Құдіретті Стефан соборы

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Навигацияға өту Іздеуге өту

Венадағы құдіретті Стефан соборы (нем. Stephansdom, жай айтқанда Steffl) — католиктік собор, Австрия мемлекеті мен Вена қаласының ұлттық символы. Веналық архиепископ —Австрия примасының кафедрасы. Қаланың ортасында, құдіретті Стефан алаңында орналасқан (Штефансплатц). Собордың орнындағы алғашқы храм 11371147 жылдары құрылған; қазіргі шекараларда XIII—XV құрылып, 1511 жылы жөнделген.

1137 жылы маркграф Леопольд IV, Регинмармен және Пассау епископымен бірігіп, алғашқы шіркеудің негізін қалады; ол 1147 жылы роман стилінде құрылып бітті. 12301245 жылдары ол батыс жаққа қарай кеңейтілді. Сол жылдан бастап батыс жағы («романская») сақталып қалған, кейін ол гот стилінде қайта құрылды. 1258 жыл1258 жылы алғашқы шіркеу өртеніп кеткен.

1263 жылы оның орнында екінші шіркеу құрылысы басталды. Ол да романтикалық стильде жасалды. Соборды жарықтау күні 23 сәуір болса, сол күн әлі күнге дейін тойланады.

13041340 жылдары, Альберт I және Альберт II кездерінде, шіркеуге шығыс жақстан үш Альберттік хор қосылды; бұл жұмыстар шіркеуді жарықтағаннан соң 77 жылдан соң аяқталды. Сотүстік жағы Қыз Марияға, ортасы Құдіретті Стефанға және оңтүстігі— он екі апостолға арналды

1359 жылдың 7 сəуірінде Рудольф IV оңтүстік ғимараттың орнына жаңа, готтық стильде жасалған шіркеудің алғашқы тасын орналастырды. Архитекторлардың XIV ғасырдағы жоспарлары бойынша жаңа собордың қабырғалары бұрынғы шіркеудің сыртынан қапталды, тек содан кейін ғана ескісін бұзу керек еді. (ол тек 1430 жылы орын алды). Альбертов хоры кең болды, әлі күнге дейін сақталды. 1433 жылы оңтүстік жағының құрылысы аяқталды. (14461474). Солтүстік ғимарат, 1450 жылы құрылып, 1511 жылы тоқтатылған, солайша құрылысы аяқталмай қалған. недостроенной.

Интерьерлері

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Үш ғасыр бойы Құдіретті Стефан шіркеуі келушілердің храмы болып саналды. Австрияның Маркграфтары Венада епископтық кафедра ашқысы келді, ал Пассау епископтары бұған қарсы болды. Император Фридриха III қысымымен Веналық епархия тек 1469 жылы бекітілді. Осылайша Құдіретті Стефан шіркеуі кафедральді соборға айналды. Бұл оқиғалардан соң, 1476—1487 жылдары, скульптор және композитор Вильгельм Роллингер собордың ішінде кесінді хорлар орнатты, ал 1513 жылы соборда орган орнатылды.

Діни және австриялық-түрік соғыстарына толы VI—XVII ғасырларда, бұл собор аз өзгерістерге ұшырады. Бұл кезеңде Австрияда Pietas Austriaca идеологиясы орнады, рухы бойынша католиктік, формасы бойынша барочтық. Собордың интерьерасы да барокко стиліне өзгертілді. Реконструкция 1647 жылы басталды —Йоганн Якоб және Тобиас Покк (1647) жұмыстары арқасында. 1693 және 1697 жылдары Қыз Марияның екі образы жасалды, 1700 жылы екі жақтан екі алтарь құрылды. Соңында, түріктердің Венадан қуылғанынан 40 жыл өткенде, 1722 жылы, собор мен епархияның дәрежесі — архиепископтыққа дейін көтерілді.

• Оңтүстік мұнарасының ұзындығы — 136,44 м

• Солтүстік мұнарасының ұзындығы — 68,3 м

• Орталығының ұзындығы — 60 м

• Жер деңгейіндегі кеңістігі мен енінің ұзындығы - 198,2×62 м

Габсбургтер кезеңінде Австро Венгрияның бір де бір шіркеуі Құдіретті Стефан соборынан асып түсе алмады.

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

• Bermann, Moriz. Der Wiener Stefans-Dom und seine Seenswürdigkeiten in Geschichte, Kunst, Legenden- und Sagenbilde. Wien, Pest, Leipzig., 1878.

• Kurt, Hielscher. Österreich. Landschaft und Baukunst. Berlin-Zürich., 1928.

• Wasnuths. Lexicon der Baukunst. 3-4 Band. Berlin., 1929.