Біріккен Араб Әмірліктері

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Навигацияға өту Іздеуге өту
Координаттар: 22°47′00″ с. е. 54°37′00″ ш. б. / 22.78333° с. е. 54.61667° ш. б. / 22.78333; 54.61667 (G) (O) (Я)
Біріккен Араб Әмірліктері
араб.: الإمارات العربية المتحدة
әл-Имарат әл-Арабия әл-Муттахида
Байрақ Елтаңба
Ұран: «Алла, Ұлт, Президент.»
Әнұран: «Ishy Bilady»
Тарихы
Тәуелсіздік күні 2 желтоқсан 1971 жыл (Ұлыбританиядан)
Мемлекеттік құрылымы
Ресми тілі Араб тілі
Елорда Абу-Даби
Ірі қаласы Дубай
Үкімет түрі федеративті абсолюттік монархия
Президенті
Премьер-министрі
Халифа ибн Зайд әл-Нахайян
Мұхаммед әл-Мактум
Мемлекеттік діні Ислам
Географиясы
Жер аумағы
• Барлығы
• % су беті
Әлем бойынша 114-ші орын
83 600 км²
0
Жұрты
• Сарап (2018)
• Санақ (2005)
Тығыздығы

9 599 353[1] адам (92-ші)
4 106 427 адам
99 адам/км² (110-шы)
Экономикасы
ЖІӨ (АҚТ)
 • Қорытынды (2018)
 • Жан басына шаққанда

732,861 млрд.[2] $ (32-ші)
70,262[2] $ (7-ші)
ЖІӨ (номинал)
 • Қорытынды (2018)
 • Жан басына шаққанда

432,612 млрд.[2] $
41,476[2] $ (19-шы)
АДИ (2017) 0,863[3] (өте жоғары) (34-ші)
Валютасы БАӘ дирхамы
Қосымша мәліметтер
Интернет үйшігі .ae
ISO коды AE
ХОК коды UAE
Телефон коды +971
Уақыт белдеулері +4

Біріккен Араб Әмірліктері (араб.: الإمارات العربية المتحدة‎ [әл-Имарат әл-Арабия әл-Муттахида], ағылш. United Arab Emirates), аббр. БАӘ — солтүстік-шығыстағы Арабия түбегінде Таяу шығыста орналасқан мемлекет. Катармен, Сауд Арабиясымен, Оман Сұлтанатымен шектеседі. Солтүстіктегі БАӘ Парсы шығанағының суларымен, ал шығысында Оман бұғазының суларымен жағаласады. БАӘ-бұл жеті Араб мемлекетінің немесе әмірліктердің федерациясы, олардың ең әйгілелері Дубай және АбуДаби. Әмірлік - әмір немесе ханзада басқаратын аймақ. Тұрғындарының 96 пайызға жуығы мұсылмандар.1900 жылдың орта шеніне дейін арабтардың көпшілігі інжу тастарды алып- сату немесе түйе өсірумен күнелткен. 1950 жылдары ол жерден мұнай табылды.Сөйтіп, БАӘ 1970 жылдарға қарай әлемдегі экономикасы бай елдердің біріне айналды.

Ресми астанасы – Абу-Даби қаласы болып табылады. Ал туристтік және саудалық орталығы – Дубай шаһары - деп есептеледі. Әрбір әмірліктің есімі оның бас қаласының атауымен сәйкес келеді.

Саяси ахуалы

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

1971 жылы құрылған федеративті мемлекет Біріккен Араб Әмірліктері – жеті тәуелсіз әмірліктерден тұратын жас ел, әр әмірліктің есімі негізгі қаласымен байланысты аталған белгілеуі болады: Абу-Даби, Дубай, Шарджа, Аджман, Ум-аль Кувейн, Рас-Эль-Хайма және Фуджейра. Әр бір әмірліктің әміршісі – шейх, ал жалпы мемлекеттік басқару билігі жоғарғы кеңеске берілген.

