Фридрих Вильгельм Бессел

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Навигацияға өту Іздеуге өту


Friedrich Wilhelm Bessel

Friedrich Wilhelm Bessel
Туған күні, жері шілденің 22 (1784—07—22) (240 жас)
Minden, Minden-Ravensberg, now Germany
Қайтыс болған күні, жері 1846 ж. наурыздың 17 (61 жаста)
Königsberg, Prussia, now Kaliningrad, Russia
Тұратын жері Prussia
Ұлты Prussian (German)
Зерттеу салалары Mathematics and Astronomy
Интитуттары University of Berlin
Докторлық студенттері Heinrich Scherk
Еңбегі үшін әйгілі Bessel functions
Stellar parallax
Негізгі марапаттары Gold Medal of the Royal Astronomical Society (1829 & 1841)

Фридрих Вильгельм Бессел (нем. Friedrich Wilhelm Bessel, 1784 жылы 22 шілдеде Минден - 1846 жылы 17 наурыз КёнигсБерг) - алман астрономы әрі математигі. 15 жасында мектептен шегініп қара жұмыс істеген, әрі сырттай астрономия, геодезия және математиканы игерген. 20 жасында құйрықты жұлдыздың траекториясын есептеуге қатысты мақаласын жариялайды. 1810 жылы жаңадан ашылған Кенигсбергтегі обсерваторияның басқарушысы болады. 1812 жылы Берлин ғылым академиясының академигі болып сайланады.

Бремен. Бессел ескерткіші.

Оның негізгі еңбегі астрономия жағында болған. «Астрономия негіздері» 1818 жылы баспадан шығарып, астрономияның дамуына аса құнды сыйлық тарту етеді, сонымен қатар, жұлдыздар кестесін жасаған, әрі астрономияда көп қолданысқа ие Бессел формуласын қорытып шығарады. Оның математика жағындағы басты табысы – Бессел функциясы және оның көптеген қасиеттері мен түбірін табу әдістерін тауып, оны осы заман физиканың және астрономияның кейбір мәселелерін шешуге қолдануы еді. Сонымен бірге ол геодезия саласында да көптеген жаңалықтар ашып, оған да өзіндік үлесін қосқан еді.