Озлем Йылмаз

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Навигацияға өту Іздеуге өту

Озлем Йылмаз - актерлік өнерде жетістікке жеткен түрік актрисасы.

Озлем Йылмаз 1986 жылы шілденің 17-ші жұлдызында Түркияның Стамбул қаласында дүниеге келген. Бала кезден өнерге құмар болып өскен ол, мектеп бітірген соң Мәдениет колледжіне оқуға түседі. Актерлік шеберлігін шыңдау үшін тәлімгерлерден қосымша сабақ алып жүреді. Алайда, сол уақытта әкесінене айырылып, жұмысқа ерте араласуға мәжбүр болады. Дегенмен, жұмыспен қатар оқуын жалғастырып, «актриса боламын» деген бала кезгі арманына ұмтылады. Қазақстандық көрермендерге «Ұмытылмас» телехикаясындағы Эданың рөлімен танылған актриса бүгінде Түркияның белгілі өнер иелерінің қатарында. Озлемнің киноқоржынында «Тағдыр», «Жолбарыс», «Қашқын», «Із кесуші Мемолы» сияқты т.б. халықтың ықыласына бөленген жобалар бар. Жеке өміріне келер болсақ, өткен 2013 жылдың 25 - ші қазан айында актриса тұрмысқа шығып, отбасын құрды. Бірақ, өнерден қол үзбейтінін мәлімдеген. [1]

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  1. Жұлдызбен сырласу, №3(96) 2014