Қарақат Жақсылыққызы Әбден
Қарақат Әбден | ||||
Әбден, 2023 жыл | ||||
Лауазымы | ||||
---|---|---|---|---|
| ||||
29 наурыз 2023 жылдан бастап | ||||
| ||||
20 наурыз 2016 — 24 желтоқсан 2020 | ||||
Ізашары | Қайрат Жауханов | |||
Ізбасары | Сайлау округі ыдырады | |||
Өмірбаяны | ||||
Партиясы | Нұр Отан (2023 дейін)[1] Ауыл ХДПП (2023 бастап)[2] | |||
Білімі | Алматы халық шаруашылығы институты | |||
Мамандығы | Маркетинг және коммерция Экономика ғылымдарының кандидаты[3] | |||
Дүниеге келуі | 7 мамыр 1974 (50 жас) XXII партсъез ауылы, Қорғалжын ауданы, Целиноград облысы, Қазақ КСР, КСРО | |||
Әкесі | Жақсылық Ыбырайұлы Әбденов[3] | |||
Анасы | Рысбала Молдашқызы Шалабаева | |||
Балалары | 5[дереккөзі?] | |||
Марапаттары | ||||
Қарақат Әбден Ортаққорда | ||||
өңдеу |
Қарақат Жақсылыққызы Әбден[4][5] (кейде Абден,[3] 7 мамыр 1974 жыл, Қорғалжын ауданы, Ақмола облысы) — қазақстандық саясаткер, экономист және жазушы, 2023 жылдан бері Қазақстан Мәжілісі VIII шақырылымының депутаты,[6] 2016 жылдан 2021 жылға дейін Астана қалалық мәслихатының мүшесі болған. Әбден көпшілікке «Сен қазақтың қызысың. Мақтан ет!» деген даулы кітаптың авторы ретінде белгілі.
2022 жылғы президенттік сайлауда «Ұлттық кәсіби әлеуметтік қызметкерлер альянсы» атынан кандидат ретінде ұсынылды, тек 2,6% дауыс жинап, 3-орын алды. Келесі жылғы парламент сайлауында Мәжіліске Ауыл ХДПП өтіп, 8 мандатқа ие болды. Сол 8 мандаттың бірі Қарақат Абденге берілді.[6]
Өмірбаяны
[өңдеу | қайнарын өңдеу]1974 жылғы 7 мамырда Целиноград облысының Қорғалжын ауданындағы XXII партсъез атындағы ауылда дүниеге келген. Әкесі — Жақсылық Ыбырайұлы Әбден, Қарғалы ауылының тумасы, құрылысшы болған, қазір зейнетте. Анасы — Рысбала Молдашқызы Әбден, Жамбыл облысының тумасы, мұғалім болған, қазір зейнетке шыққан.[3]
1991 жылы Жезқазған облысының Жәйрем ауылының №10 орта мектебін алтын белгімен бітірген. Мектеп бітірген соң Алматы халық шаруашылығы институтының «маркетинг және коммерция» мамандығына оқуға түскен. Экономика ғылымдарының кандидаты. Кандидаттықты «Жергілікті бюджеттерді өндірістік емес төлемдермен толтыруды қалыптастыру» тақырыбында қорғаған.
Негізгі еңбек жолы Қаржы министрлігімен байланысты. 10 жылдан астам Қазақстан Салық Комитетінің Орталық аппаратында қызметте болған. 2006 жылы Президент жанындағы мемлекеттік қызмет Академиясына — Мемлекеттік саясаттың Ұлттық мектебіне жұмысқа шақырылды. Әрі қарай «Нұр Отан» партиясының Орталық аппаратында жұмыс істеген. «Құрмет» орденімен марапатталған.[4]
2016 жылы Астана мәслихаты VI шақырылымының депутаты болып сайланды.[1] Астана қаласы мәслихатының депутаттығы кезінде қаланың әлеуметтік-мәдени дамыту мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының мүшесі болған. Депутаттығын Әбден 2020 жылғы 24 желтоқсанда аяқтады.
