде Көкшетау қыраты орналасқан. «Көкше» — түркі тілінде өсімдік аты. Көкшенің қалың жері. Немесе бұл сөздің мәнін, екі түрлі концепциядан қарауға болады: 1) «көкшелі тау»; 2) қазақтың осы тауды жайлаған (не қыстаған) ескі ру тобының (Көкшенің) атымен байланысты.[6]
Көкше таудың ең биік нүктесі – Бүркітті шоқысы 947 метр. Бұл атау орыс тілінде «синеватая гора» мағынасын білдіргендіктен, кейде Көкшетауды орысша «Синегорье» деп те атайды.
Қала атауының қазіргі жазылуы 1940 жылы кириллица негізінде жасалған әліпби қабылданған кезден бастап қолданыста.
Қала әуежайы әлі күнге дейін IATA коды ретінде KOV сақтайды.
Көкшетаудің рәміздері
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Көкшетау қаласының елтаңбасы:
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Көкшетаудің ең алғаш таңбасы (авторы: В.Н. Сурганов) 1970 жылдың 12 шілде күні бекітілді.
Көкшетау қаласының туы
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Тусыз қала.
Әкімшілік бөлінуі
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Көкшетау қаласының қарамағында Станционный кенті мен Краснояр ауылдық округі бар.
Сәулет-жоспарлық аудан-ауданға бөлу
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Көкшетау 17 әкімшілік шағын ауданға бөлінген. "Центр" жоспарлық ауданы Горький, "Көкше" және "Бостандық" көшелері бөлінген екі тұрғын ауданынан тұрады. "Көкше" тұрғын ауданы өзіне негізгі әкімшілік-мәдени және сауда объектілерін топтады және қаланың орталық бөлігінің меншікті ортасын көрсетеді. "Бостандық" тұрғын ауданында тұрғын аудандары өнеркәсіптік және коммуналдық-қоймалық объектілермен бірен-сарандап кезектеседі. "Оңтүстік" жоспарлық ауданы сондай-ақ негізінен аз қабатты құрылыстан тұратын "Жайлау" және "Бейбітшілік" екі тұрғын ауданын енгізеді. "Шығыс" жоспарлық ауданы негізінен аз қабатты тұрғын үйден кішігірім стансалық кентпен өнеркәсіптік-қоймалық аймақты ұсынады.
Мұнда "Бірлік" кентінің анықталған шекарасына дейін дамиды. "Солтүстік" жоспарлық ауданы "Сарыарқа" шартпен аталған тұрғын ауданы аз қабатты тұрғын үйден тұрады. Қаланың солтүстікке одан әрі жылжуы шарасы бойынша жаңа тұрғын аудандар пайда болады. "Батыс" жоспарлық ауданы "Бұқпа" аз қабатты тұрғын ауданынан және кеңейтілген аумақтық ормансаябақ белдігінен тұрады.
Көкшетау қаласының 17 әкімшілік шағын ауданын көрсететін карта. | Ақмола облысы Зеренді ауданының картасы. Ортадағы ақ жолақ Көкшетау қалалық әкімдігінің аумақтық бірлігін білдіреді. |
---|---|
Билік
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Мемлекеттік билік Қазақстан Конституциясына сәйкес заңдық, атқару және сот билігі принциптеріне негізделген. Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қала дәрежесіндегі әкімшілік бірліктің басшысы - әкім деп аталады. Көкшетау қаласының әкімі Бауыржан Ғайса.
Қаладағы заңдық билікті Мәслихат жүзеге асырады. Оның құрамында 16 депутат бар. Сот билігін Көкшетау қалалық соты және арбитраж соты жүзеге асырады.[7]
Ақмола облысының әкімдігі, кеңестік Көкшетау сәулетінің үлгісі. | Көкшетау қаласының әкімшілігі (Әкімшілік үйі), қала орталығында орналасқан. | Ақмола облыстық соты. |
---|---|---|
Физико-географиялық сипаттамасы
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Географиялық орналасуы
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Қаланың географиялық координаттары — 53°17′30″ с. е. 69°23′30″ ш. б. / 53.29167° с. е. 69.39167° ш. б. (G) (O) (Я)[8]. Көкшетау Гамбург, Дублин, Ливерпуль және Эдмонтон қалалары сияқты ендікте орналасқан.
Көкшетау қаласы Астана қаласынан солтүстік-батысқа қарай 276 км жерде, Көкшетау қыратының солтүстігінде, Ақмола облысындағы Қопа көлінің оңтүстік жағалауындағы көрікті жерде орналасқан. Қаланың аумағы 420,0 км².
Көкшетауға жақын орналасқан ірі қала — Щучинск (Бурабай ауданы, Ақмола облысы) шипажайлы қаласы (70 км).
Жер бедері
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Көкшетау қаласы гидрожелілердің нашар дамуы мен бедерінің тегістелген нысаны бар сипаты Орталық-Қазақстан ұсақ шоқылық солтүстік шеті шегінде орналасқан. Қазіргі заманғы бедер сипаты негізінен палеозой уақытынан кейін мұраға қалған. Ежелгі элементтері қазіргі заманғы бедердің морфологиясын едәуір дәрежеде айқындады. Бұл бедер нысандары атап айтқанда, қазаншұңқырлар мен аңғарлар бөлігі қазіргі уақытқа үшінші және төртінші кезеңдер қопсытылған шөгінділермен толтырылды.
Гидрография
[өңдеу | қайнарын өңдеу]1969 жылы 26 қыркүйекте АҚШ-тың Корона спутнигі Көкшетау қаласының және оның маңайының жер серігінен қарағандағы көрген көрінісі. |
Көкшетау қаласына іргелес аумақтың гидрографиялық желісі Шағалалы, Қылшақты өзендерімен және Қопа көлімен беріледі. Шағалалы су қоймасы суаруға және Қопа көлін толықтыруға айтарлықтай емес қосымша су алумен Көкшетау қаласын шаруашылық-ауыз сумен жабдықтау үшін Шағалалы өзенінің ағынын көп жылғы реттеуді жүзеге асырады. Қопа көлі Көкшетау қаласының солтүстік-батыс бөлігінде орналасқан. Көлдің ұзындығы 5,1 - 5,2 км, ені 3,1 - 3,2 км, айна ауданы 12,3 - 13,1 км 2 , орташа тереңдігі 1,6-2,3 м, су көлемі 19,6 - 47,0 млн.м 3 (1955 жылғы зерттеу). Көлдің су беті негізінен ашық. Көлге Шағалалы және Қылшақты өзендері құяды.
Физикалық-геологиялық үдерістер мен құбылыстар
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Кекшетау қаласының аумағы және қаланың жақын төңірегі шегінде мынадай физикалық-геологиялық үдерістер мен құбылыстар дамуын алды: жер үсті мен жер асты суларын жел қақтыру және қызметі. Қопсытылған тау жыныстары сияқты жартастар да солай жел қақтыруға тартылады. Жартас тау жыныстарын жел қақтыру үдерістерінің негізгі нәтижесі бұл жыныстардың физикалық-техникалық қасиеттерін өзгертуге әкелетін жел қақтыру мен жарықтардың қабығының пайда болуы. Қаланың ірі кәсіпорындар аудандарында жер асты суларының көтерілу деңгейі жылына 0,03 - 0,20 м шапшаңдықпен жүріп отырады. Васильковка шағын ауданы, РК-1, РК-2 аумақтарында деңгей 1978 жылдан 1983 жылға дейін жылына 0,13 - 0,20 м жоғарылау қарқынымен 3,8 - 4,0 м 1,1 - 1,2 м дейін жоғарылады. Анағұрлым жиі су басу Чкалов-Чаглинка және Әуезов көшелері шекарасында Қопа көліне және Қылшақты езеніне дейін тартылады.[9]
Көкшетау қаласы аумақтарын топырақ суларының және олармен байланысты су басу үдерісінің жоғарылау деңгейінің негізгі факторлары: а) Қопа көлі және Қылшақты өзені суларының көп жылдық көтерілу деңгейі есебінен пайда болған топырақты суларды тежеуі; б) ағынды су бетінің қиындығын туғызатын қала аумағының тігінен жоспарлануының болмауы; в) су келетін коммуникациялардан судың жиі апаттық ысырап болуы; г) топырақ суын қосымша қоректендіруге әкелетін су тартқыш тау қыраты қарықтардан қарсуларының жанама сүзілуі болып табылады.[10]
Топырақтық-өсімдіктік жамылғы
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Көкшетау қаласы жерлерінің аумағында мынадай топырақ құрамдары бөлінген:
- Орта қуатты кәдімгі қара топырақ.
- Сортаң орта қуатты кәдімгі қара топырақ.
- Шалғындық-қара топырақтық орта қуатты және аз қуатты топырақ, сортаң топырақ.
- Аңғар шалғындық топырақ.
- Шалғындық-батпақ топырақ.
- Сортаң топырақ.
Көкшетау қаласының барлық игерілген аумағы мен қаланың одан әрі дамуының аумағы адамның қызметі нәтижесінде топырақ кескінінің ішінара бұзылатын жерге жатқызылады. Осыған байланысты көгалдандыру аймақтарының едәуір аумақтарында жасанды топырақтық жамылғы жасалған. Көгалдандыру жасанды екпе ағаштарын отырғызу жолымен жүзеге асырылады.
Климаты
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Көкшетау қаласының климаты айқын континенттік, жазы жылы және құрғақ, қысы ұзақ және аязды, ұзақ. Қоңыржай белдеудің Батыс Сібір климаттық аймағына жатады. Жылдық орташа температура 3,5 °C. Жаздың орташа температурасы шамамен 20,5 °C. Жылына үш ай бойы күндізгі орташа температура 20 °С асып түседі. Климат ауданы тез өзгергіш, құрғақшылықты ыстық жазы бар (+40 о С дейін) және қары аз, суық (-45 о С дейін). Ең ыстық - шілде айы (орташа температурасы +19,6 о С), барынша абсолюттік температурасы +40 о С, ең суық - қаңтар айы (орташа температурасы -16,2 о С), ал абсолюттік төменгі температурасы -45 о С құрайды. Жылдың жылы маусымы +10 градус температурамен, орта есеппен 6 мамырдан 21 қыркүйекке дейін 137 күнге созылады. Топырақтың гидротоңазытылу тереңдігі нормативтік 1,85 м, барынша - 2,6 м.
Қыста күн суық, қаңтар айындағы жылдық орташа температура мөлшері −14,5 °C шамасында, кейде Сібір аяздарының қалаға жетуіне байланысты −48 °C аязға дейін баруы мүмкін. Жылдық жауын-шашынның орташа мөлшері 230 – 400 мм. Жауын-шашын негізінен жаз айларында жауады. Күн сәулесі көлемінің орташа жылдық көрсеткіші — 2256 сағат. Атмосфералық жауын-шашын ең көп түсетін ай — шілде (69 мм), ең аз түсетін ай — ақпан (10 мм).
- Орташа жылдық температура — +3,5 C°
- Орташа жылдық жел жылдамдығы — 3,9 м/с
- Орташа жылдық ауа ылғалдылығы — 71 %
Көкшетау ауа райы | |||||||||||||
---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|
Көрсеткіш | Қаң | Ақп | Нау | Сәу | Мам | Мау | Шіл | Там | Қыр | Қаз | Қар | Жел | Жыл |
Абсолюттық максимум, °C | 4,8 | 6,2 | 23,1 | 31,3 | 35,5 | 40,4 | 41,7 | 41,2 | 36,2 | 25,3 | 19,2 | 6,6 | 41,7 |
Орташа максимум, °C | −6 | 5,6 | 1,2 | 10,8 | 19,3 | 23,5 | 26,7 | 23,7 | 17,9 | 10,2 | 0,3 | −5,1 | 8,6 |
Орташа температура, °C | −14 | −14,5 | −7 | 5,5 | 13,8 | 19,5 | 20,5 | 18,5 | 12,5 | 4,8 | −5,3 | −11,5 | 3,5 |
Орташа минимум, °C | −28,5 | −30 | −18,2 | −1,3 | 8,2 | 14,5 | 15,6 | 14,3 | 7,3 | −1,5 | −15,6 | −26,1 | −1,3 |
Абсолюттық минимум, °C | −46,6 | −48,3 | −35,7 | −24,7 | −8,7 | −0,8 | 3,4 | −1,3 | −7,6 | −24,8 | −37,1 | −42,3 | −48,3 |
Жауын-шашын нормасы, мм | 15 | 10 | 21 | 32 | 44 | 56 | 69 | 49 | 32 | 26 | 23 | 20 | 397 |
Дерекнама: «Ауа райы және Климат» сайтындағы Көкшетау ауа-райы туралы мәліметтер. Басты дереккөзінен мұрағатталған 2 мамыр 2015. Тексерілді, 23 желтоқсан 2020. |
Экологиялық жай-күйі
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Көкшетау қаласының қала құрылысы дамуының экологиялық талаптарына мыналар жатады: оның тұрақты экологиялық қолайсыз аймақтарындағы өмір сүру ортасын түбегейлі сауықтыру; табиғи кешеннің қазіргі бар аумақтарын жағымсыз антропогендік әсерлерден қорғау, жүргізілген шаруашылық қызметі салдарынан жоғалтқан Қопа көлін сауықтыру және жаңғырту, сондай-ақ, резервтік аумақтарда жасыл алқаптар қалыптастыру жөніндегі шараларды іске асыру; өмір сүру ортасының жайлылығын, оның ішінде аумақтарды көгалдандыру және қаланың тұрғын үй және қоғамдық аймақтарындағы микроклиматтық жағдайларды жақсарту жолымен арттыру.[11]
Экологиялық таза курорттық қала ретінде Көкшетау қаласын дамытудың бас жоспарын әзірлеу қауіпті физикалық-геологиялық процестер мен құбылыстардан, сондай-ақ халық өмірінің санитарлық-гигиеналық және экологиялық жағдайларының жақсаруынан аумақты қорғау жөнінде іс-шаралар кешенін шешуді талап етеді. Табиғи жағдайларды, бар картографиялық және жоспарлы материалдарды, инженерлік желілерді қазіргі заманғы жағдайын талдауды және қауіпті физикалық-геологиялық процестерден аумақты қорғау жөнінде жүйелерді, бас жоспар жобасымен әзірленген Көкшетау қаласы аумағын инженерлік дайындауды зерттеу нәтижесінде келесі: аумақты вертикальды жоспарлау; сыртқы төбені ұйымдастыру; аумақты топырақты су басудан қорғау; жасыл екпе ағаштарды суаруды ұйымдастыру; Қылшақты өзені арнасын реттеу; Қопа көлі бойынша гидромелиоративті іс-шараларын енгізеді.[12]
Көгалдандыру жүйесін дамыту
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Бас жоспармен Көкшетау қаласын кегалдандырудың негізгі принциптері анықталды. Жасыл екпе ағаштары: біртұтас өзара байланысты жүйе түрінде жергілікті табиғи жағдайлар есебімен; қаланың сәулет-жоспар құрылымына және халыққа қызмет етуді ұйымдастыруға сәйкес жобалануы керек. Жасыл екпе ағаштары қала тұрғын үйлері орталықтары мен өндірістік аудандар сәулет ансамблясының кеңістік композициясының құрама бөлігі болып келуі керек. Бұл принциптерді табысты жүзеге асыру көгалдандыру құралдарымен халықтың өмірі үшін қолайлы жағдайлар құруға мүмкіндік береді.[13]
Халыққа теріс әсерін тигізетін факторлар қатарына: әуе алабын өнеркәсіптік кәсіпорындар мен автокөлік зиянды шығарындыларымен ластануы, қала, әсіресе көлік магистралындағы шу, жазғы және қысқы мерзімдердегі ауыр микроклиматтық жағдайлар мен басқалары жатады. Атап өтілген қолайсыз факторлар қалаларды көгалдандыру жолымен айтарлықтай әлсіреуі мүмкін. Теріс климаттық жағдайларды болдырмау үшін қала аумағының қажетті микроклиматын құрайтын, қорғайтын екпе ағаштары кешенін құру керек. Көгалдандырудың басты міндеті қала әуе алабының жақсарту, оның микроклиматын жақсарту мен сыртқы келбетін байыту, халықтың бұқаралық демалуын ең жақсы ұйымдастыру мақсатында жасыл екпе ағаштарының аса оңтайлы жүйесін құру болып табылады.[14]
Тұрғыны
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Көкшетау қаласы және қала құрамына кіретін елдімекендерді қоса есептегенде халқының саны 165 мың 153 адам болып есептеледі (2022). Халқының тығыздығы — 624 адам/км². Әйел қоғамының үлесі (51.44%) ер адамдарға (48.6%) қарағанда басым. Болашақта демографиялық үрдістердің серпіні қоғамдық дамудың дәстүрлі, бұрыннан бері қалыптасқан, сонымен бірге қоғам өміріндегі көбейіп келе жатқан әлеуметтік-экономикалық өзгерістері мен құбылыстары барысында қалыптасатын жаңа факторлардың барлық жиынтығының өзара қатынасымен анықталатын болады.
