Махамбет Өтемісұлы атындағы Атырау облыстық академиялық драма театры
Махамбет Өтемісұлы атындағы Атырау облыстық академиялық драма театры | |
---|---|
Орналасуы | Қазақстан Атырау |
Негізделгені | 1938 |
Директоры | Берік Жаменов |
Махамбет Өтемісұлы атындағы Атырау облыстық академиялық драма театры — Атырау қаласында құрылған Қазақстандағы байырғы театрлардың бірі.
Тарихы
Іргесі 1938 жылы қаланған, оның құрамына сол жылы Петропавл театрының труппасы келіп қосылды. Театр шымылдығы 1938 жылы М. Әуезовтің “Түнгі сарын” қойылымымен ашылды. Ұлы Отан соғысы басталып, труппадағы ер-азаматтардың барлығы майданға аттанды. Алайда труппадағы әйелдер театр жұмысын тоқтатпай әрі қарай жалғастыра берді. 1948 жылы Орал музыкалық-комедия театрымен біріккен соң Гурьев театры облыс аралық қазақ музыкалық-драма театрына айналып, 1960-70 жылдары бүкіл елге танымал өнер ұжымы болды.[1]
Театр репертуарлары
Театр ашылғалы бері қазақ драматургиясы мен шетелдік классиктерінің барлығы үш жүзден астам туындылары қойылды; ұлы жазушының “Абай”, “Қарагөз”, “Қарақыпшақ Қобланды”, “Еңлік-Кебек”, “Айман-Шолпан”, Н.В. Гогольдің “Ревизор”, К.А. Треневтің “Любовь Яровая”, Шекспирдің “Асауға-тұсау” пьесалары; А.Б. Александровтың “Малиновкадағы той”, У.Гаджибековтің “Аршин мал алан”, В.Б. Вишневскийдің “Оптимистік трагедия”, К.М. Симоновтың “Орыс мәселесі”, Назым Хикметтің “Елеусіз қалған есіл ер” т.б. спектакльдер; ұлттық драматургиядан Ғ. Мүсіреповтің “Қозы Көрпеш-Баян сұлу”, Б. Майлинмен бірігіп жазған “Амангелді”, С. Мұқановтың “Бөтагөз”, М. Ақынжановтың “Исатай-Махамбет”, Б. Қорқытов пен Қ. Төлековтің “Асыл жандар”, С. Жүнісовтің “Ажар мен ажал”, Т. Ахтановтың “Күтпеген кездесу”, Қ. Шаңғытбаев пен Қ. Байсейітовтің “Беу, қыздар-ай!”, “Ақсақал аң-таң”, Ғ. Слановтың “Махамбет”, Ш. Айтматовтың повесі негізінде “Ана-Жер ана”, С. Адамбековтің “Біздің үйдің жұлдыздары” т.б. пьесалар.
Өзінің жарты ғасырлық шығармашылық тарихына байланысты театр ұжымы 1989 жылы Алматыда С. Мұқановтың “Мөлдір махаббат”, Ә.Тәжібаевтың “Дубай Шубаевич”, А. Володиннің “Қос жебе”, О. Бодықовтың “Қорқыт”, Ә. Сәрсенбаевтың “Теңіз махаббаты” қойылымдарын көрсетті. “Жаралы жолбарыс” қойылымымен театр Мысырдағы халықаралық фестивальге қатысты. Қ. Төлеков, А. Ахметова, Ж. Манапова, З. Сүлейменова, Ы. Иманқұлов, К. Иманғалиева сияқты аға буын өкілдері театрдың қалыптасуына мол еңбек сіңірді.
Театрда әр жылдары Ш. Гатаулин, А.И. Сусанов-Саянский, А. Есенбаев, Н.Л. Леготин, Р.М. Шарафутдинова, М. Қамбаров, Қ. Жетпісбаев, Мен Дон-Ук, Ш. Зұлқашев режиссерлік қызмет атқарды.[2][3]
Жетістіктері
Театр бірнеше мәрте республикалық байқаулардың жүлдегері болды. Екі мәрте Қазақ ССР Жоғарғы Кеңесінің Құрмет грамотасымен марапатталды.
- 1957 жылы “Театр көктемі” байқауына (Алматы) қатысып, лауреат атанды.
- 1969 жылы театрға Махамбет Өтемісов есімі берілді.
- ЮНЕСКО шеңберінде тойланған Махамбет батырдың 200 жылдық мерейтойын атап өту кезінде драматург Сайын Назарбекұлының "Махамбеттің бір күні" атты қойылымы сыншылар тарапынан оң бағаға ие болды.
- 2008 жылы Қазақстан театрларының ХІV республикалық фестивалінде Мұхтар Әуезовтің "Қаракөз" драмасы дипломант атанып, театр актері Сәбит Қожабеков "Ең үздік екінші пландағы ер адам бейнесі үшін" дипломымен марапатталды.