Халықтың 80%-ы басқа елден келушілер болып табылады. 2000ж. Санақ бойынша этникалық арабтар барлық тұрғынның 48,1% (оның ішінде БАӘ арабтары – 12,2%, бедуиндер – 9,4%, египеттік арабтар – 6,2%, оман арабтары – 4,1%, сауд арабтары - 4%), оңтүстік Азиядан келгендерi – 35,7%, ирандықтар - 5%, филлипиндіктер – 3,4%, еуропалықтар – 2,4%, басқалар – 5,4% бөлігін құрады.

Біріккен Араб Әмірліктері Конституциясында елдегі негізгі дін - Ислам діні деп көрсетілген. Мемлекет халқының 96% тұрғаны - мұсылмандар. Ислам діні ықпалын жеті әмірліктегі тұрғындар өмірінің барлық саласынан байқауға болады. Мұсылмандардың 85%-ы суниттік бағытты ұстанады, олардың көбі Малики мазхабын қолдайтындар. Вахабиттік ағым мен Шафии мазхабын ұстанатындар да кездеседі. Әмірліктерде ислам діні өкілдердің Федералды орталық реттеуші орган қадағалайды.

БАӘ ресми тілі - араб тілі. Дегеніме ағылшын тілді хинди, урду және парсы тілдері де еркін қолданысқа ие. Әсіресе ағылшын тілі мейрамханаларда, қонақүйлерде жие қолданылады, жол белгілері араб және ағылшын тілінде қойылады. Біріккен Араб Әмірлеріндегі араб тілінің үш нұсқасы сақталған. Ең көне формасы классикалық тіл ретінде танымал.

Мерекелерi мен демалыстары

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

1 – қаңтар – Жаңа жыл. 11 – ақпан – Құрбан Айт 5 – сәуір – Хижра бойынша Жаңа жыл. 14 – маусым – Мұхаммед Пайғамбардың туған күні. 25 – қазан – Лелат аль – Мирадж, Мираж түні. 27 – қараша – Рамазанның басталуы (мөлшермен) 2-3 желтоқсан – Ұлттық күн. Мерзімдері өзгермелі діни мерекелер де бар. Мысалы, Ид Аль Фир – Рамазан аяқталған соң 3-4 күн өткеннен кейін Хижра бойынша жаңа жыл (мұсылман күнтізбесі бойынша) Пайғамбардың туған күні (Милед ан Наби).

Діни мерекелердің мерзімі Исламда қабылданған айлық күнтізбе бойынша белгіленеді. Күндік күнтізбеге қарағанда айлық күнтізбенің жылдық айналымы 11 күнге қысқа болып келеді.

Діни мерекелер кезінде мейрамханалар жұмыс істемейді немесе онда темекі шегуге, спирттік ішімдіктер ішуге тыйым салынады. Рамазан мерекесін алып қарайық. Бұл айда дүкендердің жұмыс уақыты қысқартылып, қоғамдық орындарда ішіп-жеуге, темекі шегуге болмайды. Бұл талаптар отель территорияларына таратылмайды. Бұл шектеулер әр эмиратта өзінің қатыгездігімен ерекшеленеді.

Демалыс күні – жұма.

Ұлттық тағамы

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Арабыстан асханасында келесі тағамдар кең орын алған: хомус – бұршақ пен күнжіт ұрығынан жасалған паста, таббуле – ұсақталған жұмсақ ет, ақ желкен мен майдаланған бидай, гузи – жаңғақ пен күріш қосылған қозы еті. Харис – арнайы дайындалған бидайдан пісірілген ет.

Араб Әмірліктері – теңіз елі, сондықтан мұнда ет тағамдарынан басқа теңіз өнімдерінен жасалған тағамдар өте көп. Таңқышаян, асшаян, омар, тунa – бұлар бұлар күріш және арнайы дәм қосарлармен бірге берілетін тағамдар.

Араб елінің дәстүрлі жеңіл тамағы – шауырма (араб шелпегіне оратылған салатпен өрге қозы немесе балапан еті) – қаланың әр бұрышында сатылады.

Жергілікті десерттер өте дәмді – умм али (нан нудингісінің бір түрі), эш асаяя (бетіне крем жағылған тәтті ірімшік бәліші), мехалабия – (қызғылт сумен және пістелермен себілген ботқа).