Қаланың әлеуметтік және қала құрылысы дамуының негізгі мақсаты - бұл қаралып отырған аумақта әлеуметтік-психологиялық жайлылық пен тұрғындар өмір сүруінің жоғары деңгейін жасау. Көкшетау қаласы қала құрылысы дамуының негізгі бағыттары тиімділігінің экономикалық индикаторлары 2005 жылмен салыстырғанда, Бас жоспардың есептік мерзімге артуына мынадай көрсеткіштер: жалпы өңірлік өнім өндірісі көлемдерінің 3 есе; халықтың жан басына шаққандағы табыстарын 2 еседен аса өсіру болып табылады. Көкшетау қаласы тұрғындарының болжалды саны орнықты және инерциялық демографиялық беталыстармен белгіленеді. Көкшетау қаласы тұрғындарының перспективалық санын есепке алу қалалық әкімшілік құрамына 19-25 мың адам кіретін елді мекендер саны есебінсіз есептік мерзімге 150,0 - 170,0 мың адам белгіленді.
Көкшетау қаласы халқының саны[15]: |
Көкшетау қаласы халқының саны (мың адам)[15] | ||||||||||
---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|
Санақ жылы | 1897 | 1959 | 1970 | 1979 | 1989 | 1991 | 1999 | 2004 | 2005 | 2006 |
Саны, адам | 4 962 | ▲52 909 | ▲80 564 | ▲103 162 | ▲136 757 | ▲143 300 | ▼123 389 | ▲123 640 | ▲125 455 | ▲127 317 |
Санақ жылы | 2007 | 2008 | 2009 | 2010 | 2011 | 2012 | 2013 | 2014 | 2015 | 2016 |
Саны, адам | ▲129 244 | ▲131 215 | ▲135 106 | ▲136 100 | ▲137 217 | ▲136 835 | ▲139 063 | ▲140 847 | ▲142 411 | ▲145 795 |
Санақ жылы | 2017 | 2018 | 2019 | 2020 | 2021 | |||||
Саны, адам | ▼145 531 | ▲145 789 | ▼145 161 | ▲146 104 | ▲171630 |
Ұлттық құрам
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Көкшетауда қазақтардан басқа 100-ден аса ұлт пен ұлыс тұрады. Қаланың (қалалық әкімшіліктін аумағы) халқының 58,5% -ын қазақтар, саны бойынша келесі ұлттар — орыстар (29,4 %), украиндар (2,9 %); қалғаны — 9,2 % шамасын құрайды. Қалада «Достық үйі» бар.[16]
Қаланың ұлттық құрамы (2020 ж. бойынша): | ||||||||||||||||||||
---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|
Барлығы (2020 ж. бойынша) | қазақтар | орыстар | украиндар | татарлар | немістер | поляктар | инғұштар | беларустар | корейлер | әзербайжандар | ||||||||||
160 341 | 93126 | 58,05 % | 47185 | 29,41 % | 4618 | 2,88 % | 3660 | 2,28 % | 3124 | 1,95 % | 2243 | 1,40 % | 1721 | 1,07 % | 1320 | 0,82 % | 343 | 0,21 % | 332 | 0,21 % |
армяндар | башқұрттар | молдовандар | марилер | шешендер | ұдмұрттар | мордвалар | басқалар | |||||||||||||
257 | 0,16 % | 226 | 0,14 % | 147 | 0,09 % | 125 | 0,08 % | 86 | 0,05 % | 60 | 0,04 % | 21 | 0,01 % | 1837 | 1,15 % |
Қаладағы ұлттық құрамның өзгеруі
Қала алғаш құрылған кезде орыстар көптеп көшіп келді. Олардан бөлек украиндар, немістер, поляктар, татарлар, ингуштар, беларустарда келіп қоныстады.[17]
Ұлттық құрамы | 1989 | 1999 | 2007 | 2013 | 2019 | 2020 | 2021 | 2022 |
---|---|---|---|---|---|---|---|---|
Қазақтар | 18,5% | ▲ 36,0% | ▲ 49,0% | ▲ 56,5% | ▲ 57,57% | ▲ 58,05% | ▲ 58,72% | ▲ 59,34% |
Орыстар | 53,0% | ▼ 42,0% | ▼ 35,0% | ▼ 30,5% | ▼ 29,79% | ▼ 29,41% | ▼ 28,87% | ▼ 28,38% |
Басқалар | 28,5% | ▼ 22,0% | ▼ 16,0% | ▼ 13,0% | ▼ 12,64% | ▼ 12,54% | ▼ 12,41% | ▼ 12,28% |
Тілі
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Ресми тілі — қазақ тілі болып табылады, бірақ жергілікті халықтың басым бөлігі орыс тілінде сөйлескенді артық көреді, еркін сөйлейді.
Көкшетаудің діні
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Қалада түрлі бағыттағы діни бірлестіктер көп. Қаладағы дінге сенушілердің көпшілігін мұсылмандар құрайды. Көкшетауда бірқатар ескі және жаңа республикалық діни орталықтар қызмет етеді: Қазақстан мұсылмандарының діни Басқармасы, Орыс Православиелік шіркеуі Көкшетау және Ақмола епархиясының Епархиалық Басқармасы, сонымен қатар басқа да бірқатар аймақтық орталықтар. Ең ірісі — Қазақстан мұсылмандарының діни Басқармасы (ҚМДБ).
2009 жылғы деректерге сәйкес Көкшетау қалалық әкімдігінің конфессиялары[19]:
- мұсылмандар — 83,4 мың адам;
- христиандар — 60,2 мың адам;
- сенбейтіндер — 3,1 мың адам;
- иудейлер — 33 адам;
- буддистер — 23 адам;
- басқалар — 17 адам;
- белгіленбеген — 488 адам.
Ислам
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Халықтың басым көпшілігі сунниттік исламды ұстанады. Көкшетау қаласының діни мекемелері Науан Хазірет ат. (сыйымдылығы 1200—1400 адам) мұсылмандар мешіті және Жақия қажы ат. мешіт жұмыс жасайды.[20][21] 1996 жылы қаланың шығыс бөлігінде Ғалым атындағы мешіт салынды.[22]
- Жақия қажы мешіті — еліміздегі ағаштан тұрғызылған сирек мешіттің бірі. Ғибадатхананың тарихы да ғасырға татиды, мешiтiнің құрылысы Көкшетауда шамамен 1903 жылы басталып, 1904 жылы іргетасы қаланған.[23] Мешітті Шаяхмет, Баязит деген қала байлары жұртшылық қолдауымен салдырған. Мешіт 1920 жылға дейін қызмет атқарып келді. Кеңес үкіметі тұсында қойма, мұражай, көрме залы сияқты қызметтерге пайдаланылды. Ұлы Отан соғысы жылдарында (1941—1945 ж.ж.) онда әскери бөлім орналастырылды. Ал 1947 жылдан 1974 жылға дейін Көкшетау облыстық тарихи өлкетану мұражайы, 1975 жылдан республикалық көркем сурет дирекциясының Көкшетаудағы көрме залы қызметін атқарды. 1989 жылы мұсылман қауымының өтініші бойынша мешіт намазхандарға қайтарылды. 1991 жыл күрделі жөндеуден өтті.[24] Ғимараттың мешітке қайтарылуына қазақ елінде қазият төрағасы қызметін атқарып, кейін Көкшетау қаласының бас имамы болған Жақия қажы Бейсембайұлының сіңірген еңбегі зор. Осыған орай, 2016 жылы сәуір айында мешітке Жақия қажының есімі берілді.
- Науан Хазірет мешіті — Ақмола облыстағы діни-рухани құндылықтарды насихаттайтын орын болып табылады.[25][26] Діни ғимаратта бір мезетте 1200 жуық адам намаз оқи алады. Мешіттің 4 мұнарасының әрбірінің биіктігі 25 метрді құрайды. Шатырдың сәулеті классикалық үлгідегі көп деңгейлі күрделі құрылыс. Шатырында түрлі деңгейдегі 2-і бас күмбез және 15 кіші күмбездер орнатылған. Тамаша сәулет кешенінің ең көз тартар тұсы - ол өзіндік сәулет стилі мен ғимараттың сыртын Әзірбайжан елінен алдыртқан «Аглай» тасымен қапталғанында деуге болады.[25] Мешітте ғибадатханалар, неке қию рәсімін өткізуге арналған бөлмелер, Құран оқуға арналған залдар, мешіт қызметкерлеріне арналған кабинеттер, кітапхана, жалпы саны 350 адамға арналған асханасы да бар. Науан хазірет есімі 2015 жылы Көкшетау қаласында ашылған жаңа мешітке беріліп, тарихи тұлғаның Көкше өңіріне сіңірген өлшеусіз еңбегі ел жадында қайта жаңғырды.
- Ғалым мешіті — Көкшетау қаласы Ж. Ташенов көшесінде орналасқан. 1992-1995 жылдар аралығында салынған. Сол уақытта қала әкімі болған Асқар Хасенов ғимарат құрылысын қолға алып, біткен соң халыққа пайдалануға берген. Жері 0,3541 га, ғимараттың көлемі 281,6 шаршы метр. 250 кісіге арналған. Биіктігі 10 метр. Іші ақ керамикалық плиткамен безендірілген. Жеке жылытылады. Екі күмбездің түсі көгілдір, шеңберлері 2 метрден. 8 мұнарасы бар, үлкен екі мұнарасының биіктігі 25 метр. Ауласына ағаштар мен гүлдер егілген.[27]
- Нұр мешіті
- Ықылас мешіті
- Қазақстан қажылар ассоциациясы Республикалық діни бірлестігінің Ақмола облыстық филиалы
- Жойылған
- Бірінші мешіт. 1846 жылы салынған. Көкшетаудағы алғашқы мұсылман мешіті.
Қаланың бірінші мешіті |
Православие
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Қалада православие храмы — Архангел Михаил ат. Уәлиханов көшесіндегі православ шіркеуі бар.[29]
- Архангел Михаил православ шіркеуі — 1895 жылы салынған, 1949 жылы ашылған.
- Мәсіхтің қайта тірілу соборы Назарабаев, 71 (бұрын Горький деп аталған) даңғылында орналасқан.[30] Ғибадат орнының құрылысы 2015 жылы басталған. Қопа көлінің маңында табиғаты көркем жерде орналасқан бұл шіркеуге кем дегенде 1500 адам сыяды. Собор XIX ғасырдың ортасындағы орыс шіркеуінің негізінде салынған. Ол үшін заманауи технологиялар мен жоғары сапалы материалдар пайдаланылды. Ғибадатхананың жанында жексенбілік мектеп те ашылады.[31] Бұл ғибадат орны көпшіліктің қолдауымен салынған. Ол үшін арнайы қор құрылып, оған түрлі кәсіпорындар мен ұйымдар, кәсіпкерлер мен қарапайым тұрғындар қаржылай қолдау көрсетті. Бірлескен күш -жігердің арқасында 1 миллиард теңгеден астам қаржы жиналған.[32]
- Жойылған
- Жеңімпаз Қасиетті Георгий соборы. 1851 жылы салынған. 1940 жылы бұзылған. Көкшетаудағы алғашқы христиан шіркеуі.
Жеңімпаз Қасиетті Георгий капелласының көрінісі | Михаил-Архангел ғибадатханасы |
- Әулие Энтони Падуя атындағы рим-католиктік шіркеуі — қаладағы жалғыз рим-католиктік шіркеуі. 1997 жылы Ақан сері көшесінде Әулие Энтони Падуя атындағы рим-католиктік шіркеуі (костелы) ғимараты салынды.[33] Приходында келушілер 14 дыбысты пневматикалық органнан шығатын әуенді ести алады. Рим-Католик приходы Көкшетаудағы ең әдемі нысандардың бірі саналады және өзге ғимараттардан готика стилімен ерекшеленеді. Кез келген католик шіркеуіндегідей, оның ортасында бір және екі жағында екі құрбандық ошағы бар. «Біреуінде Фатимская Құдай анасының мүсіні тұр. Оны 2001 жылы Қазақстанға келген Рим Папасы Иоанн Павел II қастерлеген еді.
