II Хишам
II Хишам араб.: 'ھشام | ||
II Хишам динары | ||
Лауазымы | ||
---|---|---|
| ||
976 — 1009 | ||
Ізашары | II Хакам | |
Ізбасары | II Мұхаммед | |
| ||
1010 — 1013 | ||
Ізашары | II Мұхаммед | |
Ізбасары | Сүлеймен | |
Өмірбаяны | ||
Діні | Ислам | |
Дүниеге келуі | 965 | |
Қайтыс болуы | 1013 | |
Династия | Умәйя әулеті | |
Әкесі | II Хакам | |
II Хишам Ортаққорда | ||
өңдеу |
II Хишам (әл-Муәйад биллаһ Әбу әл-Уәлид Хишам ибн Хакам, араб.: 'ھشام, 965 — 1013) —Кордоба хилафатының халифі (976—1009 және 1010—1013), II Хакамның ұлы, Умәйя әулетінің мүшесі.
Өмірбаяны
[өңдеу | қайнарын өңдеу]976 жылы әкесі II Хакам қайтыс болғаннан кейін таққа небәрі 10 жасында отырды. Көп кешікпей мемлекеттегі жоғарғы билік хаджиб және әскери қолбасшы әл-Мансұр (Жеңімпаз) атағына ие болған Мұхаммед ибн Әбу Әмірдің қолына өтеді. Әл-Мансұр жас халифті мемлекетті басқаруда ешбір істерге араластырмай, халифтің тәжірбие жинауына жол бермеу мақсатында сарайда қамап отырды. Сөйтіп әл-Мансұр халықты халифтің мемлекеттік билікке араласпай өзін құлшылық етуге арнағандығына сендіріп, барлық билікті өзінің қолына алады.
Әл-Мансұр жүргізген жорықтар
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Халифат ішінде өзінің билігін нығайтқан әл-Мансұр Солтүстік Испаниядағы христиан мемлекеттеріне шабуыл жасап отырды. 985 жылы мұсылмандар Барселонаны, ал 997 жылы испан христиандарының басты қастерлі орны — Сант-Яго шіркеуін басып алады. Осы жорықтардың нәтижесінде Леон патшалығы толығымен жауланып алынды. Христиандық территориялардан тек Астурия мен Галисияның кейбір бөліктері және Кастилияның бірнеше ауданы ғана тәуелсіздігін сақтап қалды. 1002 жылы әл-Мансұр қайтыс болып, хаджиб билігі оның ұлы Абд әл-Мәлік әл-Музаффарға тиеді. Ол 1008 жылы қайтыс болады. Әл-Музаффардың өлімінен кейін халифат ішінде бүлік орын алып, Кордоба халифаты құлдырап, ыдырап кетеді. Әл-Мансұрдың екінші ұлы Әбдіррахман Санчуэлоны тақтан түсіріп, 1009 жылы дарға асады. Кезек Хишамға келген кезде ол тақтан бас тартуға мәжбүр болып, билік III Әбдіррахманның немересі – II Мұхаммедке беріледі.
Хишамның екінші мәрте халифа болуы
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Бір жылдан кейін, яғни 1010 жылы сақалибтерден құралған халиф гвардиясы II Хишамды босатып, қайтадан халиф етіп тағайындайды, алайда берберлер бият етуден бастартып, шабуылдарын жалғастырады. Олар Захра сарайын басып алып, сарай қызметшілерін талқандап, ғимаратты толығымен қиратады. Сол жылы берберлер Кордобаға таяп, бір жарым жыл бойы қаланып қоршауда ұстап жаулап алады. Қала тұрғындары қырылып, халифа резиденциясы тоналып қиратылады. Осы оқиғада II Хишаммен не болғандығы белгісіз. Кейбір деректерге сәйкес ол берберлердің қолынан қаза тапты делінеді, алайда басқа тарихшылар оның Азияға қашып үлгергендігін және сол жерде бірнеше жыл өмір сүргендігін айтады.
Әдебиет
[өңдеу | қайнарын өңдеу]- Рыжов, Константин. Әлем монархиялары. VII-XV ғғ. Мұсылман Шығыс — М.: Вече, 2004. — 544 б.
|