Үгедей хан
Үгедей Өгэдэй хаан | ||
| ||
Лауазымы | ||
---|---|---|
| ||
1229-1241 | ||
Ізашары | Шыңғыс хан Төле (регент) | |
Ізбасары | Дөрегене-қатын (регент) Гүйік | |
Өмірбаяны | ||
Діні | тәңіршілдік | |
Дүниеге келуі | шамамен 1186 | |
Қайтыс болуы | 11 желтоқсан 1241 Моңғолия | |
Династия | Шыңғыс хан әулеті | |
Әкесі | Шыңғыс хан | |
Анасы | Бөрте | |
Жұбайы | Дөрегене-қатын | |
Балалары | Гүйік Қодан Күшү Қашы Қадан | |
өңдеу |
Үгедей (моңғ. Өгөөдэй, қыт. 窝阔台) (1186 қазан — 1241 желтоқсанның 11-і) — Шыңғыс ханның үшінші ұлы, Моңғол Ұлысының екінші ұлы ханы (1229—1241), әкесінің мұрагері. Шыңғыс ханның көршілес елдерін жаулап алу саясатын жалғастырған. Батыс Қытайға және Орталық Азия жорықтарына қатынасқан. Жас кезінен әкесінің жорықтарына қатынасты. 1211—15 жылы Солтүстік Қытайға (Цзань империясы), 1218—22 жылы Орта Азияға (Хорезм) жорық кезінде жеке жасақтың басшысы болды. Орта Азия қалаларын қоршауға алу кезінде Шыңғысханның үлкен 2 ұлы Жошы мен Шағатай арасында үнемі дау туа бергендіктен, әкелері Үгедейді бірінші орынға шығарып, 2-ағасын оған бағынуға міндеттеді. Екі ағасына карағанда мінезінің жұмсақтығымен әрі елмен тез тіл табыса алуымен ерекшеленді. Хорезм жорығы аяқталғаннан кейін көп ұзамай Шыңғыс хан Үгедейді өзінің заңды мұрагері етіп тағайындады. Таққа отырғаннан кейін ол әкесінің жорықтарын ары қарай жалғастырды. 1232—34 жылы Үгедей мен Төле басқарған әскерлер Цзань империясын толық талқандап, Солтүстік Қытайды бағындыруды аяқтады. Қытайлармен соғыс аяқталысымен-ақ Үгедей бағынбай кеткен Хорезмнің соңғы билеушісі Жалел әд-Дин сұлтанды жазалау үшін арнайы жасақ аттандырады. Жалел әд-Дин талқандалып, күрдтердің қолынан қазаға ұшырады. Бүл жорықтың нәтижесінде моңғолдар Күрдістан, Әзірбайжан, Кіші Азияның шығыс бөлігін жаулап алды. 1235 жылы өткен құрылтайда батысқа қарай жорық жасауға арнайы шешім қабылданып, әскердің қолбасшылығына Жошы ұлысының билеушісі Бату хан бекітілді. Нәтижесінде, 1236-41 жылы Шығыс Еуропа толығымен моңғол үстемдігін мойындады. Замандастарының айтуынша, Үгедей білімді әрі ақылды адам болған. Ол билік жүргізген кезеңде ел астанасы Қарақорым қаласын салу аяқталды, халық санағы жүргізілді, пошта қызметі ұйымдастырылды.[1]
Дереккөздер
[өңдеу | қайнарын өңдеу]- ↑ Отырар. Энциклопедия. – Алматы. «Арыс» баспасы, 2005 ISBN 9965-17-272-2
Бұл мақаланы Уикипедия сапа талаптарына лайықты болуы үшін уикилендіру қажет. |
Бұл мақалада еш сурет жоқ.
Мақаланы жетілдіру үшін қажетті суретті енгізіп көмек беріңіз. Суретті қосқаннан кейін бұл үлгіні мақаладан аластаңыз.
|