Басқа конфессиялар
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Көкшетаудағы пресвитериандық ғибадат орталығы |
Еңбек нарығы және әлеуметтік қорғау
[өңдеу | қайнарын өңдеу]2021 жылғы 1 тамызы жағдайы бойынша жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің тіркеу есебінде 729 жұмыссыз тұр, бұл 2020 жылғы көрсеткіштен 4,8% төмен. Ағымдағы жылдың басынан халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті органның көмегімен 1,474 жұмыссыз жұмысқа орналастырылды, бұл өткен жылдың көрсеткішінен 19,2% төмен. 2021 жылғы 1 тамыз жағдайы бойынша деректер базасында қаланың кәсіпорындары мен мекемелері бойынша 935 бос жұмыс орны тіркелген.[34]
Еңбек нарығындағы шиеленіс коэффициенті 0,8 құрады. Экономиканың түрлі салаларында 1,536 жаңа жұмыс орны құрылды, бұл 2021 жылға жоспарланған көрсеткіштің 60,7% -ын құрайды. "Жастар тәжірибесі" бағдарламасы аясында 94 адам уақытша жұмысқа орналастырылды. Жастар практикасы негізінен мемлекеттік мекемелерде ұйымдастырылады. Есепті кезеңде әлеуметтік жұмыс орындары 55 жұмыссыз үшін ұйымдастырылған, ол өткен жылдың көрсеткішінен 19,6% жоғары. Қоғамдық жұмыстарға 287 адам жіберілді, бұл 2020 жылғы деңгейден 9,7% төмен.[35]
Қылмыс
[өңдеу | қайнарын өңдеу]2020 жылдың қаңтар-шілдеде Көкшетау қаласының аумағында сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізілімінде барлығы 1 612 қылмыс тіркелді, оның ішінде 419 қылмыс ашылды. Сотқа – 225 іс жолданды.[36]
Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Тұрғын үй құрылысы
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Көкшетау қаласының тұрғын үй қоры 2005 жылдың басына 2447,6 мың м 2 құрды. Тұрғын үймен қамтамасыз ету 1 адамға 19,5 м 2 құрайды. Қала тұрғын үй қорының ширек шамасын бір-екі пәтерлі үйлер құрайды, көп пәтерлі үйлер арасында 2/3 аса тұрғын үй қоры 20-шы ғасырдың 50-70 жылдары салынған 4-5 қабатты үйлер үлесіне кіреді. Қабырғалардың материалдары бойынша кірпіш пен темірбетон панелдерінен салынған ғимараттар алады. 2005-2007 жылдары тұрғын үйді іске қосу орта есеппен жыл сайын 60 мың м 2 құрады.[37]
Жаңа тұрғын үй құрылысы көлемі есебінде қазіргі заманғы жағдай және тұрғын үймен орта қамтамасыз ету 1 адамға 19,5 м 2 - 22,1 м 2 дейін жеткізумен, барлығы қала тұрғын үй қорының 3434,0 мың м 2 дейін көбейтумен қолайлы тұрғын үй жағдайларының Бас жоспарын есептік мерзімге жеткізу үшін тұрғын үйді жыл сайын біртіндеп өсірудің беталысын ұстау қажеттілігі есептелді. Тұрғын үй саясатына басымдық даму аз қабатты үй-жай типіндегі құрылыс салуды алу. Құрылыс бос және қайта құрылатын аумақтарда да ескі тұрғын үйді бұзу мен бар құрылыс салуды тығыздау есебінен жүргізілетін болады.[38]
Көкшетау қаласы тұрғын үй аумақтарын қайта құру және дамытудың басымдық бағдарламалары халықтың барлық әлеуметтік қатары үшін әртүрлі үлгідегі тұрғын үйлермен тұрғын үй аудандарының құрылысын салудың жиынтығы болып табылады, бұл құрылысқа шығынды төмендетуге ықпал етеді және қаланың қазіргі заманғы келбетін қалыптастыруды қамтамасыз етеді. Жаңа тұрғын үй құрылысының аса ірі аудандары - "Сарыарқа", "Көкше", "Бейбітшілік", "Бостандық", "Жайлау", "Бірлік", "Бұқпа" және "Қопа" көлі ауданы. Таңдаулы тұрғын үй құрылысын салу орман екпе ағаштарынан бос учаскелерде "Сарыарқа", "Қопа" көлі ауданында қайта жаңартылған аумақтарда және қаланың аса маңызды қала құрылысы желілерінің сәулет келбетін жақсартуды қалыптастыру мақсатында жалпы қалалық орталықта тұрғын үй массивтері қалыптасатын болады.[39]
Тұрғын үй құрылысы массиві арасында орналасқан бар өндірістік кәсіпорындарды жоғары технологиялық, энергия сыйымдылық және экологиялық өндірістерге біртіндеп бағдарлау керек. Сауда-тұрмыстық кешендер, спорт залдар мен ойын-сауық орталықтарының хауыздары, көп қабатты автопаркингтер түрлерінде қала және жалпы қалалық маңызы бар объектілерге өндірістік ғимараттарды қайта жаңарту үшін жабық аумақтық қорларды аса тиімді қолдану. Өндірістік объектілерін қайта құруды жобалаудың ұқсас практикасы дамыған шет елдерде кең тәжірибеге ие.[40]
2021 жылғы қаңтар-шілдеде 119, 781 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді, оның ішінде: ЖТҚ — 50, 521 мың шаршы метр, коммерциялық тұрғын үй — 69, 260 мың шаршы метр.
Канализация
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Қаланың канализациялық тазарту имараттарының қуаттылығы тәулігіне 32,0 мың м 3 . Су тарту келесі схема бойынша жүзеге асырылды: бағытсыз коллекторлар, канализациялық сорғылық станциялар мен тегеуріндік құбыр желілері шаруашылық-нақақтық және өндірістік ағындылар жүйесімен N 2 және N 7 КТС басты канализациялық тегеурінді станцияларға беріледі.[41] Қалада барлығы 15 канализациялық тегеурінді станциялар, соның ішінде тәулігіне 1,2 мың м 3 тәулігіне 32 мың м 3 дейін Красный яр кентінде - 2 бірлік және Станционный кентінде - 1 бірлік бар.[42]
Газбен қамтамасыз ету
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Қазіргі уақытта Көкшетау қаласының тұтынушыларын темір жол бойынша және Ресей мен Қазақстан мұнай өңдеу зауыттарынан ауыр жүкті автоцистерналармен келетін сұйылтылған көміртегі газын (СКГ) қолдану жүзеге асырылады. СКГ жақын өнім берушісі болып Павлодар МӨЗ табылады. Көп қабатты тұрғын үй секторында ішкі кварталдық газ жүйесінің санын азайтуға байланысты көп жылдан бері орталықтандырылған газбен қамтамасыз етудің жоқтығының салдарынан жаңадан алынып жатқан көп қабатты тұрғын үйлерде (5-9 қабатты) электр плиталарын қондыру қарастыру тенденциясы жоспарланды. Газбен қамтамасыз етудің бар жүйесін табиғи газға ауыстыру мәселесін қайта қарау қажет. Экономикалық тиімділік, ұқсас іс-шаралардың мақсатқа лайықтылығы техникалық-экономикалық есептер негізінде әлденеше дәлелденген болатын.
Жылумен қамтамасыз ету
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Қазіргі кезеңде РК-2 жылудың орнатылған қуаттылығы сағатына 282,919 Гкал құрайды, жылуды тұтыну жылына 1 473 442,1 Гкал құрды. Көкшетау қаласының бас жоспарын дамыту бойынша жылумен қамтамасыз ету жүйесін одан әрі дамытудың негізіне бірінші кезекте және есептік мерзімге РК-2 базасында орталықтандырылған жылумен қамтамасыз етуді сақтау қойылды. Есептік мерзімге дейінгі кезеңге өз мерзімінде қызмет көрсеткен барлық бар магистралды жылу желілерін қайта жаңарту мен ауыстыру жоспарланып отыр, бірінші кезекте 38 км. Бірінші кезекте 2010 жылға дейін барлық бар сорғы стансаларын жабдықтарды ауыстырумен жаңарту жоспарлануда. Көкшетау қаласының жалпы жылулық жүктемесі келесі мөлшермен сипатталады: 2010 жылы - сағатына 435,6 Гкал; 2020 жылы - сағатына 661,5 Гкал.
2023 жылда, түрік инвесторы Көкшетауда ЖЭО салуға қызығушылық танытты. Көкшетаудағы жаңа ЖЭО-ның электр қуаты 240 МВт, жылу қуаты – 520 Гкал/сағ. Жобаны қаржыландыру тендерде жеңіп шыққан инвестордың қаражаты есебінен жүзеге асырылады.[43]
Электр қуатымен қамтамасыз ету
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Қазіргі уақытта Көкшетау қаласында электр қуатын меншікті өңдеуші жоқ. Қаламен тұтынылатын барлық электр энергиясы сатып алынған, осыған байланысты қала және облыс тұтынушылары мерзімінде төлемақы төлемеу салдарынан электр энергия көзін сөндірудің әрдайымғы қоқан-лоққысын көреді. Қазіргі уақытта қалада электр тұтыну деңгейі, әсіресе мәдени-тұрмыстық секторда және өнеркәсіпте жоғарылаудың тұрақты тенденциясы бақыланып отыр. Осыған байланысты электрмен қамтамасыз етудің бар және жаңа жүйелерін қайта жаңарту талап етіледі.
Қаланы санитарлық тазарту
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Қазіргі уақытта қатты тұрмыстық қалдықтар және өнеркәсіп кәсіпорындарының өндірістік қоқыстары қаладан 10 км әуежайға жол бойынша орналасқан ҚТҚ полигонына шығарылады. Қалада жоспарлы-жүйелі тазарту халықтың 70% қамтиды. Жобамен жаңа ҚТҚ полигонының құрылысы (жетілдірілген қоқыстар үйіндісі) қарастырылады. Полигон ауданының 0,03 га қоқыстың 1,0 мың тонна оқшаулау нормасында есептік мерзімге 30 га құрайды.
Қаланың құрылу тарихы
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Көкшетау – Қазақстанның тарихы бай қалаларының бірі.
1880 жыл: Артқы жағындағы Бұқпа тауы | Қаланың орталық бөлігі. Көкшетау қаласы. XX ғасыр | 1916 жыл: Көкшетаудағы әскери госпиталь |
Маңызды оқиғалар хроникасы:
Ежелгі замандарда
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Қазіргі қала орналасқан аумаққа жергілікті халық ежелгі замандарда-ақ қоныс салып, қорғандар тұрғызған; Бурабай кеніші, Бурабай қонысы. Көкшетау өңіріне халық ежелгі заманда-ақ қоныстана бастаған.
- 6 – 8-ғасырларда Түрік қағандығының құрамында, ол ыдырағаннан кейін әр кезеңдерде қимақ, қыпшақ, т.б. түркі тайпаларының иеліктерінде болды.
- 13 – 15-ғасырларда Алтын Орда мемлекетінде түркі тайпаларының өзара сіңісуі нәтижесінде біртұтас этникалық топ – қазіргі қазақ халқы қалыптасты.
Қазақ хандығы
[өңдеу | қайнарын өңдеу]- 1560 – 1564 жылдары Қазақ хандығы құрылды.
- 17-ғасырдың орта тұсында пайда болған Жоңғар хандығы қазақ халқына үлкен қатер төндірді. Қазақ даласының басқа жерлеріндегі сияқты Көкшетау өлкесінде де жоңғарлармен болған қиян-кескі шайқастарда қазақ батырлары (Бөгенбай, Сары, Баян, Қарасай, Ағынтай, Қабанбай, Олжабай, т.б.) асқан ерлік көрсетті.
- 18-ғасырдың 40-жылдарынан бастап ордасын Көкшетауға тіккен Абылай хан басқарған Қазақ хандығы өзінің бұрынғы күш-қуатын қалпына келтірді. Ресей, Қытай, Ауған мемлекеттері мен Бұхар, Қоқан, Хиуа хандықтары Көкшетаудағы Абылай ордасына өз елшілерін жіберіп тұрды. Абылай хан қайтыс болғаннан кейін Көкшетау жерінде қазақ халқының тарихында үлкен із қалдырған оқиғалар өтті. Қазақ хандығы тұтастығын жоғалта бастады да, Көкшетау өңірі Абылай хан әулетінің (Уәли, Қасым, Ғұбайдолла, т.б.) ата қонысына айналды.
Ресей отарлауы: Көкшетау бекінісінің қалануы
[өңдеу | қайнарын өңдеу]- Көкшетау қаласының іргетасы әскери қоныс, Көкшетау сыртқы округінің әкімшілік орталығы ретінде қаланды. Оның ресми ашылуы 1824 жылдың 29 қаңтарында Бурабайда, Көкшетау тауының оңтүстік беткейінде жүзеге асты.
- 1824 ж. 30 сәуірде Бұқпаның бөктері, Шағалалының сол қапталындағы Шат шатқалының ішінен (қазіргі Көкшетау-Қостанай тас жолымен) қаладан шыға берістегі Шағалалы өзені үстінен өтетін көпірдің тұсы) Ресей империясының шығыстағы шекаралық әскери бекінісінің құрылысы басталды.
- 1824 ж. 17 қыркүйекте (жаңа күн санауы бойынша 30 қыркүйекте) Ресей империясы Сенатының шешімімен Көкшетау бекінісі (орыс. Кокчета́вская) ресми тізімге енгізілді.[44]
- Алайда бірқатар себептерге байланысты бұл жерде қоныс құрылысын жүргізу мүмкін болмады, 1827 жылдың жазында қолайлы орын – Бұқпа тауының етегі, Қопа көлінің жағасында анықталды.
- 1839 ж. Көкшетауға әскери гарнизоны әкелініп, казактар станицасы құрылды.
- 1858 жылдан бастап қоныстың жанынан мещандық, қалалық бөлігі салына бастады.
Ресей отарлауы: Уездік қала дәрежесінде
[өңдеу | қайнарын өңдеу]- 1868 ж. сыртқы округтер таратылып, Ақмола облысы құрылды. Көкшетау сыртқы округі оған уезд ретінде еніп, Көкшетау бекінісі оның орталығына айналды.
