Мазмұнға өту

Атырау облысының әдебиеті мен өнері

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет

Атырау елінің өнер дәстүрлері ертеде қалыптаскан, ол уақыт өткен сайын шыңдалып, ұрпақтан-ұрпаққа жетіп отырған. Мұнда арттарына өлместей сөз, әділдікке, адамгершілікке баулитын өнегелі өсиет қалдырған ақындар, әншілер, күйшілер, бишілер, дана билер, шешендер өмір сүрген.

Ұрпақтан-ұрпаққа әулие ретінде, аңызға айналған Асан Қайғы асқан ақындықпен қатар үлкен ойшыл, дарынды саяси қайраткер болды, сондықтан оны Керей, Жәнібек хандар азуы алты қарыс би етіп үнемі жанында ұстады. Еділ мен Жайықты барша қазақтың бір шетіндегі қос қанаты санайтын халқымыз сынды атыраулықтар Еділ топырағында жаралып, -Ұлытауда жерленген Асан Қайғыны бөліп-жармай өз бабасы, ақыны, өз алыбы санайды.

Қазтуған Сүйінішұлы - Нарын құмында туған, 15 ғ-да өмір сүрген жырау. Шалкиіз Тіленшіұлы (1465-1560), Есет би, Махамбет, Шернияз Жарылғасұлы, Қашқынбай Қожамбетұлы (1830-1870), Нұрым Шыршығұлұлы (1831—1908), Мұрат Мөңкеұлы (1843-1906) т. б. - Еділ мен Жайық, Ойыл мен Қиыл, Жем мен Сағыз атырабының ақындары.

Ығылман Шөрекұлы 19 ғ-дағы Исатай Тайманұлы бастаған шаруалар көтерілісінің тарихынан «Исатай— Махамбет» атты дастан жазды. Бұл ақындардың дәстүрлерін жалғастырған Бала Ораз Өтебайұлы (1837-1937), Хиса Көбжанұлы, Сәттіғұл Жанғабылұлы (1876- 1966), Сұраубай Үттібайұлы (1887—1970), Құмар Жүсіпов (1905-1980) болды. Бұл ақындардың ерекшеліктері — бәрі де суырып салма, сөз тапқырлығы, бірқатарының (Бала Ораз, Хиса т. б.) ақындығы мен сазгерлігінің әншілігімен бірдей болуында. Олардың барлығы дерлік дәстүрлі өнер айтысына белсене қатысқан, шығармашылықтарының басым көпшілігін айтыс үстінде шығарған ақындар.

Атыраудың түлектері Әбу Сәрсенбаевтың, Хамит Ерғалиевтың, Ғабдол Слановтың, Зейнолла Қабдоловтың туындыларын ерекше айтуға болады. Олардың ізін ала халық ілтипатына ие болған жазушыларӘбіш Кекілбаев, Фариза Оңғарсынова, Жұмекен Нәжімеденов, Берқайыр Аманшин, Қабиболла Сыдиықұлы, Зейнолла Серікқалиев, Мағзом Сүндетов, Есенжол Домбаев, Әнес Сараев, Нәбиден Әбуталиев, Дүйсеңбек Қанатбаев, Марат Отарәлиев, Меңдекеш Сатыбалдиев, Нұралы Әжіғалиевтар болды.

Бұлармен қатар драматург-жазушы Берік Корқытов, ақындар Жәрдем Тоғашев, Аманқос Ершуов, Қадыр Жүсіпов, Сансызбай Охасов, Өтепберген Әлімгереевті атаған жөн. Айтыс өнерінің бел ортасында Жанаш Нұрмұханов, Сембай Бердімұратов, Дүйсенғали Ғұмаров, Қисым Ғұмаров, Тұрар Құрманғалиев, Жәниба Қарасаева, Күләш Нәбиева, Қабижан Сағиев, Тементай Әділханов, Жолдығали Бақытов, Уәлидолла Ізекенов, Сансызбай Базарбаев, Ибраһим Жақиев, Мәжит Мұхтаров т. б. бар. Соңғы жылдары көптеген айтыс ақындары: К. Жолаев, Ж. Өтеуғалиев, М. Саркенжиев, Қ. Дәулетов, А. Есенғалиев, С. Исахаев, Ш. Қабиев, А. Отаралиев, Р. Ақниязова. Р. Бекқалиева көпшілікке белгілі бола бастады.

Отан соғысы аяқталысымен майдангер ақын Әбу Сәрсенбаев «Ақша бұлттар» атты әйгілі өлең кітабын ұсынды. Ол 40-жылдар межесі үшін әдебиеттегі ерекше құбылыс болып бағаланды. Мұнымен бірге ақын «Ұлым туралы ой», «Аяқталмаған дастан» атты поэмаларын, 50-жылдары «Толқында туғаңдар» атты романын ұсынды. Ақын Хамит Ерғалиев бұл жылдары ерекше шығармашылық танытты. Ол «Әке сыры», «Жас ана», «Біздің ауылдың қызы», «Сенің өзенің», «Үлкен жолдың үстінде», «Құрманғазы» поэмалары сияқты туындыларын жазды. Жазушы Ғабдол Сланов Гурьев мұнайшыларының еңбегін суреттейтін «Жанартау» романын, соғыстан кейінгі ауыл өмірінің тыныс-тіршілігін көрсететін «Кең өріс» повесін қайтадан толықтырып, «Шалқар» романына айналдырды. Сонымен бірге «Домбыра күйі — Ақиық», «Қызбел» повестері жарық көрді.

