Мазмұнға өту

Жейхан

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Жейхан

Жейхан (түр. Ceyhan) – Түркияның Адана иліндегі қала және аудан.

Халық саны 180 мың адам (2000 жылы жүргізілген санақ қорытындысы). Осы қалада 1988 жылы 21 қазанда Түркия мен Сирия арасындағы жасырын келіссөздер жүргізілді. Сирия Күрдістанның жұмыскер партиясының күрд көтерілісшілеріне қаржылай және әскери көмек көрсетуін жалғастырса, Түркия соғыс ашуға дейін баратындығын мәлімдейді. Сирия күрд көтерілісшілеріне көмек көрсетуді тоқтатып, өз елінде күрдтерге қарсы әрекеттер жасайтындығына уәде береді. Мұнай құйма порты мен мұнай құбырының соңғы пунктінің орналасуы қаланың экономикалық жағынан дамуына үлкен ықпал етті. Ескі мұнай құбыры Ирактан мұнай жеткізсе, жаңа мұнай құбыры 2005 жылы 25 мамырдан «БакуТбилиси – Жейхан» жолымен Әзірбайжаннан мұнай жеткізеді.