- 1882 ж. жарық көрген “Сібірдегі қалалар мен кенттердің экономикалық жағдайы” деген басылымда мынадай мәліметтер жазылған: “Көкшетау үлкен станица мен соған жалғасқан кенттен тұрады. Станицадағы тұрғындар саны қаладағыдан төрт есе көп. Сондай-ақ, онда шіркеу, көпшілік орындар, уч-ще, жәрмеңкелер мен базар бар. Станицада 300-ге жуық үй, 1800-ден астам адам тұрады. Қалада не бары 60 – 70 үй және 450 мещан мекен етеді. Қалада екі көше ғана болса, станицада жетеу...”.
- 1887 ж. Көкшетау тұрғыны 5 мың адамға жетті. Екі кірпіш зауытында тұрақты 5 – 10 жұмысшы, маусымдық 15 – 20 жұмысшы болды. Шағын арақ-спирт зауыты, шойын құю шеберханасы, 1 бу диірмені мен 20 жел диірмені жұмыс істеді.
- 1895 ж. Көкшетау қала мәртебесіне ресми түрде 1895 жылы ие болды. Жалпыресейлік санақ мәліметтері бойынша аталған кезеңде Көкшетауда 5 мың тұрғын өмір сүрді.
- 1898 ж. жарық көрген “Ресейдегі болыстар мен елді мекендер” деген басылымда Көкшетау уездік қала делініп, “онда 2 мешіт, 1 шіркеу, пошта-телеграф кеңсесі, бастауыш мектеп, 15 орындық аурухана, дәріхана, 2 дәрігер бар” деп жазылған. Үйлердің барлығы да ағаштан қиылып салынатын болған. Соған байланысты Көкшетауды кезінде “ағаш қала” деп те атаған.
- 1910 ж. шойын құю шеберханасының механигі Захаров қала тұрғындарына тұңғыш рет өз киноаппаратымен дыбыссыз кино көрсетті.
- 1913 ж. қаңтарда қала санағы өткізілді.
- 1916 ж. Көкшетауда алғаш рет қуаты 8 кВт/сағ электр станыиясы жұмыс істей бастады.
- 1917 ж. Кеңес үкіметі Көкшетау уездінде 1917 жылы желтоқсанда орнады.
- 1917 ж. жалпыресейлік санақ мәліметтері бойынша аталған кезеңде Көкшетауда 10 мың тұрғын өмір сүрді.
- 19 ғ-дың 60 жылдарынан Көкшетау қаласының ортасындағы Покров (қазақтар оны Боқырау жәрмеңкесі деп атаған) базарында жәрмеңке өтіп тұрды. Жәрмеңке 1918 жылға дейін жұмыс істеді.
КСРО құрамында
[өңдеу | қайнарын өңдеу]- 1918 жылдың наурызынан Жұмысшы, солдат және шаруа депутаттарының Көкшетау уездік кеңесі Бурабай консерві зауытын, Харламовтың сіріңке фабрикасын, Көкшетау бу диірменін, Айдабол спирт зауытын, Бурабайдағы санаторий мен саяжайларды мемлекет меншігіне айналдырып, Көкшетаудың бүкіл кәсіпорындарын өз қарауына алды.
- 1921 ж. 21 ақпанда Көкшетау уезінде Кеңес үкіметіне қарсы қарулы көтеріліс болды. “Есіл бүліншілігі” деп аталған бұл бас көтеруді Қызыл армия бөлімшелері күшпен жаныштады.
- 1922 ж. Көкшетау – Қызылжар (Петропавловск) темір-жолы (ұзындығы 200 км-ге жуық) іске қосылды.
- 1928 ж. әкімшілік реформаларға байланысты уездер таратылып, олардың негізінде аудандар құрылды. Көкшетау уездінен бірнеше аудандар, соның ішінде Көкшетау ауданы құрылды. Көкшетау аудан орталығына айналды.
- 1928 ж. элеватор салынды, ағаш өңдейтін және тігін бұйымдары артельдері жұмыс істей бастады.
- 1932 - 1936 жылдар аралығында Көкшетау Қарағанды облысы құрамына кірді.
- 1936 - 1944 жылдар аралығында Көкшетау Солтүстік Қазақстан облысы құрамына кірді.
- Екінші дүниежүзілік соғыс жылдары қалаға КСРО-ның батыс аумағынан бірнеше зауыттар мен өнеркәсіп орындары көшірілді. Кейін олар қаланың өнеркәсіп кешенінің одан әрі дамуына ықпал етті. Көкшетау прибор жасау зауыты (1917 жылға дейін Шойын құю цехы деп аталған)
- 1942 ж. Подольскіден (Ресей) көшіріліп әкелінген тігін машиналары зауыты қосылғаннан кейін Көкшетау механикалық зауыты болып аталды.
- 1944 жылдың 16 наурызында Қазақ КСР Жоғары Кеңесі Төралқасының Жарлығымен Көкшетау облысы құрылып, оның орталығы Көкшетау қаласы болды.[45]
- 1954 ж. 31 шілдеде “Көкшетау қаласын салу және оны көріктендіру туралы” Бас жоспар қабылданды. Әуежай ғимараты, темір-жолдар және автовокзалдар салынды.
- 1960 - 1970 жылдарға Көкшетауда қалалық инфрақұрылымның жедел өсуі мен дамуы тың және тыңайған жерлерді жаппай игеру сәйкес келді. Аталған жылдары қала қазіргі бет-бейнесіне ене бастады. Осы кезеңде қаланың барлық негізгі нысандары салынды, олардың басым бөлігі: зауыттар, фабрикалар, денсаулық сақтау, мәдениет, білім беру салаларының мекемелері қазіргі уақытта да қызмет етеді. Үй құрылысы белсенді түрде жүргізілді.
- 1989 ж. 19 желтоқсанда Көкшетау қаласы АҚШ-тың, Висконсин, Уокешо қаласымен бауырлас қала атанды.
Тәуелсіз Қазақстан дәуірі
[өңдеу | қайнарын өңдеу]- 1993 жылғы 7 қазан шешім бойынша, орыс тіліндегі атауларды транскрипциялау туралы ҚР Жоғарғы Кеңесі Президиумының қаулысы шықты: ұлттық топонимиканы жаңғырту мақсатында қала атауы орыс тілінде Кокчетавтан Көкшетауға болып өзгертілді.
- 1996 жылда Ш.Уәлиханов ат. Көкшетау педагогикалық институты, С.Сәдуақасов ат. ауылшаруашылығы институты және Қарағанды политехникалық институты филиалы негізінде Ш.Уәлиханов ат. Көкшетау мемлекеттік университеті құрылды.
- 1997 ж. 3 мамырда Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің Жарлығымен құрамына сол уақытта 16 аудан, 4 қала және 10 қала типтес елдімекен кірген Көкшетау облысы таратылып, Көкшетау қала облыс орталығы мәртебесінен айырылды және оның аумағы Ақмола және Солтүстік Қазақстан облыстарына қосылды, көбісі екі жыл бойы Солтүстік Қазақстан облысының құрамында болды.
- 1999 ж. 8 сәуірде Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президентінің Жарлығымен Ақмола облысының орталығы Астана қаласынан Көкшетау қаласына көшірілді: Көкшетау қайтадан облыстық орталық мәртебесіне ие болды.[46]
Мемлекеттік бюджет
[өңдеу | қайнарын өңдеу]2021 жылғы 1 тамыз жағдайы бойынша барлық деңгейдегі бюджеттерге 36 924,6 млн.теңге көлемінде салықтар мен алымдар түсті немесе жоспар-болжамға 105,5%. 2020 жылғы деңгейге қарағанда түсімдер 8644,4 млн. теңгеге азайды. Республикалық бюджетке аударымдар жоспары 100,7%-ға орындалды (15 071,1 млн.теңге). Жергілікті бюджетке 21 853,4 млн. теңге түсті, бұл кезең болжамының 109,0%-ын құрайды.[47]
Экономикасы
[өңдеу | қайнарын өңдеу]2021 жылдың қаңтар-шілдеде негізгі капиталға салынған инвестициялар көлемі 33 074,2 млн. теңге деңгейінде қалыптасты, бұл ретте нақты көлем индексі 93,5%-ы құрады. 2021 жылғы 1 тамыз жағдайы бойынша жұмыс істеп тұрған шағын орта кәсіпкерлік субъектілерінің саны 16 687 бірлікті құрады, бұл өткен жылғы көрсеткіштен 8,0%-ға жоғары. Көкшетау қаласының шағын бизнес саласындағы жұмыс істеп тұрған және жаңадан құрылған кәсіпорындарында жыл басынан бері 673 жаңа жұмыс орны құрылды. Барлық өткізу арналары бойынша бөлшек сауда тауар айналымының көлемі 85 923,0 млн.теңгені немесе өткен жылдың көрсеткішіне 100,2% құрады. 2021 жылғы қаңтар-шілдеде ауыл шаруашылығының жалпы өнім көлемі 1 666,2 млн. теңгені құрады, нақты көлем индексі 127,5% құрады.[48]
Сауда
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Басқа қалалар сияқты Көкшетаудың да тіршілігінде базар саудасы, сауда үйлері үлкен рөл атқарады. Қарақұрым жұрттың көпшілігі күнін «Орталық базар» айналасындағы «Рио», «Рубин», «Армада» сияқты сауда орындарынан бастап орталықтағы ЦУМ-да өткізеді.[49]
Экономикалық қызмет
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Көкшетау қаласы аумағында экономикалық қызметтің салааралық құрылымын қайта ұйымдастыру ұсынылып отыр, соның ішінде: ғылымның, білім берудің, мәдениет пен жоғары технологиялық өнеркәсіптің рөлін сақтау; өндірістік, іскерлік және әлеуметтік инфрақұрылымдардың, қызмет көрсету салаларын, туризм мен рекреацияның дамуын ынталандыру; экологиялық қауіпті және ресурстарды қажет ететін өндірістерді тарату, қайта ұйымдастыру.
Материалдық өндіріс салаларының қайта құрылымдалуын жүзеге асыру ғылымды қажет ететін және ресурстарды сақтайтын технологиялар пайдасына ұсынылып отыр. Көкшетау қаласының облыстық маңызы бар қала мәртебесін сақтау және ғылыми-техникалық, білім беру, мәдени, әлеуметтік, өндірістік және инфрақұрылымдық әлеуетін, облыстық және республикалық маңызы бар рыноктық инфрақұрылымдар институттарының желісін қарқынды дамыту көзделіп отыр. Экономиканың мемлекеттік және жеке меншік секторларының, шағын және орта кәсіпкерлікті дамытудың одан әрі тиімді үйлесімі мен өзара қатынасы жоспарланып отыр.
Бас жоспармен аумақтардың экологиялық қауіпсіздігін көтеріп, қала құрылысы әлеуетін қаланы дамыту мүддесінде аса тиімді пайдалану мақсаты бар өндірістік аумақтарды қайта ұйымдастыру ұсынылып отыр. Болашақта Көкшетау қаласы - шағын бизнес орталықтарының қалыптасқан желілерімен туризм орталығы, жоғары қонақ үй, мейрамхана және ауылшаруашылық, машинақұрылыстық өнімдері, жеңіл және тағамдық өнеркәсіп тауарларының халықаралық көрме өткізу үшін көрмелік кешендері ретінде қарастырылады. Көкшетау қаласын дамытудың мақсаты барлық әлеуметтік проблемалардың шешіміне байланысты сенімді инженерлік-көліктік инфрақұрылыммен орнықты және бәсекеге қабілетті қалыптастыру болып табылады.
Өнеркәсіп саласы
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Көкшетау — Қазақстанның маңызды экономика орталықтарының бірі. Қазір қалада 2 мыңнан астам түрлі меншіктегі әртүрлі өнеркәсіп жұмыс жасайды. Олардың кейбіреулері белсенді қызмет атқарады және қала ішінде, сонымен қатар Қазақстанның сыртында үлкен беделге ие. Қалада жекеменшік кафе, дүкен, шаштараз, бөлімшелер жұмыс жасайды. Қазақстанның ірі банкілерінің филиалдары қызмет атқарады. 1941 жылы Көкшетауға эвакуациямен Подольск іс машиналарын шығару зауытының жұмысшылары мен құрал-жабдықтары тиелген эшелон келді. Ол қалада жұмыс істеп тұрған механика зауытына келіп орналасты да, бірден әскери-корғаныс өнімдерін шығаруға кірісті.
2005 жылы Көкшетау қаласында облыстық статистикалық басқармасы деректері бойынша 120, соның ішінде орташа және ірі 24 және кіші 96 (50 - адамнан кем емес қызметкерлер санымен) қолданыстағы өнеркәсіп кәсіпорны есептелді. 2004 жылы өнеркәсіптік өнімнің көлемі 11846,8 млн. теңгені құрды. Сала қызметкерлерінің саны 7,72 мың адамды құрды. Орташа және ірі кәсіпорындар үлесіне 9376,9 млн. теңге немесе көлемнің 79% келеді. Саланың валдық өнім көлемі 2010 жылы 32 млрд. теңге шамасын құрайды, бұл бастапқы жылдың деңгейін 3 есе жоғарылатады. 2010 жылы жұмыс орны саны 11 мың астам құрайды, бұл бастапқы жылдан 4 мың орынға артық.
Көкшетау қаласында тамақ және жеңіл өнеркәсіп, машина жасау, металл өңдеу, химия өндірісі, металл емес бұйымдар өндіру, картон мен қағаз өндіру кәсіпорындары, жылу, электр энергиясын, газ және су тарату мекемелері бар. Көкшетау қаласындағы ірі өнеркәсіп кәсіпорындары: алтын өндіретін “Васильков алтын” бірлескен кәсіпорны, оттектік тыныс алу аппараты, салмақ өлшеу техникасы, су шығынын есептеуіш аспабы, авиация техникасы агрегаттары мен тораптарын жасайтын “Тыныс” акционерлік қоғамы, әуе-ғарыш техникасындағы тіршілікті қамтамасыз ету жүйесіне арналған агрегаттарды өндіретін “Наука-Восток” акционерлік қоғамы.[50]
Қалада ауыл-шаруашылық шикізаттарын өңдейтін кәсіпорындар желісі жақсы дамыған. Мысалы, ет комбинаты, май өнімдерін шығару зауыты, астық қабылдау пункті, сусындар шығаратын, жеңіл өнеркәсіп (тігін және тоқыма өнімдері) кәсіпорындары және фарфор бұйымдарын шығаратын зауыт жұмыс істейді. 1993 жылы 25 қарашада Көкшетауда айырбастау пункттері жұмысын бастады. Қалада 4,5 мың шағын кәсіпорын бар. Шағын бизнес 19,5 мың адамды жұмыспен қамтыған (2001 ж.).