Кейінен Зейнолла Қабдолов қосылды. Ол университетте оқып жүріпақ алғашқы туындылары — өлендері мен очеркгерін жариялады. Оның «Серт» атты алғашқы әңгімесі 1947 ж. жарық көрген болатын. Қазір халық арасына кең тараған Әбілахат Еспаевтың «Жайық қызы» әйгілі әнінің өлеңін жазды. «Өмір ұшқыны» повесін жариялады. Қазір Зейнолла Қабдолов -«Жанр сыры», «Арна», «Жебе», «Көзқарас», «Сөз өнері» т. б. кітаптармен бірге «Жалын», «Менің Әуезовім» секілді күрделі романдардың авторы.

50-жылдары Берік Қорқытов, Түмен Балтасов, Есенғали Бөкенбаев, Сәттіғұл Жанғабылов, Құмар Жүсіпов, Сәду Қайырлапов, Диар Жолаев, Мұрат Өскенбаев, Сұраубай Үттібаев, Мақсұт Неталиев, Уәйіс Қайырлапов, Жұмаш Нақбаев, Жәрдем Тоғашев, Сембай Бердімұратов, Жанаш Нұрмұханов, Рахмет Иманғалиев, Марат Ысқақов т. б. өздерінің шығармаларымен көріне бастады. Бұрынырақта «Қырымның қырық батырын» толғаған Сеңгірбекұлы Мұрын жырау үлгісімен көне жырларды өз орындауына енгізіп, халық арасында насихаттаған ақындардың қатарына Сүгір Бегендіков, Сәттіғұл Жанғабылов, Құмар Жүсіпов, Сәду Қайырлапов, Мұрат Өскенбаев, Сұраубай Үтгібаевтарды жатқызуға болады. Ел ақындарының ірі туындысы Уәйіс Қайырлаповтың «Ақбөбек» атты тарихи дастаны. Бұл дастан болған оқиға негізінде Қайып пен Ақбөбек атты ғашықтардың талайлы-тағдырын жырға арқау еткен. Кейіннен автор драматург Берік Қорқытовпен біріге отырып, «Ақбөбекті» пьесаға айналдырып, оған екінші өмір берді.[1]

Атырау өлкесі ежелден ән мен жырдың, күйдің өлкесі. Құрманғазының, Түркештің, Динаның, Дәулеткерейдің, Сейтектің күйлері атадан балаға мұра. 1937 жылдың қыркүйек айы күйші Дина Нұрпейісова Құрманғазының «Қайран шешем» күйімен есте қалды. Содан кейін «Әсем қоңыр», «Бұлбұл», «Төремұрат», «Ақжелең» күйлері орындалды. Сөйтіп, Құрманғазы шәкірті Дина 76-ға қараған жасында бүкіл қазақ халқына әйгілі болып, оның сүйіктісіне айналды. Ол халық аспаптарында орындаушылардың Мәскеуде өткен Бүкілодақтық I конкурсына қатысты. Д. Нұрпейісова қазақ халқының домбырашылық өнерін насихаттауда көп еңбек етті. 1938 ж. үкімет «Қазақ өнеріне еңбек сінірген қайраткер» деген атақ берді. Ол екі мәрте Еңбек Қызыл Ту орденімен, медальдармен, Құрмет грамоталарымен марапатталды. Сазгер Қазақстанның 20 жылдығына арнап, «Той бастар», «Ана бұйрығы» туындыларын дүниеге келтірді.

Өлке өнерінде ерекше орны бар адам — Смағұл Көшекбаев (1904-1945). Смағұл - Динаның сазгерлік және күйшілік өнерін танытудағы бірден-бір себепкер болған адам. Ол Ұлы Отан соғысына қатысып, 1945 ж. майданда қаза тапты. Аз өмірінде артына музыкалық елеулі мұра қалдырды. Оның «Ботагөз», «Жаз», «Май гүлі», «Біздің ән», «Жазғы кеш», «Партия туралы ән», «Дауыл», «Сағыныш», «Бригада жыры», «Біз келеміз» және тағы басқа ән-романстары бар. Сонымен бірге оның «Сейтек» атты либреттосы 30-жылдардың аяғында сахнаға шығарылды.

1934 ж. қазақтың ұлт-аспаптар оркестрі ұйымдасқаннан кейін халық арасындағы өнерпаздарды және халық күйлері мен әндерін жинау қолға алынды. Бұған Ерғали Ещанов, Мұрат Өскенбаев, Бақтияр Құбайжанов үлес қосты. Олар Құрманғазының, Дәулеткерейдің, Абылдың, Өскенбайдың, Сейтектің, Құлшардың, Түркештің және т. б. күйшілердің классикалық күйлерін насихаттады.

Қазақстан Республикасының халық артистері, киноактер Нұрмұхан Жантөрин, биші Гүлжан Талпақова, күйшілер Бақыт Қарабалина, Қаршыға Ахмедяров, Әзидолла Есқалиев, әнші Ғафиз Есімов, Құрманғазы оркестрінің бас дирижері Айтқали Жайымов, күйші Айгүл Үлкенбаева — Атыраудан шыққан таланттар.

Мәдени клубтар

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
Атырау облысы Амангелді аулындағы селолық мәдениет үйі 1975 ж.