- 2010 жылы Тараз қаласында өткен Бауыржан Момышұлының туғанына 100 жыл толу мерекесіне арналған республикалық театрлар фестивалінде Мұқанғали Томановтың "Сыйланбаған сезім" қойылымы "Көрермен көзайымы" жүлдесін жеңіп алды.
- 2012 жылы Орал қаласында өткен Әзірбайжан Мамбетовтың 80-жылдығына арналған Қазақстан драма театрларының ХХ республикалық фестиваліне қатысты.
- 2015 жылы облыста өткен Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, халықаралық Шыңғыс Айтматов атындағы сыйлықтың лауреаты, көрнекті жазушы-драматург Рахымжан Отарбаевтың халықаралық театр фестивалінде ІІ орын жеңіп алды.
- 2016 жылы "Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына" арналған Қазақстан драма театрларының ХХІV республикалық фестиваліне қатысып, қоюшы режиссер Гүлнәз Қамысбаева "Үздік режиссер" номинациясын иеленді.
- Қырым республикасының Керчь қаласында өткен "Боспорские огоны" атты ХІХ ежелгі өнер халықаралық театрлар фестиваліне қатысты.
- 2017 жылы – маусым айында театр ұжымы Керчь қаласында өткен "Боспорские агоны" атты антикалық өнердің ХІХ халықаралық фестивалінде қатысып, "Антикалық тақырыпты заманауи жолмен игеру" номинациясын иеленді; мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, халықаралық "Алаш" және Тәуелсіз "Платиналы Тарлан" сыйлықтарының иегері, ақын-драматург Иран-Ғайыптың "Мәңгілік елдің алтын адамы" республикалық театрлар фестивалінде "Көрермен көзайымы" номинациясымен марапатталды; жас режиссерлердің Қайрат Сүгірбеков атындағы І республикалық форум фестиваліне театр Шыңғыс Айтматовтың "Мәңгүрт" драмасымен қатысып, қоюшы режиссер Гүлнәз Қамысбаева І орынды иеленді; Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Қазақстан мемлекеттік сыйлығының лауреаты, профессор Әшірбек Сығайдың 70-жылдығына арналған Қазақстан драма театрларының XXV республикалық фестиваліне Рақымжан Отарбаевтың "Бас" драмасымен қатысып, "Өзекті тақырыпты көтергені үшін" номинациясымен марапатталды.
- 2018 жылы – театр басшысы Берік Жаменов "Сахнагер - 2018" ұлттық театр сыйлығының "Үздік менеджер" номинациясын жеңіп алды; театр актері Асхат Мұсағалиев "Сахнагер - 2018" ұлттық театр сыйлығының "Үміт" номинациясымен марапатталды.
- Қазақстан Республикасының үкіметінің 2018 жылғы 13 ақпандағы №52 қаулысымен театрға академиялық атақ берілді.
Атырау драма театрының қойылымдар шежіресі (1938-2015 жж.)
1938 жыл. „Түнгі сарын“, «Бүліншілік», «Тас түлектер», «Қозы Көрпеш - Баян сұлу».
1939 жыл. «Еңлік-Кебек», «Айман-Шолпан», «Ақ қайың», «Боран», «Күрес күндерінде», «Отан үшін», «Шекарада»
1940 жыл. «Амангелді», «Екі мырзаға бір қызметші», «Исатай-Махамбет», «Ревизор», «Скапеннің айласы», «Қыз Жібек».
1941 жыл. «Алуан-алуан», «Алма бағында», «Зұлымдық пен махаббат», «Қазірет Сұлтан», «Қозы Көрпеш-Баян сұлу»
1941-1945 жылдар. Соғыс жылдары концерттер және «Қозы Көрпеш-Баян сұлу», «Қыз Жібек» спектакльдерінен үзінділер көрсетілді.
1945 жыл. «Майра», «Алдар көсе»
1946 жыл. «Күйеулер», «Шапқыншылық», «Орыс мәселесі», «Қазақ қызы»
1947 жыл. «Ақан сері-Ақтоқты», «Аршын-мал алан», «Арқалық», «Достықпен махаббат», «Мысыққа күнде той бола бермес», «Қобыланды»
1948 жыл. «Мен Совет дәрігерімін», «Шалқыған теңіз», «Бал бұлақ», «Роз Мари», «Ревизор», «Менің Гөзелім»
1949 жыл. «Малиновкадағы той», «Миллионер», «Екінші фронт»
1950 жыл, «Ер Тарғын», «Васса Железнова», «Көк дала», «Дударай», «Қожанасыр»
1951 жыл. «Жазықсыз жазықтылар», «Ізгі ниеттілер»
1952 жыл. «Алтын сақа». «Абай». «Жас өмір», «Амангелді», «Ыбырай Алтынсарин», «Әке үкімі».
