Мағжан Жұмабаев ауданы
Қазақстан ауданы | |
Мағжан Жұмабаев ауданы | |
Әкімшілігі | |
---|---|
Облысы | |
Аудан орталығы | |
Ауылдық округтер саны |
17 |
Қалалық әкімдіктер саны |
1 |
Ауыл саны |
62 |
Қала саны |
1 |
Әкімі |
Рахат Назымбекұлы Смағұлов |
Аудан әкімдігінің мекенжайы |
Булаев қаласы, Юбилейная көшесі, №56 |
Тарихы мен географиясы | |
Координаттары |
54°54′54″ с. е. 70°27′00″ ш. б. / 54.91500° с. е. 70.45000° ш. б. (G) (O) (Я)Координаттар: 54°54′54″ с. е. 70°27′00″ ш. б. / 54.91500° с. е. 70.45000° ш. б. (G) (O) (Я) |
Құрылған уақыты | |
Жер аумағы |
7 810 км² |
Уақыт белдеуі | |
Тұрғындары | |
Тұрғыны |
27 328[1] адам (2023) |
Ұлттық құрамы |
орыстар (57,77 %) |
Сандық идентификаторлары | |
Автомобиль коды |
15 |
Мағжан Жұмабаев ауданы — Солтүстік Қазақстан облысының солтүстік-шығысында орналасқан әкімшілік-аумақтық бөлініс. 1928 жылы құрылған. Жер аумағы 7,8 мың км².[3] 1997 жылы Возвышен ауданымен бiрiккен. 2000 жылы Булаев ауданы Мағжан Жұмабаев ауданы болып қайта аталды. Орталығы – Булаев қаласы (1893 жылы құрылған), 1969 жылы қала мәртебесін алды. Булаевтан облыс орталығына дейiнгi қашықтық 106 км.
Географиялық орны мен жер бедері
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Аудан солтүстiгiнде және шығысында Ресей Федерациясының Омбы және Түмен облыстарымен, батысында - Солтүстік Қазақстан облысының Аққайың және Қызылжар, оңтүстiгiнде - Тайынша және Ақжар аудандарымен шектесiп жатыр. Солтүстік бөлігі - орманды дала, оңтүстігінде шағын көл қазаншұңқырлары кездеседі.
Климаты, топырағы және өсімдіктері мен жануарлар дүниесі
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Климаты тым континеттік, қаңтар айының жылдық орташа температурасы -18-19°С, шілдеде 18-19°С. Жауын-шашынның жылдық орташа мөлшері 300-350 мм. Топырағы карбонатты қара топырақты, шалғынды-қара топырақты, орманды және сортаң топырақ. Ауданның өсімдік жамылғысы бетеге, боз, селеу, сәбізшөп, бидайық, жусан, т.б. құрайды. Орманды дала белдемінде қайың, терек, сібір үйеңкісі басым. Бұталардан итмұрын, шие, шаттауық, тал, т.б. өседі. Сирек өсімдіктеріне ашық құндызшөп, сарғыш құндызшөп, шүйіншөп, альпі астрасы, шайқурай, бетеге, шолпанкебіс жатады. Жануарлардан бұлан, елік, қасқыр, түлкі, күзен, борсық, қоян, ондатр, т.б. мекендейді. Құстардан қаз, үйрек, аққу; жыртқыш құстардан - қаршыға, т.б. кездеседі. Су айдындарында шабақ, мөңке, алабұға мол.
Су торабы
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Шағын көлдер бар. Ірілері: Келтесор, Майбалық және Қамыстысай өзені аңғарында Половинное, Соленое, Қамысты, Медвежье, Баранье. Бұл көлдердің басым бөлігінің суы ащы және тұзды келген.
Халқы
[өңдеу | қайнарын өңдеу]1939 | 1959 | 1970 | 1979 | 1989[4] | 1999 | 2009[5] | 2021 |
---|---|---|---|---|---|---|---|
45494 | ▲46568 | ▲51475 | ▼45105 | ▼40839 | ▲49679 | ▼36924 | ▼28505 |
Тұрғындары 29 924 адам (2019). Ұлттық құрамы: орыстар (57,47%), қазақтар (28,54%), немістер (5,00%), украиндар (4,16%), татарлар (1,38%), поляктар (1,54%), беларустар (0,84%), поляктар (0,48%), литвалықтар (0,16%), шешендер (0,15%), чуваштар (0,14%), басқа ұлт өкілдері (1,06%).
