Кубалықтар

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Навигацияға өту Іздеуге өту
Кубалықтар
Бүкіл халықтың саны

11 200 000

Ең көп таралған аймақтар
Тілдері

испанша

Діні

Христиан діні

КубалықтарКубаның негізгі халқы. Жалпы саны – 11,2 миллион (2012) адам. АҚШ-та 1 миллион, Канадада 10 мың, Испанияда 20 мың адам бар.

Кубалықтар испан тілінің жергілікті ерекшелігінде сөйлейді.

Кубалықтардың басым бөлігі христиан дінінің католик тармағын ұстанады. Ішінара протестанттар мен синкретикалық афро-христиандық діни ағымды ұстанушылар да кездеседі.

Кубалық

Халықтың жартысынан астамы - еуропалықтар. 16-ғасырдан бастап қоныстана бастаған Испан отаршылары жергілікті үндіс тайпаларын түгелдей қырып жойды. Халықтың бір бөлігі зәңгі нәсілдес және мулаттар. 16-19 ғасырларда Кубаға Батыс Африкадан зәңгі-құлдар әкелінген. 19-20 ғасырларда Куба еуропа елдерінен қоныс аударып келгендермен толықты. 19-ғасырдың соңында кубалықтар этнос болып қалыптасты.

Кубада қант қамысын жинау (2001)

Кубалықтар ерте кезден бастап-ақ егін шаруашылығымен айналысты. Басты дақылы қант құрағы. Әртараптандырылған экономика біртіндеп дамыды. Қант құрағынан басқа күріш, темекі, жеміс дақылдары өсіріледі.
Халықтың 2/3 бөлігі-қала тұрғындары. Қалалардың орналасуы — испан үлгісінде. Сәулет өнерінде барокко стилі басым. Шаруа үйінің (боно) құрылымы: қабырғалары пальма тақталарынан жасалған, екі немесе төрт төбесі бар.

Қазақстандағы кубалықтар

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Кубалықтар Қазақстанға негізінен өткен ғасырдың 90-жылдарынан бастап, нарықтық қарым-қатынастарға байланысты көші-қон үрдістеріне орай қоныстанған. Қазақстандағы кубалықтардың саны:

  • 1979 жылы - 97 адам;
  • 1989 жылы - 83 адам;
  • 1999 жылы - 50 адам;
  • 2009 жылы - 45 адам.[1]

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  1. Қазақстан халқы. Энциклопедия. /Бас.ред. Ж.Н.Тойбаева./Құраст.Ғ.Жандыбаев., Г.Егеубаева.- Алматы: «Қазақ энциклопедиясы», 2016. 205-бет ISBN 978-601-7472-88-7