Ганс Юрген Айзенк
Көрініс
Ганс Юрген Айзенк (4.03.1916, Берлин-4.09.1997, Лондон) – британ психологы. Психологиядағы биологиялық бағыттың көшбасшыларының бірі.
Г.Айзенктің жеке тұлға теориясы диспозициялық теорияның үш негізгі бағытының біреуіне – қатаң бағытына жатады. Бұл бағыт адамның қатаң биологиялық құрылымдары: дене құрылымы, жүйке жүйесі, ми және белгілі жеке тұлғалық қасиеттері арасында қатаң сәйкестік құруға ұмтылады. Мәселен, Г.Айзенк "интроверсия – экстраверсия мидың ерекше құрылымы – ретикуларлық формацияның қызметімен байланысты" деген болжам ұсынған.[1]
Дереккөздер
[өңдеу | қайнарын өңдеу]- ↑ Психология: Энциклопедиалық сөздік.Қ.Б. Жарықбаев, О.С. Саңғылбаев
Ортаққорда бұған қатысты медиа файлдар бар: Category:Hans Eysenck |