Мазмұнға өту

Албания фаунасы

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет

Албания фаунасында омыртқалы және омыртқасыз жануарлардың 15 600-ден астам түрі бар. Жапырақты орманның кең массивтері кейбір жыртқыштар мен кеміргіштерге баспана болады. Қарағайлы ормандарда - қоңыр аюлар, суырлар, сілеусіндер мен аққалақтар мекендейді.

Албан Альпі тауында жыртқыштармен жұптұяқтылар мекендейді

Жануарлар әлемі

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Албания жануарлар әлеміне онша бай емес. Ел аумағының шамамен төрттен бір бөлігін ормандар алып жатыр, дегенмен олардың аумағы 20 ғасырдың соңынан бастап тез қысқарып келеді. Құрамы жағынан елдің жануарлар әлемі — Орталық Еуропа мен Жерорта теңізі фаунасының қоспасы.

Бұйра бірқазан. Албания

Мемлекеттің халқы аз қоныстанған аудандарында сүтқоректілердің кей түрлері кездеседі. Жағалаудағы аудандарда суда жүзетін құстар бар. Бауырымен жорғалаушылардың арасында — жыландар, сұр жыландар, кесірткелер, геккондар (жармасқылар) мен тасбақалар кездеседі[1].

Албания аумағындағы фаунаның түрлерінің саны шамамен төмендегідей.

Сонымен қатар фаунаның кейбір өкілдеріне жойылу қаупі төніп тұр. Бұған жануарлардың 91 түрі жатады, соның ішінде:

  • Далматиндік бірқазан;
  • Европа теңіз бекірелері.

Елдің оңтүстігіндегі Роккидің жағалау аймақтарын мекендейтін Жерорта теңізі итбалығына да қауіп төніп тұр[2].

Албанияда 76 мың гектарды (1997) құрайтын 6 ұлттық саябақ, 24 қорық және табиғи ескерткіштер бар, бұл ел аумағының шамамен 1%-ы[3].

Сүтқоректілер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Ел аумағында сүтқоректілердің 80 түрі тіркелген. Жыртқыштардан қасқыр, түлкі, шиебөрі, қоңыр аю және қарапайым сілеусін кездеседі. Сондай-ақ, кейбір аймақтарда бұғы, кермарал, қабан жиі кездеседі. Жарқанаттардың 20 түрі, жағалау суларында дельфиндердің 4 түрі, соның ішінде косаткалар да бар[4].

Албания фаунасында қарғаларды, торғайларды, жалпақтұмсық үйректерді, шілдердің екі түрін, қырғауыл мен құтандарды кездестіруге болады. Шілдердің сирек кездесетін екі түрі биік таулардағы қарағайлы ормандарды мекендейді. Жыртқыш құстар, соның ішінде бүркіттер, сұңқарлар, қаршыға, қырғилар және үкілердің бірнеше түрлері мекен етеді.

Албанияда жыл құстарының арасында бұлбұлдар, дегелектер, қарлығаштар, көкектер, бозторғайлар, сайрақтар, қаздар, кептерлер және жылқышылар туысы ормандарда кеңінен кездеседі.

Бауырмен жорғалаушылар мен қосмекенділер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
Албан бақасы

Албанияда бауырымен жорғалаушылардың 46 түрі тіркелген. Адрия теңізінің жағасында өсетін теңіз тасбақаларының 4 түрі: бисса, жасыл тасбақа, үлкен тасбақа және терілі тасбақа кездеседі.

Бауырымен жорғалаушылар арасында тасбақаның 5, жыланның 17, кесірткелердің 18 түрі белгілі. Сондай-ақ, Албанияда қосмекенділердің 16 түрі мекендейді[3].

Албания суларында балықтың 260-қа жуық түрі мекендейді, Жерорта теңізінің ең көп таралған балық түрлері жағалау бойында және тау өзендерінде басым болатын бақтақ (форель) балығы. Көлдерде тұқы, жылан балықтар және басқа да тұщы су балықтары мекендейді, сонымен қатар жағалауларда кәмшаттарды кездестіруге болады[5].

Омыртқасыздар

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Албанияда жәндіктердің 4000 түрі бар. Оның ішінде күндізгі көбелектің 187 түрі, инеліктердің 55 түрі, құмырсқа арыстандарының 14 түрі, жылғалықтардың 50 түрі және барылдауық қоңыздардың 500-ге жуық түрі бар.

Елде өрмекшітәрізділердің 335 түрі тіркелген.

Албания аумағында жер үсті және тұщы су моллюскаларының 400-ге жуық түрі белгілі, олардың көпшілігі эндемикалық болып табылады[4].

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]