Қырымтатар тілі

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Навигацияға өту Іздеуге өту
Қырым татар тілі
Қъырым тілі
Өз атауы:

qırımtatar tili, qırım tili, къырымтатар тили, къырым тили

Елдер:

 Ресей,
 Украина,
 Өзбекстан,
 Түркия,
 Румыния,
 Болгария

Аймақтар:

Қырым АР және Қырым Республикасы

Ресми күйі:

 Ресей
* Қырым Республикасы
 Украина
* Қырым АР

Сөйлеушілер саны:

541 000 адам

Күйі:

елеулі қауып

Классификация
Санаты:

Еуразия тілдері

Алтай әулеті (даулы)

Түркі тармағы
Қыпшақ тобы
Құман-қыпшақ топ тармағы (орта диалект және әдеби стандарт)
Қыпшақ-ноғай топ тармағы (дала диалекті)
Оғыз тобы
Түрік топ тармағы (оңтүстік жағалау диалекті)
Жазуы:

кириллица, латын, 1920 ж. дейін арабша

Тіл коды
МЕСТ 7.75–97:

кры 347

ISO 639-1:

ISO 639-2:

crh

ISO 639-3:

crh

Тағы қараңыз: Жоба:Лингвистика

Қырымтатар тілі, қъырым тілітүркі тілдерінің қыпшақ тобына жатады, Қырым татарларының тілі.

Солтүстік, оңтүстік, орталық аталатын 3 диалектіге бөлінеді. Құман тілінен өрбіген орта (аралық) диалекті қазіргі әдеби тілін қалыптастырған. Қырым татарлары 1929 жылға дейін араб, 1938 жылға дейін латын жазуларын қолданды, ал 1938 жылдан кирилл әліпбиіне ауысты, 1992 ж. қайтадан латын әліпбиіне көшті. Қырым татарларының тілінде сөз басындағы кей дауыссыздар мен сөз ішінде келетін қысаң дауыстылар түсіп қалады. Етістіктің болымсыз түрі — мам, -маз қосымшалары арқылы жасалады: алмам, алмазмыз. І жақ жіктеу есімдігінің ілік септігі меним, бизиң болып айтылады. Қырым татарларының тілінде 8 дауысты, 23 дауыссыз фонема бар, фонетикасына үндестік заңы тән, лексикалық құрамын түркі тілдеріне ортақ сөздер құрайды, морфологиялық құрылымы жағынан жалғамалы тілге жатады. Өзге тілден енген сөздер көп кездеседі. Алғашқы жазба мұралары: Жанмұхаммедтің “Исләмгерейдің Польшаға шабуылы” (17 ғ.), Сейд Мұхаммед Ризаның “Ассеб-сейярі” (17 ғ.), т.б.[1]

Қырым татарларының тілі Қырым түбегін мекендейтін халықтың ұлттық, әдеби тілі. Ресей патшалығының отарлау саясатының зардабынан қырым татарларының басым көпшілігі алыс шетелге ауа көшіп, бас сауғалаған. Қырым татарлары тілінің қалыптасуы Алтын Орда ыдыраған дәуірмен (XV ғ.) тұстас. Қырым татарларының қазіргі әдеби тілінің негізгі ұйтқысы әуелде құман тілінен өрбіген орталық диалект.

Қырымтатар тілі

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  1. Қазақстан Энциклопедиясы