2022 президенттік сайлау
[өңдеу | қайнарын өңдеу]2022 жылғы 1 қыркүйекте берген Халыққа Жолдауында президент Тоқаев сол жылғы күзде кезектен тыс президент сайлауының жүретінін жариялады.[7] 21 қыркүйекте сайлаудың 20 қарашада өтетіні бекітілді.[8]
7 қазанда «Кәсіби әлеуметтік қызметкерлердің ұлттық альянсы» атты ұйым Қарақат Абденді үміткер ретінде ұсынды.[9]
Қарақат Әбден «мемлекеттің басты байлығы» адамның өзі деген ұстаныммен қазақстандықтардың өмір сүру деңгейін көтеру және отбасыларға лайықты өмір жасау үшін үгіт жүргізді. Оның жарияланған сайлауалды манифесі өзін «әлеуметтік бағытта», әсіресе отбасыларға, балаларға, жастарға және қарттарға қатысты сипаттады: отбасы институтын нығайтуға, бос уақытты тегін өткізуді кеңейтуге және білім беру нысандарын салуға шақырды. Әбден манифестінде мәдениет пен тәрбие, білім мен ғылым, денсаулық сақтау және әлеуметтік қорғау «кез келген қоғамның табысты дамуының негізі және кепілі» деп тұжырымдады.[5]
Әбден өзінің алғашқы үгіт сапарында 22 қазанда Астана маңындағы Қосшы және Қоянды жерлерін аралап, сайлаушылармен мәселелерді талқылап, манифестін ұсынды. 1 қарашада Әбден Қазақстанда Хэллоуинді өткізуге тыйым салуды ұсынды, оған ол 2022 жылы Сеулдегі Хэллоуин мерекесінің аталуы кезінде орын алған қыспақты еске алды.[10]
2023 парламент сайлауы
[өңдеу | қайнарын өңдеу]2023 жылғы парламент сайлауынан бұрын Абден мен алдыңғы сайлаудың басқа үміткері Жигули Дайрабаев екеуі Ауыл ХДПП мүшелері болып тіркелді. 2023 жылғы парламент сайлауында Ауыл ХДПП 8 мандатқа ие болды, сол мандаттың бірі Қарақат Абденге берілді.
Мәжілістегі депутаттығы
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Мәжілістегі депутаттығын Әбден 2023 жылғы 29 наурызда бастады. Оның Ауыл ХДПП партиялық тізімі бойынша сайланғаны белгілі.
Сын
[өңдеу | қайнарын өңдеу]"Сен қазақтың қызысың. Мақтан ет!"
[өңдеу | қайнарын өңдеу]2019 жылғы 5 желтоқсанда Әбден «Сен қазақтың қызысың. Мақтан ет!» атты кітабының тұсаукесерін өткізді, онда ол қазіргі қазақ әйелінің қазақстандық қоғамдағы рөлі туралы баяндайды да, феминизмді сынай отырып, «салт-дәстүрді сақтау қажеттілігін» талқылайды.[11] Шектеулі түрде шығарылғаннан кейін олардың көпшілігі ауылдық мектептер мен балалар үйлерінің кітапханаларына сыйға тартылған басылым қоғамда дау тудырды және кейбір ұлтшылдық пен сексистік құндылықтарды насихаттайды деп сынға алды.[11][12][13] Басқалары Әбденнің Қазақ қызы қоғамдық бірлестігіне мемлекет тарапынан бөлінген қаржыны пайдалануына күмән келтіріп, оны 17.5 миллион теңгеден астам қаржы бөлінген кітабын шығаруды қаржыландыру үшін салық төлеушілердің ақшасын пайдаланды деп айыптады.[13][14] Кең сынға жауап ретінде Әбден көптеген нәрселер контекстен тыс алынып тасталды деп мәлімдеді және ол шын мәнінде феминизмді қолдайтынын айтты.[15]
Салық салу ұсынысы
[өңдеу | қайнарын өңдеу]2022 жылғы президент сайлауындағы үміткер ретінде Абден 11 қарашада шетелдіктерге үйленген қазақстандық әйелдерге ірі салық салуды ұсынды.[16][17] 5 сәуір күні өзінің осы даулы ұсынысын ол депутат ретінде Мәжілісте айтып кетті. Нәтижесінде құқыққорғаушы Дина Таңсәрі осы сөзді этникалық кемсітушілік деп атады да, Абден депутаттығының тоқатылуын қалап, петиция бастады. Ауыл ХДПП фракциясының басшысы Анас Баққожаев сол петиция және Абденнің көзқарасы жайлы айтқаны:[18]
Дина Таңсәрі, әрине, азамат ретінде кез келген шешім қабылдауға құқылы. Алайда, егер оның нақты сұрақтары болса, мен оған... еш қиындықсыз кездесуді ұсынамын. Біз оның кез келген сұрағына жауап бере аламыз. |
Баққожаев тағы Абден ұсынысының қалған депутаттары қолдамайтынын айтып кетті.[18]
Дереккөздер
[өңдеу | қайнарын өңдеу]- ↑ a b Қарақат Жақсылыққызы Абден (қаз.). Астана қалалық мәслихатының ресми сайты (7 қазан 2022). Тексерілді, 4 мамыр 2023.