1920-30 ж. облыс өнері мен мәдениетінің тарихы клуб жұмысының жолға қойылуынан басталды. Бұл істің құлаш жаюы 20-жылдары қолға алынды. Атыраудағы клубтардың ең үлкені 1923 ж. 1 желтоқсанда құрылған балықшылардың «Ерік» атты клубы болды. Сонымен бірге мұнайшылар, кәсіподақ саяси, ағарту бөлімі жанынан да клубтар ұйымдасты. 1924 ж. клуб саны 8-ге, оған қатысушылар 589 адамға жетті. Клубтар жанында драмалық, саяси ғылыми-техникалық, музыкалық, спорттық, дауыстап газет оқу сияқты үйірмелер жұмыс істеді. Осылардың ішінде драма үйірмесінің жұмысы жақсы жолға қойылды. 1923 жылдың қараша айынан 1924 жылдың маусымына дейін мұнайшылар мен балықшылар клубы жанындағы үйірме 62 спектакль, 9 концерт қойды. 1934 ж. драмалық үйірме саны қалада жетеуге жетті. Атырауда жылдан-жылға мәдениет орындары көбейе түсті. Олардың ішіндегі ең үлкені қаладағы Орджоникидзе атындағы мәдениет сарайы болды. Онда 1 музыкалық, 2 драмалық және басқа үйірмелер жұмыс істеді. 1936 ж. шілде, тамыз айларында мәдениет сарайында 50 спектакль, 22 кеш өткізілді. Сондай-ақ балық құты комбинаты жанындағы клуб жұмысы да жақсы жолға қойылды. Жергілікті драма үйірмесі мүшелерінің тәжірибе жинақтауы үшін, Қазақ КСР-інің халық артисі Жұмат Шанин бастаған Оралдың музыкалық драма театрын шақыртты. Өнерпаздар жергілікті көрермендерге «Айман-Шолпан», «Амангелді», «Платон Кречет» спектакльдерін көрсетті.

Қазіргі облысаралық Махамбет Өтемісұлы атындағы Атырау облыстық академиялық драма театрының өзіндік тарихы бар. Алғашқы драма үйірмесінің құрамы әр түрлі клубтардағы талантты деген үйірме мүшелерінен құрастырылды. Оның алғаш ұйымдастырушысы Қапар Қожахметов болды. Үйірменің ең бірінші белсенді мүшелері Қуат Төлеков пен Құрманғали Доғалақов. Репертуары шағын пьесалар мен ән-күй орындаудан басталған топтың тұңғыш ірі еңбегі Бейімбет Майлиннің «Талтаңбайдың тәртібі» пьесасы болды. Үйірмеге қыздардан ең бірінші мүше болған Шаштықыз Жұмабаева. Ал 1937 ж. бір жылдық театр студиясы ашылды. Студияға басшылық ету Мәскеудегі театр институтының режиссерлік факультетінің студенті Шафхат Гатаулинге тапсырылды. Осы жылы Мәскеудің «Нефтяник» театры ұзақ мерзімге келуі студияның болашағына жол ашты. Театрдың режиссері Троцкий бастаған тәжірибелі актерлері студияға дәріс беріп, жас актерлер М. Әуезовтің «Түнгі сарын», Д. Фурмановтың «Бүліншілік» пьесаларын сахнаға шығарды. Студияны Қуат Төлеков, Шаштықыз Жұмабаева, Оңай Жақсыбаев, Құрманғали Доғалақов, Әбіл Қизатов, Айтжан Есенбаев, Балым Есенбаева, Марияш Төралиева, Қайыржан Имашев, Меңдеш Есенбаев, Ғабдолла Өтеулиев және басқалар, барлығы 20 адам бітіріп шығады.

Махамбет Өтемісов атындағы Атырау облысаралық драма театры

Қазақ КСР Халық ағарту комиссариатының 1938 жылғы 5 наурыздағы қаулысы бойынша Гурьев қаласында қазақ драма театры ашылды. Сол қаулыға сәйкес Петропавл театрының ұжымы осы театрға келіп қосылды. Театрдың көркемдік жағын басқарған режиссер А. И. Сусанов-Саянский, суретшісі И. Непряхин, артистер Жәмила Ибрагимова, Хамит Болатов, Зәмзәм Нұрмағанбетова тағы басқалар келді. 1938 жылғы 9 мамырда М. Әуезовтің «Түнгі сарын» пьесасымен Гурьев театры өзінің тұңғыш сахнасын ашты. 30-жылдардың аяғына дейін Б. Майлин мен Ғ. Мүсіреповтің «Амангелді», Н. Гогольдің «Ревизор», К. Гольдонидің «Екі мырзаға бір қызметші» деген пьесаларын қойды.

Қазақ КСР Мәдениет министрлігі 1957 ж. республика өмірінде тұңғыш рет облыс театрларының байқауын өткізді. Байқау қорытындысында Гурьев театры республика бойынша бірінші жүлделі орынға ие болып, басты рөлдерде ойнаған актерлер Қазақ КСР-інің еңбек сіңірген артисі Зарифа Сүлейменова, Қуат Төлеков, Күнипа Иманғалиева «театр көктемінің» лауреаты деген құрметті атқа ие болды.

Атырау облыстық театр ұжымы Атырау, Маңғыстау, Орал, Ақтөбе облыстарының жұртшылығына қазақ жазушыларының, орыс және Батыс Еуропа классиктерінің шығармаларын сахнада көрсетті. Облыстық қазақ драма театрының ұжымы - республика театрларының ішінде өзіндік жақсы дәстүрлері бар ұжымдардың бірі. Қазақстан Республикасының халық артистері Қуат Төлеков, Зарифа Сүлейменова, Алма Ахметова, Жұпар Манапова, Қарақалпақстанның халық артисі Әдемі Ділханованың, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген артистері Қайырбек Құсманов, Күнипа Иманғалиева, Оңай Жақсыбаев, Жәмила Ибрагимова, Зухра Дүйсеновалардың жасаған образдары қазақ сахна өнерінде көрнекті орын алады.

