Мазмұнға өту

Кронштадт

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Кронштадт туы

Кронштадт (1723 жылға дейін Кроншлот) – Ресейдің Ленинград облысындағы қала, әскери-теңіз қамалы, порт.[1] Фин шығанағының шығыс бөлігіндегі Котлин аралында. Халық саны 39 мың. Петербургті теңіз жағынан қорғайтын қамал ретінде 1703 жылы іргесі қаланған. Кронштадт Ұлы Отан Соғысы жылдары (1941-1945 жылдары) Ленинградты қорғауда маңызды роль атқарды. Жеңіл және тамақ кәсіпорындары, сырттан оқитын солтүстік-батыс политехникалық институтының жалпы техникалық факультеті, 2 музей, Петр 1 мен адмираль Макаровтың қоладан жасалған ескерткіштері бар.

Кронштадттағы антисоветтік бүлік

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
Кронштадт ХІХ ғасырдың картасында

Кронштадттағы антисоветтік бүлік – Кронштадт горнизоны бөлімдері мен Балтық флоты кемелері экипажның жас Совет Республикасына қарсы 1921 жылғы марттағы бас көтеруі. Оны шетел империалистерінің көмегімен эсер, меньшевик, анархистер мен ақ гвардияшылар ұйымдастырды. 1920 жылдың аяғында шаруалар арасында соғыс коммунизмі саястына, әсіресе еркін саудаға тиым салуға, азық-түлік салғыртына наразылық күшейтілді. Ішкі сыртқы контррев. шаруашылықтың күйзелуін, аштықты, қиыншылықты пайдаланып, бүлік ұйымдастыру арқылы азамат соғысын қайта тұтатпақ болды. Азамат соғысының барысында Кронштадт матростары мен әскерлер әлеуметтік құрамы өзгеріп, деревнядан келген жаңа жауынгерлер эсер меньшевиктердің ықпалына тез түсті. Флоттағы матростар арасында тәртіп нашарлады. Кронштадт большевиктерінің ұйымы әлсіз болды, саяси-тәрбие жұмысы жолға қойылмады. Бүлікшілер «Советтер коммунистерсіз болсын!» деген ұран көтеріп, өкімет билігін ұсақ бұржуаз партиялар қолына көшіруге, іс жүзінде пролетариат диктатаурасын құлатуға тырысты. Азық-түліктің жетіспеушілік жағдайында Петроградта кейбір кәсіпорындарының жабылуына байланысты туған жұмысшылар наразылығын эәсерлер мен меньшевиктер контррев. насихатты жүргізуге пайдаланды. «Свастополь», «Петропавловск» линкорларының командалары «солшыл социал партияларға» еркіндік беру, комиссарлар мен саяси бөлімдерді жою, саудаға ерік беру, Советтер сайлауын қайта өткізу талаптарын қойған шешім қабылдады. 1 наурызда 15 мың адам қатысқан қалалық жиында да осындай шешім қабылдады. 2 наурызда бүлікшілер эсер, меньшевик, анархистерден «Уақытша революциалық комитет» құрды, коммунистерді(совет ұйымдары мен команда басшыларын) қамауға алды, радио арқылы халықты көмекке шақырып, үндеу тастады. 3 наурызда «қорғаныс штабын» құрды. Форттар мен корабльдерге 140 зеңбірек, 100-ден аса пулемет, 27 мыңдай матрос пен әскерилер болды. Кронштадтағы бүлік зор қауіп тұғызды, 2 наурызда Еңбек және қорғаныс Советі бүлік басшыларын заңнан тыс деп жариялады. 5 наурызда 7-армияның қолбасшысы болып М.Н.Тухачевский тағайындалады. Советтік бөлімдерінің 8 наурызда Кронштатдта жасаған штурмы сәтсіз шықты. В.И.Лениннің ұсынысы бойынша РК(б)П 10 съезі К.Е Ворпошилов бастаған 300 делегатты бүлікті басу ісіне көмекке жіберді. Саяси-тәрбие жұмысының нәтижесінде әскерлердің моральдық жағдайы жақсарып, тәртіп нығайтылды. 16 наурызда Кронштадт артиллериядан атқыланып авиациядан шабуыл жасады. 17 наурызда Совет әскерлері Ораниенбаум және Сестрорецк жағынан мұздың үстімен Кронштадт форттарына штурм жасады. 17 наурызда таңертең совет жауынгерлер қалаға кірді. Кескілескен шайқастардан кейін 18 наурызда таң ата бүлік жойылды. Штаб пен бүлікшілердің біразы Финляндияға қашып кетті. Линколар командасы қолға түсті.