- ↑ Экс-кандидаты в президенты Жигули Дайрабаев и Каракат Абден вошли в список партии "Ауыл" (орыс.). Sputnik (4 февраля 2023). Тексерілді, 15 ақпан 2023.
- ↑ a b c d АБДЕН ҚАРАҚАТ ЖАҚСЫЛЫҚҚЫЗЫ (қаз.). Мәжілістің ресми сайты. Тексерілді, 4 мамыр 2023.
- ↑ a b Әбден Қарақат Жақсылыққызы (қаз.). Қарақат Әбденнің ресми сайты. Мұрағатталған 13 қарашаның 2022 жылы.
- ↑ a b Қазақстан Республикасының Президенттігіне кандидат Қарақат Әбденнің сайлауалды БАҒДАРЛАМАСЫ (қаз.). Қарақат Әбденнің ресми сайты. Тексерілді, 4 мамыр 2023.
- ↑ a b «Ауыл» партиясы Мәжілістегі депутаттар тізімін жариялады (қаз.). el.kz. Тексерілді, 15 ақпан 2023.
- ↑ Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауы (қаз.). Қазақстан президентінің ресми сайты (1 қыркүйек 2022). Тексерілді, 4 мамыр 2023.
- ↑ Ибраим, Ұлжан Қазақстанда кезектен тыс президент сайлауы 20 қараша күні өтеді (қаз.). nur.kz (21 қыркүйек 2022). Тексерілді, 4 мамыр 2023.
- ↑ Қарақат Әбден Президент сайлауына кандидат ретінде ұсынылды (қаз.). Егемен Қазақстан (7 қазан 2022). Тексерілді, 4 мамыр 2023.
- ↑ Президенттікке үміткер Қарақат Әбден Хэллоуин мерекесін тойламауға шақырады (қаз.). адырна.kz (2 қараша 2022). Тексерілді, 4 мамыр 2023.
- ↑ a b Московчук, Анастасия Каракат Абден: Современная казахская девушка должна гордиться своей уникальностью (орыс.). zakon.kz (6 февраля 2019). Тексерілді, 4 мамыр 2023.
- ↑ Молдаханова, Малика Ты – казашка. Смирись. Или еще раз о книге Каракат Абден (орыс.). Esquire Kazakhstan (11 декабря 2019). Тексерілді, 4 мамыр 2023.
- ↑ a b «Бізге феминизм керек емес»: «Қазақ қызы» институтымен не болып жатыр? (қаз.). The Village Kazakhstan (13 желтоқсан 2019). Тексерілді, 4 мамыр 2023.
- ↑ Ибраим, Ұлжан "Сен қазақтың қызысың. Мақтан ет!": Депутаттың жаңа кітабы қызу талқыға түсті (қаз.). kaz.nur.kz (10 желтоқсан 2019). Тексерілді, 4 мамыр 2023.
- ↑ Кандидат в президенты Каракат Абден о своей скандальной книге: Казашки – по рождению феминистки (орыс.). informburo.kz (19 октября 2022). Тексерілді, 4 мамыр 2023.
- ↑ Қарақат Әбден шетелдіктермен некелескендерге салық салуды ұсынды (қаз.). el.kz (7 қазан 2022). Тексерілді, 4 мамыр 2023.
- ↑ МҰХАДИ, Айнұр Қарақат Әбден шетелдіктерге тұрмысқа шыққан қыздарға үлкен салық салуды ұсынды (қаз.). stan.kz (7 қазан 2022). Тексерілді, 4 мамыр 2023.
- ↑ a b ДӘРІБАЙ, Аружан Петицию о лишении мандата депутата Каракат Абден прокомментировали в "Ауыле" (орыс.). tengrinews (7 апреля 2023). Тексерілді, 4 мамыр 2023.
Бұл — мақаланың бастамасы. Бұл мақаланы толықтырып, дамыту арқылы, Уикипедияға көмектесе аласыз. Бұл ескертуді дәлдеп ауыстыру қажет. |
- Үлгі шақыруында көшірме аргумент қолданатын беттер
- 7 мамырда туғандар
- 1974 жылы туғандар
- Алфавит бойынша тұлғалар
- Қорғалжын ауданында туғандар
- Құрмет орденінің (Қазақстан) иегерлері
- Қазақстан саясаткерлері
- Қазақстан экономистері
- Қазақстан жазушылары
- Қазақстан Парламенті Мәжілісінің VIII шақырылымының депутаттары
- Саясаттағы Қазақстан әйелдері
- Қазақстан президенттігіне үміткерлер (2022)