Театр 1963 ж. өткізілген «Театр және замандас» фестивалінің лауреаты атағын жеңіп алды. 1980 ж. Қазақ КСР Жоғарғы Ке ңесінің Құрмет Грамотасымен марапатталды. 1984 ж. театр ұжымдарының республикалық байқауында екінші рет лауреат атанды.

Нұрмұхан Жантөрин атындағы филармония

Қазіргі Нұрмұхан Жантөрин атындағы филармония м 1966 ж. ұйымдастырылды. Филармонияның құрамында 3 эстрадалық ансамбль, 2 қуыршақ театры және музыкалық лекторий жұмыс істейді. Олардың қатарынан «Атырау-Жайық» эстрада ансамблін ерекше атауға болады. Филармония ұжымы облыс халқына мәдени қызмет көрсету ісіне белсене қатысады. Филармония КСРО Мәдениет министрлігінің, Ауыл шаруашылығы және мәдениет қызметкерлерінің кәсіподағы орталық комитетінің дипломымен марапатталған. Филармонияның «Атырау- Жайық» ансамблі 1968 ж. ұйымдастырылған. Кейін 1980 ж. «Нарын» ансамблі құрылды. Содан бергі уақыт ішінде ансамбль мүшелерінің құрамы толыға түсіп, концерттік репертуарынан ұлттық әндер мен билер де орын алды. Ансамбль республикамыздың түкпір-түпкірлерінде болып, жүздеген концерттер қойды. Сонымен бірге Өзбекстан, Түрікменстан, Қарақалпақстанда, Астрахан облысында болды. 1992 ж. «Нарын» Монғолияға барып қайтты. Олардың құрамы жылма-жыл эстрада студияларын бітірген жастармен толықтырылуда. Әншілер Мекес Төрешов, Асқар Харесов, Балжан Жүсіпбеков, Тельман Мұсағалиев, Ұлмекен Қарағұлова, биші Светлана Нысанова, акробат этюдші Нина Севостьянова, көркем сөз шебері Қайыржан Махмұдовтар кезінде ансамбль беделін көтеруге үлкен үлес қосқан өнерпаздар. Қазір филармонияның өз үйі мен залы бар.

Дина Нұрпейісова атындағы Атырау облыстық Академиялық қазақ халық-аспаптар оркестрі Тәуелсіздік күніне арнап Парижде өнер көрсетуде

Дина Нұрпейісова атындағы халық ұлт-аспаптар оркестрі 1957 ж. ұйымдастырылған. 1959 ж. ұжымға халық оркестрі атағы берілді. Алғаш Қазакстан Республикасының еңбек сіңірген мәдениет қызметкері, сазгер С.Құсайынов ұйымдастырып, оған дирижерлік етті. Бұдан кейін оркестрдің көркемдік жағын әр жылдары дирижер Б. Рзаханов пен О. Жауыров, Р. Ғабдиев басқарды. 1970 ж. ол Қазақ КСР-і құрылуының 50 жылдығымен байланысты Мәскеуде Одақтар үйінің колонна залының сахнасында өнер көрсетті. Бүкілодақтық (1978) және республикалық (1960, 1967) көркемөнерпаздардың халық шығармашылығы байқауларының лауреаты. Оркестр 1990 жылдың желтоқсанынан бастап, кәсіби оркестр болып қайта ұйымдасты.

Орджоникидзе атындағы мұнайщылар мәдениет үйінің драма және бишілер ұжымдарын, Теңіз ауданы орталығы Ганюшкин мәдениет үйінің драмашылары, Маңғыстау ауданының (ол кезде Атырау облысы құрамында) драма үйірмесі және басқа көптеген үйірмелер жемісті жұмыс істеді. Осылардың ішінде жемісті еңбек етудің нәтижесінде 50-жылдардың аяғына дейін мұнайшылар мәдениет үйінің драмашылары, Теңіз аудандық драма ұжымы «Халық театры» деген атаққа ие болды.

Халық театрлары, отбасылық ансамбльдер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

60—80-жылдарда халық арасынан шыққан өнерпаздар: Ембі халық театры (1960), Аққыстау халық театры (1967), Алға халық театры (1967), Маңғыстау халық театры (1967), Өрлік халық театры (1968), Данко халық театры (Ақтау, 1974), Горы халық театры (1983), Қызылқоға халық театры (1983), Шайыр халық театры (1981), Амангелді халық театры, «Жайық қызы» (1970), «Жастар» (1975), «Атырау» фольклорлық (1980), «Маңғыстау маржандары» ансамбльдері - халық ансамбльдері.[2]

Аққыстау халық театры

Калинин халық аспаптар оркестрі, (Теңіз ауданы, 1972), Мақат халық аспаптар оркестрі (Мақат ауданы, 1974) халық оркестрі қатарына қосылды. Облыстық мұнайшылардың мәдениет үйі жанындағы жасөспірімдер театры (1971), Киров атындағы кеңшар театры (Теңіз ауданы, 1967), Ленин атындағы клубының халық аспаптар оркестрі (Қызылқоға ауданы, 1982), № 99 құрылыс басқармасының әйелдер хоры (1979), мұнайшылар мәдениет үйінің «Мұнайшы» ән-би ансамблі (1963) Халықтық атақтар алды. Облыстың жоғарыдағы көрсетілген көптеген өнерпаз ұжымдарының ішінде кемелденгендерінің бірі «Жайық қызы» ән-би ансамблі. Ансамбльдің көркемдік жетекшісі -Кененбай Өтегенов, жетекшісі және балетмейстрі — Дмитрий Арсентьев, музыка жетекшісі — Вячеслав Тюрин. Ұжым облыста, республикада өткен фестивальдардың лауреаты атанды. 1971 ж. қазан айында «Жайық қызы» ансамблі Югославияда болып қайтты.

