Мазмұнға өту

Эдуард Сноуден

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Эдуард Сноуден
Edward Snowden
Гленн Гринуолд пен Лаура Пойтрастың бейнеинтервью алған кезіндегі Эдуард Сноуден. 6 маусым 2013 жыл
Гленн Гринуолд пен Лаура Пойтрастың бейнеинтервью алған кезіндегі Эдуард Сноуден. 6 маусым 2013 жыл
Туған күні

21 маусым 1983 (1983-06-21) (41 жас)

Туған жері

Элизабет Сити, Солтүстік Каролина штаты, АҚШ

Азаматтығы

 АҚШ

Қызметі

Жүйелік админ

Әкесі

Лонни Сноуден [1]

Анасы

Элизабет Сноуден[2]

Қолтаңбасы

Қолтаңбасы

PRISM компаниясының логотипі

Эдуард Джозеф Сноуден (ағылш. Edward Joseph Snowden; туған күні 21.6.1983,[3] Солтүстік Каролина) — американдық техникалық ассистент, осыған дейін ОББ және АҚШ Ұлттық Қауіпсіздік Агенттігінің қызметкері, диссидент. 2013 жылдың басында Сноуден The Guardian және The Washington Post газеттеріне американдық арнайы қызметкерлердің бүкіл әлем бойынша көптеген мемлекет азаматтарының жаппай аңдуына байланысты ҰҚА жасырын ақпаратын жібереді. Осыған орай АҚШ заңын бұзғаны жөніңде сыртай айып тағылады. Қолда бар ақпарат бойынша Сноуден алғашында АҚШ-тан Гонконгқа қашып, кейін Ресейге қашып келген. Ол бұл жерде бір айдан көп транзиттік аумақта болып, уақытша баспана алып үлгерген.

Қызметі және жеке өмірі

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Жарияланғаннан кейін

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

2013 жылдың 20 мамыры Сноуден өзінің қыз жолдасымен бір-екі айға кететіндігін айтып қоштасып, ҰҚА-дан қояншық ауруын емделуім керек деген сылтаумен демалысқа босатуын сұрап, сол күні Гонконгқа ұшады. Ол жерде ол қонақ үйінен нөмір алып, журналистермен тілдесуін жалғастырады.

2013 жылдың 6 маусымы қатерленген Сноуден Геллманға: «Бүгін таңертен полиция менің Гавайдағы үйіме келді» деп хабарлады. Сол күні «Вашингтон Пост» және «Гардиан» газеттері ақпаратты жариялады.[4].

2013 жылдың 9 маусымы Сноуден өзін елге танытқысы келді. Ол Гонконгқа құрамында Гринвальд және Пойтрас бар журналистерді шақырып интерьвю бермекші болады. Бұл бейнеинтервью және оның шынайы есімі, өзінің қалауынша «Гардианда» жарық көрді. Осыған орай ол: «Мен өзімді жасырмаймын, себебі менің жасағаным дұрыс» деп хабарлады..

2013 жылдың 10 маусымы түскі уақытта Сноуден Ганконгтегі АҚШ билігінен жасырынып жүрген «The Mira» мейманханасынан шығып кетеді.[5][6].

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  1. Эдуард Сноуден АҚШ оралуы мүмкін еді: Сноуденнің әкесі. РИА Новости (28 маусым 2013). Басты дереккөзінен мұрағатталған 3 шілде 2013. Тексерілді, 29 маусым 2013.
  2. Ассанж ізбасарыда «Үлкен бауырға» және Обамаға шақыру жіберді.
  3. Ackerman, Spencer Edward Snowden failed in attempt to join US army's elite special forces unit. The Guardian (10 маусым 2013). — «The army did confirm Snowden's date of birth: маусым 21, 1983.»  Басты дереккөзінен мұрағатталған 11 маусым 2013. Тексерілді, 10 маусым 2013.
  4. Weinger, Mackenzie. Barton Gellman, Glenn Greenwald feud over NSA leaker, Politico (маусым 10, 2013). Тексерілді маусым 10, 2013.
  5. күдікті Мейманханадан жоқ болып кетті // BBC, 2013 жылдың 11 масымы
  6. Петицию в защиту информатора из ЦРУ подписали почти 30 тысяч человек // Lenta.ru, 11 маусым 2013