Николай Григорьевич Кассин
Николай Григорьевич Кассин (13 желтоқсан, 1885, Ресей, Киров облысы, Гнусино селосы – 28 қазан, 1949, Алматы) – геология-минералогия ғылымдарының докторы (1937), Қазақстан Ғылым Академиясының академигі (1946). Қазақ КСР-інің еңбек сіңірген ғылым қайраткері (1943).
Өмірбаяны
[өңдеу | қайнарын өңдеу]- Санкт-Петербург тау-кен институтын бітірген (1913).
Ғылыми жұмыстары
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Қызметінің алғашқы кезеңін Қазақстанның солтүстік-шығыс бөлігі мен Гурьев (қазіргі Атырау) облысының гидрогеологиясы (1912 – 1916) мен Ресейдің Киров облысының геологиясын (1918 – 1924) зерттеуден бастаған.
Ол петрография, стратиграфия, геотектоника, металлогения, геоморфология, гидрогеология саласында жұмыс істеп, минералогия және палеонтологиямен де шұғылданды. Негізгі еңбектері Қазақстан жерінің геологиялық құрылымын зерттеуге, оның шикізат қорын игеруге арналған. Кассин – Қазақстанның геология картасын тұңғыш жасаушылардың бірі; Бозшакөл мыс кен орнын (Р.А.Борукаевпен бірге) тұңғыш ашушы; жас альпілік вулканизмнің даму мүмкіндігін болжады, ол кейін (Семейтауда, Жетісу Алатауы, Кетпен жоталарында) дәлелденді.
Марапаттары
[өңдеу | қайнарын өңдеу]- КСРО мемлекеттік сыйлығы лауреаты (1946).[1]
Дереккөздер
[өңдеу | қайнарын өңдеу]- ↑ Қарағанды. Қарағанды облысы: Энциклопедия. - Алматы: Атамұра, 2006. ІSBN 9965-34-515-5
- 13 желтоқсанда туғандар
- 1885 жылы туғандар
- Киров облысында туғандар
- 28 қазанда қайтыс болғандар
- 1949 жылы қайтыс болғандар
- Алматыда қайтыс болғандар
- Ленин орденінің иегерлері
- II дәрежелі Отан соғысы орденінің иегерлері
- Сталиндік сыйлықтың иегерлері
- I дәрежелі Отан соғысы орденінің иегерлері
- КСРО геологтары
- Қазақстан геологтары
- Ресей геологтары
- Қазақстан Ұлттық ғылым академиясы академиктері
- КСРО мемлекеттік сыйлығының иегерлері