Әкімшілік бөлінісі
[өңдеу | қайнарын өңдеу]63 елді мекен 1 қалалық әкімдік пен 17 ауылдық округке біріктірілген:
Әкімшілік бірлік | Орталығы | Елді мекендері | Халқы (2009) |
---|---|---|---|
Авангард ауылдық округі | Полтавка ауылы | 3 | 1277 |
Аққайың ауылдық округі | Октябрьское ауылы | 6 | 1432 |
Алтын дән ауылдық округі | Советское ауылы | 2 | 2652 |
Бастомар ауылдық округі | Бастомар ауылы | 4 | 1540 |
Бәйтерек ауылдық округі | Бәйтерек ауылы | 4 | 1422 |
Булаев қалалық әкімдігі | Булаев қаласы | 2 | 9086 |
Возвышен ауылдық округі | Возвышенка ауылы | 5 | 3184 |
Конюхов ауылдық округі | Конюхово ауылы | 3 | 770 |
Қарақоға ауылдық округі | Қарақоға ауылы | 3 | 2501 |
Лебяжі ауылдық округі | Лебяжье ауылы | 2 | 979 |
Мағжан ауылдық округі | Жастар ауылы | 2 | 660 |
Молодогвардейск ауылдық округі | Молодогвардейское ауылы | 2 | 1521 |
Ноғайбай би ауылдық округі | Надёжка ауылы | 6 | 2719 |
Полудин ауылдық округі | Полудино ауылы | 3 | 1908 |
Таман ауылдық округі | Таман ауылы | 4 | 1376 |
Успен ауылдық округі | Успенка ауылы | 4 | 957 |
Ұзынкөл ауылдық округі | Ұзынкөл ауылы | 3 | 960 |
Чистов ауылдық округі | Чистовское ауылы | 5 | 1971 |
Аудан экономикасы
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Ауданда 2010 жылғы 1 қаңтарға 313 кәсiпорын тiркелген, оның iшiнде 2 - iрi, 25 - орта, 286 - шағын кәсiпорындар. Олардан 176 заңды тұлға мемлекеттiк меншiк нысанына, 133 - жеке меншiк, 4 - заңды тұлға шетел меншiгi нысанына жатады.
2009 жылдың қорытындысы бойынша:
Ауданда облыстың ауыл шаруашылығының жалпы өнiмiнiң 10,5%-ы (25 101,6 млн.теңге) өндiрiлген. Өнеркәсiп кәсiпорындарымен (қаржылық емес корпорация секторы) 570,6 млн.теңгенiң өнiмi өндiрiлген, облыстағы үлесi 0,8%. Өнеркәсiп өнiмiнiң физикалық көлемiнiң индексi 102,8% құрайды. Бөлшек тауар айналымының көлемi (қоғамдық тамақтандырусыз) 255,9 млн.теңге сомасын құрайды. Тауар айналымның физикалық көлемiнiң индексi 52,5% кұрады. 2009 жылдың басына аудан кәсiпорындарының негiзгi құрал-жабдықтары 6 146,9 млн.теңге сомасын құрап, тозу деңгейi 37,3% болды. Негiзгi капиталға салынған инвестиция көлемi 1 558,5 млн.теңге құрады. Пайдалануға 8,5 мың шаршы метр тұрғын үй берiлдi. Ауданның экономикасында 24,4 мың адам жұмыс iстейдi. Орташа айлық жалақы (кәсiпкерлiк қызметпен айналысатын шағын кәсiпорындарсыз) өткен жылмен салыстырғанда 18,2% өсiп, 38 250 теңгенi құрады. Нақты жалақы 10,5% өстi. Орташа жан басына шағып есептегенде атаулы ақшалай табыс 25 963 теңге құрады. Орташа жан басына шаққандағы күн көрiстiң ең төменгi деңгейiнiң шамасы жыл аяғына 10 952 теңге құрады. Ауданның ауыл шаруашылығына жарамды жер аумағы 637,2 мың га, жайылым мен шабындық 176,8 мың га.
Аудан арқылы Сібір темір жолы Мәскеу-Владивосток темір жолы, сондай-ақ Петропавл-Омбы-Новосібір автомобиль жолы, Булаев-Молодогвардейский, Қарақоға-Конюхов автомобиль жолдары өтеді.
Дереккөздер
[өңдеу | қайнарын өңдеу]- ↑ Қазақстан Республикасы халқының жынысы және жергілікті жердің типіне қарай саны (2023 жылғы 1 қаңтарға)
- ↑ Қазақстан Республикасы халқының жекелеген этностары бойынша саны (2022 жыл басына)
- ↑ Қазақстан табиғаты:Энциклопедия / Бас ред. Б.Ө.Жақып. - Алматы:" Қазақ энциклопедиясы" ЖШС, 2011. Т.З. - 304 бет. ISBN 9965-893-64-0 (Т.З.), ISBN 9965-893-19-5
- ↑ Ресей империясы, КСРО халық санақтары
- ↑ ҚР халық санақтары
|
|