Йозеф Гайдн

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Навигацияға өту Іздеуге өту
Йозеф Гайдн
Joseph Haydn
Сурет
Негізгі ақпарат
Толық аты

Joseph Haydn

Туған күні

31 наурыз 1732 (1732-03-31)

Туған жері

Рорау, Аустрия Эрцгерцогтігі, Қасиетті Рим империясы

Қайтыс болған күні

31 мамыр 1809 (1809-05-31) (77 жас)

Қайтыс болған жері

Вена, Аустрия империясы

Мамандықтары

сазгер, дирижер, музыкатанушы

Аспаптары

орган, фортепиано

Жанрлары

Классикалық музыка, камералық музыка, симфониялық музыка, опера

Йозеф Гайдн
Гайдн 200-жылдығына орай шыққан 5 еуро тиыны

Франц Йозеф Гайдн (нем. Franz Joseph Haydn; 1 сәуір 1732 жыл, Рорау31 мамыр 1809 жыл, Вена) — аустриялық композитор, 104 симфония, 83 ішекті аспаптар квартеті, фортепианоға арналған 52 соната, 30-дан астам опера, 3 оратория және тағы басқа шығармалардың авторы. «Симфония мен квартеттің атасы» делінетін ол камералық ансамбльдерге көптеген концерт жазған.

Йозеф Гайдн (Франц атымен композитор өзін ешқашан атамаған) 1732 жылы граф Гарраховтардың иелігінде карета шебері Маттиас Гайдн (1699–1763) отбасында дүниеге келген. Әке шешесі вокалмен айналысқан, музыканы жақсы көрген. Олар баланың бойындағы дарынды ертерек байқап, оны 1737 жылы туыстарына Хайнбург-на-Дунай қаласына жібереді, онда Йозеф хорлық ән айту мен музыканы үйрене бастайды. 1740 жылы Йозефті Веналық құдіретті Стефан соборының капелласының директоры Георг фон Рейттер байқап, дарынды баланы өзінің капелласына алады. Онда он жыл ішінде (1740–1749) хорда ән айтып, аспаптарда ойнап үйренеді.

Кішкентай Гайдн үшін капелла жалғыз мектеп болатын. Оның дарынынын дамуы мөлшері бойынша оған күрделі партиялар бере бастады. Гайдн бұл хормен мерекелік іс-шараларға, тойларға, жерлеу рәсімдеріне, қалалық мерекелерге де қатысты. Осындай шаралардың бірі 1741 жылы Антонио Вивальдимен қоштасу болды.

Шығармашылық мұрасы

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Композитор Йозеф Гайдн өз шығармаларының соңында қол қойып кететін: di me giuseppe Haydn, италиян тілінде: «менімен, Йозеф Гайднмен».

«О Құдайым, император Францты сақтай гөр» партитурасын да Йозеф Гайдн жазған.

Композитор 24 опера, 104 симфония, 83 ішектік квартет, 52 фортепианолық (клавишалық) соната, баритон үшін 126 трио, увертюралар, марштар, билер, оркестр мен түрлі аспаптарға арналған дивертисменты, клавир мен басқа аспаптарға арналған концерттер, ораториялар, клавир үшін түрлі пьесала, өлеңдер, канондар, шотландия, ирландия, валлия өлеңдерінің фортепиано үшін өңделген түрлері (скрипка немесе виолончельге өз қалауымен) жазған. Шығармаларының ішінде 3 оратория («Әлемнің пайда болуы», «Жыл мезгілдері» және «Кресттегі құтқарушының жеті сөзі»), 14 месса және басқа да рухани шығармалар бар.

Симфониялық музыка:

  • «Қоштасу симфониясы»
  • «Оксфорд симфониясы»
  • «Траур симфониясы»
  • 6 Париждік симфониялар (1785–1786)
  • 12 Лондондық симфониялар (1791–1792, 1794–1795)
Гайдн жазған партитура

Камералық музыка:

  • Скрипка мен фортепианоға арналған 12 соната (солардың ішінде ми минор сонатасы, Ре мажор сонатасы бар)
  • Екі скрипка, альт және виолончель үшін 83 ішектік квартет
  • Скрипка мен альт үшін 7 дуэт
  • Фортепиано, скрипка (немесе флейта) және виолончель үшін 40 трио
  • 2 скрипка және виолончель үшін 21 трио
  • Баритон, альт (скрипка) және виолончель үшін 126 трио
  • Араласқан үрлегіш және ішектік аспаптар үшін 11 трио

Оркестрмен бір немесе бірнеше аспаптар үшін дайындалған 35 концерті:

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Қолданылған әдебиет

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  • Музыка: Жалпы білім беретін мектептің 6-сыныбына арналған оқулық — Алматы: Атaмұра, 2011. — Б. 176. — ISBN 978-601-282-256-4.