Төле
Төле Тулуй | ||
| ||
Лауазымы | ||
---|---|---|
| ||
1227-1229 | ||
Ізашары | Шыңғыс хан | |
Ізбасары | Үгедей хан | |
Өмірбаяны | ||
Дүниеге келуі | 1186/1190 немесе шам. 1193 | |
Қайтыс болуы | 1232 Моңғолия | |
Династия | Шыңғыс хан әулеті | |
Әкесі | Шыңғыс хан | |
Анасы | Бөрте | |
Жұбайы | Сорхахтани-бегім | |
Балалары | Мөңке Құбылай Хулагу Арықбұға | |
өңдеу |
Төле, Толи, Толуй (1186/1190 немесе шам. 1193 - 1232) – түркі-моңғол ханзадасы, Шыңғыс ханның 4-ұлы. Шешесі Бөрте – қоңырат тайпасынан шыққан. Төле жас кезінен бастап үнемі әкесінің жанында болып, моңғолдардың негізгі жорықтарының бәріне дерлік қатысқан. Кейіннен Шыңғыс хан өзі билеген аймақтарды Бөртеден туған 4-ұлына бөліп бергенде, Төлеге қарашаңырақ иесі – кенже бала ретінде моңғол үстірті мен түркі-моңғолдардың негізгі әскер күші мұраға қалдырылған. Әкесі қайтыс болғаннан кейін ол тақ мұрагері – ағасы Үгедейге бағынды және мемлекеттегі аса беделді адамдардың бірі ретінде елдің ішкі-сыртқы саясатында үлкен рөл атқарды.
Негізгі әскер күшін өз қолында шоғырландырған ол моңғолдардың 1235 – 1242 ж. Қытайға, Шығыс Еуропаға, Иранға жасаған жорықтарына белсене араласып, көмекке балаларын жіберіп отырды. Жазба деректерге қарағанда Төле ағалары Шағатай хан мен Үгедейден бұрын қайтыс болған. Балаларының ішіндегі тарихта қалғандары Батудың көмегімен Шыңғыс хан империясының билеушісі болған Мөңке, Қытайды жаулап алып, Юань әулетінің негізін қалаған Құбылай хан және Иран мен Иракты жаулап алған Хулагу хан.
Сілтемелер
[өңдеу | қайнарын өңдеу] |
«Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9, VIII том.
Бұл мақалада еш сурет жоқ.
Мақаланы жетілдіру үшін қажетті суретті енгізіп көмек беріңіз. Суретті қосқаннан кейін бұл үлгіні мақаладан аластаңыз.
|
Бұл мақаланы Уикипедия сапа талаптарына лайықты болуы үшін уикилендіру қажет. |