Мауду хадис
Көрініс
Басқа мақалалар
Мауду хадис (араб.: حديث موضوع, «қойылған», өтірік хадис) деп Мұхаммед пайғамбарға ﷺ қастандықпен айтылған өтірік хадисті немесе оған ешбір негізсіз телінетін хадисті айтады. Ғалымдардың ижмағы (бірауызды пікірі) бойынша бұндай хадистерді таратуға, оған амал етуге болмайды, тек оны басқаларға айтқанда өтірік екенін білдіру үшін болса рұқсат етілген[1]. Имам Муслим жеткізген хадисте Мұхаммед пайғамбар ﷺ айтқан:
« | Менің атымнан өтірік деп есептеуге негіз бар хабарды жеткізген адам екі өтірікшінің бірі болады (бірінші өтірікші сол хадисті ойлап тапқан адам)[1]. | » |
Бұл — Ислам туралы мақаланың бастамасы. Бұл мақаланы толықтырып, дамыту арқылы, Уикипедияға көмектесе аласыз. |