Мазмұнға өту

Өлеңті (өзен, Жайық алабы)

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Өлеңті
Сипаттамасы
Ұзындығы 211 км
Су алабының
ауданы
4,1 мың км²
Су алабы Жайық
Өзендердің
су алабы
Каспий
Су ағысы
Бастауы Орал алды үстіртінің оңтүстігіндегі бұлақтар
 • Координаттары 50°32′21″ с. е. 53°19′22″ ш. б. / 50.53917° с. е. 53.32278° ш. б. / 50.53917; 53.32278 (G) (O) (Я) (T)
Сағасы Тұздыкөл көліне сәл жетпей (10 – 15 км) Жыланды ауылы маңында жерге сіңіп кетеді.
 • Координаттары 49°45′55″ с. е. 52°17′21″ ш. б. / 49.76528° с. е. 52.28917° ш. б. / 49.76528; 52.28917 (G) (O) (Я)Координаттар: 49°45′55″ с. е. 52°17′21″ ш. б. / 49.76528° с. е. 52.28917° ш. б. / 49.76528; 52.28917 (G) (O) (Я) (T)
Орналасуы
Ел Қазақстан
Аймақ Батыс Қазақстан облысының Сырым және Ақжайық аудандары
 Басқа мағыналар үшін Өлеңті деген бетті қараңыз.

ӨлеңтіЖайық алабындағы өзен.

Географиялық орны

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Батыс Қазақстан облысының Сырым және Ақжайық аудандары жерімен ағады. Ұзындығы 211 км. Су жинайтын алабының аумағы 4,1 мың км2.

Бастауын Орал алды үстіртінің оңтүстігіндегі бұлақтардан алып, Ақжайық ауданындағы Тұздыкөл көліне сәл жетпей (10 – 15 км) Жыланды ауылы маңында жерге сіңіп кетеді.

Гидрологиясы

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Аңғары жоғарғы ағысында тар, орта және төменгі бөлігінде 200 м-ге кеңейеді. Қар, жауын-шашын суларымен толығады. Наурыз, сәуір айларында тасып, жазда шағын қарасуларға бөлініп қалады. Жылдық орташа су ағымы 3,06 м3/с. Өлеңтіге бірнеше кішігірім өзендер құяды. Ең үлкені – Шідерті өзені. Өзенге Қособа ауылы тұсында көлемі 172 мың м3 және сағасында көлемі 2480 мың м3 болатын бөген салынған. Одан суару жүйесі тартылған. Суымен жайылым мен шабындық, егістік суарылады. Өзенде қарабалық, табан, шортан, алабұға, т.б. балықтар бар.