1953 жыл. «Көктем желі», «Арғы жақта», «Жібек Сюзане», «Любовь Яровая»
1954 жыл. «Қозы Көрпеш-Баян сұлу», «Асауға тұсау», «Үйлену», «Гүлден, дала!», «Есірген ерке», «Елең-алаңдағы махаббат», «Назар Стодоля»
1955 жыл. «Аягөз ару», «Алдар көсе», «Жүрек сырлары», «Менің махаббатым», «Күйреу», «Қөңілді қонақ»,т «Тас талқан».
1956 жыл. «Қыз Жібек», «Жеке адамның ісі», «Сен қайтер едің?», «Минусинскіден келген қыз», Кеше мен бүгін», «Алланың семьясы»
1957 жыл. «Күншілдік», «Дала шапағы» («Т. Бокин»), «БіздіңҒани», «Ботакөз», «Еңлік-Кебек», «Кім менің әкем?», «Исатай - Махамбет», «Соңғы түн»
1958 жыл. «Зыковтар», «Айман-Шолпан», «Жайық таңы», «Түнгі сарын»
1959 жыл. «Адасқан ұл», «Жалғыз ағаш орман емес», «Егер сен жігіт болсаң...», «Кең өріс», «Тайфун».
1960 жыл. «Жалбыр», «Қарагөз», «Күн мен көлеңке», «Жоғалған күнделік», «Құдағи келіпті», «Абай».
1961 жыл. «Беу, қыздар-айі», «Ғашықтар айласы», «Афродита аралы», «Асыл жандар», «Қожа», «Ақан сері - Ақтоқты».
1962 жыл. «Шамшырақтар», «Сарыарқа», «Керемет», «Зұлымдық пен махаббат»
1963 жыл. «Бажалар мен балдыздар», «Отыз тиын штраф», «Той боларда», «Шұға», «Көңілдестер», «Куырдақ дайын».
1964 жыл. «Табыттан шыққан үн», «Ана - Жер-ана», «Исатай - Махамбет», «Қобыланды», «Сандықтан шыққан сайтан»
1965жыл. «Ақбөбек», «Әке тағдыры», «Халқым туралы аңыз», «Еңлік-Кебек»
1966 жыл. «Мөлдір махаббат», «Кімге күлеміз?», «Күншуақта», «Арманым, Әселім!», «Жаяу Мұса»
1967 жыл. «Ақсақал аң-таң», «Белгісіз батыр», «Қош келдіңіз», «Боран», «Елеусіз қалған есіл ер», «Оитнмистік трагедия»
1968 жыл. «Сөнбейтін от», «Біздің үйдің жұлдыздары», «Соңғылар», «Сүймегенге суйкенбе», «Ажар мен ажал»,«Айқас»
1969 жыл. «Махамбет», «Біз Жетібайданбыз», «Соқыр падиша», «Нәркес»
1970 жыл. «Өзіме де сол керек», «Қазақ солдаты», «Сертке-серт», «Тау қызы», «Үйлену»
1971 жыл. «Алуа», «Досымның үйленуі», «Қозы Көрпеш-Баян сұлу», Күтпеген кездесу», «Исатайұлы Жақия», «Құтырған ақша»
1972 жыл. «Қамбар батыр», «Ана жүрегі», «Арбаң аман болсын!», «Аюбайдың ажалы»,
1973 жыл. «Алғашқы мүғалім», «Кіндік шеше»
1974 жыл. «Қанжар мен домбыра», «Ақан сері-Ақтоқты», «Құлыным менің», «Ай тұтылған түн»
1975 жыл. «Исатай-Махамбет», «Жүрегімнен сұраңдар», «Айман-Шолпан», «Есірген ерке»
1976 жыл. «Ғашықтар», «Бетпе-бет», «Жылама, Дәмеш», «Кемпір іздеп жүрмін»
1977 жыл. «Құрманғазы», «Дөкей келе жатыр», «Шағала», «Қарагоз», «Оптимистік трагедия», «Сен кімсің?», «Көлеңкелер қалай жоғалады?»