70-жылдары дүниеге келген өнер жаңалықтарының қатарына отбасылық ансамбльдерді жатқызуға болады. Облыста өнерпаз отбасылар көптеп саналады. Бұған шаңырақ иесінен бастап, үйдегі өнерпаздарға еліктеген кішкене сәбилерге дейін қатысты. Атырауда тұңғыш рет Түсекеновтер, Есенғалиевтер, Құлғалиевтердің отбасылық ансамбльдері ұйымдастырылды. Бұлардың ішінде Махамбет ауданынан құрылған Түсекеновтер ансамблін ерекше атау керек. Ансамбль талай республикалық жарыстарға қатысып, жүлделі орындарға ие болды, лауреат атанды. Олар 1978 ж. республикалық теледидардан көрсетілсе, 1979 ж. Мәскеудегі Бүкілодақтық Халық шаруашылығы жетістіктерінің көрмесінде бірнеше рет концерт койып, лауреат атанды. Отызға тарта отбасылық ансамбльдер бар.

Әуесқой сазгерлер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

50-жылдарда күйші-әншілер және әуесқой сазгерлер жарыққа шыға бастады. Күйшілер: Фазыл Сұлтанов, Рысбай Ғабдиев, Тоқсанбай Құлтумиев, Шамшиден Шәріпов, Орын Құлсариев, Зәмзәм Ещанова, Серік Дәулетияров, Сеңбек Есенғалиев, әншілер: Қуанғали Жұмалиев, Алдаберген Хамзин, Хаттар Дүйсемалиев, Ұлдай Аманғалиева, Зиға Қамалова, Нариман Үлкенбаев, музыканттар: Т. Мұсағалиев, Б. Маханов, Б. Рзаханов облыс өнеріне мол үлес қосты. Әуесқой сазгерлер: Сейілхан Құсайынов, Жәкулә Нұрғалиев, Тоқсанбай Құлтумиев, Жалғас Назаров, Зәмзәм Ещанова, Абдолла Мұсағалиев, Рональд Топчевскийлер үлкен еңбек етті. Олардың туындыларының ішінде тіпті республика көлеміне әйгілі болып кеткендері бар. Мысалы, Сейілхан Құсайыновтың «Мереке», Тоқсанбай Құлтумиевтің «Комсомол», Жалғас Назаровтың «Бейбітшілік», Зәмзәм Ещанованың «Каспий толқыны», Абдолла Мұсағалиевтің «Есбол жастарының маршы» т.б.

ВИА "Қызғалдақ" Балықшы ауданы 1970 жылдар

Республикаға танымал күйші Зәмзәм Ещанованың «Ақ ілме», «Каспий толқыны», «Ақ Жайық», «Шашу», «Шаттық» атты күйлері халық арасына кең тарады. Музыка шебері — Абдолла Мұсағалиев. Абдолла ән де, күй де шығарды, оның «Көгершін», «Жігіт сыры», «Есбол жастарының маршы», «Ақ Жайық» әндерімен бірге «Салтанат» атты күйі бар. Кәсіби музыкант Р. Топчевскийдің әндері көптеп саналады. Мысалы: «Казахстан — Республика моя», «Уходили мальчики в тайгу», «Гурьевская лирическая», «Урал» т. б. Талантты әуесқой сазгер Самат Мәдениетұлының «Мұнайшылар маршы», «Балыкшы әні», «Қаһармандар» деген әндері, «Жарыс», «Бейбітшілік», «Жастар мерекесі» сияқты күйлері бар. 60-жылдардан кейінгі сазгерлер: Ж. Назаров, 3. Дәуітов, Ж. Нұрғалиев, Ш. Құспанов, Т. Абдуллаев, М. Ғаббасов және басқалар.

Табылды Досымов - қазақтың тұңғыш бард ақыны. «Жайықтың толқындары», «Табылдының әні» атты өлеңдер мен ән мәтіндері жинақтарының авторы. Өлеңдері кітап болып басылып, оқырмандар арасында қолдан қолға өтті. Әндері кең байтақ елінің рухын көтерді.[3]

Өнер туындылары

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Суретшілер мен қолөнер шеберлерінің көрмелері әрдайым ұйымдастырылып отырады. Бұл көрмелердің экспонаттары, 60-жылдардан бастап, негізінен әуесқой өнерпаздардың туындыларынан кұралды (В. Фарберов , Петр Ли, И. Никель, Тосунов, Б. Кабанкин, Жұмағалиев және басқалар). Бірақ соған қарамастан олардың туындылары көрермендердің назарын аударады. Б. Кабанкиннің «Ескі көпір», «Ақ Жайық», «Су стансасы», «Гурьев құрылысы», И. Петрушевтің «Даладағы жол», «Тұзды көл», «Социалистік Еңбек Ері Б. Шағированың портреті», А. Губенконың «Маңғыстау бүгіні» тағы басқа Атырау елі еңбекшілерінің өмірін бейнелейді. 70-80- жылдарда қылқалам шеберлерінің туындылары қатары Қазақстан және Ресей өнер оқу орындарын бітірген мамандармен толықтырылды. Олардың қатарына Ж. Аралбаевты, Қ. Амановты, С. Шәриповты, А. Кувишновты, X. Мусинді, М. Шеруеновты, М. Ермекқалиевті жаткызуға болады. Атырау, жалпы Батыс Қазақстан өңірінің тынысына қылқалам құдіретімен айрықша үлес қосқан, осы топырақ түлегі профессор Мұхит Қалимовтың еңбегі зор. Оның «Кіші жүз шаруаларының көтерілісі», «Сырым», «Махамбет», «Мұрат ақын» полотнолары -тарихи ауқымы өте кең туындылар.