Өнеркәсіп секторында 2021 жылғы қаңтар-шілде бойынша өнеркәсіп өнімі өндірісінің көлемі 124 507,5 млн.теңгені құрады, нақты көлем индексі 188,4%. Жалпы өнеркәсіп бойынша нәтижелерді қалыптастыруға өңдеу өнеркәсібі барынша әсер етеді. Өнеркәсіп өндірісі құрылымында ең көп үлес алатын өңдеу өнеркәсібінде (83,6%) 2021 жылдың қаңтар- шілдеде 104 100,9 млн. теңге сомасына өнім өндірілді.[51]
Салалар | Кәсіпорындар |
---|---|
Машина жасау және метал қорыту | АО «КАМАЗ — Инжиниринг» | АО «Тыныс» |
Тау-кен өнеркәсібі | «Алтынтау Көкшетау» АҚ |
Жеңіл өнеркәсіп | ТОО «Новопэк». |
Құрылыс материалдарының өнеркәсібі | ТОО «Енки». |
Азық-түлік өнеркәсібі | ТОО «МПЗ БИЖАН» | «Көкшетау минералды сулары» АҚ. |
Таратылған кәсіпорындар
[өңдеу | қайнарын өңдеу]1960-1970 жылдары ескі, қайта жабдықталған және жаңа өнеркәсіп кәсіпорындары іске қосылды. Радиозауыт, Васильков кен-байыту комбинаты және т.б. жұмыс істей бастады. 1997 жылы экономикалық қиындықтарға байланысты қаланың ертеден келе жатқан прибор жасау зауыты (КПЖЗ) өз жұмысын тоқтатты.
Телекоммуникация жүйесі
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Стационарлық байланыс
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Көкшетау телефон нөмірлері 6 саннан тұрады. Қала коды — 7162. Қаладағы стационарлық байланыстың негізгі операторы — «Қазақтелеком» Ақмола бөлімшесі.[52] Көкшетаудың телекоммуникациялық жүйесінің негізін жалпы сыйымдылығы 30 мың нөмірлі АТС-тер құрайды. 2005 жылғы 01 қаңтарға Көкшетау қаласының телефон желісі 42,634 нөмір жалпы құрастырылған сыйымдылығы он жеті телефон стансаларымен ұсынылған.
Қаланың абонент желісін одан әрі де телефон канализациясында магистралдық кабель салумен шкафтық жүйеде салу ұсынылады. Жобамен жаңа тұрғын үй-азаматтық құрылыс аудандары бағыттарында қосымша кабелді канализацияның құрылғысы және телефон кабелді канализацияға байланыстың әуе желілерін кезең кезеңмен салудың қажеттілігі белгіленеді. Телекоммуникация қызметтерін қанағаттандыру мен кеңейту үшін бар телекоммуникациялық желілерді кезең кезеңмен жаңарту ұсынылады, мұнда телефондардың телефон тығыздылығын (100 тұрғынға) 35 бірінші кезекте қабылдау.
Ұялы байланыс
[өңдеу | қайнарын өңдеу]- 1999 жылы — Көкшетауда ұялы байланыс пайда болды. Е. Әуелбеков көшесі бойындағы типография ғимаратында «К – Mobile» компаниясының өкілдігі орналасты.
- 2000 жылы — ЖШС «Көкше-байланыс» қалада «Kcell» ұялы байланысы өкілдігін ашты.
Көкшетау қаласының ескерткіштері
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Көкшетау қаласының көптеген ескерткіштері де туристерді қызықтыруы мүмкін.
- Шоқан Уәлиханов ескерткіші - ескерткіштің авторлары - мүсінші Т. Досмағамбетов, сәулетші К. Абдалиев.[53]
- 1991 ж. XIX ғасырдың белгілі ақындары Біржан сал мен Ақан сері ескерткіштері ашылды. Авторлары – сәулетші А. Қайнарбаев, мүсінші Т. Досмағамбетов. Ақан сері ескерткіш портреттік кескіндерді өңдей отырып, риалистік мәнерде шешілген. Ақан сері шапанмен, тақиямен және етікпен, домбырасымен отырған күйде бейнеленген. Мүсінші жаңа ән шығару алдындағы ойға шому күйін жеткізген. Ақан сері 1913 жылы қыркүйек айында қайтыс болды. Ақан сері өмірінің соңына өшпес үлкен мұра қалдырды. Оның «Сырымбет», «Мақпал», «Қараторғай», «Алтыбасар», «Құлагер» және басқа да әндерін халық әлі күнгі дейін айтып жүр.[54]
- Абылай хан ескерткіші - 1999 жылы Көкшетау қаласы Ақмола облысының орталығы болды. Осы жылдары Көкшетау қаласының орталық алаңында Абылай ханға ескерткіш орнату туралы шешім қабылданды. Ескерткіш Көкшетау қаласының орталық алаңында орналасқан. Ашылу салтанатына 1999 ж. 5 қарашада Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаев Абылай ханның жерленген жер - Түркістаннан Қожа Ахмет Яссауи кесенесінен әкелінген жерді қойды. 1999 жылы 5 қарашада Абылай ханның ескерткішінің ашылу салтанатында Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев: “ Абылай –біздің ұрпақтарымыз үшін- алып күш. Бұл есіммен қазақ халқының мемлекеті мен тәуелсіздігі тығыз байланыста болып келеді, ал Қазақстанда алғашқы болып Абылай ханға арналған ескерткіштің ашылуы- тарихи әділеттілік болып саналады” деп атады. Аталмыш ескерткіштің авторы - Ю.Д. Баймукашев және сәулетші Т.М. Жұмағалиев. Ақсақалдардың айтуынша, автор бейбітшілік, даналық және халықтардың бірілігін бейнелеген. Басы жоғары көтеріңкі, бір қолы бүйіріне таянып тұр, екінші қолы тізесінде. Биікке көтерілген төбесінді қанатын жайған лашын бар үш қосылған діңгектен құралған «өмір ағаш» халықтың бірлігін бейнелейді. 2000 жылдар Абылайхан алаңы аты берілген сәулеттік кешені- Көкшетау қаласы тұрғындарының демалатын орын болып саналады. Қазіргі таңда бір де бір мерекелік іс-шара Абылай хан ескерткішінің алдына гүл шоқтарын қоюмен өткізілмейді, ескерткіш алдында гүлзарлар мен газондар, әрі қарай фонтанмен жалғасады. Монументі қызықтап көру үшін қала қонақтар мен жастар келеді. Орталық алаң - міндетті жас жұбайлардың орны болып саналады, өйткені неке рәсімінен кейін, барлығы осы алаңға келіп Абылай ханға құрмет көрсетеді.[55]
- «Ананың ақ тілегі» - монументалды-скульптуралық композициясы 2001 жылы Қазақстан Республикасының Тәуілсіздігінің 10 жылдығына арнап қойылды. Қолын жоғары көтеріп, түрегеп тұрған әйелдің ана бейнесі вокзалға қарап, Көкшетау жеріне келгендерге ақ батасын беген кейіпте бейнеленген. «Ананын ак тiлегi» монументальді мүсіннің авторлары Ленин және комсомол, сәулет сыйлығының лауреаты, СССР суретшілер Одағының мүшесі, Қазақстан Республикасының сәулетшілер Одағының мүшесі - Ж.К. Молдабаев, сәулетшілер Т.М. Жұмағалиев пен А.Ш. Шаяхметов.[56]
Ескерткіштің жалпы биіктігі-13,9 м., мүсіннің биіктігі - 4,45 м., тастұғырдың төменгі диаметрі - 9 м. құрайды. Мүсіннің материалы- қоладан жасалған, тастұғыры алюкобондпен қапталған.
- В. И. Ленинге арналған 3 ескерткіш бар.
- Ұлы Отан соғысының мемориалы - күміс бес бұрышты жұлдыз және қолында төмен туы бар солдат бейнесі өлгендерді еске алды. Мемориал 1977 жылы қарашада ашылды. Жақын жерде-Мәңгілік алау және Ақмола облысының 47 тумасы, Кеңес Одағының Батырлары. Жыл сайын 9 мамыр мен 22 маусымда қала тұрғындары қайтыс болғандарды еске алу үшін гүлдер қалдырады.[57]
- Кеңес одағының батыры М. Ғабдуллин ескерткіші - Ескерткіштің ашылуы жазушының 100-жылдығына және Ұлы Отан соғысының 70 жылдығына арнайы ашылды. Авторы: мүсінші - Ермеков Т.Т. Ескерткіште майдангер-жазушы майданнан жаңа келген, өзінің халқы үшін еңбектенетін күш–қуатты, қолына кітап ұстап тұрған жас жазушының суреті бейнеленген. Ескерткіш қоладан жасалған, биіктігі - 3,5 метр, куртиндік граниттен жасалған тұғырда орнатылған, биіктігі 2,4 метр. Айналасында (гүлзарлар мен орындықтар) орнатылған. Ескерткіш құрылысының бастамашысы: Ақмола облысының қоғамы мен әкімшілігі.[58]
Қалада қарауға тұрарлық жерлер
[өңдеу | қайнарын өңдеу]- Абылай хан алаңы
- Тәуелсіздік алаңы
Абылай-хан алаңы |
Транспорт
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Көкшетау маңындағы жол айрығы. Қаланың кіре берістегі көрінісі. | Көкшетау Халықаралық Әуежайы қаланың солтүстік-шығысқа қарай 12.5 шақырым қашықта орналасқан. | Көкшетау вокзал маңы ауданы |
Көкшетау қаласы — автомобиль, әуе және темір жолдарының ірі торабы. Бас жоспарда сыртқы көлік жүйесінің дамуы (әуе, теміржол, су, автомобиль және құбыр) және қалалық көше-жол желісінің құрылыстары мен жаңа құрылыс нысандарын салу және қалпына келтіру, көлік жолдарының, көпірлер мен қала көлігінің дамуы бойынша өткізілетін іс-шаралар көрсетілген.
Әуежай
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Қала маңында ұшып-қону жолдары бар әуежай кешені орналасқан. Халықаралық Көкшетау әуежайы (ағылш. Kokshetau International Airport) — Көкшетау қаласында орналасқан әуежай. 1945 жылы салынған. Ол Көкшетау орталығынан солтүстік-шығысқа қарай 12.5 шақырым қашықта, Ақкөл ауылы мен А-13 автожолының арасында орналасқан. 2018 жылы әуежай 21,427 жолаушыға қызмет көрсеткен (2017 жылмен салыстырғанда 2.7%-тік кему).
Көкшетау әуежайы халықаралық әуежай мәртебесіне ие, барлық халықаралық талаптарға және ICAO 1 санатына сәйкес келеді. Қазіргі уақытта көптеген жылдардан бері ұйымдастырылған хабарламалар: Алматы мен Ақтау.[59] Көкшетау әуежайында "ашық аспан" режимі қолданылды.[60]
Көкшетау көшелері
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Қазақстан Республикасы КСРО-дан өз тәуелсіздігін алғаннан кейін Қазақстан аумағында көптеген орыс тіліндегі көшелер мен мектептер және тағыда басқа ұйым атаулары қазақ тіліне аударылды.[61][62] Көкшетау - көшелері толық қазақшаланған Қазақстандағы бірінші қала.[63] Қазіргі таңда Көкшетау қаласында 250 жуық көше бар.
Көше-жол желілерін дамыту жоспарында Горький, Ғабдуллин, Мир, Әуелбеков, Ақан сері және тағы басқа көшелерін одан әрі абаттандыру және жолды кеңейту ұсынылып отыр. Әуезов көшесін шығыс бағытында темір жол сызықтары арқылы ұсынылған айналма магистралына дейін тесіп шығу керек, "Сұңқар" шағын ауданы жанындағы Ғабдуллин көшесін Уәлиханов көшесі қиылысына дейін және одан әрі Чкалов көшесі бойынша оңтүстік айналма жолына дейін жалғастыру керек.
Автокөлік; такси
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Көкшетау қаласындағы автомобиль жолдарының ұзындығы 267 км. Жүк тасымалының басым бөлігін автомобиль көлігі атқарады. Шоссе жолдарының ірі торабы.
Қаланың негізгі автокөлік магистральдері:
- А-1: Астана — Петропавл трассасы өтеді.
- А-13 (бұрынғы Р393): Көкшетау — Кішкенекөл — Бидайық — Ресей шегарасы — Омбы бағыты
- P-11: Көкшетау — Рузаевка (Қостанайға дейінгі M-36 трассасына қосылады, Челябіге шығады).
- P-12: Көкшетау — Атбасар
- Айналып өтетін жол
Теміржол көлігі
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Көкшетау теміржол вокзалы — Ақмола облысысының әкімшілік қаласында орналасқан Қазақстан темір жолының Көкшетау аймағының теміржол вокзалы.[64] Көкшетау қаласы Орта Сібір теміржол магистралы, сонымен қатар Транс-Қазақстан, Петропавл-Астана-Қарағанды теміржолы кесіп өтеді.
Көкшетау үшін темір жол көлігінің маңызы өте зор. Темір-жол магистралі Көкшетауды Ресейдің сібір облыстарын және Қазақстанның Темір Алматы, Астана, Қостанай, Петропавл, Павлодар, Қарағанды сияқты ірі қалаларымен байланыстырады. Көкшетау қаласы Петропавл — Қарағанды — Балқаш қалаларын қосатын темір жолдар қиылысында орналасқан және темір жол вокзалы бар қала.
Автобустар
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Жол жүру құны - 80 тенге. 1998 жылда «СейНұр» ЖШС фирмасы құрылды.
Автобекет
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Көкшетауда бір автобекет бар.
Денсаулық сақтау мекемелері
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Қаладағы денсаулық сақтау мекемелерінің жалпы саны 34. 17 емдеу-сауықтыру мекемесі, 13 отбасылық-дәрігерлік амбулатория, жедел көмек станциясы жұмыс істейді. Мемлекеттік емес денсаулық сақтау секторында 1 емхана, 1 аурухана, 48 дәріхана бар.
Көкшетау қаласының денсаулық сақтау саласының маңдай алды мекемелері: Ақмола облыстық ауруханасы, қалалық аурухана, туберкулезге қарсы, психоневрологиялық, наркологиялық, тері-венерологиялық диспансерлері, Қан орталығы, ЖҚТБ-ға қарсы күрес және алдын алу бойынша орталық.[65] Жекеменшік медициналық мекемелер жүйесі әрекет етеді.
