Қыр әңгімелері
Қыр әңгiмелерi — Мұхтар Әуезовтың шығармасы. Сыбанның моласында, Текшенiң бауырында — деген екі әңгімеден тұрады. Бірінші әңгімені Әуезов өзінің туған ауылында жазады.[1]
Қыр әңгiмелерi Жаяусал деген құпия атпен 1923 жылы «Шолпан» журналының 6, 7, 8 сандарында басылды. 1935 жылғы «Ескілік көлеңкесінде» атты жинаққа, 1960 жылғы «Қараш-Қараш» жинағына, 1975 жылғы «Қилы заман» жинағына кірді. Жазушының 12 томдық (1967) және 20 томдық (1979) шығармалар жинақтарында да жарияланған.
Әр әңгімесі, шығыс мотивтеріне сай[2], әңгіменің ішіндегі әңгіме ретінде беріледі:
«Жүретін жолдың азайғанына бәріміз де көтеріліп, серги бастадық. Қатарымызда келе жатқан Сүлеймен ақсақал Текшенің басын көргенде есіне бір әңгіме түскендей болып, бізге бұрылып қарап:— Балалар, жолдың өзі де қысқарып қалды, сендердің ұйқыларың да келген шығар: мен жол қысқарту үшін бір әңгіме айтайын, — деді.
Біз ықыласпен тыңдайтындығымызды білдірдік.»
Екі әңгімесін де Әуезов өз атынан баяндап, кейін басты сюжетке негіз болған хикаяларға көшкенде, өзі сол хикаялардың тыңдармандары ішінде табылады. Бірінші әңгімеде жастайынан батыр атанған Жортар деген ақсақал өз бастан кешкен оқиғаны сөз етеді. Екінші әңгімеде Сүлеймен деген кісі өзінің қолбасы Жобалай батырмен болып қалған, «Қоянды тауының ең үлкен биігі — Текшенің» баурайындағы ескі оқиғаны айтады.
Дереккөздер
[өңдеу | қайнарын өңдеу]- ↑ Н.Ердәулетұлы. Ұлы Абайдың еліне тағзым Мұрағатталған 22 шілденің 2020 жылы., 15.04.2020
- ↑ Т.Жұртбай. «Бесігіңді түзе!..» кітабынан үзінді.
Сілтемелер
[өңдеу | қайнарын өңдеу]- Қыр әңгiмелерi Kitap.kz сайтында
- 20 томдық шығармалар жинағы: 1-ші том
- Тұрсын Жұртбай: «Бесігіңді түзе!..» кітабынан үзінді
|