Мазмұнға өту

Нойшванштайн

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Нойшванштайн

Нойшванштайн сарайы (сондай-ақ, Нейшванштейн, нем. Schloß Neuschwanstein [nɔy'ʃvanʃtain], сөзбе-сөз: "Жаңа аққу тасы (құз)") — Fussen қалашығы мен оңтүстік - батыс Бавариядағы Хоэншвангау сарайы маңындағы бавар королі Людвиг II-нің романтикалық сарайы. Туристердің арасындағы Германияның оңтүстігіндегі  ең танымал жерлердің бірі. 

Сарайдың мәдениет пен өнердегі орны

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  • Сарай Париждегі Диснейлендтегі Ұйқыдағы ару сарайының құрылысы барысын шабыттандырушы көздердің бірі болды. 
  • Нойшванштайн , сондай-ақ, 1968 жылғы Chitty Chitty Bang Bang фильмінде ойдан шығарылған Вулгария жерінің сарайы ретінде көрсетілген. 
  • Петр Чайковский Нойшванштайн көрінісімен қатты таңданған болатын және кейбір тарихшылардың пайымдауынша, дәл осы жерде оған "Аққу көлі" балетінің идеясы келген болатын.  
  • Людвиг II тарихы мен Нойшванштайн сарайы "Людвиг II: Корольдің жарқыны мен құлауы"  (1955, реж. Хельмут Койтнер), "Людвиг" (1972, реж. Лукино Висконти), "Баварлық Людвиг " (ориг. атауы: "Ludwig II", 2012, реж. Мари Ноэль және Петер Зер) фильмдерінде көрсетілді. 

Қазіргі уақытта бұл сарай мұражайға айналып кеткен. Мұражайға бару үшін билет орталығынан билет сатып алып, сарайға автобуспен, жаяу, не көсем жегілген аттармен көтерілу қажет. Қазіргі уақытта сарайда "тұратын" жалғыз адам - күзетші.