1992 жылы, Пролетарская (қазіргі Ақана-сері) көшесінде Облыстық тері-венерологиялық диспансер жаңа ғимарат алды. 1993 жылда, “Болашақ” балаларды қайта оңалту орталығына Горький көшесі (қазіргі Нұрсұлтан Назарбаев даңғылы) бойында 100 орындық ғимарат бөлінді. 1995 жылы, Көкшетауда медициналық-әлеуметтік мекеме - 75 мүгедек баланың тәулік бойы тұрақты тұруына арналған Көкшетау балалар психоневрологиялық диспансері ашылды.
Авиценна Көкшетау | Виамедис Көкшетау |
---|---|
Оқу орындары
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Көкшетаудағы алғашқы мектептердің бірі. |
Жалпы білім беру мекемелерінің желісі Көкшетауда 78 білім беру ұйымы бар, оның ішінде: 24 жалпы орта білім беру мектебі (күндізгі), 1 негізгі жалпы білім беру мектебі, 48 мектепке дейінгі ұйым (27 мемлекеттік балабақша, 4 шағын орталық (3 мемлекеттік және 1 жеке), 17 жеке меншік балабақша), "Мейірім" балаларды түзету дамыту орталығы және 5 балаларға қосымша білім беру мекемесі ("Әулет" мектептен тыс жұмыс орталығы, "Балалар музыка мектебі" МКҚК. "Балалар көркемөнер мектебі" МКҚК. "Көкшетау дарыны" еңбекке баулу оқу кәсіпорыны, дарынды балаларды дамыту орталығы. Жалпы білім беретін мектептердегі оқушылар саны 26,446 оқушыны құрайды. Мектепке дейінгі тәрбиемен 1 жастан 6 жасқа дейінгі 7,487 бала қамтылған, бұл 63,3%, 3 жастан 6 жасқа дейін – 100% немесе 6,976 қамтылған бала (01.10 жағдай бойынша жылына 1 рет есептеледі.). Білім беру процессі екі ауысымдық және үш ауысымдық режимде жүзеге асырылады. Қаланың барлық мектептері компьютерлендірілген, интернет желісіне қол жеткізе алады.
Жоғары оқу орындары
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Ақмола облысында 4 жоғары оқу орны жұмыс істейді (Ш. Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университеті, жеке меншік А.Мырзахметов атындағы Көкшетау университеті, Гуманитарлық-техникалық академия және Төтенше жағдайлар министрлігінің Мәлік Ғабдуллин атындағы азаматтық қорғау академиясы. Барлығы Көкшетау қаласында орналасқан), онда 885-ке жуық профессорлар мен оқытушылар еңбек етеді, 12 мыңнан астам студент білім алады.[66]
Негізгі жоғарғы оқу орындары:
- Шоқан Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университеті - өңіріміздегі 45 жылдан астам көне тарихы бар Қазақстан Республикасындағы алдыңғы қатарлы, оқу нарығында беделді орны бар оқу орындарының бірі. Университет, әлемдік білім стандартына сай, жоғары білікті мамандар даярлайды.[67]
Қазіргі уақытта университет құрамында күндізгі бөлімді оқытатын сегіз факультеті, сырттай оқыту факультеті, аспирантура мен магистратура, ғылыми-зерттеу зертханалары, Мемлекеттік тілді оқыту, инновациялық технологиялар және біліктілікті жетілдіру орталығы, Халықаралық алтаистика мен түркология орталығы, редакциялық-баспа бөлімі, компьтерлік технологиялар және телекоммуникациялар орталығы, мұражайлар мен кітапханасы және тағы басқа құрылымдық бөлімдері бар ірі ғылыми-оқу-өндірістік кешен болып табылады. Бүгінгі күні университетте бакалавриат бойынша 45 мамандықта сегіз мыңнан астам студент білім алуда. Сапалы маман дайындау мақсатында университетте қосарлы оқыту жүйесі, менеджмент сапасының жүйесі, «Platonus» автоматтандырылған ақпараттық басқару жүйесі қосылған.
- Абай Мырзахметов атындағы Көкшетау университеті — 2000 жылы құрылды және студенттер қабылдауды бастады.[68]
- ҚР ТЖМ Көкшетау техникалық институты
- Бірқатар мемлекеттік емес ЖОО қызмет етеді. 1993 жылы тұңғыш мемлекеттік емес университетке (қазіргі “Көкше” академиясы, ректор Ж.Қасымов) студенттер қабылданып, қазақ лицейі және фольклорлық-этнографиялық театр-студиясымен біріге отыра эксперименталды оқу кешенін құрды.
Мектепке дейінгі мекемелер
[өңдеу | қайнарын өңдеу]- Мектепке дейінгі бірнеше балалар бақшасы бар. 1999 жылы, желтоқсанда «Көкшетаусельстрой №2» трестінің «Аққу» ведомствалық балабақшасы пайдалануға берілді.
Мектептегі білім
[өңдеу | қайнарын өңдеу]- Жалпы білім беретін 34 мектеп бар.
- Көкшетау болашақ сарайы - студенттерге өнер, спорт, ғылым, технология және IT саласындағы қабілеттері мен дарындарын дамытуға мүмкіндік береді.[69]
- Назарбаев Зияткерлік мектебі Қазақстан Республикасы Үкіметінің жарлығы бойынша «Тұңғыш Президенттің 20 интеллектуалды мектебі» жобасының аясында, 2009 жылы Көкшетау қаласында физика-математика бағытындағы мектеп ашылды. Көкшетау Физика-математикалық бағыттағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің бірінші басшысы – Абдильдина Жанар Нұрбапашевна. 2012 жылы 10 тамызда, Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Ақмола облысына жұмыс сапары аясында, Физика-математика бағытындағы Зияткерлік Мектепті қарап шықты. Көкшетау қаласының зерек балаларын математика, физика, информатиканың терең оқытумен қатар оқушыларға өз бетімен ғылыми ойлануды, Қазақстандық қоғамның Зияткерлiк элитасының бәсекеге түсе алатындай және өзін қазіргі заманда iске асыратындай болуына көмектесу. Қазақстан Республикасының зияткер элитасын тәрбиелеу. Көкшетау қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің ерекшелігі - физика-математика пәндерін тереңдетіп оқыту.[70]
Колледждері
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Көкшетауда істейтіндер:
- "АРНА" Көкшетау жоғары колледж мекемесі[71]
- Ақан сері атындағы жоғары мәдениет колледжі[72][73]
- 1993 жылы автомеханикалық және механикалық техникум негізінде жаңа оқу орны – политехникалық колледж құрылды.
Архитектура және қаланың көз тартар жерлері
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Көкшетаудың архитектуралық «маржаны» – ол қаланың қақ төрінде орналасқан Науан Хазірет мешіті мен Қопа көлінің жағалауынан орын тепкен Воскресения Христова кафедаральды соборы. Көкшетау қаласының қала құрылысы дамуының негізгі бағыттары қаланың тарихи-мәдени мұрасын сақтауды және қайта өңдеуді қамтамасыз етуі тиіс. Сәулет ескерткіштері мен құнды құрылыс салудың көпшілігі қаланың жеке келбетін айқындайтын қаланың орталық бөлігінде орналасқан. Бульварлар мен гүл бақтары түрінде ескерткіштер орналасқан аумақтар үлкен тарихи және қала құрылысы құндылығын білдіреді. Олар сақтауды, қалпына келтіруді және абаттандыруды талап етеді.
Іргелес төбелермен Қопа көлі сақтауды қажет ететін қалаға ашық жеке келбет беретін теңдесіз табиғи қоршау болып табылады. Қылшақты өзені арнасын қайта жаңартумен және тазалаумен Қопа көлі жағалау алқабына айрықша назар аударылған. Бас жоспармен қала маңы орман саябақтарына шығумен жасыл бульварлармен болашақта өзара байланыстыруды қажет ететін қаланың оңтүстік бөлігі төбелерінің аумақтарында ормансаябақ аймақтарын ұйымдастыру қарастырылды.
Көкшетаудың тарихи орталығының көрінісі | Көкшетау орталығындағы тарихи ғимарат (1904) | Қаланың типтік шағын ауданы |
Мәдениеті
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Қаланың мәдениет ұйымдарының мемлекеттік желісі 15 мекемеден тұрады, оның ішінде: 12 кітапхана, 1 тілдерді оқыту орталығы, "Көкше" МҮ, "Достар"МҮ. Ағымдағы жылдың басынан бөлімнің жұмыс жоспарына сәйкес 1 971 іс-шара өткізіліп, оған 987,6 мың адам қатысты.[74]
Кітапханалар
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Қалалық ақпараттық кiтапхана жүйесi мәдениеттiк қоғамның маңызды бiр саласы болып табылады. Қазiргi кезде кiтапхана жүйесiнде 12 филиал оқырмандарға қызмет көрсетедi, кiтапханалар арнайы бағыттар бойынша және кiтапхана жанындағы аудандарға қызмет көрсете бастады[75][76]:
- «Қалалық ақпараттық кітапханалар жүйесі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі (Гастелло көшесі, 13а)
- 12 кітапхана (оның ішінде көпшілікке арналған М.Жұмабаев атындағы Ақмола облысының әмбебап ғылыми кітапханасы)[77][78]
- 2000 жылда Көкшетау қаласында Бауыржан Момышұлы көшесі, 55 мекен жайында тұңғыш қазақ кітапханасы ашылды.
- Орталық қалалық үлгілі кітапхана (Гастелло көшесі, 13а)
- Орталық қалалық балалар және жасөспірімдер үлгілі кітапханасы (Момышұлы көшесі, 41)
- Застанциондық қалалық үлгілі кітапханасы (Станционный п. Маяковский көшесі, 49)
- Краснояр үлгілі кітапханасы (Красный Яр с., Cоветская көшесі, 5)
- Станциондық қалалық үлгілі кітапханасы (Первомайская көшесі, 3)
- «Достар» МС жанындағы қалалық үлгілі кітапхана (Сүлейменов көшесі, 10)
- Арнайы қалалық үлгілі кітапхана (Қанай би көшесі, 37)
- Бірлік қалалық үлгілі кітапханасы (Солтүстік өндірістік аймақ 1 өткел №25)
- «Салтанат» сарайы жанындағы қалалық үлгілі кітапхана (М. Әуезова көшесі 119/1)
- Электрондық қалалық кітапхана (Потанина көшесі, 53)
- Балалар кітапханасы (Ж. Сайн көшесі, 28)
Архивтер
[өңдеу | қайнарын өңдеу]- Ақмола облыстық мемлекеттік архиві – ғылыми-құжаттық мекеме. 1924 ж. ұйымдастырылған.[79]
- Көкшетау қаласының мемлекеттiк архивi[80][81]
Мәдени орталықтары
[өңдеу | қайнарын өңдеу]2021 жылғы ақпан айындағы жағдай бойынша Көкшетаудағы этномәдени бірлестіктер[82] :
- «Ақмола облысының «Қазақ тілі мен мәдениеті» ҚБ
- «Ақмола облысының Орыс қауымдастығы» ҚБ
- «Чуваш этномәдени орталығы» ҚБ
- «Ақмола облысының татарлар және башқұрттар бірлестігі»ҚБ
- «Чинсон» кәріс мәдени орталығы» ҚБ
- «Ақмола облысы поляктарының бірлестігі» ҚБ
- «Ақмола облысының «Вайнах» шешен-ингуш қоғамы» ҚБ
- «Ақмола облысының «Wiedergeburt» немістер қоғамы» ҚБ
- «Ақмола облысының өзбек ұлттық-мәдени орталығы» ҚБ
- «БАРИ» армян мәдени орталығы» ҚБ
- «Ақмола облысының қазақ-түрік мәдениеті мен достығын дамыту орталығы» ҚБ
- «Ақмола облысының «Хатиква» еврей мәдениет орталығы» ҚБ
- «Санги-Кабуд» тәжік ұлттық-мәдени орталығы» ҚБ
- «Қазақстан халқы Ақмола ассамблеясы жанындағы «Рідний кут» украин этномәдени орталығы» ҚБ
- «Көкшетау татар мәдениет орталығы» ҚБ
- «Ақмола облысы Әзербайжан мәдени орталығы» ҚБ
- «Исток» славян мәдениеті орталығы» ҚБ
- «Ақмола облысының «Арарат» армян мәдени орталығы» ҚБ
- Ақмола облысы бойынша «Әзербайжандар қауымдастығы» РҚБ филиалы
- «Қазақстанның орыс, славян және казак ұйымдарының қауымдастығы» ЗТБ Ақмола облыстық филиалы
- «Дала өлкесі казактары» өңірлік қоғамдық бірлестіктің Ақмола филиалы
- «Лад» республикалық славян қозғалысы» қоғамдық бірлестігінің Көкшетау филиалы
- «Лад» облыстық мәдени-ағарту және қоғамдық-саяси славян орталығы» ҚБ
- «Истоки» славян мәдени-ағарту орталығы» қоғамдық бірлестігі
- «Дала өлкесі казактары» өңірлік қоғамдық бірлестіктің Көкшетау филиалы
- «Қазақстанның орыс қауымы» қоғамдық бірлестігінің Ақмола облыстық филиалы
- «Қамқор-Хэсэд Полина орталығы» республикалық еврей қайырымдылық қоғамдық бірлестігінің Көкшетау қаласындағы филиалы
- «Ақмола облысындағы «Масис» Қазақстандық армян қоғамы» республикалық қоғамдық бірлестігінің филиалы
- «Қазақ Өзбек диаспорасы» Республикалық қоғамдық бірлестігі
- «Барбанг» күрдттер ассоциациясы» Республикалық қоғамдық бірлестігінің Ақмола облыстық филиалы
- «Сібір казактарының Ақмола бөлімі» ҚБ
Театрлар мен филармониялар
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Театрлық қойылымдар, танымдық-ойын-сауық бағдарламалары, конкурстар өткізілді.
