Израиль патшалығы
Израиль патшалығы – шамамен б.з.б. 928 – 722 жылдар аралығында қазіргі Солтүстік Палестинада болған мемлекет.
Израиль – Иудей патшалығы тарағаннан кейін құрылды. Патшалықтың негізін қалаушы – Иеровим І (б.з.б. 928 – 907). Аңыз бойынша Израиль патшалығы 12 израиль-иудей тайпаларының онын біріктірген. Алғашқы астанасы Сихем қаласы (Шехем, қазіргі Наблус) болды. Егіншілік, қолөнер, сауда жақсы дамып, құл иеленушілік пен өсімқорлық күшейді. Халық арасындағы әлеуметтік теңсіздікке Илия, Амос, Осия, т.б. пайғамбарлар қарсы шықты. Израиль патшалығы көрші елдермен, соның ішінде Иудей патшалығымен үздіксіз соғыстар жүргізді, сондай-ақ, Финикиямен, Мысырмен, т.б. мемлекеттермен тығыз мәдени-экономикалық байланыстар орнатты. Омри (б.з.б. 882 – 71) және оның мұрагерлері тұсында елде біршама саяси және экономикалық тұрақтылық орнады. Мемлекеттің жаңа астанасы Самария (б.з.б. 876) салынды, Иеху патша билік құрған тұста (б.з.б. 841 – 814) Израиль патшалығы Ассирияға кіріптарлыққа түсті. Б. з.б. 722 ж. ассириялық патша Саргон ІІ ел астанасы Самарияны қиратып, Израиль патшалығы жерін толығымен басып алды. Израиль патшалығы халқының басым көпшілігі Ассирияның шеткері провинцияларына жер аударылды.[1]
Сілтемелер
[өңдеу | қайнарын өңдеу]- ↑ «Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9, IV том
Бұл мақаланы Уикипедия сапа талаптарына лайықты болуы үшін уикилендіру қажет. |
Бұл — мақаланың бастамасы. Бұл мақаланы толықтырып, дамыту арқылы, Уикипедияға көмектесе аласыз. Бұл ескертуді дәлдеп ауыстыру қажет. |