Ахмед ибн-Тулун мешіті
Ахмед ибн-Тулун мешіті (араб.: مسجد أحمد بن طولون) Мысырдың астанасы Каирдегі «Гебел Яшкур» деп аталатын кішкентай төбеде орналасқан. Гебел Яшкур «Ризашылық төбесі» деген мағына береді. Жергілікті аңызда Нұх пайғамбардың кемесі бүкіләлемдік су тасқынынан кейін осында келіп тоқтаған делінеді.
Ахмед ибн-Тулун мешіті Каирдегі өзінің бастапқы қалпын сақтап қалған ең көне және көлемі бойынша ең үлкен мешіт болып саналады. Мешітті Мысырдың аббасидтік билеушісі Ахмед ибн-Тулун салдырған. Үлкен салтанатты мешіт ибн-Тулун мен оның астанасы әл- Каттаидің күші мен айбынын паш етуге арналып салынды. Бұл жер Тулунидтер әулетінің әкімшілік орталығы болды. Мешіт басында ибн-Тулунның сарайына жапсарластырылып салынған және сарайдағы есік арқылы тура мешіт мінберіне шығып кететін мүмкіндік болған. Мешіт минареті кірпіштен тұрғызылған және бүкіл Мысырда оған ұқсайтын минарет жоқ.
Мешіттің ішкі және сыртқы қабырғаларының арасында жуынуға арналған субұрқақ бар. Әл-Каттаи б.з. X ғасырда бұзылып, Тулун мешіті сол заманнан қалған бірден- бір ғимарат болып қалды. Мешіт бірнеше рет қайта қалпына келтірілген. Алғаш рет 1177 жылы фатимидтің уәзірі Бадр әл-Джамалидің бұйрығымен, одан кейін 1296 жылы Даджин сұлтанның басшылығымен өзгертілген. Соңғы рет 2004 жылы Мысыр Жоғарғы Кеңесі көлемді жөндеу жұмыстарын жүргізді. Ибн-Тулун мешіті сәулет өнерінің үздік қырларын паш етеді.[1]
Галерея
[өңдеу | қайнарын өңдеу]-
Ибн Тулун мешітінің михрабы
-
Ибн Тулун мешіті, 1991 жыл
-
Минарет мечети Ибн Тулуна
-
Ибн Тулун мешітінің кіретін есігі
Дереккөздер
[өңдеу | қайнарын өңдеу]- ↑ Алматы: “Аруна” баспасы. 208 бет. Сер.:“1100 қызықты дерек”.