Сахих әл-Бұхари

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Навигацияға өту Іздеуге өту
Сахих әл-Бұхари
Хадис
Хадис
(حديث)

Islamic text

әл-Жамиъ әл-Муснад әс-Сахих (араб.: الجامع الصحيح‎, Сахих әл-Бұхари деген атаумен белгілі араб.: صحيح البخاري‎), имам Мұхаммад әл-Бұхаридің сахих хадистер жинағы, Алты кітаб хадис жинақтары кітабтарының бірі. Бұл Пайғамбар салттары, немесе хадистер, ауызша сол замандағы адамдарға берілгеннен кейін парсы мұсылман ғалымы Мұхаммад ибн Исмаил әл-Бұхари жинаған еңбегі. Сүннит мұсылмандар Сахих Мүслим және әл-Муатта жинақтарымен қатар ең сенімді үш жинақтардың бірі деп есептейді[1].

Кейбір дін мамандары бұны Құраннан кейінгі ең шүбәсіз кітап деп қарастырады.[2][3] Араб тіліндегі сахих сөзі шүбәсіз немесе шынайы деген мағыналарды береді.[4] ү


Жалпылама шолу

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Әл-Бұхари 16 жасынан бастап Аббас империясын кеңінен шарлап өз жинағына мағлұмат жинай бастаған. Әл-Бұхари 300,000-нан аса хадис және 2,602 салтты өзінің жинағына қосқан.[5] Бұхари алдыңғы еңбектерді жинап зерттегенде олардың ''сахих'' пен ''хасан'' және олардың көпшілігінде ''да'иф'' хадистері барын байқаған. Бұл оның еш шүбәсіз хадистер жинау қызығушылығын оятты. Оның әрі қарайғы шешіміне оның ұстазы ибн Рахояһ атымен белгілі Ишақ ибн Ибрахим әл-Ханталиидің айтқына себеп болды. Әл-Бұхаридың айтуы бойынша ол “Біз Ишақ ибн Рахояһпен болғанда ол ‘Пайғамбарымыздың тек қана еш шүбәсіз жеткен хадистерін бір кітапқа жинасақ етті’ деген. ”Бұл ұсыныс менің жүрегімде қалып қалды, содан мен Сахих жинауға кірістім” - дейді әл-Бұхари, “Мен Пайғамбарымызды түсімде көрдім және онда мен Оның алдында тұр екенмін. Ал қолымдағы желпуішпен мен Оны қорғап тұр екенмін. Мен түс жоритындардан сұрағанда олар маған ‘Сен Оны өтіріктерден қорғайтын боласың’ деген. Міне осы жайттар мені Сахихты шығаруға итермеледі.”[6] Кітапта тікелей Мұхамед (САС) пайғамбарымыздан қалай намаз оқып, дұға етуден бастап басқа да өмірлік жағдайларда қалай әрекет ету нұсқаулары келтірілген. Бұхари еңбегін шамамен 846 жылы тәмамдады, ал өмірінің соңғы жиырма төрт жылын басқа қаларда ғалымдармен кездесумен, өзі жинаған хадистерді оқытумен болды. Ол барған әр қалада мыңдаған адамдар негізгі мешіттерінде оның ілімін тыңдауға жиналатын.

Ерекше сипаттары

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Әмин Ахсан Ислаһи, танымал мұсылман ғалымы, Сахих әл-Бұхаридың үш ерекше қаситтерін атап өткен[7]:

  1. Іріктелген хадистерді жеткізушілер тізімінің сапасы мен ұқыптылығы. Бұхари имам өзінің сенімді хадистерді іріктегенде екі негізгі қағиданы ұстанған . Біріншісі, біріншіден жеткізуші өмір сүрген кезеңінің қабылдаған адамның өмір сүру уақытысымен қиылысуы. Екіншісі, осы екі адамның өзара кездесунің дәлелі болу тиіс. Олар ашық қайдан осы мәліметтерді алғанын айтулары керек. Бұл Имам Мұслим қойған талаптардан да қатал критерийлер.
  2. Бұхари Имам тек сеніп қана қоймай, оның білуі бойынша, Ислам ілімін оқытумен айналысатындардың ғана хадистерін қабылдаған. Осылайша, ол Муржиттертің айтқандарын қабылдамады.
  3. Тараулардың ерекше орналасу мен тәртібі. Бұл автордың терең білдімділігін және дінді өте жақсы түсінетіндігін көрсетеді. Бұл өз кезегінде кітапты діни тәртіптерді түсінуде өте пайдалы нұсқауға айналдырды.

Сенімділігі

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Хадистер саны

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Ибн әл-Саләнің айтуы бойынша: "Қайталанып келетін хадистер санымен алса 7,275 ал қайталабайтын хадистер саны 4,000." [8]

Шархтер (түсіндірмелер)

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  1. Шарх Ибн Касир (д.ө.: 774Һ)

Аудармалары

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

әл-Жамиъ әс-Сахих кітабын ағылшын тіліне аударған салаф ғалымы Мұхаммад Мухсин Хан болды. [9]

Сілттемелер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  1. Mabadi Tadabbur-i-Hadith, Amin Ahsan Islahi
  2. The Canonization of Al-Bukhari and Muslim: The Formation and Function of the Sunni Hadith Canon by Jonathan Brown, BRILL, 2007
  3. Muqaddimah Ibn al-Salah, pg. 160-9 Dar al-Ma’aarif edition
  4. Meaning of sahih. Islamic-Dictionary.com. Тексерілді, 13 мамыр 2010.
  5. The number of authentic hadith. Ibnamin.com. Тексерілді, 13 мамыр 2010.
  6. Abridged from Hady al-Sari,the introduction to Fath al-Bari, by Ibn Hajr, pg. 8–9 Dar al-Salaam edition.
  7. Mabadi Tadabbur-i-Hadith, Amin Ahsan Islahi
  8. Nuzhah al-Nathr, pg. 154
  9. Full translation from the USC-MSA. Usc.edu. Тексерілді, 26 қыркүйек 2010.

Сыртқы сілттемелер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]