Сарыарқа әуежайы
Көрініс
«Сарыарқа» әуежайы 1980 ж. пайдалануға берілді және халықаралық нормалар мен стандарттарға сәйкес келетін қуатты әлеуетке ие. Әуежай ИКАО-ның бірінші санаты бойынша әуе кемелерінің барлық түрлеріне қызмет көрсетуге мүмкіндік береді. 1992 ж. «Сарыарқа» әуежайына уақытша сызба бойынша Халықаралық әуежай мәртебесі берілді. Оның жобалық қуаты бір жылда 2,5 млн жолаушыға қызмет көрсетуге, 18 мың тонна жүкті және 7 мың тонна поштаны жеткізуге мүмкіндік береді. Инвестиция тарту және әуежай шаруашылығын одан әрі дамыту мақсатында «Сарыарқа» АҚ әуежайы акциясының 100% мемлекеттік пакетін сату бойынша акция пакеті Алматы қаласының «Sky service» ЖШС-іне берілді.[1]
Дереккөздер
[өңдеу | қайнарын өңдеу]- ↑ Қарағанды. Қарағанды облысы: Энциклопедия. - Алматы: Атамұра, 2006. ІSBN 9965-34-515-5
Сыртқы сілтемелер
[өңдеу | қайнарын өңдеу] Ортаққорда бұған қатысты медиа санаты бар: Sary-Arka Airport |
- Sary-Arka Airport Мұрағатталған 7 маусымның 2015 жылы. (қаз.) (орыс.) (ағыл.)
Бұл мақаланы Уикипедия сапа талаптарына лайықты болуы үшін уикилендіру қажет. |
|