- Үкілі Ыбырай Сандыбайұлы атындағы Ақмола облыстық филармониясы – концерттік-сахналық мәдени мекеме.[83]
- Шахмет Құсайынов атындағы Ақмола облысының қазақ музыкалық-драмалық театры (1996 жылда өз жұмысын бастады).[84] Ақмола облыстық қазақ музыкалық-драма театры 1996 жылы 6 наурыз күні Ғабит Мүсіреповтың «Ақан сері - Ақтоқты» спектаклімен шымылдығын ашқан болатын.[85]
- "Көкшетау" мәдениет сарайы – қалалық және облыстық масштабтағы барлық қоғамдық-саяси шаралар өтетін Ақмола облысының басты мәдениет орталығы. Көкшетау мәдениет сарайы 1970 жылдан бастап жұмыс істейді. 2001 жылы қайта құру жүргізілді, сарайдың жалпы ауданы 4822 м2 құрады. Сарайда 4 зал жабдықталған: көрермен залы (600 орындық), көрме залы, би және балет залы.[86]
- Ақмола облыстық орыс драма театры - 1977 жылы құрылды. 1977 жылдың 28 қазанында алғашқы театр маусымы жарияланды. Көрермендер пiкiрiне театрдың басты режиссерi, ҚР еңбек сiңiрген өнер қайраткерi Куклинский Яков Аронұлының қойылымында Л.Славинның «Интервенция» спектаклi ұсынылды. Я.А. Куклинский — Карпенко — Карого атындағы Киев ГИТИС –нiң түлегi, мүдделестер тобымен бiрге Қостанайдан Көкшетауға келiп, орыс драма театрын құрды. Я.А. Куклинский 20 жыл бойы (1977—1997 ж.) театрдың ауысымсыз көркемдiк жетекшiсi болып қызмет еттi.[87]
- Ақмола облыстық халық шығармашылық және мәдени демалыс орталығы
- "Достар" мәдениет сарайы - қаланың жас мәдениет мекемелерінің бірі. Мекеме қалалық маңызы бар ресми мемлекеттік мерекелерді өткізу мәселесінде базистік болып табылады. Ғимарат 1981 жылы “Ақ бидай” Мәдениет үйі ретінде пайдалануға берілді. 1995 жылы Мәдениет үйі негізінде Ақмола облысындағы алғашқы қазақ драма театры құрылды. “Достар” мәдениет сарайының негізгі қызметі халықтың мәдени бос уақытын қамтамасыз ету, бұқаралық іс-шараларды өткізу, мәдени-ағарту қызметін жүзеге асыру, көркемөнерпаздар, көркем шығармашылықты дамыту болып табылады.[88]
- "Истоки" мәдениет үйі
- "Көкше" мәдениет үйі
Кинотеатрлар
[өңдеу | қайнарын өңдеу]- «Юность» (2014 жылы ғимарат Көкшетау қаласындағы «Әдебиет және өнер» мұражайына берілді).
Жұмыс істеп тұрған кинотеатрлар:
- «Синема-Әлем» — 2 кинозал, 430 орынға арналған кинотеатры. Ол кеңес үкіметінен қалған, бүгінде күрделі жөндеуден өткен заманауи 21 наурызда 1963 жылы негізі қаланған бұрынғы «Дружба» кинотеатрының қайтадан жаңғыртылуы нәтижесінде 2005 жылда жаңа «Синема-Алем» кинотеатры ашылды.[89]
Фестивальдар
[өңдеу | қайнарын өңдеу]2006 жылдың қыркүйек айында қалада ”Көкшетау достарын шақырады“ атты бірінші халықаралық фольклорлық фестиваль өтті. Фестивальге Түркия, Қырғызстан, Қалмақстан, Татарстан, Чувашия және Тюмень қаласының шығармашылық ұжымдары қатысты.
Мұражайлар мен көркем галереялар
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Ақмола облыстық тарихи-өлкетану мұражайы |
- Ақмола облыстық тарихи-өлкетану мұражайы – ғылыми-мәдени мекеме. (қазақ және орыс тілдерінде экскурсиялар жүргізіледі). 1920 жылдан бастап жұмыс істейді.[90]
- Көкшетау қаласының тарихы мұражайы (2000 жылы Чапаев көшесі (қазіргі Қанай би), 32 мекенжайында орналасқан бұрынғы В.В.Куйбышев мемориалдық музейінің негізінде Көкшетау қаласының тарихы мұражайы құрылды). Музей қаланың көне тарихи бөлігінде орналасқан. Нақ осы жерде, Бұқпа жотасы баурайы мен Қопа көлі жағалауында XIX ғасырдың бірінші ширегінде Көкшетаудың іргетасы қаланған. Бөлек орналасқан бірқатар ғимараттардан тұратын музей кешені бүгінгі күні ХІХ ғасырдың соңы мен ХХ ғасырдың басындағы жергілікті ағаш сәулеті үлгісі ретінде Республикалық маңызы бар тарих ескерткіштерінің қатарына жатады.[91]
- Көкшетау қаласындағы «Әдебиет және өнер» мұражайы (қазақ және орыс тілдерінде экскурсиялар жүргізіледі). 1883-1885 жылдары қаланың мещендық бөлігіне қоғамдық-сауда орын үшін аумақ бөлінді. Басты алаңда саудагерлер мен мещендердың дүкендері, олардың арасында тоқыма, мата және басқа да кооперативтік және тұтынушы дүкендер болған. Ғимаратты 19 ғасырдың 80-ші жылдары саудагер Устин Игнатьевич Коротков салған. Бұл сауда үйі болды. Онда: «Шамсудинов және К» сауда үйі, «Коротков И.Ю» серіктестігі, «Зингер компаниясы» орналасты. Содан кейін 1934 жылы осы ғимаратта алғашқы «Юность» кинотеатры болды.[92]
- Кеңес Одағының Батыры, жазушы, академик Мәлік Ғабдуллин мұражайы (1995 ж. 4 қыркүйекте ашылды).[93] Мұражай Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 07.05.1993 жылға қарасты № 465 қаулысына сәйкес және 1995 жылдың 4-қыркүйегiне қарасты № 1-39 Көкшетау облысы әкiмiнiң жарлығына байланысты Батыр атамыздың 80-жылдығына орай ашылды. 2004 жылы 116 жыл болған мұражайдың ескi ғимараты пайдалануға жарамсыз деп танылды. Ақмола облысы әкiмдiгi мұражай ғимаратын қайта салу жөнiнде шешiм қабылдады. 2005 жылдың 19 тамызында жаңа мұражайдың салтанатты түрде ашылуына сол кезде Ақмола облысында қызмет бабымен iс-сапарда болған Республикамыздың Президентi Н. Ә. Назарбаев қатысты. Елбасы М. Ғабдуллин ескерткiшiне гүл шоқтарын қойып, Батыр аруағына тағзым еттi. «Мәлiк Ғабдуллин музейi» МКМ қызметiнiң негiзгi мақсаты — Кеңес Одағының Батыры, академик, қоғам қайраткерi М. Ғабдуллиннiң тұлғасы арқылы өскелең ұрпаққа Отан қорғау жауапкершiлiгiн ұқтыру, батыр бабаларымыздың ерлiк дәстүрiн насихаттау, этнопедагогикалық бағыттағы насихат жұмыстарын жандандыру арқылы жаңа қазақстандық патриотизмдi қалыптастыру.[94]
Демалыс орындары
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Көкшетау қаласы жыл өткен сайын халықаралық туризм орталықтарының біріне айналуға ұмтылған қазіргі заман қаласының қайталанбас көркіне ие болуда.
Қаланың рекреациялық инфрақұрылымы
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Қаланың рекреациялық инфрақұрылымының дамуы тарихи-мәдени мұра әлеуетін пайдаланатын және осы аймақтағы тарихи мұра және табиғи әлеуетті сақтау, жаңғырту және қаржылық мәселелерін түбегейлі шешуге қабілетті әдемі теңдессіз бар жаңа тиімді экономика секторы ретінде туризм, спорт және белсенді демалыс индустриясын қалыптастыруға бағытталған. Қаланың рекреациялық инфрақұрылымының дамуы тарихи-мәдени мұра әлеуетін пайдаланатын және осы аймақтағы тарихи мұра және табиғи әлеуетті сақтау, жаңғырту және қаржылық мәселелерін түбегейлі шешуге қабілетті әдемі теңдессіз бар жаңа тиімді экономика секторы ретінде туризм, спорт және белсенді демалыс индустриясын қалыптастыруға бағытталған.
Қопа жағажайлары
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Облыс орталығының еліміздің өзге қалаларынан басты ерекшелігі қаланы айнадай жалтыраған Қопа көлі қоршап тұр.
- Қазақстан мен Ресейдің өңіраралық ынтымақтастық форумы аясында салынған нысанның бірі – бүгінгі күні қала тұрғындары мен қонақтарының демалып, серуендейтін сүйікті орны Қопа көлінің жағажайы. Суға түсіп, күнге қыздырынып, көңіл сергітер жағажайдың ашылуы қала халқына жаңа бір тыныс болды. Ұзындығы 1,5 шақырым аумақты алып жатқан жағажайда амфитеатр, балалар мен спорт алаңдары, велосипед жолдары бар.[95] 2022 жылда Қопа көлінің Назарбаев даңғылы бойындағы жағалауына мемлекет қайраткері Кәкімбек Салықовтың есімі берілді.[96]
- 2022 жылда 16 маусым күні Көкшетау қаласы Қопа көлінің жағасындағы жаңа тегін жеке жағажай ашылды.[97]
Саябақтары
[өңдеу | қайнарын өңдеу]- Көкшетау қала саябағы (Демалыс паркі)
- «Алаш арыстары» саябағы[98] ("Кеңес үкіметін орнатқан күресушілер" саябағы)
- «Жақып Омаров» саябағы (Шахмет Құсайынов атындағы қазақ драма театры алаңындағы саябақ)
Бұқаралық ақпарат құралдары (БАҚ)
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Қалада дамыған телекоммуникация жүйесі бар.
Ақпарттық агенттіктері
[өңдеу | қайнарын өңдеу]- «Көкшетау – Азия»
Газет-журналдары
[өңдеу | қайнарын өңдеу]- Қазақ тiлiндегi Арқа ажары[99]
- Көкшетау
- Ақмола шындығы — 1939 жылдан бері шығарылып келе жатқан орыс тілді газет.
- Бұқпа
- Дала шамшырағы
- Риск-Бизнес (1993 жылдың 26 қаңтарда жарнамалық газетінің бірінші нөмірі жарыққа шықты).
- Көкшетау бүгін
- Көкше дидары
- Экологиялық жаршы
- Алау
- Денсаулық жаршысы
- Жер шоқтығы
- Шұғыла Көкшетау
- Сүйікті қала (2006 жылдың 5 қыркүйекте жаңа апталық газетінің бірінші нөмірі жарық көрді).
Телеарналары (Телевизия)
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Көкшетауда КТК, НТВ, Хабар, 24KZ, Ел арна, Qazsport, Qazaqstan, 1-канал "Евразия", СТВ, Astana TV, НТК, 31 канал, Жетінші арна т.б. арналар жұмыс жасайды.
- «Қазақстан – Көкшетау» — Ақмола облысының өңірлік телеарнасы.[100]
Радио
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Көкшетауда 101,0 Қазақ радиосы, 102,0 Русское радио Азия, 102,5 Авторадио Казахстан, 103,7 Шалқар радиосы, 104,2 Европа+ Казахстан, 105,7 NS радиосы, 106,5 Радио Дача т.б. жұмыс жасайды.
Радиостанциялар | ||||
---|---|---|---|---|
№ |
Жиілік |
Атауы |
Форматы |
Холдингы
|
1 | 101,0 МГц | Қазақ радиосы | сөйлесу радиосы | АО РТРК «Қазақстан» |
2 | 102,0 МГц | Русское Радио Азия | орыс хиттер | FM—Продакшн |
3 | 102,5 МГц | Қазақстан авторадиосы | әр жылдардағы музыкалық хиттер | |
4 | 103,7 МГц | Шалқар радиосы | АО РТРК «Қазақстан» | |
5 | 104,2 МГц | Еуропа плюс Қазақстан | шетелдік хиттер | FM—Продакшн |
6 | 104,8 МГц | Энерджи FM | қазіргі жастар музыкасы | |
7 | 105,7 МГц | NS радиосы | заманауи хиттер радиосы | ТРК «NS радиосы — Ұлттық Желі» |
8 | 106,5 МГц | Дача радиосы | 80-90 жылдардағы әндер | ООО «Крутой Медиа» |
9 | 107,0 МГц | Халық радиосы |
Спорты
[өңдеу | қайнарын өңдеу]«Оқжетпес» орталық стадионы |
Қалада дене шынықтыру және спорт саласы жақсы жолға қойылған. Дене шынықтырумен және спортпен шұғылдану үшін қалада 315 спорт нысаны жұмыс істейді, оның ішінде: 2 стадион ("Оқжетпес" және "Айсұлу"), 1 "Бурабай" Спорт сарайы, 8 спорт кешені, 5 жүзу бассейні, 18 ату тирі, 1 шаңғы базасы, 2 жеңіл атлетика манежі, 81 спорт залы, 139 жазық құрылыс, 17 хоккей корты, 7 теннис корты, 1 ипподром, 33 салынған спорт залы. Есепті кезеңде жалпы 19 681 адамды қамтитын 53 спорттық-бұқаралық іс-шара өткізілді.[101]
Футбол мен шайбалы хоккей — қаладағы ең танымал спорт түрлері. Бірқатар белгілі спортшылар, әлем және Олимпиада чемпиондары қаламен байланысты. «Бурабай» спорт кешені хоккейден Қазақстан чемпионатында өнер көрсететін «Арлан Көкшетау» шайбалы хоккей клубының үй аренасы болып табылады. Арлан көкшетаулық хоккейшілер 2017/2018 жылғы маусымда Қазақстан чемпионы атанды. Сондай-ақ «Арлан Көкшетау» ойыншылары 2018/2019 маусымында IIHF Құрлықтық Кубогын жеңіп алған Қазақстанның алғашқы командасы болды. Қалада қысқы спорт түрлеріне арналған мұз айдыны бар.