1978 жыл. «Бір түнде төрт тебелес», «Боздағын күткен бейбақтар», «Әзіл-әзәзіл», «Махамбет»
1979-1980 жылдар. «Қозы Көрпеш-Баян сұлу», «Шығыстағы бір бейбақ», «Ақылшы аға», «Теңіз махаббаты», «Жарайсың, шалым!», «Жұлдыз», «Қандала», «Ақансері-Ақтоқты»
1981-1982 жылдар. «Жеті балдық жер сілкінісі», «Болашаққа аманат», «Зәуреш», «Қыз махаббаты», «Желкөбік», «Қараша қаздар қайтқанда», «Қалыңдық пен күйеу», «Ала жіпті аттағандар»
1983-1984 жылдар. «Біздің ауылда», «Ертең бюро», «Арманым, Әселім», «Әке мен бала», «Ашық сабақ», «Тосқауыл», «Аса құрметті Икс», «Біз ушеу едік», «Ғажайып құс»
1985-1986 жылдар. «Намыс гвардиясы», «Жарайсың, бажа!», «Зымырайды поездар», «Маңғыстау оқиғасы», «Жұлдызым менің жоғары», «Қос жебе», «Қыз жиырмаға толған күн»
1987-1988 жылдар. «Мөлдір махаббат», «Аяулым менің», «Өтірік әңгіме», «Апа, апатай», «Жесірлер», «Сталинге хат», «Қорқыт», «Біз де ғашық болғанбыз», «Ақбөбек»
1989-1990 жылдар. «Адам Ата-Хауа Ана», «Дубай Шубаевич», «Түнгі сарын», «Шойын қатын», «Айналайын ақ келін»
1991-1992 жылдар. «Асауға-тұсау», «Астағыпыралла!», «Жаналқымда», «Пай-пай, жас жұбайлар-ай!», «Күнде мейрам, қүнде той», «Әпке», «Еңлік-Кебек»
1993-1994 жылдар. «Жаралы жолбарыс», «Жазықсыз тамған жас», «Жарайсың, қоян!», «Қылмысты оқиға», «Алдар көсе», «Әке тағдыры»
1995-1996 жылдар. «Жан азабы», «Келіндер көтерілісі», «Сүйікті менің апатайым!» («Әпке»)
1997-1998 жылдар. «Ең әдемі келіншек», «Ғашықтарға сот жоқ», «Алдар көсе», «Екі қожаға бір қызметші»
1999-2000 жылдар. «Әке тағдыры», «Асар» (ертегі), «Бейбарыс сұлтан»
2001-2002 жылдар. «Әпке»
2003-2004 жылдар. Үш әйел алған еркек», «Махамбеттің бір күні», «Махаббат пен кесапат», «Жарайсың, бажа!», «Келіндер көтерілісі», «Қиямет-қайым Киото»
2005-2006 жылдар. «Сыған серенадасы», «Күйеу іздеген кемпірлер», «Нұр жауған ғұмыр», «Тағдырлар»
2007 жыл. «Ұят кайда?», «Көгілдір такси», «Қайын ене», «Жаңа жыл», «Керқұла атты Кендебай»
2008 жыл. «Келіндер көтерілісі», «Қарагөз», «Әй, қыздар-ай’», «Шатақхана - 99», «Кішкентай мук», «Мамуля»
2009 жыл. «Бір түп алма ағашы», «Сүйікті сегіз әйел», «Періштелер жерде ғұмыр кепіпейді», «Үш торай туралы ертегі», «Махаббат мұнарасы», «Нұр жауған ғұмыр», «Ақымақ болған -басым-ай!»
2010 жыл «Филумено Мартурано», «Шырақ жанған түн», «Болмаған оқиға», «Сыйланбаған сезім», «Супер келін» («Келіндер кетерілісі»)
2011 жыл. «Көңілді Роджер», «Гиппократ анты», «Мәңгілік бала-бейне», «Мұстафа Шоқай», «Қымбатты Памелла»
2012 жыл. «Қос мұңлық», «Қарақшы малайлар», «Түнгі қонақ», «Үш торай туралы ертегі», «Махаббат аралы», «Жандауа», «Шырмауық астындағы шырғалаң», «Жаңғырық»
2013 жыл. «Ана туралы жыр», «Күшік күйеу», «Ұр, тоқпақ», «Мәңгілік махаббат»
2014 жыл. «Хақ жолы», «Золушка», «Нашақорлар»
2015 жыл. «Мәңгүрт», «Ревизор», «Жәңгір хан», «Бас»[4]
Дереккөздер
- ↑ Қазақстанның мәдени ошақтары. Культурные центры Казахстана: Фотоальбом. – Алматы:«АСА» Баспа үйі» ЖШС, 2012. – 288 б. (қазақ, орыс, тілдерінде) ISBN 978-601-80325-0-9
- ↑ Қазақ мәдениеті. Энциклопедиялық анықтамалық. Алматы: “Аруна Ltd.” ЖШС, 2005 ISBN 9965-26-095-8
- ↑ “Қазақстан”: Ұлттық энциклопедия/Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы “Қазақ энциклопедиясы” Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9
- ↑ Бөпежанова А.Қ. Атырау облыстық драма театры: жетпіс жеті жыл биігінен. Астана "Бейбарыс" баспасы, 2016