Кофе тағайындау – бұл елдегі үлкен өнер болып есептеледі. Ең кереметі – аравиялық, ашық түсті. Ол жартылай қыздырылған дәннен жасалады. Сан жетпес Арабыстан кафелерінен оның дәмін татуға болады.

БАӘ мұсылман елі болғандықтан, спирт ішімдіктері мейрамханалар мен сыраханадарда, қонақ-үйлерде ғана сатылады. Тек Шардж әмірлігінде ғана алкогольге мүлде тыйым салынған. Дубаи – ең демократиялық қала болып саналады. Қоғамдық орындарда, көшеде, жағажайда алкогольді пайдалануға болмайды. Мас күйде транспорт жүргізуге мүлдем тыйым салынған. Бұл үшін үлкен айып-пұл салынады, тіпті қамауға алуы да мүмкін. Құбырдан су ішу зиянды емес. Шөлмектегі суды да пайдалануға болады.

БАӘ-гі климат

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

БАӘ нағыз құрғақ субтропикалық климатымен ерекшеленеді(жылына жауын-шашын дәрежесі – 13см). Жаз мезгілі өте ыстық болады(+48°С-ге дейін). Күн және бұлтсыз аспан жылына 360 күн. БАӘ-дe туристтік маусым жазғы аптап азайған кезде қыркүйек айының соңында басталып, мамыр айының бірінші жартысына дейін созылады.

БАӘ-да желтоқсан мен қаңтар ең салқын айлар болып есептеледі. Бұл кездегі ауа температурасы күндіз +28°С, түнде +18°С көрсетеді.

БАӘ-нiң шипажайлары

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

БАӘ - әлем туристтері үшін ең бай және тартымды тарап. Парсы шығанағының жылы сулары, құмды жағажайлары, шөлейтті табиғи көріністері, желкенді құрма, банан және лимон шоқтарының ылғалды алқаптары, қазіргі кезеңгі өмір тәртібі, халықтың ұлттық дәстүрге деген сенімі, еуропалық тамаша супермаркеттерi мен шығыс базарлары – бұның бәрі саяхатшылар үшін қиял әлемі.

Саяси құрылымы

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Мемлекет басшысы – Президент. Сонымен бірге әр қайсы әмірліктің өзіне тәуелді қызметтері, жеке үкіметі бар.

БАӘ-гі және жергілікті шетел банкілері ақыл-кеңес қаржы қызметтерінің барлық түрлерін көрсетеді. Банктердің жұмыс уақыты: сенбіден сәрсенбіге дейін 8.00-13.00, бейсенбі күні 8.00-12.00 дейін. Кейбір банктер сағат 16.00-17.00-ге дейін ашық болады. Айырбастау бөлімшелері 8.00-13.00 және түстен кейін 16.00-20.30 дейін жұмыс істейді. Ақша бірлігі – дирхам.

Айналымда 5, 10, 20, 50, 100, 200, 500, 1000, 5000 дирхамдық ақшалар жүреді. Сонымен бірге 1 дирхамдық металл тиындары да бар, оның сыртында Құман бейнеленген.

БАӘ-нiң айырбастау пұлы – филз деп аталады. Бір дирхам 100 филзді құрайды. Мұнайлы әуе бейнеленген 50 филз кең қолданылады. Ұсақ ақшалар құнының төмендігіне байланысты сирек қолданылады. 25 филздік ақшада – елік, 5 филзде – балық бейнесі суреттелген.

Қонақ-үйлердің көпшілігінде, сауда орталықтарында, ірі дүкендерде American Express, Master Card, Visa, Dinners Club төлем кәртішкелері қабылданады, ал банкоматтарды кез келген халық ірі қоныстанған орталықтардан таба аласыз. Шетел және ұлттық пұлды енгізуге және шығаруға шектеулер қойылмас.

Электр жарығы – 220В, 50Гц.

БАӘ-нiң салт-дәстүрлері

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Біріккен Араб Әмірліктерінiң салт-дәстүрлері оның мұсылман елі екендігінен бастау алады. Сондықтан, бұл елмен түсінісіп, келісімге келу үшін және жақсы дем алу үшән осы халықтың дәстүрін сыйлауыңыз қажет.

