Мұстафа Исмет Инөнү
Мұстафа Исмет Инөнү түр. Mustafa İsmet İnönü | ||||
Лауазымы | ||||
---|---|---|---|---|
| ||||
20 қараша 1961 — 20 ақпан 1965 | ||||
Президент | Жемал Гүрсел | |||
Ізашары | Жемал Гүрсел Фахреттин Өзділек (қ.о.) | |||
Ізбасары | Суат Хайри Үргүплү | |||
| ||||
11 қараша 1938 — 22 мамыр 1950 | ||||
Ізашары | Мұстафа Кемал Ататүрік | |||
Ізбасары | Желал Баяр | |||
| ||||
6 наурыз 1925 — мамыр 1937 | ||||
Президент | Мұстафа Кемал Ататүрік | |||
Ізашары | Әли Фатхи Оқиар | |||
Ізбасары | Махмуд Желал Баяр | |||
| ||||
1 қараша 1923 — 21 қараша 1924 | ||||
Президент | Мұстафа Кемал Ататүрік | |||
Ізашары | лауазым құрылды | |||
Ізбасары | Әли Фатхи Оқиар | |||
| ||||
22 қазан 1922 — 21 қараша 1924 | ||||
Президент | Мұстафа Кемал Ататүрік | |||
Премьер-Министр | Рауф Орбай Әли Фатхи Оқиар | |||
Өмірбаяны | ||||
Партиясы | Республикалық Халық партиясы | |||
Білімі | Осман Әскери колледжі | |||
Діні | Сунни Ислам | |||
Дүниеге келуі | 24 қыркүйек 1884 Измир, Айдын уәлаяты, Осман империясы | |||
Қайтыс болуы | 25 желтоқсан 1973 (89 жас) Анкара, Түркия | |||
Жерленді | Анытқабір, Анкара | |||
Туған кездегі есімі | Мұстафа Исмет-паша | |||
Әскери қызметі | ||||
Әскер түрі | Осман империясы (1903–1920) Анкара үкіметі (1920–1923) Түркия (1923–1926) | |||
Атағы | Генерал | |||
Шайқасы | Бірінші дүниежүзілік соғыс Грек-түрік соғысы (1919-1922) | |||
Қолтаңбасы | ||||
өңдеу |
Исмет Мұстафа Инөнү (түр. Mustafa İsmet İnönü; 24 қыркүйек 1884[1][2][3], Измир — 25 желтоқсан 1973[1][2][3], Анкара) — түрік мемлекеттік, саяси және әскери қайраткер, Түркияның екінші президенті (1938—1950), Ататүріктің мұрагері.
Туған кездегі есімі — Мұстафа Исмет-паша (түр. Mustafa İsmet-paşa). Исмет Инөнү есімі 1935 жылдың 1 қаңтарынан бастап Түркияда титулдардың жойылуына және фамилиялардың енгізілуіне байланысты қабылданды.
Әскери-артиллериялық училищенің түлегі. Жас түріктер төңкерісі кезінен бастап Ататүріктің жақын серігі болған. Бірінші дүниежүзілік соғыс кезінде Месопотамия майданындағы полковник.
Өмірібаяны
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Мұстафа Исмет Инөнү 1884 жылы 24 қыркүйекте Измир қаласында туған. Осман шенеунігі Хаджи Решид бейдің ұлы. Әскери-артиллерия училищесінде білім алған. Түркиядағы революция кезінде Ататүріктің жақын жақтасы болған. Бірінші дүниежүзілік соғыс кезінде месопатамия майданында полковник қызметін атқарған.
Қатысқан соғыстары
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Мустафа Исмет түрік-грек соғысы кезінде Инөнү шайқасқа қатысып, атаққа ие болады. Сол кезден бастап тегін Инөнү деп алады. Республика құрылған соң, бірінші премьер-министр болып тағайындалып, 1937 жылға дейін осы қызметті атқарады. Ататүрік қайтыс болған соң 1938 жылдың 11 қараша айынан 1950 жылға дейін президенттік таққа отырады.
Республикалық ұлттық партияның негізін салушылардың бірі болған. Ол партияны 1938-1972 жылдар аралығында басқарған. 1972 жылы саясат өмірінен алшақтайды.
1973 жылы 25 желтоқсанда Анкара қаласында қайтыс болады.
Дереккөздер
[өңдеу | қайнарын өңдеу]- ↑ a b İsmet İnönü (1884-1973) (фран.).
- ↑ a b Ismet Inönü | enciclopèdia.cat.
- ↑ a b Inönü, Ismet | Proleksis enciklopedija.