- Бурабай спорт-сарайы – Ақмола облысы аумағындағы ең ірі спорттық мәдениет орталығы болып табылады. Спорт сарайы 2007 жылы ашылды. Құрылыстың жалпы ауданы-1050 м2. Мұнда 1500 көрерменге арналған мінбесі бар Мұз аренасы орналасқан, ол концерттер, салтанатты жиналыстар өткізу үшін өзгертіледі, 50 метрлік бассейн, тренажер залы, жекпе-жек залы, үстел теннисін ойнауға арналған бөлме, сондай-ақ зияткерлік ойындар орталығы. Мұз аренасында жаппай коньки тебу жыл бойы, күндіз және кешке дейін өтеді. Спорт сарайында кәсіби әртістердің шоу-бағдарламалары мен мұздағы цирк нөмірлері бар қойылымдары өткізіледі.[102]
- Көкшетау теннис орталығы – қазіргі заманғы кәсіби хард жабыны бар 3 жабық теннис корты. 3 заманауи кәсіби хард жабыны бар ашық аспан астындағы корт (мамырдан қыркүйекке дейін жұмыс істейді).[103]
- БЖСМ “Триатлон” – Көкшетау триатлон мектебі 2003 жылдан бері жұмыс істеп келеді, ол үлкен спорт кешенінің базасында орналасқан, 25 метрлік жүзу бассейні, спорт және жаттығу залы, велобаза және шеберхана бар. Мектепте білікті жаттықтырушы-оқытушылар жұмыс істейді. Ай сайын жүзу, ҚПО және минитриатлон бойынша спорттық іс-шаралар өткізіледі. Ұжым тек балалармен және жасөспірімдермен жұмыс істеп қана қоймай, халықпен жұмыс жүргізеді, негізгі бағыты – спорт түрлері мен салауатты өмір салтын сауықтыру және танымал ету.[104]
Клуб атауы | Спорт түрі | Ағымдағы лига | Құрылған жылы | Стадионы | Чемпиондар |
---|---|---|---|---|---|
Арлан-Көкшетау (хоккей клубы) | Шайбалы хоккей | Шайбалы хоккейден Қазақстан чемпионаты | 2009
|
“Бурабай” спорт кешені (1500) | 1 рет 2017/2018
|
Оқжетпес (футбол клубы) | Футбол | Қазақстан Премьер Лигасы (ҚПЛ) | 1957
|
«Оқжетпес» стадионы | 0
|
Көкшетау мәдениетте
[өңдеу | қайнарын өңдеу]- Көкшетауда 1890 жылдары болған этнограф және публицист Григорий Николаевич Потанин белгіледі.
- Марина Ивановна Цветаеваның кіші сіңлісі ақын Анастасия Ивановна Цветаева Көкшетау қаласында 1966 жылы бірнеше ай тұрып, «Жастық және кәрілік» (1967; «Көкшетау» бірінші басылымында) повестін жазып шыққан. Кейін бұл повесть «Естеліктер» сериясымен «Менің Сібірім» жинағында жарық көрген.[105] Анастасия Цветаеваның Көкшетаудағы өміріне арналған экспозиция Көкшетау қаласының тарихы мұражайында ашылған болатын.[106][107]
Халықаралық қызметі
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Көкшетауда 1 туыстас қала және 1 серіктесі бар.
- Уокешо, Висконсин, Америка Құрама Штаттары (АҚШ) (19 желтоқсан 1989 жылдан бастап). Совет уақытында әр қаланың шетелде орналасқан бауырлас қаласы болды. Көкшетау қаласының шетелдік бауырласы болып 1989 жылы Американың Уокешо қаласы аталды. Комитеттің бірінші президенті Джейк Дьюкс – Көкшетау қаласының құрметті азаматы. Қалалар арасында студенттермен алмасу үнемі жүргізіліп отырған. Медицина басты бағыт болған. Олар көптеген қазақстандық баланы құтқаруға көмектесті.[108]
Серіктестер
[өңдеу | қайнарын өңдеу]- Красноярск, Красноярск өлкесі, Ресей (25 тамыз 2022 жылдан бастап.)
Қала суреттері
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Тағы қараңыз
[өңдеу | қайнарын өңдеу] Ортаққорда бұған қатысты медиа санаты бар: Kokshetau |
- Қазақстан қалалары
- Целиноград наразылығы
- Көкшетау қалалық әкімдігі
- Көкшетау облысы
- Көкшетау қыраты
- Көкшетау тауы
- Көкшетау ұлттық паркі
- Көкшетау Халықаралық Әуежайы
- Көкшетау-1 стансасы
- Көкшетау (қалалық газет)
Дереккөздер
[өңдеу | қайнарын өңдеу]- ↑ Қазақстан Республикасы халқының жынысы және жергілікті жердің типіне қарай саны (2023 жылғы 1 қаңтарға)
- ↑ Қазақстан Республикасы халқының жекелеген этностары бойынша саны (2022 жыл басына)
- ↑ Көкшетау қаласы.
- ↑ Қазақстан Республикасы халқының облыстар және астана, қалалар, аудандар, аудан орталықтары және кенттер бөлінісіндегі жынысы бойынша саны Мұрағатталған 26 қыркүйектің 2020 жылы.
- ↑ Көкшетау - Қазақстанның 2021 жылғы мәдени астанасы
- ↑ Қазақстандағы қала атаулары не білдіреді?.
- ↑ Көкшетау қалалық соты.
- ↑ Reference World Atlas — Penguin, 2013. — P. 214. — 408 p. — ISBN 9781465421180.
- ↑ Ақмола облысы Көкшетау қаласының бас жоспары туралы - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 24 қазандағы N 986 Қаулысы.
- ↑ Ақмола облысы Көкшетау қаласының бас жоспары туралы - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 24 қазандағы N 986 Қаулысы.
- ↑ Ақмола облысы Көкшетау қаласының бас жоспары туралы - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 24 қазандағы N 986 Қаулысы.
- ↑ Ақмола облысы Көкшетау қаласының бас жоспары туралы - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 24 қазандағы N 986 Қаулысы.
- ↑ Ақмола облысы Көкшетау қаласының бас жоспары туралы - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 24 қазандағы N 986 Қаулысы.
- ↑ Ақмола облысы Көкшетау қаласының бас жоспары туралы - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 24 қазандағы N 986 Қаулысы.
- ↑ a b Cities & towns of Kazakhstan
- ↑ Қазақстан халқы Ассамблеясы Ақмола облысы.
- ↑ Көкшетаудағы Достық үйі.
- ↑ Ақмола облысы бойынша 2009 жылғы Қазақстан Республикасының Ұлттық халық санағының қорытындысы. 2-том
- ↑ Ақмола облысы бойынша 2009 жылғы Қазақстан Республикасының Ұлттық халық санағының қорытындысы. 2-том(қолжетпейтін сілтеме)
- ↑ Науан Хазірет атындағы мешіт.
- ↑ Жақия қажы мешіт ғимараты.
- ↑ “Көкшетау: оқиғалар шежіресі” 1996-1997 жылдар.
- ↑ Қазақстандағы ерекше жеті мешіт Тағы да оқыңыздар: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1103356-qazaqstandaghy-erekshe-zheti-meshit/р.
- ↑ Ақмола мешіті.
- ↑ a b Мұсылман қауымы асыға күткен Көкшетаудағы жаңа мешіт пайдалануға берілді.
- ↑ Ақмола облысында Науан Хазірет атындағы мешіт бар.
- ↑ «Ғалым» мешіті.
- ↑ Қазақстанның діни интерактивті картасы (Ақмола облысы).
- ↑ Біздің күшіміз бірлікте!.
- ↑ Жаңа шіркеу мінәжат етушілерге есігін айқара ашты.
- ↑ Мәсіхтің қайта тірілу соборы.
- ↑ Көкшетауда православиелік христиандардың жаңа шіркеуі бой көтерді.
- ↑ Көкшетаудағы Рим-Католик шіркеуі жайлы не білеміз.
- ↑ 2021 жылдың қаңтар-шілде бойынша Көкшетау қаласының әлеуметтік –экономикалық дамуының нәтижелері туралы анықтама.
- ↑ 2021 жылдың қаңтар-шілде бойынша Көкшетау қаласының әлеуметтік –экономикалық дамуының нәтижелері туралы анықтама.
- ↑ 2021 жылдың қаңтар-шілде бойынша Көкшетау қаласының әлеуметтік –экономикалық дамуының нәтижелері туралы анықтама.
- ↑ Ақмола облысы Көкшетау қаласының бас жоспары туралы - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 24 қазандағы N 986 Қаулысы.
- ↑ Ақмола облысы Көкшетау қаласының бас жоспары туралы - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 24 қазандағы N 986 Қаулысы.
- ↑ Ақмола облысы Көкшетау қаласының бас жоспары туралы - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 24 қазандағы N 986 Қаулысы.
- ↑ Ақмола облысы Көкшетау қаласының бас жоспары туралы - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 24 қазандағы N 986 Қаулысы.
- ↑ Ақмола облысы Көкшетау қаласының бас жоспары туралы - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 24 қазандағы N 986 Қаулысы.
- ↑ Ақмола облысы Көкшетау қаласының бас жоспары туралы - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 24 қазандағы N 986 Қаулысы.
- ↑ Түрік инвесторы Көкшетауда ЖЭО салуға қызығушылық танытты.
- ↑ Көкшетау қаласы 1824 жылы округ ретінде құрылды.
- ↑ «Шаһарларға саяхат» айдарынан бүгін табиғаты таңғажайып,көрікті де,әсем қала - Көкшетау жайлы деректермен таныстырамыз..
- ↑ Ақмола облысының әлеуметтік-экономикалық дамуы.
- ↑ 2021 жылдың қаңтар-шілде бойынша Көкшетау қаласының әлеуметтік–экономикалық дамуының нәтижелері туралы анықтама.
- ↑ 2021 жылдың қаңтар-шілде бойынша Көкшетау қаласының әлеуметтік –экономикалық дамуының нәтижелері туралы анықтама.
- ↑ Арқаның кербез сұлу Көкшетауы....
- ↑ Көкшетау қаласының тарихы.
- ↑ 2021 жылдың қаңтар-шілде бойынша Көкшетау қаласының әлеуметтік –экономикалық дамуының нәтижелері туралы анықтама.
- ↑ Ақмола облысының байланыс және коммуникациялар салаларының жағдайы.
- ↑ Ш. Ш. Уәлиханов ескерткіші.
- ↑ Ақан сері ескерткіші.
- ↑ Абылай хан ескерткіші.
- ↑ «Ананың ақ тілегі» монументалды-скульптуралық композициясы.
- ↑ Кеңес Одағы Батырларының Аллеясы.
- ↑ Кеңес одағының батыры М. Ғабдуллин ескерткіші.
- ↑ Қазақстанның 20 әуежайынан қандай рейстер қолжетімді.
- ↑ Қазақстанда "ашық аспан" режимі ұзартыла ма?.
- ↑ Көкшетау қаласының көше атауларын өзгерту туралы.
- ↑ Көкшетау қаласының көше атауларын өзгерту туралы.
- ↑ Көкшетау - көшелері толық қазақшаланған Қазақстандағы бірінші қала.
- ↑ Көкшетау станcасының теміржол вокзалының жұмыскерлерімен кездесу.
- ↑ Аурухана туралы.
- ↑ ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі өңірлік жоғары оқу орындарын жаңғыртуға басымдық береді — С. Нұрбек.
- ↑ Ш. Уәлиханов атындағы Көкшетау университетi - Негізгі ақпарат.
- ↑ Абай Мырзахметов атындағы Көкшетау университеті.
- ↑ Көкшетау болашақ сарайы.
- ↑ Көкшетау қаласындағы физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі.
- ↑ «Арна» Көкшетау Жоғары колледжі.
- ↑ Көкшетау қаласы, Ақан сері атындағы жоғары мәдениет колледжі.
- ↑ Колледж туралы ақпарат.
- ↑ 2021 жылдың қаңтар-шілде бойынша Көкшетау қаласының әлеуметтік –экономикалық дамуының нәтижелері туралы анықтама.
- ↑ Көкшетау қаласының Қалалық ақпараттық кiтапхана жүйесi.
- ↑ Қалалық ақпараттық кітапханалар жүйесі.
- ↑ Мағжан Жұмабаев атындағы Ақмола облыстық кітапханасына – 75 жыл.
- ↑ «Көкшетау қаласының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» мемлекеттік мекемесіне қарасты мекемелер мен кәсіпорындардың тізімі.
- ↑ Ақмола облысының мемлекеттік архиві.
- ↑ Көкшетау қаласының мемлекеттiк архивi.
- ↑ Көкшетау қаласы мемлекеттік мұрағатының қызметі тарихы туралы ақпарат.
- ↑ 2021 жылғы ақпан айындағы жағдай бойынша этномәдени бірлестіктер туралы мәлімет.
- ↑ Үкілі Ыбырай Сандыбайұлы атындағы Ақмола облыстық филармониясы.
- ↑ Шахмет Құсайынов атындағы Ақмола облыстық қазақ музыкалық-драма театры.
- ↑ Шахмет Құсайынов атындағы Ақмола облыстық қазақ музыкалық драма театрын ашуға Алматыдағы Т.Жүргенов атындағы өнер академиясының бір топ жас түлегі сеп болған.
- ↑ Көкшетау мәдениет сарайы.
- ↑ Ақмола облысы мәдениет Басқармасы жанындағы «Ақмола облыстық орыс драма театры» МКҚК.
- ↑ “Достар” мәдениет сарайы.
- ↑ “Cinema Alem” Кинотеатры.
- ↑ Ақмола облыстық тарихи-өлкетану музейі.
- ↑ Көне ғимараттар. Көкшетау қаласының тарихы музейі.
- ↑ «Шамсудинов және К» сауда үйлерінің бұрынғы ғимараты.
- ↑ Көкшетау қаласының мұражайлары.
- ↑ Мәлік Ғабдуллин атындағы мұражайы.
- ↑ Келбеті көз сүйсіндірер Көкшетаудың көрікті орындары қандай – фоторепортаж.
- ↑ Назарбаевтың есімін алып тастайды деген ақпарат жалған, Көкшетауда ондай жағалау жоқ - әкімдік.
- ↑ Көкшетау қаласында тегін жеке жағажай ашылды.
- ↑ Көкшетаудың көшелерінің 98 пайызы қазақшаланды.
- ↑ Ғасыр жасаған «Арқа ажары» газеті.
- ↑ Телеарна туралы.
- ↑ 2021 жылдың қаңтар-шілде бойынша Көкшетау қаласының әлеуметтік –экономикалық дамуының нәтижелері туралы анықтама.
- ↑ Бурабай спорт сарайы Ақмола облысы аумағындағы ең ірі спорттық мәдениет орталығы.
- ↑ Көкшетау теннис орталығы.
- ↑ БЖСМ “Триатлон”.
- ↑ «Анастасия Цветаева - Көкшетауда» атты дөңгелек үстел.
- ↑ “BOOKPArnas” ашық әдеби клубы.
- ↑ Цветаева алауы – 2022.
- ↑ Мәдени серуен: Көкшетау қаласы тарихының музейі.
Сыртқы сілтемелер
[өңдеу | қайнарын өңдеу]
|
|
|