Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Түркі марафоны 2021
1 - 31 шілде 2021
Жобаның халықаралық негізгі бетіне өту үшін осында басыңыз
Түркі марафоны 2021 — 2021 жылдың 1 - 31 шілде аралығында өтетін контент дамытуға бағытталған халықаралық жоба. Жоба мақсаты — түркі тілдерінде сөйлейтін елдер және олардың мәдениеті туралы мақалалар жазып, түркі тілдерінде сөйлейтін уикипедияшылар арасындағы ынтымақтастықты нығайту. Әділқазылар алқасының бағалауынан кейін көрсетілген мерзім аралығында ең көп ұпай жинаған қатысушылар марапатталатын болады. Қазақ Уикипедиясына үлес қосқысы келетін кез келген адам төмендегі қатысушылар тізіміне өз атын қосса болады. Іске сәт!
Төмендегі жалауларды түрту арқылы сол елдегі уикипедияшылардың ұсынған өздерінің мәдениеті туралы жаңадан жасауға тұрарлық мақалалар тізімін көре аласыз.
Ескерту: Төмендегі тізімдегі мақалалар тек ұсыныс қана, одан өзге шарттарға сәйкес келетін мақалалар да сайысқа қатыса алады.
Төмендегі "қатысушылар" бөліміне өз атыңызды қосыңыз.
Қазақ Уикипедиясында тізімде аталған елдер мен халықтардың мәдениеті туралы мақала жазыңыз.
Бастауға ұсынылған мақалалар тізімін ел атауларының үстіне басу арқылы көре аласыз.
Тізімдегі мақалалар тек ұсыныс қана; Сайыс тақырыбына сай келетін, бірақ тізімге қосылмаған басқа да мақалаларды да жаза аласыз. Мақалаларыңыз маңыздылық критерилеріне сай келетініне көз жеткізіңіз.
Басқа қатысушылардың болмауы себебінен және жалғыз қатысушының жарыс талаптарына сай мақалалар жазғаны үшін сайыс шарттарында көрсетілген 75 АҚШ доллары орнына 100 АҚШ долларын сыйлау туралы шешім қабылданды.
Ережелер
Сайыс барысында осы жердегі тізімде көрсетілген Қазақстаннан басқа жарысқа қатысатын елдер (және де өзге түркі тілдес елдер) туралы бір тақырыпта жаңа мақала бастау керек.
2021 жылдың 1 шілдесі сағат 00.00 (UTC) мен 2021 жылдың 31 шілдесі сағат 00.00 (UTC) арасында жаңадан жасалған мақалалар ғана сайысқа қатыса алады.
Сайысқа ұйымдастырушылар мен әділқазылар алқасынан өзге барлық қатысушылар қатыса алады.