Шығармашылық және мәдени ұйымдар

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Облыстық халық шығармашылығы үйі жанынан талантты жастардың басын біріктіретін «Жас дәурен» атты бірлестікті 1965 ж. марқұм ақын Меңдекеш Сатыбалдиев ұйымдастырған болатын. Бірлестік өз жұмысын жемісті атқарды.

Облыста көркемөнерпаздарға басшылық беретін шығармашылық орталық бар. Соған қарамастан халық театрларына облыстық театр көмек береді. 1980 жылдан бері облыста халық шығармашылығы мен мәдени-ағарту жұмыстарының ғылыми әдістемелік орталығы құрылып, жұмыс істеуде. Жергілікті халық дарындары шеберлігінің өсуі үшін жарыстар, конкурстар, фестивальдар, көрмелер ұйымдастырған. Шығармашылық топтар қызметкерлерінің білімін жетілдіру мақсатында мерзімдік курстар мен семинарлар өткізілуде. 1978 жылдан бері облыстық көркемөнерпаздар үйі жұмыс істеп келді. Көркемөнерпаздық пен репертуарлық-библиографиялық бөлімдері халық өнерпаздары мен өнер әуесқойларына, мәдени-ағарту орындарына әдістемелік кеңестер беріп, жетекшілік жасауда. Көрмелер, байқаулар, конкурстар, фестивальдар т. б. ұйымдастырылуда.

Қазір облыстық мәдениет мекемелері жанында 594 әр түрлі үйірме жұмыс істейді. Олар 8669 әр түрлі сазгер, әнші, биші, қолөнер мен көркемөнер шеберлерінің, суретшілердің басын біріктіруде, сондай-ақ 95 халық аспаптар оркестрі, 70 хор ұжымы, 70 би және фольклорлық ансамбльдері бар, 30 өнер ұжымы халықтық атақ алған (1993). Мақат халық ұлт-аспаптар оркестрі (дир. С.Мұханбетов), Теңіз ауданы Калинин атындағы кеңшардын халық оркестрі (дир. Т.Ахметжанов), Еркінкала халық оркестрі (дир. С.Қабдешев) жүйелі жұмыс істейді. Балықшылық «Атырау», Исатайлық «Ауыл шаттығы» ансамбльдері республикаға танымал. Дина Нұрпейісова атындағы халық ұлт- аспаптар оркестрінің құрамы 40 адамнан тұратын сәндік шеберханасы ашылды. 1992 ж. қолөнері шеберлері мұражайы ашылды. 1992 ж. «Ақтабан аттың ізімен» телефильм түсірілді. 1991 ж. облыстық мәдениет басқармасы жанынан Мұхит мектебі, облыстық филармония жанында Т.Досымовтың «Желтоқсан жебесі» тобы жұмыс істейді.

Мәдениет ұйымдары

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
Атырау облыстық мәдениет және тілдерді дамыту басқармасы
Атырау қаласы (17)
Басқарушы мекеме Құрылымы
«Құрманғазы атындағы мәдениет сарайы» МКҚК Құрманғазы атындағы мәдениет сарайы

Ақжар, Дамбы, Еркінқала, Жаңаталап, Жұмыскер, Құрманғазы, Томарлы мәдениет үйлері