Кронштадт көтерілістері

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
Кронштадт 1905ж. көтеріліс

Кронштадт көтерілістері (1905-1906 жылдар) Кронштадт революцияшыл матростары мен солдаттарының Ресейдегі 1905-1907 жылдарғы революциялық кезеңдегі көтерілістер. 1905 жылдың жазында Кронштадт горнизонында революциялық толқу күшейе түсті. Бұл кезде горнизонға запастан алынғандардың ішінде революцияшыл пиғылдағы жұмысшылар көп болды және сенімсіз матростар мен әскерлер басқа горнизондардан ауыстырылды. 1905 жылы қыркүйек айында стихиялық қозғалыс басталды. 1905 жылы 17 қазанда манифестің жариялануына байланысты РСДЖП Кронштадт комитетінің шақыруы бойынша 18 қазанда матрос, әскер жұмысшылардың үкіметке қарсы ереуілі өтті. 23 қазанда болған бұқаралық жиында қабылданған шешімде әскери қызметтегілердің құқығы және материалдық жағдайын жақсарту, демократиялық республика құру, жалпыға бірдей сайлау құқығын беру сияқты талаптар қойылды. Ереуіл 24-25 қазанда да басылмады. Көтеріліс 26 қазанда тәңертең стихиялық түрде басталды. Көтеріліске 300-дей матрос, 1500 әскер, (Кронштадт матростарының 25 пайызы, әскерлерінің 20 пайызы) қатысты. Кешке қарай олар іс жүзінде қаланы билеп алды. Бірақ бір орталықтан басқарған ұйым болмады. Революциялық тәртіп орнату аз ғана большевиктердің қолынан келмеді. Полиция арақ-шарап қоймаларын, дүкендерді ұры-қараның тонауын ұйымдастырды. Бұған кейбір дәйексіз көтерілісшілер де араласты. Үкімет әскеріне қарсы тұра алмаған көтерісшілер қарусыздандырылды. Төрт мыңдай матрос, 800 әскер тұтқындалды. 29 қазанда оларды қорғамақ болып, Петербург жұмысшылары қозғалды. 2-3 қарашада бұл ереуіл қала заводтарын, темір жол тораптарын түгел қамтыды. Осының нәтижесінде көтерісшілер ісі әскери далалық сотта емес, жай сотта қаралып, 10 матрос каторга жұмысына кесілді.[2]

1906 жылғы көтеріліс Севаборг көтерілісімен бір уақытта болды. Мамыр айында Кронштадт партия ұйымы құрылды. Финляндия, Балтика маңы әскери ұйымдарымен байланыс жасап, Петербург комитетінің тікелей басшылығымен большевиктер қарулы көтеріліс әзірлігіне кірісті. 18 шілдеде Свеаборгте көтеріліс шыққаны мәлім болды. Эсерлер көтеріліс жасауды бірден қолдады. Большевиктер көтеріліске мұқият дайындалуды талап етті. Бірақ бұқара халықты тоқтату мүмкін болмаған соң олар Петербург комитетінің ұсынысы бойынша көтерілісшілерді басқаруға ұйғарды. Көтеріліс 19 шілдеде басталды. Көтеріілсшілер арсеналды басып алды. Көтерілісшілер өршіп кете алмады. Гаваньдағы кемелердің матростары оқшау қалды. Олар көтерілісшілерді қолдай алмады. Почта мен хат та ала алмады. Нашар қаруланған матростары мен жұмысшылар патша әскерлері пулеметпен оқ жаудырып, ыдыратып жіберді. Көтерілісті сәтті бастаған мина және саперлер роталарының әскерлері «Лидке» бекінісін, «Константин» фортын басып алды. Бірақ форттағы зеңбіректерді қолға түсіре алмай өзге көтерісшілерге көмектесе алмады. Көтеріліс 20 шілдеде таңертен жеңіліске ұшырады. Оған қатысушылар қатаң жазаланды. Әскери-далалық соттың үкімімен 36 адамға атуға бұйырылды. 130 адам каторгаға айдалды. 1251 адам түрме жазасына кесілді.[3]

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  1. “Қазақ Совет Энциклопедиясы”, ІV том
  2. Революционное движение в армии в годы первой русской революции. Сборник Москва 1955 ж. Кораблев Ю.И.
  3. Революционные восстания на Балтика в 1905-1906 годы, Ленинград 1956 год