Дәрілік жалбызтікен
Дәрілік жалбызтікен | ||||||||||||
---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|
Ғылыми топтастыруы | ||||||||||||
| ||||||||||||
Екі-есімді атауы | ||||||||||||
Althaea officinalis Карл Линней |
Дәрілік жалбызтікен (Althaea officinalis) — құлқайырлар тұқымдасына жататын көпжылдық шөп өсімдігі.
Оңтүстіктің өзен жағалары мен ылғалды шабындықтарында және бұрынғы КСРО-ның орта алқабында жабайы өсетін өсімдік. Аптекалық жалбызтікен ылғалды және фосфорлы жерді жақсы көреді. Мұның жанама тамырлары кептіріледі де, олар дәрілікке жұмсалады (негізгі тамырлары жарамайды).[1]
Ботаникалық сипаттамасы
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Жалбызтікен – биіктігі 60-150 см – ге жететін көпжылдық шөптесін өсімдік. Өсімдіктің сыртын қалың түк басқаннан кейін оның түсі сұрғылт жасыл болады. Тамыр сабағы өте жуан,бірақ қысқа ,ал одан өте қуатты білеу тамыры өседі. Тамыры етжінді ақшыл түсті, цилиндрге ұқсас тығынынан тазартылған тамыр ұшына қарай аздап жіңішкерген ұзындығы 10-35 см, ені 2 см. Тамырдың сыртқы қабаты көлденең қабыршақталған ұзын, жұмсақ қабық талшықтарынан тұрады және қара дақтардан –өздігінен үзіліп қалған немесе кесіп алынған жіңішке тамырлардың ізі. Сындырылған бөліктің ортасы түйіршікті – бұдырлы, сырты талшықты,тамырдың сырты мен сындырылған бөлігінің түсі ақ, сарғыш ақ. Өзіндік әлсіз иісі бар. Дәмі тәттілеу.
Дәрілік өсімдік шикізаты
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Дәрілік өсімдік шикізаты- дәрілік жалбызтікен тамыры. Дәрілік жалбызтікен тамыры - цилиндрге ұқсас тығынынан тазартылған тамыр немесе 2-4 бөлікке тармақталған ұшына қарай аздап жіңішкерген ұзындығы 10-35 см, ені 2 см. Тамырдың сыртқы қабаты көлденең қабыршақталған ұзын, жұмсақ қабық талшықтарынан тұрады және қара дақтардан – өздігінен үзіліп қалған немесе кесіп алынған жіңішке тамырлардың ізі.
Органолептикалық сараптама:
[өңдеу | қайнарын өңдеу]- Сындырылған бөліктің ортасы түйіршікті – бұдырлы, сырты талшықты,тамырдың сырты мен сындырылған бөлігінің түсі ақ, сарғыш ақ.
- Өзіндік әлсіз иісі бар.
- Дәмі тәттілеу, шырышты.
Химиялық құрамы
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Шикізатта 10 %-жуық пентозан, гексозан (арабинан, глюкан, рамногалактуран) қоспасы болып табылатын шырыш бар, дәл сондай жуық мөлшерде пектин заттары до 37% дейін крахмал, 10% дейін сахарозалар, 1,5-2% тоң май, бетаин заттары болады.
Микроскопия.
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Көлденең кесіндіде тамырға лайықты жұқа қабықты паренхимді талшықтың басымдығы көрініп тұр. Қабықта көптеген тангенталді созылған қабықты луб талшықтар тобы бар, одан басқа ұсақ талшықтар тобы ағашқа шашырап орналасқан. Қалыңдығы 10-35 мкм талшықтар жұқа ағаштанбаған қабырғаларымен және үлкен жарық құысымен сипатталады. Ортанғы сәулелер бір, сирек екі қатармен орналасқан, ал трахеидтер мен түтіктер шағын топшалар күйінде кездеседі.Паренхимада көптеген шырышы бар үлкен жасушалар көрінеді, олар қабықта және ағашта орналасқан. Шырыш суда ериді және жасушалар түссіз реңкке енеді де , жасушалар бос болып көрінеді. Паренхима жасушалары крахмал дәндерімен толтырылған, кей жерлерде кальций оксалатының ұсақ друздары да көрінеді.
Қолдануы
[өңдеу | қайнарын өңдеу]- Дәрілік жалбызтікен тамырының медициналық қолданылуы: тыныс жолдарының қабынуы жағдайында,сондай-ақ ауыр гастрит, энтероколит, іш өту кезінде, қақырық түсіретін және жараны тез бітіретін зат болып табылады.
- Препараттар: ұнтақ, тұнба және шәрбат түрінде қолданылады, жалбызтікен жапырақтарынан Мукалтин деген препарат алынады. Оны қақырық түсіруге қолданады.
Тағы қараңыз
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Дереккөздер
[өңдеу | қайнарын өңдеу]- ↑ Т. Мұсақұлов, орысша-қазақша түсіндірмелі биологиялық сөздік І-том қазақ мемлекет баспасы, Алматы — 1959, Редакциясын басқарған: Биология ғылымының докторы профессор Т. Дарқанбаев
Бұл мақаланы Уикипедия сапа талаптарына лайықты болуы үшін уикилендіру қажет. |
Бұл — биология бойынша мақаланың бастамасы. Бұл мақаланы толықтырып, дамыту арқылы, Уикипедияға көмектесе аласыз. |