Ақсай, Атырау, Бесікті, Геолог, Кеңөзек, Ракуша, Талғайран ауылдық клубтары

«Алмалы» КМҚК Алмалы, Береке мәдениет үйлері
Жылыой ауданы (5)
Басқарушы мекеме Құрылымы
«Кең Жылыой» Жылыой аудандық мәдениет үйі» КМҚК Аудандық «Кең Жылыой» мәдениет үйі
«Қосшағыл» мәдениет үйі» КМҚК «Қосшағыл» мәдениет үйі
«Майкөмген мәдениет үйі» КМҚК Майкөмген мәдениет үйі
Тұрғызба мәдениет үйі
«Шоқпартоғай мәдениет үйі» КМҚК Шоқпартоғай мәдениет үйі
Индер ауданы (10)
Басқарушы мекеме Құрылымы
«Индер-Мәдениет» МКҚК Аудандық мәдениет үйі
«Бөдене-Мәдениет» МКҚК Бөдене мәдениет үйі
«Елтай-Мәдениет» МКҚК Елтай, Аққала мәдениет үйлері
«Есбол-Мәдениет» МКҚК Есбол мәдениет үйі, Ынтымақ ауылдық клубы
«Жарсуат-Мәдениет» МКҚК Жарсуат, Құрылыс мәдениет үйлері
«Көктоғай-Мәдениет» МКҚК Көктоғай мәдениет үйі
«Өрлік-Мәдениет» МКҚК Өрлік мәдениет үйі
Исатай ауданы (9)
Басқарушы мекеме Құрылымы
«Исатай аудандық «Жалын» мәдениет үйі» МКҚК Аудандық «Жалын» мәдениет үйі, Томан ауылдық клубы
«Жанбай ауылдық мәдениет үйі» МКҚК Жанбай мәдениет үйі
«Зинеден ауылдық клубы» МКҚК Зинеден ауылдық клубы
«Исатай ауылдық клубы» МКҚК Исатай ауылдық клубы
«Қамысқала ауылдық мәдениет үйі» МКҚК Қамысқала мәдениет үйі
«Нариман Үлкенбайұлы атындағы мәдениет үйі» МКҚК Н. Үлкенбайұлы атындағы мәдениет үйі, Қызылүй ауылдық клубы
«Нарын ауылдық клубы» МКҚК Нарын ауылдық клубы
Құрманғазы ауданы (20)
Басқарушы мекеме Құрылымы
«Смағұл Көшекбаев атындағы аудандық мәдениет үйі» МКҚК С. Көшекбаев атындағы аудандық мәдениет үйі
«Ақкөл ауылдық мәдениет үйі» МКҚК Ақкөл мәдениет үйі
«Асан ауылдық клубы» МКҚК Асан ауылдық клубы
«Байда ауылдық клубы» МКҚК Байда ауылдық клубы
«Балқұдық ауылдық клубы» МКҚК Балқұдық ауылдық клубы
«Бірлік ауылдық клубы» МКҚК Бірлік ауылдық клубы
«Дыңғызыл ауылдық мәдениет үйі» МКҚК Дыңғызыл мәдениет үйі
«Еңбекші ауылдық клубы» МКҚК Еңбекші ауылдық клубы
«Жаңаталап ауылдық клубы» МКҚК Жаңаталап ауылдық клубы
«Көптоғай ауылдық клубы» КММ Көптоғай ауылдық клубы
«Кудряшов ауылдық клубы» МКҚК Кудряшов ауылдық клубы
«Қиғаш ауылдық клубы» МКҚК Қиғаш ауылдық клубы
«Лабай ауылдық клубы» МКҚК Лабай ауылдық клубы
«Нұржау ауылдық мәдениет үйі» МКҚК Нұржау мәдениет үйі
«Өнерпаз ауылдық мәдениет үйі» МКҚК Өнерпаз мәдениет үйі
«Приморье ауылдық клубы» МКҚК Приморье ауылдық клубы
«Сафон ауылдық мәдениет үйі» МКҚК Сафон мәдениет үйі
«Сүйіндік ауылдық мәдениет үйі» МКҚК Сүйіндік мәдениет үйі
«Үштаған ауылдық клубы» МКҚК Үштаған ауылдық клубы
«Шабыт ауылдық мәдениет үйі» МКҚК Шабыт мәдениет үйі
«Шортанбай ауылдық мәдениет үйі» МКҚК Шортанбай мәдениет үйі
Қызылқоға ауданы (21)
Басқарушы мекеме Құрылымы
«Аудандық «Арман» мәдениет үйі» МҚКК Аудандық «Арман» мәдениет үйі
«Еспай» мәдениет үйі» МҚКК «Еспай» мәдениет үйі
«Жангелдин» мәдениет үйі» МҚКК «Жангелдин» мәдениет үйі
«Қаракөл» мәдениет үйі» МҚКК «Қаракөл» мәдениет үйі, Айдын ауылдық клубы
«Мұқыр ауылдық клубы» МҚКК Мұқыр, Жантерек, Қайнар, Соркөл ауылдық клубтары
«Самал» мәдениет үйі» МҚКК «Самал» мәдениет үйі, Бүйрек, Қосқұлақ ауылдық клубтары
«Тайсойған ауылдық клубы» МҚКК Тайсойған ауылдық клубы
«Тасшағыл ауылдық клубы» МҚКК Тасшағыл, Қоғам, Қоныстану ауылдық клубтары
«Шалқыма» мәдениет үйі» МҚКК «Шалқыма» мәдениет үйі
«Шұғыла» мәдениет үйі» МҚКК «Шұғыла» мәдениет үйі, Былқылдақты, Кенбай, Қоңыраулы ауылдық клубтары
Мақат ауданы (2)
Басқарушы мекеме Құрылымы
«Мақат аудандық мәдениет үйі» КМҚК Аудандық мәдениет үйі
«Доссор мәдениет үйі» КМҚК Доссор мәдениет үйі
Махамбет ауданы (12)
Басқарушы мекеме Құрылымы
«Өнерпаз аудандық мәдениет үйі» КМҚК Аудандық «Өнерпаз» мәдениет үйі
«Ақжайық» ауылдық мәдениет үйі» КМҚК «Ақжайық» мәдениет үйі
«Ақтоғай» ауылдық мәдениет үйі» КМҚК «Ақтоғай» мәдениет үйі
«Алға» ауылдық мәдениет үйі» КМҚК «Алға» ауылдық мәдениет үйі
«Бақсай» ауылдық мәдениет үйі» КМҚК «Бақсай» мәдениет үйі
«Бейбарыс ауылдық «Жас Дәурен» мәдениет үйі» КМҚК «Жас Дәурен» мәдениет үйі
«Есбол» ауылдық клубы» КМҚК «Есбол» ауылдық клубы
«Жалғансай ауылдық «Шалқыма» мәдениет үйі» КМҚК «Шалқыма» мәдениет үйі
«Ортақшыл ауылдық «Самал» мәдениет үйі» КМҚК «Самал» мәдениет үйі
«Сарайшық» ауылдық мәдениет үйі» КМҚК «Сарайшық» мәдениет үйі
«Сарытоғай» ауылдық мәдениет үйі» КМҚК «Сарытоғай» мәдениет үйі
«Талдыкөл» ауылдық мәдениет үйі» КМҚК «Талдыкөл» мәдениет үйі

Кітапханалары

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
Атырау облыстық мәдениет және тілдерді дамыту басқармасы
  • Ғ. Сланов атындағы Атырау облыстық ғылыми әмбебап кітапхана
  • Атырау облыстық балалар кітапханасы
Атырау қалалық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі

«Атырау қалалық орталықтандырылған кітапханалар жүйесі» КММ

  • Қалалық орталық кітапхана
  • №2 қалалық кітапхана, №4 жылжымалы кітапхана, №5, 6, 7, 8, 9, 10, 11, 12 қалалық кітапханалар
  • Қалалық орталық балалар кітапханасы
  • №2, 3, 4, 5, 6 қалалық балалар кітапханалары
  • Ақжар, Алмалы, Береке, Бесікті, Дамбы, Еркінқала, Жаңаталап, Құрманғазы, Қызылбалық, Ракуша, Тасқала, Томарлы ауылдық кітапханалары
Жылыой аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі (11)

«Жылыой аудандық орталық кітапхана» КММ

  • Аудандық орталық кітапхана
  • Аудандық балалар кітапханасы
  • №1, 2, 3 қалалық кітапханалар, №4 кенттік кітапхана, №5, 6, 7, 8, 9 ауылдық кітапханалар
Индер аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі (13)

«Индер аудандық орталықтандырылған кітапханалар жүйесі» ММ

  • Аудандық орталық кітапхана
  • Аудандық балалар кітапханасы
  • Арыс, Барлаушы, Бөдене, Жарсуат, Құрылыс, Аққала, Елтай, Ынтымақ, Есбол, Өрлік, Көктоғай, ауылдық кітапханалары
Исатай аудандық мәдениет, дене шынықтыру және спорт бөлімі (18)
  • Аудандық орталық кітапхана
  • Аудандық балалар кітапханасы
  • Айбас, Амангелді, Ақкөл, Аққыстау, Жанбай, Жасқайрат, Зинеден, Исатай, Қамысқала, Қызылүй, Мыңтөбе, Нарын, Новобогат, Өркен, Томан, Тұщықұдық ауылдық кітапханалары
Құрманғазы аудандық ішкі саясат, мәдениет, тілдерді дамыту және спорт бөлімі (28)

«Құрманғазы аудандық орталықтандырылған кітапхана жүйесі» ММ

  • Аудандық орталық кітапхана
  • Аудандық балалар кітапханасы
  • Азғыр, Ақкөл, Асан, Байда, Балқұдық, Бірлік, Дыңғызыл, Еңбекші, Жасталап, Жаңаталап, Калинин, Кудряшов, Көптоғай, Қиғаш, Қошалақ, Қоңыртерек, Қызылоба, Лабай, Морской, Нұржау, Приморье, РТС, Сафон, Сүйіндік, Үштаған, Шортанбай ауылдық кітапханалары
Қызылқоға аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі

«Қызылқоға аудандық орталықтандырылған кітапхана жүйесі» КММ

  • Аудандық орталық кітапхана
  • Аудандық балалар кітапханасы
  • Сағыз балалар кітапханасы
  • Айдын, Аққора, Былқылдақты, Бүйрек, Жамбыл, Жангелдин, Жамансор, Жантерек, Кенбай, Көздіғара, Қайнар, Қарабау, Қаттыкөл, Қоныстану, Қосқұлақ, Қоңыраулы, Мұқыр, Ойыл, Сарықұмақ, Сағыз, Соркөл, Тайсойған, Тасқұдық ауылдық кітапханалары
Мақат аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі (9)

«Мақат аудандық орталық кітапханасы» КММ

  • Аудандық орталық кітапхана
  • №2 аудандық балалар кітапханасы
  • №3 Доссор кітапханасы, №4, 5 Доссор балалар кітапханалары
  • №6 Мақат кітапханасы, №7 Бәйгетөбе кітапханасы, №8 Мақат балалар кітапханасы, №9 Мақат кітапханасы
Махамбет аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі (12)

«Махамбет аудандық орталық кітапханасы» ММ

  • Аудандық орталық кітапхана
  • Аудандық балалар кітапханасы
  • Алға, Ақжайық, Ақтоғай, Бейбарыс, Есбол, Жалғансай, Ортақшыл, Сарайшық, Сарытоғай, Таңдай ауылдық кітапханалары

Музейлер мен архивтер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
Мәдениет және ақпарат министрлігінің Мәдениет комитеті
  • «Сарайшық» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығы (Сарайшық а.)
Атырау облыстық мәдениет және тілдерді дамыту басқармасы
  • Атырау облыстық тарихи-өлкетану музейі
    • Палеонтология музейі (Атырау қ.)
    • Индер аудандық музейі (Индербор к.)
    • Исатай аудандық музейі (Аққыстау а.)
    • Құрманғазы аудандық музейі (Құрманғазы а.)
    • Х. Ерғалиев атындағы музейі (Хамит Ерғалиев а.)
    • Елтай ауылдық музейі (Елтай а.)
    • Б. Нысанбаев атындағы «Әскери даңқ» музейі (Көктоғай а.)
    • М. Өтемісұлы атындағы әдеби-мемориалдық музейі (Жарсуат а.)
    • М. Өтемісұлы тарихи қорығы (Индер ауданы аумағы)
  • Атырау облыстық Ш. Сариев атындағы көркемсурет және қолданбалы сәндік өнер музейі (Атырау қ.)
  • «Атамұра» тарихи-өлкетану музейі (Құлсары қ.)
  • Қызылқоға тарихи-өлкетану музейі (Миялы а.)
  • Мақат тарихи-өлкетану музейі (Доссор к.)
  • Махамбет тарихи-өлкетану музейі (Махамбет а.)
Атырау облыстық цифрландыру және архивтер басқармасы

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  1. Атырау: Энциклопедия. -Алматы: Атамұра, 2000 ISBN 5-7667-9129-1
  2. Қазақ театрының тарихы 1-2 т, А,. 1975-78;
  3. http://juldyz.kz/2017/04/07/tabyldy-dosymov/ Табылды Досымов (1965-2010)