Ислам шарттары, әсіресе, қасиетті Рамазан айында қатаң сақталынады. Тәуліктің жарық кезінде мұсылман баласының аузы берік болады. Қылмыс пен заң бұзушылықты Шариғат соты қарастырады. Есірткі тарату мен жыныстық қатынас сипатындағы қылмыстар қатаң жазаланады. Спирттік ішімдіктер ішуге мейрамханада, сыраханада немесе қонақ үй нөмірінде ғана рұқсат етіледі. Қоғамдық орындарда алкогольді пайдалану немесе көшеде мас болып жүрудің соңы қылмыстың жазалауға немесе елден көшіруге әкеліп соғады.

Намаз оқып жатқан адамдарға қарау, оларды фотосуретке немесе бейнесуретке түсіру, мешітке жалаңаш кіру мәдениетсіздіктің белгісі деп танылады.

Үйге кіру үшін алдымен аяқ киіміңізді шешесіз. Арабтар үшін қарсы отырған адамның өкшесі көрініп тұрса, бұл қорлық болып саналады. Арабтардың қол алысуы ұзағырақ, себебі, бұл ерекше мұқияттылық белгісі.

Қоштасу кезінде қол алысуды ұмытпаңыз. Құрметті адамдардың қолын екі қолыңызбен аласыз. Мұсылман әйеліне қолыңызды бірінші болып бермеңіз, қажет болса, оны өзі істейді.

Арабтармен сөйлесу кезінде, тіпті ол жақсы білетін ескі танысыңыз болса да, оған оның әйелі туралы сұрақ ешқашан қоймаңыз. Отбасы жағдайы туралы сыпайы ғана сұраңыз.

Арабтар өте қонақжайлы халық. Олар қонақты шай, кофе немесе салқын шырындармен қарсы алады. Шығыс елі қонақ күтудің ежелгі дәстүрін ұстанады, сондықтан тағамды қабылдамау – үй иесін сыйламағандығыңыздың белгісі. Тағамды, шырындарды немесе қандай да бір заттарды тек оң қолыңызбен ғана алыңыз.

Шай, кофе секілді тұтқасы болмайтын кіші стақанға құйылып, сүтсіз, тәтті-дәмділермен қоса беріледі. Жаздың ыстық күнінде шөп қосылған араб шайы көкірегіңді оятады.

Жыл бойы жаз бен ыстық болатын Дубай қаласында әйелдер киіміне қатаң шектеулер қойылмайды. Дегенмен, жергілікті дәстүрді сыйлап, өте ашық көйлектерді кимегеніңіз абзал.

Жағажайда, бассейнде суға түсуге арналған киімдерді киюге болады. әйел адамдардың суға түсу киімінің жоғарғы бөлігі міндетті түрде болуы керек.

Әскери нысандар мен ғимараттарды, полиция бөлімшелерін немесе араб әйелдерін суретке түсірмеуге тырысыңыз. Бұл жағымсыз әрекеттердің алдын алуға мүмкіндік береді. Қай жерде жүрсеңіз де, елдегі қоғамдық және мәдени дәстүрді сыйлаңыз.

Әкімшілік-аумақтық құрлымы

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
Әмірлік Арабтіліндегі
атауы
Әкімшілік
орталығы
Ауданы, км² Жұрты, чел
Абу-Даби أبو ظبي Абу-Даби 67 340 1 465 431
Ажман عجمان Ажман 259 260 492
Дубай دبي Дубай 3 885 1 229 330
Рас әл-Хайма رأس الخيمة Рас әл-Хайма 1 683 191 753
Умм әл-Қайуайн أم القيوين Умм әл-Қайуайн 777 59 098
Фөжайра الفجيرة Фөжайра 1 166 118 933
Шаржа الشارقة Шаржа 2 590 656 941

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  1. United Arab Emirates Population (2018).
  2. a b c d United Arab Emirates. International Monetary Fund.
  3. 2018 Human Development Report. United Nations Development Programme (2017). Тексерілді, 23 наурыз 2017.